Құрметті осы мақаланы оқушылар!

Мақала алдында, Сіздерге осы сайттағы  ауылдық округтері туралы  жарияланған ( алда жарияланатын) деректік мақалалар «авторлық емес» екенін ескертеміз! Олар, ауданымыздың 80-жылдығы мерекесі қарсаңында ауыл округтерінен жинақталған материалдарды негізге алып, бүгінгі ауыл мамандарының толықтыруларымен  құрастырылып отыр.

  Осыған орай, егер мақала деректерінде қателіктер кетіп жатса, оны жедел түзеуге дайынбыз!  Ал, оған жеке бір адамдардың есімдері әртүрлі себептермен кірмеген болса, сол жөніндегі кінә қоюшылықты (претензияларды) сайт иелері өзіне еш қабылдамайды!  Бірақ, соның өзінде, мақалаға ондай азаматтар туралы деректерді (лайықты саналатын болса)  қосымша енгізіп, оны толықтыруға әбден болады. Яғни, солай қажет деп санасаңыздар,  деректер жазбасын (ауылға сіңірген еңбектерін, марапаттарын көрсетіп), ауыл округі әкімдігі мамандары  арқылы, немесе осы сайттағы  эл.адреске тікелей жіберулеріңізге болады!

 

Суықсай ауылдық округі,  Ақсу ауданы

 

Баласаз ауылы. Ақсу ауданы

  Ауылдық округі құрамына Суықсай, Баласаз,  Ащыбұлақ  және Ақтөбе елді мекендері кіреді. Округ орталығы  — Суықсай ауылында  орналасқан.Жер көлемі 0,5 мың шаршы шақырым. Халық саны  2,0 мыңдай болады. Отбасылар — 344, зейнеткерлер-205, «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері — 42.

  Ауыл округінде  Юрий Гагарин атындағы орта,   Мәншүк Мәметова атындағы негізгі,  Ақтөбе  және  Баласаз  ауылдарындағы  бастауыш мектептер, ауылдық дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік пункті, пошта бөлімшесі, 3 кітапхана, учаскелік полиция  пункті, мал дәрігерлік пункт,  көптеген сауда орындары және 2 туризм обьектісі халыққа қызмет етеді.

100-ден аса шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Пайдаланылып жүрген ауылшаруашылық жері-73,5 мың га, оның ішінде егістігі-5,8 мың.  Мал  шаруашылығы  бойынша   ірі  қара,  жылқы,  қой-ешкі  және  құстар өсірумен айналысады.

 

Суықсай ауылы. Табиғат көрінісі

    Суықсай ауылы аудан орталығынан оңтүстікке қарай 22 шақырым жерде, Бүйен өзенінің жағалауында, бетеге, боз, қау, селеу, көде тағы басқа шөптер өсетін таудың бозғылт қоңыр топырақты құрғақ даласында орналасқан. Жоңғар Алатауының етегінде қоныс тепкен бұл жер сулы да, нулы. Ақсу өзенінен басқа, Теректі, Тасты Бүйен, Орта Бүйен, Бүркітті Бүйен сияқты шағын өзендері бар.

   Суықсай ауылы бұрындары Қапал ауданындағы “Ақсу” кеңшарының орталығы, ал қалған ауылдар сол шаруашылықтың бөлімшелері болған. Одан ары, ол тарап, әр ауылдарда өндірістік кооперативтерге және шаруа қожалықтарына тарап кетті.

 

«Ақсу» кеңшары ұжымын әр жылдары Жүнісов Берікбол(1932-35), Сәрсенов Кенжеғали (1935-36), Молдахметов Ж. (1936-37), Ыдырысов Айдар (1937-38), Ахмет Әлкенов (1938-39), Павел Зухаров (1940-42), Мұқатай Әбуталинов (1942-45), Василий Нартов (1946), Рахымбай Төлеубаев (1947-51), Михаил Туниянец (1951-52), Құмар Раев (1952-54), Константин Цислятин (1955), Виктор Быков (1955-57), Салғара Сейтенов (1957-76), Қали Жалбинов (1976-82), Алтай Қонақов (1982-84), Виктор Васильевич Сова (1984-88), Жеңіс Жұманов (1989-92), Бақыт Әлсейітов (1992-98) басқарған.

  Кеңшардың іргетасын қалап, еңбегімен елеулі болған Байшығашева Калима, Нұрғалиева Бибінұр, Мергенбаева Бисара, Нұрмұханбетова Нұрсара, Молдағалиева Тұрар, Байдилданова Парзана, Сексенбаев Қантай, Есимбеков Әбітай, Саурықова Қайниса, Тлеубаева Батимаш, Сулейменова Улжатай, Байзақов Ерғали, Құрманов Байғажы және  Мерекенов Қызайбек, Тұрғанбаев Есенаман, Қанабеков Нүсіп, Тұрсынов Баят, Байсалов Каріпжан,  Байжұманов Ақатай сияқты ел ағаларын, еңбек ардагерлерін ұрпақтары мақтаныш етеді.

    Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері: Сүлейменов Қанай Қалиұлы-Қапал, Сарқан, Ақсу, Кербұлақ аудандарында сот төрағасы болған; Нұрмұхамедов Дубек — екі «Қызыл Жұлдыз», Даңқ ордендерінің және Асылбеков Қызайбек — екі «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысы», ІІІ- дәрежелі Даңқ ордендерінің иегері.

  Кезінде «Ақсу» кеңшарының экономикасы артып, озық шаруашылық болып тұрған кезінде, оған үлкен үлес қосушылардың бірі Тұрарбек Саурықов еді. Ол 1912 жылы Арасан ауылында дүниеге келген. Бастауыш мектепті бітіріп, сауатын ашқаннан кейін-ақ қызу еңбекке араласып, ұжымшарларда бақташы, малшы болады. Ұлы Отан соғысына қатысады, онда ерліктер көрсетеді. Оның айғағы- ІІІ-дәрежелі «Даңқ» орденімен, Бас қолбасшы И.В.Сталиннің өзі қол қойған және маршал И. Коневтің «Алғыс хаттарымен» марапатталуы, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Днепрді алуға қатысқаны үшін», «Ерлігі үшін», т.б. медальдармен марапатталғаны. Соғыстан кейін ол, 30 жыл үзбей туып-өскен жері «Ақсу» қой кеңшарының «Ашыбұлақ» бөлімшесінің меңгерушісі болады.  Бөлімше барлық кезеңдерде озықтар қатарында болды. Өз ісіне адал берілген, тынымсыз, жаңалыққа жаны жақын оның қажырлы еңбектері бағаланып, «Ленин», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталады. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де ауылдың ақылшы- кеңесшісі, әрі дана ел ағасы бола білді.

  Мектепте ұзақ жылдар ұстаздық етіп, 1991 жылы зейнеткерлікке шықты Ноғайбаев Жақсылық -Ұлы Отан соғысының ардагері, «Отан соғысы» және «Құрмет белгісі» ордендерінің, көптеген медальдардың иегері.  Дәуренбеков Төлеухан ауыл аймағында орналасқан аң шаруашылығында инспектор,  директоры болып қызмет істеген, «Қапал-Арасан» қорығы туралы бірнеше танымдық мақалалар жазып, 2 қысқа көріністі кинофильм түсірген.

  Бүгіндері ауыл округі бойынша мал шаруашылығы жақсы өркендеу үстінде, оған Тоғызбаев А., Құндақбаев Т.,  Мықтыбаев А., Қызайбеков Е., Дауренбеков М., Жұмаділов Б., Қуатов А., Исапанов А., Омашев М., Кузнецов И.,Абдуллаев Е.,Чакиров С., Елесеев А., Данекенов Н., Бекболатов Т., Тлеужанов Е., т.б. басқаруындағы шаруа қожалықтары сүбелі үлестерін қосуда. Олармен бірлесе, мал дәрігерлері  Д. Абдуллаев,  Ж. Нағайбекова, Д. Далиев, Т.Ноғайбеков, Ж.Тұрлыбаев, А.Шакарім, У. Жақсылыков,  А. Божалаков,  мал ұрықтаушы Ә.Теміршіновтер де абройлы қызмет атқарып жүр.

   Округте кәсіпкерлік бағытында сегіз сауда орындары және «Меруерт» мейрамханасы (кәсіпкер Жанғазин Т.) халыққа қызмет көрсетуде.

   2017 жылы шағын ауылдағы шаруа қожалықтары біріктіріліп «Баққон» кооперативі құрылды,  оны  Ш.Ә.Нусипов басқарады. Құрамында 45 жұмысшы бар.  Коорператив қараша айында «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау» қорынан 52,0  млн теңге кредит алып, 201 бас ірі қара малын сатып алды. Ол облыс әкімінің 3 дәрежелі «Ауыл шаруашылығын өркендетудегі  үздік көрсеткіштері үшін» дипломымен марапатталды.

   Бұрындары Суықсай ауылдық Кеңесінің төрағалары болып Әбілов Арап, Жанпейісов Молдахмет, Атабаев Ғалымжан, Омарова Гүлзада қызмет істеген.

   1994ж. Суықсай ауылдық округінің алғашқы әкімі болып Омарова Гүлзада тағайындалды. Одан кейін әкім болып Орысбаев Ермек, Қуатов Қойшыбай, Қуатов Боранбай, Сарыбаев Абылай, Қасымғалиев Талғат, Испанов Сағымбек, Тәсібеков Саят, Аденов Ануар, Қасымов Азамат, Бекбулатов Сағит қызмет атқарды.

     2017 жылдың қараша айында ауыл  әкімі болып Мерекенов Ғалымжан сайланды.  Ол 1989 жылы Суықсай ауылында дүниеге келген. Қазақтың Мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын  ветеринария мамандығы бойынша бітірген. Суықсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметтерін атқарған.

    Ауыл округі әкімдігінде  бас маман іс–жүргізуші болып Мырзакенова Бақытжан 30 жылдай, ал  салық  инспекторы  болып Дәулетбаева Қаншай 16 жылдан аса абройлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Бүгінгі күнгі бас маман іс–жүргізуші — Қоңыров Қуаныш,  салық  инспекторы  — Әбілхамитов Ерлан.   Сол сияқты, әкімдіктің жетекші маманы–Мықтыбаева Б.Ж.; бағдарламашы – Айтқожанова Н.Қ.; жастар ісі жөніндегі әдіскер – Садыкова Т.; спорт жөніндегі әдіскер – Ергалиев Х.К.  Әлеуметтік қызметкер болған  Б.К Жасыбаеваның зейнеткерлікке шығуына байланысты, бұл қызметті Байгалиева Анар мен Абдрахманова Арай атқаруда.

Мерекенов Ғалымжан. Суықсай ауылдық округінің әкімі. Ақсу ауданы


Суықсай ауылдық округінің әкімінің кеңсесі. Ақсу ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл округі орталығы, Суықсай ауылында  -  Юрий Гагарин атындағы орта,  Ащыбұлақ ауылында  - Мәншүк Мәметова атындағы негізгі,  Ақтөбе  және  Баласаз  ауылдарында  бастауыш мектептер бар. (Олар туралы деректер жеке беріледі)

  Ауылдағы дәрігерлік амбулаториясы ұжымын әр жылдары білікті дәрігерлер- Нұрмұханбетова Қайныкен , Нүсіпов Нұрмұхан., Оразғалиев Баристер  басқарса, қазіргі уақыттағы оның бас дәрігері- С.Н.Бакалов. Ақ халатты абзал жандар, фельдшерлер –Байтоғымова Қ.,  ЕсермановаР.; акушерка- Қыстаубаева Г.; лаборант- Диханшинова С.; медбикелер- Сағымбаева Г, Дүйсембекова К., Мырзакенова С.,  Бекбауова М. және  Боранбаева Б — емдеу қызметтерін көрсетуде тұрғындардың алғысына бөленген.

  Округтегі байланыс бөлімшесінде, ауылдың ардагер азаматы Мырзажанова Қанағат  40 жылдай еңбек етсе,  оның шәкірті Ноғайбекова Оралхан,  қасындағы Тұрғанбаева Асиямен бұл жұмысты ары қарай жалғастыруда.

   Ауыл округіндегі  мәдениет қызметкерлері -Чемомбаева А.К.,  Алимғазы А., Жиентаева А. және  Нұрмұхамбетова Б.Ә.

  

Әжелер ансамблі. Суықсай ауылдық округі, Ақсу ауданы


Әжелер ансамблі. Суықсай ауылдық округі, Ақсу ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

Суықсай  ауылдық кітапханасының 2017 жылғы  кітап қоры — 23846 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде -12390 дана,  оқырман саны -  824 , оның ішінде балалар- 306,  кітап берілімі -  23266,  оның ішінде  балаларға берілімі -10620. Оқырман келімі- 9232,

  Кітапханашы — Бақытгүл Қасымжомартқызы Мамбетова, жоғары білімді, Алматы  қаласының  ҚыздарПИ-ын бітіріп,  кітапханашы мамандығын алған.  Еңбек өтілі – 35 жыл. Кітапханада жоспарлы түрде іс-шаралар ұйымдастырылып, халыққа қызмет көрсетілуде.

 

Кітапхана тарапынан өткізілген шаралардан 

 

Суықсай ауылы. Кітапханашы — Бақытгүл Мамбетова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Округтің Ащыбұлақ ауылы туралы деректер толықтырылатын болады.

Табиғат көріністері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ащыбұлақ  ауылында өткізілген шаралардан