Құрметті  сайт оқырмандары, қонақтары! Ақсулық жерлестер!

Кітаптың осы тарауында бүткіл өмірін  қиын да қызық ғылымдар  жолына  арнап, терең дүниенің белгілі бір саласында аянбай еңбек етіп, үлкен зерттеу нәтижелеріне қол жеткізген ауданымыздың ардақты азаматтары туралы айтылады. Осы алғашқы мақаламызда, сондай үлкен бір қауым елді құрайтын жерлестіріміз ішінен, әзірге, аға ұрпақ өкілдеріне жататын және елге жақсы танымал азаматтарымыздың біразын  ғана көрсетіп  отырмын.  Оның өзінде де,  сол «АҢЫЗ, АБЫЗ, НАҒЫЗ АҚСУ» кітабында жарияланған өмірдеректерін көрсетумен ғана шектеліп отырмын.

  Ал, негізі, сайтымызды одан ары жүргізу барысында  олардың әрқайсысының және осындай үлкен  дәрежедегі  басқа да  аты аталмаған жерлес ғалымдарымыз туралы (олар туралы қажетті деректік құжаттардың жинақталу барысына қарай)  жеке-жеке  танымдық мақалалар беруілін ұйымдастырып отыратын боламын.

  Осыған орай Сіздерден де көмек күтемін. Біріншіден, көптен белгілі, айтулы  ғалымдарымызбен бірге, біздер жете білмегендіктен, бұған дейін осындай аталымдардан сырт қалып жатқан азаматтар есімі туралы ұсыныстар жасаңыздар, бар болса мағлұмат-мақалалармен бөлісіңіздер.  Олардың Өздеріне де хабар беріп, өмір жолының   және ғылыми  еңбектері, жетістіктері жөнінде деректерін сайт бетінде жариялауына ұсынуларына септік жасаңыздар.  Тосамын!

Ақсу топырағынан шыққан белгілі ғалымдар

СЫДЫҚОВ  ЖҮРІМБЕК

 

 СЫДЫҚОВ  ЖҮРІМБЕК

1922 ж. Ақсу ауылында туған. Ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор. ҚР ҰҒА-ның академигі, Академия Президиумының мүшесі, Халықаралық гидрогеологтар  қауымдастығының  мүшесі.

1940 ж. «Мамания» мектебін, 1949 ж. Қазақтың тау- кен институтын (қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университеті) бітірген.

Ұлы Отан соғысына қатысқан, 2-3 рет ауыр жараланып 1944 жылы елге оралады. Осы жылдары мектепте мұғалім болып істейді. 1952 жылы  Қазақстан ҒА-ның геология ғылымдар институтының аспирантурасын бітіреді. Осы  мекемеде  алғашқы ғылыми жұмыстарға  араласып, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан өңіріндегі,  Маңғыстау  түбегіндегі , кейіннен Балхаш, Шу-Іле таулары, Жетісу өңірінің жер асты суларын, Балхаш, Арал, Каспий көлдерінің экологиялық жағдайларын зерттеулермен айналысады. 1965  жылы академик Ахметсафинмен  бірге  республика Ұлттық Ғылым Академиясының  жанынан гидрогеология-гидрофизика институтын ұйымдастырып, ұзақ жылдар бойы  осы институт директорының  орынбасары , Академияның  Жер туралы  бөлімшесінің директоры  болды. Қазір аталмыш институттың бас ғылыми қызметкері.

  600-ден  аса ғылыми, ғылыми-өндірістік еңбектері,  соның ішінде 45 монографиясы мен 24 тақырыптық карталары  республикада, Одақта, шетелдерде жарияланған. Ж.Сыдыковтың  жетекшілігімен 30 шақты кандидаттық, 10 докторлық диссертация қорғалды.

Мемлекеттік және Сәтбаев атындағы сыйлықтардың иегері, республиканың ғылымға еңбегі сіңген қайраткері, Қазақстан Республикасының құрметті геологы.  1-ші дәрежелі «Отан соғысы» және «Халықтар достығы»  ордендерімен, тәуелсіз еліміздің «Ерен еңбегі үшін» және басқа да бірнеше медальдармен, көптеген Құрмет грамоталарымен  марапатталған.  Ақсу ауданының Құрметті азаматы.   

 

 

СҮЛЕЙМЕНОВ  Иманбек

 

СҮЛЕЙМЕНОВ Иманбек

1914ж. Қарасу ауылында туған. Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор. ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын, К.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясының аспирантурасын бітірген.

1938-40жж. осы ғылым мекемесінің топырақтану кафедрасында ассистент болды. Қазақтың ауылшаруашылығы институтында оқу және ғылым жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары, КСР Жер халкомының орынбасары болады.

170-тен аса ғылыми еңбектері, оның ішінде 7 монография жариялаған. Ұлы Отан соғысына қатысып, бірнеше орден және медальдармен марапатталған.

 

 

 

МАМАНОВА  Халида Есенқұлқызы

 

 МАМАНОВА  Халида

1918ж. Қарағаш жерінде туған. Медицина ғылымдарының докторы, профессор.

Әкесі Есенқұл қажы Мамания мектебін ұйымдастырушылардың бірі болды. Халида Есенқұлқызы Маманова сол мектепте оқыған алғашқы қазақ қыздарының бірі. Алматы медициналық институтын бітірген (1941).

1942 – 46 жылдары Қызыл Армия қатарында әскери дәрігер болып, медициналық қызметтің капитаны атағын алған, 1946 – 51 жылдары Алматы медициналық институтында ассистент, 1951 – 54 жылдары кәсіподақтар жүйесінде қызметкер, 1959 жылдан өмірінің соңына дейін Ақтөбе медициналық институтының (қазіргі Батыс Қазақстан медициналық академиясы, М.Оспанов атындағыпатология кафедрасының (өзі ұйымдастырған) меңгерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері патолонолог, физиолог мәселелеріне арналған. Халида Есенқұлқызы Маманова әр түрлі ауру кезінде организмде туатын арнайы емес реакцияларға сипаттама берді.

40-тан аса ғылыми еңбегі жарияланған. «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 1977ж. дүниеден өтеді. 

 

 

ЕСЕНҚҰЛҰЛЫ  Адай

 

 ЕСЕНҚҰЛҰЛЫ  Адай

(1925—2007).  Ақсу ауданы «Қарағаш» жерінде туған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Филология ғылымдарының кандидаты.

Арасан орталау мектебін, ҚазМУ- дың филология факультетін бітірген.

1941ж. колхозда есепші болып жұмыс істейді. 1943ж. әскерге алынып, соғысқа қатысты... Талғар ауданында мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болды (1953-62). Ұлттық Ғылым Академиясының А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер болды (1962-91). Түркология және аударма теориясы (1977-79), және 1979 жылдан терминология және аударма теориясы бөлімдерінде қызмет істеген. Екітілдік сөздік бөлімінде «Қазақша- орысша сөздік» жасауға қатысқан.

2 монография, 100 шақты ғылыми мақалалар жазған. Тіл білімінің лексикология терминология, грамматика, этимология, алфавитпен емлеге байланысты, т.б. салаларды қамтыған ғылыми зерттеулері отандық ғылым үшін қосылған сүбелі үлес болып саналады.

Екі ІІ дәрежелі «Отан Соғысы» орденімен «Ерлігі үшін», «За победу над Японией» және жеті мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстағы ерлігі үшін Жоғарғы Қолбасшы, Генералисимус И. В. Сталиннен жеке арнаулы алғыс алған. 2009ж. Ақсу ауданы орталығында жаңадан салынған көшеге есімі берілді. 

 

 

БАЙЖОМАРТОВ  Үкетай

 

БАЙЖОМАРТОВ  Үкетай

1931ж. Ақсу ауылында туған. Профессор, экономика ғылымдарының кандидаты.

Ақсу қазақ орта мектебін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Талдықорған, Алматы, Ақтөбе облыстық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы (1955-63), Ақтөбе облыстық халықтық бақылау және кәсіподақ комитеттерінің төрағасы болады (1963-83). 1985 ж. педагогикалық қызметке ауысады. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі болды.

«Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», екі рет «Құрмет белгісі» ордендерімен, екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 

 

 

ТЕГІСБАЕВ  Есболған 

 

ТЕГІСБАЕВ  Есболған 

1932ж. Басқан ауылында дүниеге келген. Ғылым кандидаты. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина Академиясының доценті, құрметті профессоры. «Қазақ КСР денсаулық сақтау  қызметінің үздігі. Сарқан қаласындағы Абай атындағы орта мектебін, Алматы Мемлекеттік медицина институтын  бітірген.

Ұлы Отан соғысы жылдары ұжамшарда жұмыс істейді. Еңбек жолын  Талдықорған облыстық аналитикалық бақылау-зерттеу зертханасында мамандығы бойынша  бастайды, оның меңгерушісі болады,  1959ж. Алматы медицина институтына жұмысқа шақырылып, он жыл бойы  еңбек етеді. 1979ж. осы институттың Шымкент қаласындағы филиалы ашылуының ұйымдастырушысы және директоры болады. 1989 жылдан Алматы медицина институтының проректоры қызметін атқарып келді. 2010 жылдан  Қазақ–Ресей мемлекеттік медицина университетінің фармацевтика кафедра меңгерушісі болып қызмет атқаруда.

95 ғылыми еңбектері жарияланған. ҚР Денсаулық сақтау үздігі. «Құрмет белгісі» ордені мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиуымы Құрмет Грамотасының, бірнеше медальдардың  иегері. Оңтүстік Қазақстанда «Қызыл крест және Қызыл жарты Ай» облыстық комитетінің және қайырылымдылық  қорының төрағасы болды. «Фармация» журналының  редакциялық  алқа мүшесі болды.      Ақсу ауданының Құрметті азаматы.

 

АРЫНОВ  Мұхтар

 

АРЫНОВ  Мұхтар

1936ж. Ақсу ауылында туған. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор.

«Мамания» орта мектебін, Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірген.

Осы институтта оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болады. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының проректоры, Білім министірлігінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды (1974-83). 1983 жылдан өмірінің соңына дейін Ақтөбе қаласындағы Жұбанов атындағы университетті басқарды.

Ақтөбе облысындағы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы ретінде қазақ мектептерінің көптеп ашылуына күш-жігерін жұмсады. Абай мұражайын ашады. Қазақ тілі білімінің ғылыми негізін қалаушылардың бірі Жұбанов оқуларын жыл сайын өткізілуіне, оның мұражайы мен зертханасын ашуға басшылық етті. Есет, Көтібар батырлардың, күйші Қазанғаптың тарихи – архитектуралық кешендерінің бой көтеруіне ұйытқы болды. Ұлттық философиялық, дидактикалық, этнографиялық және этнолингвистик деректер негізінде жазған «Бес анық» және «Неміс тілі. Морфология», «Неміс тілі грамматикасы, синтаксис» кітаптарын жарыққа шығарды.

 

 

 НҰҒЫСОВА  Айтжамал

 

НҰҒЫСОВА  Айтжамал

1936 жылы Ақсу ауданы Қарашілік ауылында дүниеге келген.  Педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

1952ж. Ақсу қазақ орта ( Мамания) мектебін, 1956ж Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, 1959ж  Мәскеу қаласындағы Жоғары комсомол мектебін бітірген.

Еңбек жолын Ақсу қазақ орта мектебінде мұғалімдіктен бастады. 1957ж. Ақсу аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады. 1961жылы Ақсу аудандық партия комитетіне қызметке ауыстырылып, онда саяси-ағарту кабинетінің, үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Содан кейін Ақсу және Панфилов аудандық оқу бөлімдерінде әдіскер, орта мектептерде мұғалім (1965-78), Панфилов аудандық партия комитетінің хатшысы болады(1978-83). 1983 жылдан І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ұстаздық етеді. Мәскеу қаласындағы КСРО педагогикалық ғылымдар Академиясының оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1984-86) бітіріп, кандидаттық диссертация қорғаған. 2008ж«Педагогика ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесін алады. 2006 жылы Педагогикалық білім беру ғылымдарының Халықаралық Академиясының мүше-корреспонденті болып сайланады. 2009 жылы «Педагогика» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы беріледі.

100-ден аса ғылыми еңбектері, 50-ден аса оқу-әдістемелік құрал, 70-тен аса ғылыми-әдістемелік мақалалары, монографиялары жарық көрген. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі». Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасы және көптеген медальдармен марапатталған.  Ақсу ауданының Құрметті азаматы.

 

 

 ҚҰЛДЫБАЕВ  Мэлс  Мұқатайұлы

 

ҚҰЛДЫБАЕВ  Мэлс

1942 жылы Ақсу ауданы Ойтоған ауылында туған. Биология ғылымдарының докторы, профессор, академик.

«Мамания» мектебін, Қазақ мемлекеттік Университетін бітірген.

Қазақтың Мемлекеттік ауылшаруашылық институты аспирантынан, ҚР ауылшаруашылығы министірлігі ғылым және оқу орындары Бас басқармасы бастығына дейінгі қызмет сатыларынан өткен. 1998 жылдан бастап қыздар педагогикалық институтында проректор болады.

280 ғылыми еңбектердің, оның ішінде 5 монография, 7 оқулық пен оқу құралдарының авторы.

 

 

ЖҰМАҒҰЛОВ  Қалқаман Тұрсынұлы

 

ЖҰМАҒҰЛОВ  Қалқаман

1948ж. Арасан ауылында туған.. Тарих ғылымдарының докторы, тарихшы–медиевист, профессор, академик. ҚР әлеуметтік және ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академияларының академигі, Геттинген университетінің (Германия) құрметті профессоры. ҚР білім саласының үздік қызметкері. Неміс, дат, швед және латын тілдерін еркін меңгерген.

Арасан 11 жылдық мектебін, Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген

1972ж. университетті бітірісімен оның жалпы тарих кафедрасында ғылыми– оқытушылық қызметке қалдырылады. Оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, тарих факультеті деканының орынбасары, екі рет деканы қызметін атқарған. Университеттің ежелгі әлем және орта ғасырлар тарихы кафедрасының негізін қалаушы, дүниежүзілік тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда

Автордың 230-дан астам қазақ, орыс және неміс тілдерінде ғылыми зерттеу жұмыстары жарық көрген. Бірқатар монографиялардың, оқулықтардың, оқу-методикалық құралдардың, ғылыми мақалалардың авторы. Қазақстанның тарих ғылымында алғаш рет жаһандық маңызы бар орта ғасырлық Германия мен Еуропа тарихының мәселелерін талдады. Шетелдердің институттары мен университеттерінде, бірқатар халықаралық конференцияларда жалпы және отандық тарих мәселелеріне арналған баяндамалар жасаған, ГФР-дың бірнеше университеттерінде дәрістер оқыған. Еліміздің жоғары оқу орындарында да дәрістер беріп, мастер-класс сабақтарын өткізген. «ҚазМУ хабаршысының тарих сериясының» ғылыми редакторы. Оның жетекшілігімен 3 докторлық диссертация, 18 кандидаттық диссертациялар және көптеген магистрлық диссертациялар қорғалуда. Қазақстанда тұңғыш рет «Дүние жүзі тарихы» бойынша PhD доктарантура мамандығын ашты. Халықаралық ДААД (Германия) гранттарын алты дүркін иеленген жалғыз ғалым.

«Құрмет» орденімен, «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, «ҚР білім жүйесінің құрметті қайраткері» «Ы. Алтынсарин», медальдармен, Букілодақтық және Қазақстан комсомолы ОК-інің, ҚазМУ-дың Құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚР білім беру саласының үздік қызметкері, «Қазақстан Жоғарғы Оқу Орындарының Үздік оқытушысы», «2008—2009 оқу жылындағыәл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ең үздік оқытушысы» атты дипломмен марапатталған. Ақсу ауданының Құрметті азаматы.

 

 

Омаров Балташ Байқожаұлы

 

Омаров Балташ

1939 жылы Ақсу ауданының Қарасу елді мекенінде өмірге келген. Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, профессор.

1955 жылы Ақсу ауылындағы Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебін, Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын «агроном» мамандығы бойынша бітірген (1962).

Мектеп бітірген соң 2 жыл туған ауылындағы  «Еңбек» колхозында бригадас есепшісі болып жұмыс істейді. Институт бітіріп келгеннен кейін де «Еңбек» колхозында агроном болып жұмыс істейді.

1965 жылы  кандидаттық диссертация қорғап, «ауылшаруашылық ғылымдары кандидаты» атағын алды. Содан бастап  Талдықорған мемлекеттік тәжірибе станциясында 1983 жылға дейін ғылми жұмыстарымен шұғылданады.

1983 жылы  Ақсу ауданының «Қосағаш» кеңшарына  директор болып  тағайындалады. 1987 жылдан Талдықорған ауылшаруашылық станциясында директордың орынбасары болып қызмет атқарады. Осы жылдары 68 ғылыми еңбек жазып, жариялады. Осы жылдары Талдықорған облыстық «Білім» қоғамына басшылық етеді.1972 жылы Кремльде (Москва) болған бүкілодақтық  «Білім» қоғамының VI-съезіне делегат болып қатысты.

1997—2018 жылдар аралығында У.Жолдасбеков атындағы «Экономика және құқық» Академиясында және І.Жансүгіров атындағы университетінде ұстаздық етті. Академияда 2012 жылы «Әлеуметтік, гуманитарлық пәндер және ақпараттық жүйе» кафедра меңгерушісі болды.

 

 

ҚҰРМАНҒАЛИЕВ  Өнімбек Құрманғалиұлы

 

ҚҰРМАНҒАЛИЕВ  Өнімбек

1947ж. Ақсу ауданының «Өнім» ауылында дүниеге келген. Техника ғылымдарының кандидаты. «ҚР білім беру озаты».

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті, Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын бітірген

Көксу ауылшаруашылық техникумында оқытушылық қызмет атқарады (1970-71). 1971ж. Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтының «Машина бөлшектері» кафедрасының жанындағы аспирантураға оқуға түсіп, бітіргеннен кейін кафедра ассистенті, доцент қызметтерін атқарды... «Жылу техникасы», «Машина бөлшектері», «Теориялық және қолданбалы механика» кафедраларының меңгерушісі (1978—2004), институттың кәсіподақ комитетінің төрағасы (1984-86), біріктірілген инженерлік факультеттердің деканы (1998-99), ҚР білім және ғылым министрлігінің аграрлық мамандықтар секциясының ғылыми хатшысы (2007-09) қызметтерін атқарды. Қазір Қазақ ұлттық аграрлық университетінде кафедра профессоры қызметін атқаруда

54 ғылыми мақалалар мен ССРО және ҚР өнертапқыштық патенттерінің авторы, 2 техникалық ғылымдарының кандидаттарын дайындады .Фронтальдық шөпшапқыштың жаңа жобасы, біраттық шөпшапқыш пен пиязды қазатын және жинайтын машина жобаларын іске асырды. «ҚР ғылымын дамытудағы жетістіктері үшін» медалінің иегері... «За воинскую доблесть» медалімен марапатталған.