Сайтымыздың  осы атты тарауында алғашқылардың бірі ретінде біздер үшін тағы бір ерекше тұлға, мемлекет қайраткері Бекежанов Дүйсетайдың есімін көрсетуді  жөн көрдік. Д. Бекежанов ұзақ жылдар ел басшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың көмекшісі болған адам. Алайда, өкінішке орай, ол азаматымыз  жөнінде  жазбаша деректік  құжаттар  бізде де, жалпы ақпарат құралдарында да  жоқтың қасы. Мүмкін, осы жарияланым  ол кісіні білетін басқа да азаматтардың назарына  ілігіп, олар білгендерімен, естеліктерімен бөлісетін болса, ондай олқылықтың орны  толықтырылатын шығар дейміз және де оның аруағы үшін әділдік, құрмет болар еді...

   Ал, әзірге біздің  көзімізге түскен бір мақаладан үзінді және елімізге танымал тағы бір азаматымыз, кезінде біздің Ақсу ауданының басшысы болған Ғалым Тұрғамбаевтың облыстық «Жетісу» газетінде жарияланған «Қазақтың адал азаматы» деген мақаласын қоса беріп отырмыз.

  

    

Бекежанов Дүйсетай (1934-91).

 

Бекежанов Дүйсетай

 

Ақсу ауданы, Қарашілік ауылында туған. «Мамания» мектебінде оқыған.

Алматы қаласында жоғарғы оқу орнын бітіргеннен соң облыстың жоспарлау комитетінде, Қазақстан КП ОК Бақылау комитетінде біраз жылдар қызмет істеп, содан кейін белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ел басшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың көмекшісі болады.

Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесіне бірнеше рет депутат болып сайланды. Өмірінің соңғы шегінде кеңестік дәуірдің қитұрқы саясатының құрбаны болды.

 *      *      *      *      *

ЗАПИСКИ профессора «Общественная позиция»

(проект «DAT» №8 (372) от 2 марта 2017 г.

Лучше человеку на минуту стать трусом,чем всю оставшуюся жизнь быть мертвецом.

(Ирландское изречение) 

Я не совсем согласен с этим изречением, которое, конечно, для человека практического, очень удобно. Французский философ Мишель де Монтень, к примеру, в этой ситуации советует научиться переносить то, чего нельзя избежать.

К разряду подобных высказываний можно отнести Жан Жака Руссо, что всякая злость происходит от бессилия, а Антон Павлович Чехов говорил, что масса больше всех любит тех божков, которые имеют такие же слабости, как и она сама. Понятно, что люди, выдающиеся, мало нравятся толпе, хотя именно они руководят толпой в самые ответственные моменты. Американка Даяна Рейвич, известный специалист в области образования, тоже обнародовала предмет своего наблюдения. Человек, который знает «как», всегда найдет работу, а человек, который знает «почему», будет его начальником. Президент США Бенджамин Франклин говорил, что надо тщательно продумывать свои решения, и единственной преградой их осуществления могут быть только наши сегодняшние сомнения.

Возвращаясь к ирландскому изречению, хотел бы вспомнить некоторые эпизоды из нашей казахстанской жизни.

К примеру, когда случились декабрьские события 1986 года, и на площадь вышли алматинские студенты Казахстана, власть в лице Колбина предприняла репрессивные меры против молодежи, хотя генеральный секретарь ЦК КПСС М.С. Горбачев во всю трубил о демократии и гласности. Так вот, помощником у тогдашнего руководителя Компартии Казахстана Д.А. Кунаева был выдающийся сын казахского народа Дюсетай Бекежанов. Известно, что в эти тревожные дни Кунаев был ограничен в своих возможностях общаться с окружающим миром, а его помощник Дюсетай был заключен в следственный изолятор КГБ. Мне рассказывал очень близкий мне человек, достойный сын своего народа и своей эпохи Сейдулла Сулейменов, что однажды его вызвал Кунаев и спросил: «Правда ли, что его помощник рассказывает следователям о его якобы «преступных» деяниях?».

Сейдулла Алмагамбетович, полковник МВД, сумел встретиться с Бекежановым в СИЗО КГБ. И он написал, что готов пожертвовать своей семьей, своими детьми, но шефа своего не предавал и не предаст. Бекежанова посадили на семь лет. Шесть из них он отсидел, а на седьмой скончался. Но он мог бы прожить еще много лет, если бы выбрал путь предательства и измены…

 *      *      *      *      *

ҚАЗАҚТЫҢ АДАЛ АЗАМАТЫ

Дүйсетай Бекежанов жайлы естелік 

1973 жылдың шілде айында Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің есігін бірінші рет ашып кіргенімде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың көмекшісі Дүйсетай Бекежановпен таныстым. Осы уақыттан бастап 13 жыл бойы үш ауданды басқарып жүргенімде, қызмет бабында үлкен кісімен кездесіп, тапсырмалар, сұраныстар болған кезде барлығы Дүйсетай Бекежанов арқылы жүргізілетін. Ол Д. А. Қонаевтың тапсырмасын бұлжытпай аяғына дейін орындатқызып, бақылауынан шығармайтын, оны төменде айтқанымнан көруге болады.

Бірінші рет Д. А. Қонаевтың қабылдауына Дүйсекең ертіп кірді. Дінмұхамед Ахметұлы «Ғалым, сен туралы көп мағлұмат жинадық. Әкең туралы білеміз. Оған сен кінәлі емессің. Жетімдікті көріпсің, балалар үйінде тәрбиеленіпсің. Жастайыңнан өзіңді жақсы жағынан көрсетіп келеді екенсің. Панфилов ауданы республикадағы ең ірі, экономикасы дамыған, алдыңғы қатарлы аудандардың бірі. Еліміздің солтүстік облыстарына жүгерінің ерте пісетін будандасқан тұқымын осы ауданның шаруашылықтары береді. Егер аудан жеткілікті түрде жүгері тұқымын бере алмаса, онда солтүстік облыстарда ет те, сүт те болмайды. Себебі, Жаркент жерінде өсірілген жүгері тұқымын солтүстікте сеуіп, ол жүгеріден сүрлемдік мал азығын дайындайды. Панфилов ауданы мал басы бойынша да республикадағы ең ірі ауданға жатады. Бұл ауданды осындай ірі көрсеткіштерге жеткізген Шаймұхан Сапиев. Еңбегін бағалап Социалистік Еңбек Ері атағын бердік. Панфилов ауданын он жылдан артық басқарды, келешекте облысты басқаратын жағдайы бар, сондықтан облыстық партия комитетінің хатшылығына ауыстырдық. Орнына қызмет атқаратын адамды сол ауданның өзінен табыңдар деп тапсырма бергенбіз. Сондықтан сен сол туып-өскен ауданды басқаратын бірінші азамат боласың», – деді.

– Сеніміңізге рахмет, Димаш Ахметович. Жан-тәніммен жұмыс істейтін боламын.

Панфилов ауданын үш жылдан артық басқарып тұрғанымда Дінмұхамед Ахметұлы көмекшісі Дүйсетай Бекежановпен бірге жыл сайын ауданға келіп, шаруашылықтарды, мәдени орындарды, мектептерді, мекемелерді аралап, өз ақылын айтып, тапсырмалар беріп кететін.

1974 жылы ауданға келіп, істеліп жатқан іс-әрекеттермен танысып, шаруашылықтың әр саласында қандай өзгерістер бар екенін көріп болғаннан кейін: «Димаш аға, осы қалада 1887 жылы өз уақытында елге абыройлы Уәлібай деген кісі өз қаражатына, сонымен бірге елден жиналған қаражатқа Қытайдан Хон Пик деген архитекторды алдыртып мешіт салдыртқан. Бес қабатты үйдің биіктігіндей болса да ол мешітке бірде-бір темір шеге қолданылмаған. Сол Хон Пикті Қытайға алдыртып, осындай ғимарат салудың сырын шетелге ашып бердің деп қолдарын шауып, қинап өлтірген. Сол мешіт салынғалы бері 90 жыл өтіпті. Осы уақыттың ішінде ол мешіт ретінде пайдаланылмай келді, бір кездерде астық сақтайтын қойма болғаны есімде бар, бүгінгі күні тозып, ескіріп, кейбір жерлері құлайын деп тұр. Біздің ойымызша, келешекте адамдар қызығып көретін үлкен мұражайға айналдыруға, мешіт ретінде пайдалануға да болады. Соны барып көрсеңіз дұрыс болар еді», – деп едім, «Ғалым, айтқаныңа қарағанда көруге болатын сияқты, жүр, кеттік» – деп Дінмұхамед Ахметұлы ауданымыздағы көне заманнан қалған ескерткіш – Уәлібай мешітін көрді.

Бұл құрылыста Қытай сәулеті мен араб сәулет өнері қатар қолданылған. Дінмұхамед Ахметұлы мешітті толық аралап көргеннен кейін «Ғалым, осында алып келіп көрсеткеніңе рахмет. Республикамызда мынандай Қытайдың сәулеті қолданылған бірде-бір құрылыс жоқ. Мына мешіт кейінгі ұрпаққа көрсететін үлкен қызықты мұражай болмақ. Өзің айтқаныңдай, тозып кетіпті. Қалпына келтіріп, жөндеуден өткізу үшін қанша қаражат керек?» – деп еді, «Димаш аға, оны мына мамандар толық зерттеп айтып бермесе» – деп нақты соманы айта алмадым. Димекең жанында тұрған көмекшісі екеумізге бұрылып: «Дүйсетай, Алматыға барғаннан кейін сәулетші мамандардан бір топ құрып, осында жібер. Не істеу, қанша қаражат керек екенін белгілеп, аудандық партия комитетімен бірлесе отырып, тез арада жөндеуден өткізу керек. Ғалым, сен мына мұражайға бір беделді, жауапкершілікті сезінетін адамды белгілеп коятын бол, тағы да айтамын, мұндай ескерткіш біздің елде жоқ», – деп нақты тапсырма берді.

1975 жылдың мамыр айында Д. А. Қонаев, жанында Дүйсетай Бекежанов бар, ауданға келіп бір күн шаруашылықтарды аралап, шекарашылармен кездесіп, қонатын болды. Қонатын орынын «Жаркент-Арасаннан» белгілеп, келісіп қойғанбыз. Кешкісін арасанға келіп жайғасып отыр едік, бас дәрігер кіріп: «Ғалым Тұрғамбаевич, бір кісі сізбен жолықсам деп күтіп тұр» дегеннен кейін шықсам, Көктал селосындағы Жданов атындағы орыс орта мектебінің директоры Елена Степановна екен. Ол: «Ғалым Тұрғамбаевич, извините за беспокойствие. Я приехала к вам за советом и чтобы вы разрешили завтра при проезде мимо школы Димаш Ахметовича выстроить в линейку учащихся и учителей. Может быть, Димаш Ахметович остановится, а я попрошу его построить нам новую школу. Вы хорошо знаете, здание существующей школы, как и близлежащих домов, разваливется из-за близости грунтовых вод» – деген өтінішін айтты.

Рұқсат берсем бе екен, бермесем бе екен деп біраз ойланып тұрып қалдым. Ескі мектептің қабырғаларының морланып құлағалы тұрғанын екі ай бұрын көргенмін, сол есіме түсіп: «Хорошо, Елена Степановна, но только без каких-либо излишеств. Димаш Ахметович не любит всяких восхвалений. Сделайте, чтобы было попроще и скромнее» деп қайтарып жібердім.

Ертесінде, сағат 10-дар шамасында Көкталға кіріп мектепке жақындап едік, ақ жейде, ақ көйлек киген, кызыл галстук байлаған оқушылар тізіліп тұр. Дінмұхамед Ахметұлы маған қарап: «Ғалым, мына оқушыларды көшеге шығарып қойғандарың не?» деді, «Димаш аға, кеше Жаркент-Арасанға көтерілгенде бізді барлығы көрген, сондықтан Сізді құрметтеп шыққандары ғой», – деп едім, «Онда тоқтайық» деп машинадан түсті. Сол-ақ екен, мектеп директоры жақындап: «Димаш Ахметович, мы по своей инициативе решили поприветствовать Вас. Встретиться с Вами и поговорить, у нас другого случая не будет» деді. Дінмұхамед Ахметұлы оқушылардың үлгерімін, мұғалімдердің хал-ахуалын сұрады. Содан кейін «Маған қояр мәселелерің бар ма?» деп еді, Елена Степановна «Димаш Ахметович, у нас школа старой постройки, разваливется от поднявшихся грунтовых вод, никакому ремонту не поддается. Два месяца тому назад Галым Тургамбаевич сам видел состояние нашей школы» деп бірден нақты әңгімеге көшті. Дінмұхамед Ахметұлы: «И что обещал первый секретарь райкома партии?» – деген сұрақ қойды. «Мы знаем, что в районе средств на строительство школы не предусмотрено, но Галым Тургамбаевич обещал сделать все, чтобы построить типовое здание под новую школу» – деп директор бұл сұраққа да нақты жауап берді. Дінмұхамед Ахметұлы жанында тұрған көмекшісі Бекежанов Дүйсетайға қарап: «Ну, если первый секретарь райкома партии обещал построить новую школу, надо сделать все, чтобы это обещание было выполнено. А то, какой он тогда первый секретарь?! Дүйсетай, запиши и о выполнении этого указания доложи» деп барлығымен қоштасты. Бүкіл елдің алдында мені қолдап, көтеріп тастағанына қуанышым қойныма сыймай «Рахмет, Димаш аға!» дей бердім.

1975 жылғы желтоқсан айында бір айлық демалысымда Кисловодск қаласына жолдама алып, Алматыдан самолетпен ұшатын болдық. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жылына екі рет келіп ауданда істеліп жатқан жұмыстар туралы баяндап тұрасың дегені есімде, қабылдауына бардым. Көмекшісі Дүйсетай Бекежановқа кіріп хал-жағдай сұрасып, тілегімді айтып едім: «Тоса тұр, ол кісіде Мәскеуден келген конақтар отыр» деді. Бір сағаттан кейін шақырып «Кіруіңе болады» деді. Кабинетіне кіріп аудандағы жаңалықты, жылдың сәтті аяқталғанын баяндап беріп едім: «Ғалым, ауданның ауылшаруашылығы өнімдерінің барлық түрінен жоспарды артығымен орындағанын білеміз. Өткен жылмен салыстырғанда көп алға басушылық бар. Осы жылдың қорытындысы бойынша облыстағы аудандардың ішінде өзің басқарып отырған Панфилов ауданы қайтадан «Социалистік жарыстың жеңімпазы» болып танылып, Бүкілодақтық Қызыл Туды сендерге тапсыруды ұйғарып отырмыз. Ал енді сен келесі жылдың ақпан айында Москвада өтетін КПСС-тің XXV съезіне делегат болып барасың» деп телефонмен «Дүйсетай, мына Ғалымды XXV съезге делегаттыққа тізімге енгізіп, Алыбаевқа хабарла» деді. «Рахмет, Димаш аға, сенімдеріңізді ақтаймын» деп толқи тұрып уәде бердім.

1976 жылы Ақсу аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалдым. 2-3 ай елмен, жермен танысқанымда Дүйсетай Бекежановтың осы ауданның тумасы екенін білдім.

Дүйсетай Бекежанұлы 1935 жылғы 5 наурызда Талдықорған облысы, Ақсу ауданының Қопа ауылында туған екен. 1951 жылы Ақсу селосында Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген. Алматы қаласында жоғары оқу орнын бітірген соң облыстық жоспарлау комитетінде, Қазақстан КП ОК Бақылау комитетінде біраз жылдар қызмет істеп, содан кейін белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ел басшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың көмекшісі болып жұмысқа қабылданыпты.

«Ақсу ауданында 10 жылдай жұмыс істеппін. Менің жағдайымды ескеріп басқа ауданға ауыстыруыңызды сұраймын» деп сол кездегі облыс басшысы Әубәкір Әлиұлы Тыныбаевқа ұсыныс жасап едім, 1985 жылдың шілде айында Киров, қазіргі Көксу ауданына ауыстырылдым. Ауданның халқымен, жерімен танысып, тіл табысып, үлкен жоспарлар құрып, іске кіріскенімде КПСС Орталык комитетінің бірінші хатшысы болып М. Горбачев тағайындалып «қайта кұру» кезеңі басталып кетті. Әр жерде демократия деген желеумен республика басшылары сынға алынып, көптеген лауазымды қызметкерлер қуғынға түсе бастады.

1986 жылдың сәуір айында республика Бас прокуратурасына шақыртылдым. «Не бүлдіріп қойыппын?» деп Бас прокуратураға барып, 124-кабинетке кірсем, «Старший следователь генеральной прокуратуры Қалкенов Хамитпін» деп орта бойлы, жасы 30-40-тар шамасындағы мұртты жігіт қарсы алды. Көрсеткен орындығына отырып едім, «Я пригласил вас выяснить кое-какие объстоятельства пребывания 1984 г. в Аксуском районе помощника Динмухамеда Ахметовича Кунаева Дуйсетая Бекежанова и его друзей, на торжествах 90-летия Илияса Джансугурова. Они пробыли в вашем районе 3 дня. И мы знаем все о том, чем они занимались у вас» – деді. Біраз ойланып отырып: «Слушай, старший следователь Генеральной прокуратуры, ты только ради этого оторвал меня от работы и пригласил за 300 км в г. Алмату? Что это, у нас вновь началась охота на ведьм? Это же было в нашей истории, 37 год и все последующие репрессивные методы были же  осуждены как партией, так и народом, опять наступаем на те же грабли.  Я хорошо понимаю, что дан старт новым гонениям на неугодных кое-кому кадров Республики и ты являешься слепым исполнителем их злой воли.

Если по существу, то действительно в июле 1984 года провели торжества 90-летия видного казахского поэта Илияса Джансугурова. Он является уроженцем этого района. На торжество были приглашены все видные деятели литературы и искусства нашей Республики, был приглашен и Дуйсетай Бекежанов так как он является уроженцем этого района. Торжества были проведены на высшем уровне, на нем приняли участие члены бюро обкома партии во главе с секретарем А. Ерсалиевым.

Были проведены конно-спортивные состязания. Никаких беспорядков и негативных явлений не было зарегистрировано. О высоком уровне организации торжества отметили все гости прибывшие из Алматы и других регионов» – деп едім, «А на второй день Дуйсетая Бекежанова и его друзей вы вывезли в горы, где пировали еще 2 дня, где было выпито много водки» деп ол да болмады. Содан кейін: «Слушай, старший следователь, тебе преподнесли искаженную информацию. Дуйсетай Бекежанов, а с ним были Олжас Сулейменов, Еркегали Рахмадиев, Куаныш Султанов, и они пробыли в районе всего 2 дня, а не три, как вы утверждаете. Да, действительно в воскресенье выехали в горы и нас угощал друг детства Дуйсетая Айтбаев Тойлан» деп заң қызметкерін уәжге тоқтатуға тырыстым. «Он и лошадь зарезал с совхозного табуна, и то, что осталось после съеденного положили в коробки и загрузили в багажник автомобиля гостей, а так же были замечены конверты, которые давали гостям» деген сөзге де байыпты жауап бердім. «Все это натасканная и искаженная информация. Я хорошо знаю, а это можно легко проверить, у табунщика было своих лошадей около 15 голов, и одну из них он и прирезал. Никаких коробок и конвертов не было, это гнусная клевета. Да, водку пили в умеренных дозах, скандалов, споров, а тем более подтасовок не было, а о политике не говорили, никого не обсуждали, если найдутся люди, утверждающие обратное, я готов встретится и поговорить с глазу в глаз. Я хорошо понимаю, что все это затевается для того, чтобы через Дуйсетая Бекежанова опорочить Димаша Ахметовича, бросить тень на его доброе имя. Какой еще тебе компромат нужен?» деп едім, «Ғалым Турганбаевич, я начинаю вас уважать – деп сұрақ алып отырған адамым жөнге келе бастады. «А с чего это?»десем, «Я ждал услышать очередной компромат на Бекежанова и Кунаева, а вы отчитали меня. До вас, здесь, за этим столом, я допрашивал некоторых первых секретарей обкомов и райкомов партии. Они клеветали, обливали грязью как Дуйсетая Бекежанова, так и Димаша Ахметовича, что вызвало у меня отвращение к ним. Ведь Димаш Ахметович выдвинул их на эти должности и вместо благодарности они клеветали на него. Все их отвратительные высказывания записаны здесь на магнитофонной ленте» деп ол столдың астындағы магнитофонды көрсетті. «Ты и меня записал и все это отдашь на прослушку высокопоставленным заказчикам?» – деп арқамнан ауыр жүк түскендей болған мен де ашық әңгімеге көштім. «Конечно, а то они мне не поверят, скажут что я что-то утаил, а что-то прибавил. И я к тебе начинаю относится с уважением за твою искренность», –  деген Хамит Калкеновичке сырымды жайып салдым. «Идет борьба за власть. Чтобы дискредитировать Динмухамеда Ахметовича, стараются опорочить его помощника. К этому подключились и те, которые не получили положительного ответа на свои шкурные вопросы. Ведь не на все необоснованные запросы могли получить положительного решения, в таких случаях всегда виновным оказывается помощник.

Я знаю Дуйсетая Бекежановича более 13 лет. 10 лет возглавляю его родной Аксуский район. В этом районе проживает его родственники и друзья. За все это время от него не было ни одного указания или просьбы устроить родственника или друга, кому-то улучшить материальное положение.

В феврале 1977 года он мне конкретно сказал, что из-за его положения он никогда не будет просить сделать что-нибудь в отношении его близких и сказал, чтобы я в будущем не просил его оказать какое-то содействие касающего его родного района. Я удивляюсь его прозорливости, когда он сказал, что очень много стукачей, которые из мыши раздувают слона, а он обязан обеспечить высокий уровень авторитета своего шефа.

Из вышесказанного можно увидеть, что Дуйсетай Бекежанов честный и добропорядочный человек. А что касается Димаша Ахметовича, то он со всеми положительными качествами – святой человек. Республика многим обязана ему в своем развитии и высокого авторитета на мировой арене».

«Во-всем согласен с вами, Галым Турганбаевич. Рад был знакомству с вами» дегеннен кейін қоштасып, ауданға кайттым.

Бір жетіден кейін облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Тыныбаев Әубәкір Әлиұлы шақыртып: «Ғалым, Орталық партия комитетінің екінші хатшысы Меңдібаев сені Дүйсетай Бекежанұлымен сыбайлас болып кеткен, бірлесіп істеген қылмыстық әрекеттері көп деп кінәлап жатыр. «Бізде ондай мағлұмат жоқ» десем де «Ондай қылмыстық әрекеттері жайлы дерек бізде жеткілікті» деп тыңдайтын емес. Енді не істейміз? Сені жұмыстан босат деп жатыр. Ғалым, өзіңе ғана айтып отырмын, Орталық партия комитетіне Меңдібаев екінші хатшы болып келгелі көптеген танымал кадрлар қуғынға түсіп жүр», – деп ағынан жарылды.

– Дұрыс айтасыз, Әубәкір Алиұлы, мені де жақында Бас прокуратураға шақыртып Дүйсетай Бекежанов жөнінде тергеуге алып, жағымсыз сұрақтар қойды. Тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарып, мынау біздің тарихымыздағы қудалау, орынсыз айыптап, жазалау кезеңіне ұқсас деп қайттым, – деп мен де көңілде жүрген күпті ойларыммен бөлістім.

Бір күні Талдықорған қалалық Советі атқару комитетінің төрағасы Аманғазы Шегіров кездесіп: «Ғалеке, анау бір күні Тыныбаевтың кабинетінде бір мәселе шешіп отыр едік, Алматыдан звондап, өзің туралы әңгіме болды. Звондаған кім екенін білмеймін, бірақ та үлкен лауазымды адам екенін байқадым. «Тұрғамбаевты жұмыстан алыңдар» дегеніне Әубәкір Әлиұлы «Мен оны қалай жұмыстан босатамын, оған қоятын мінім жоқ. Екі ауданды басқарып, артта қалған Ақсу ауданын алға шығарып, сонда зайыбы қайтыс болып қиналып жүргендіктен Киров ауданына ауыстырдық. Мұнда істегелі 7 ай болса да бастамасы дұрыс, ел жақсы баға беріп жатыр» дегеніне көнбей «Босатыңыз, бұл Москваның шешімі» деді.

Өзім қатты қадірлейтін Аманғазы осы күндері Талдықорған қаласында аман-есен, зейнеткерлік өмірін кешіп жатыр.

Жарты айдан кейін обкомға шақырып, ұйымдастыру бөлімінде «Ақсу ауданынан сіздің үстіңізден арыз түсті» деп онымен таныстырды. Арызда «Аудан орталығында бірінші хатшыға арналып үй салынғанда Тұрғамбаев бұрынғы жобасын бұзып, бір қабырғасын алдыртып тастады. Сонымен бірге Жансүгіров колхозынан 5м3 ағаш тақтайды төменгі бағамен алдыртты» депті. «Бұл арызды енді не істейсіңдер?» десем, «Оны бірінші хатшы шешетін болар» деді.

Екі күннен кейін обкомның бюро мәжілісі болып, «сол кездегі Ақсу аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ғалым Тұрғамбаевтың салынып жатқан үйдің жобасын өрескел бұзғандығы» жөнінде мәселе қаралды. Мен сенерімді, не сенбесімді білмей «Ол жеке мен үшін емес, ауданда жұмыс атқаратын бірінші хатшыларға арналып салынған үй. Ол үйдің құрылысын қадағалап жүргізіп жүрген обкомның инженері. Мен кішкентай екі бөлменің орнына бір қанатын алып тастап, кеңірек бір бөлме болса қайтер еді деп ұсыныс жасағанымды мойындаймын» дегенім сол екен, «Мінекей, өзі мойындап тұр» деген дауыстар жан-жақтан шыға бастады.  Содан кейін «Мен осыдан 13 жыл бұрын «Басши» совхозын басқарып жүргенімде ауданға басшы болсам деп сұранғаным жоқ, ал енді үшінші ауданды басқарып отырғанымда мені қайтадан сол «Басши» совхозына директор етіп жіберсеңіздер бәріңе алғысымды айтамын» деп едім, обкомның хатшысы Ә. Ерсалиев «Тұрғамбаевтың ұсынысын қолдайык» деп қалды. Бюро мүшелерінің барлығы бұл ұсынысты бірауыздан колдады.

Д. А. Қонаевтың орнына М. С. Горбачевтің шешімі бойынша Г. Колбин тағайындалды. Ол сол кездегі Орталық Комитеттің екінші хатшысы М. Меңдібаевқа Дінмұхамед Қонаевтың беделін түсіру мақсатында өзінің арам ойларын іске асыру үшін барлық амалдарды қолдануды тапсырған көрінеді.

Д. Қонаев «Өтті дәурен осылай» атты кітабында «М. Меңдібаевті жауапты кызметке жоғарылатуымыз, Орталық Комитетінің екінші хатшысы етіп сайлау сорақы қателік болды. Мендібаев басшылық жасаған кезеңді жұрт «Кіші 37-ші жыл» деуі, сірә, тегін емес. Асығыс шешім адамдарға қанша қиянат, қандай қасірет әкелді. Ол негізінен кадрлерді бүйі тигендей қылды. Қырына алғандарын шетінен кызметтен қуып, көбісінің үстінен қылмысты іс қозғатты. Сөйтіп талай адал коммунистер әпербақан хатшының сойылына жығылды.

Жоғарыдан жасалған қысымға Республика Прокуроры елгезектік танытып, менің көмекшім     Д. Бекежановты және басқаларды қамау жөніндегі ордерге қол қойды. Д. Бекежанов 22 жыл көмекшім болған. Екі айтқызбайтын. Ол өз ісін жетік білетін, әсіресе ауыл шаруашылығы өндірісін бақайшағына дейін шағатын. Оның бұл саладан көмегі көп еді. Қанша жыл бірге істедік, бірақ Дүйсетайдың ала жіпті аттаған жерін көрген емеспін. Кейін оны беймәлім «былықтары» үшін айыптап, жазаға кесті. Дәлелденбеген «қылмысы» үшін жапа шегіп оралған ол өзінің адалдығына елдің көзін жеткізді, бірақ сұм ажал оны қармағына мезгілсіз ілді» деп жазды.

1987 жылы Дүйсетай Бекежанұлына жағылған қара дақ өз нәтижесін берді. Бір-екі адам сені «түйесің» десе, түйе еместігіңді дәлелдеп көр. Жан-жақтан жалған мағлұматтарды беріп, ақпарат құралдарын кең қолданып, бірсыпыра адамдарға күмән туғызды. Дүйсекең сол тарихымыздағы сұр кезеңнің құрбаны болды. «Жемқорсың, парақорсың, қызмет бабын пайдаланып көп қылмысты әрекет жасадың» деп айыптады. Егерде Дүйсекең осындай адам болса, сол көптеген кылмысты әрекеттерді мен арқылы жасар еді ғой.

Ашығын айтсақ, сол заманда әртүрлі деңгейдегі басшылар қайда барса да артынан құйрықтарын сүйреп жүретін. Туыс, жақындарын қолдарынан іс келсе де, келмесе де жауапты орындарға орналастырып жататын.

Бұл жерде мен басшылардың туыс-жақындары қызмет істемеу керек деп отырғаным жоқ. Қабілетті, жоғары білімді, іскер, жауапкершілікті сезінетін адам болса, оған кім қарсылық жасайды? Керісінше, ондайлар көп ретте жеке басының мүддесін жоғары қойып, түк бітірмей елдің обалына қалып жүретін.

10 жылдай туған ауданын басқарғанымда Дүйсекең менің туысым еді, досым еді, соларды лайықты жұмысқа орналастыр, қызметін өрлететін бол, не болмаса үй салдыртып бер және басқадай жағдай жасап бер деп тапсырыс берген емес. Осы айтқаным шындыққа жатпаса мына мақаламен танысқан Ақсу ауданының жұртшылығы, ақсақалдары қайран қалып: «Ойпырмай, Ғалекең бізден дәйім шындықты талап етуші еді, мына Дүйсекең жөнінде екіжүздікке жол беріп жалған айтатын болғаны ма?» демей ме? Ондай сөз маған өте ауыр тиер еді. Себебі, 1977 жылы «Ғалеке, мен саған ешқашан туыс, жақындарым жөнінде тапсырма бермеймін, ал сен «туған еліңе көмектес» деп мазамды алмайсың» дегенінің шеңберінен шықпадым. Сондықтан, Дүйсетай Бекежанұлы жаланың құрбаны болды, жазықсыз жазаланды. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ағамыздың абыройын түсіру үшін Дүйсетай Бекежанұлына жан-жақтан шабуыл жасалып, қара күйе жағыла берді.

1987 жылы Дүйсетай Бекежанұлының ісі сотта қаралып, 8 жылға бас бостандығынан айырылып, Ресейдің Иркутск қаласында 4 жыл түрмеде отырып келді.

Мен «Басши» совхозының директоры қызметін атқарып жүргенімде өңір табиғатының аяусыз тоналып жатқанын көріп, бұған бір шара колданылмаса арттағы ұрпаққа тірі жәндіксіз каңыраған тау-тас пен дала қалатынына көзім жетті. Соған орай өзім басқарып отырған шаруашылықтың және Кербұлақ ауданының 3 шаруашылығы мен Панфилов ауданының 2 совхозының жерінен Ұлттық парк кұру мәселесін көтердім. Екі аудан әкімінің, 6 шаруашылық басшысының жаңа құрылатын Ұлттық паркке жер бөліп беру жөнінде келісімдерін алып, келешектегі Ұлттық парктің шекарасын өз қолыммен белгілеп, аталуы «Алтынемел» болсын деп облыстық атқару комитетіне тапсырдым. Талдықорған облыстық атқару комитетінің төрағасы С. Тұрсынов бұл ұсыныстарымды қолдап, өз шешімін біріктіріп, Үкімет алдына қойғаннан кейін 1991 жылғы сәуір айының 10 күні Премьер-Министр Ұ. Қараманов «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің уақытша дирекциясын құру жөнінде шешім қабылдады. Бұл шешімде «Ұлттық паркті толығымен заңдастыру үшін тиісті жоба дайындау Талдықорған облыстық атқару комитеті мен «Басши» совхозының дирекциясына тапсырылсын. Сонымен бірге ұлттық парктің бас директоры қызметі «Басши» совхозының директоры Ғ. Тұрғамбаевқа уақытша жүктелсін» делінген.

1991 жылдың сәуір айынан совхоз директоры, сонымен бірге Ұлттық парктің бас директоры болып жұмыс істеп жүргенімде шілде айында Дүйсетай түрмеден босады. Шыға салысымен үйге келіп конақ болып кетті. Өзіне жасалған жауыздықты, қиянатты айтып, осы күнге дейін жинаған мал-мүлкінің жоқ екендігін атап өтті. Оған сенбеске болмайды, себебі, сотталып кетті дегеннен кейін Д. Бекежановтың жеке басында мұнша үйі, автокөлігі, не болмаса құрылыс орындары бар деген әңгіме шыққан жоқ, ешқандай мүлкі де тәркіленбеген.

Дүйсекең дастарқан басында совхоз жерінде Ұлттық табиғат паркін құрғанымды қолдап, өзіне бір қызмет тауып беруін сұрады. «Дүйсеке, табиғатты қорғау ісіне өз үлесіңізді қосып менімен бірге жұмыс істеймін десеңіз, қызметке қуана қабылдаймын. Ұлттық парктің келешегі зор. Сұлу табиғатын, көне заманның ескерткіштерін, саналуан аң-құстарын көру үшін айналадан, тіпті шетелдерден туристер көптеп келетін болады.

Сондықтан Алматыда офис ашамыз, осы жұмысты басқаратын адам керек. Менің орынбасарым болуға сізден артық ешкім табылмайды» деп едім, Дүйсекең риза болып қайтты.

Ол кезде мен Жоғарғы Советтің депутаты ретінде Парламент жұмысына көп уақыт бөлетінмін. Кездескеннен кейін бір жарым ай өтті. Дүйсекеңнен хабар болмай кеткеннен кейін өзім іздеп жолығайыншы деп жүргенде қыркүйек айында суық хабар келді, ауыр науқастан дүниеден өтіпті.

Дүйсекеңді жерлеуге көп адам жиналды. Соңғы сапарға шығарып салуға Дінмұхамед Қонаев пен Бәйкен Әшімов қатысты. Қаралы митингті басқарған Санжар Жандосов: «Ғалеке, Дүйсекеңмен көп жылдар қызметтес болдың, екіншіден Жоғарғы Советтің депутаты ретінде бір-екі ауыз сөз айтсаң» деп ескертіп, зираттың басында сөз бергенде «Дүйсетай Бекежанұлымен 15 жылдан артық уақыт таныс болып, қызмет бабында кездесіп жүрдік. Кейінгі кезде Дүйсекең жөнінде лайықсыз қаралау айтылды. Жазылып жүргендердің барлығы жалған. 20 жылдан артық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың көмекшісі болып жұмыс атқарғанында өзінің адал, жауапкершілікті сезінетін, іскер, мәдениетті қызметкер екенін көрсетті. Еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосты. Дүйсекең кіршіксіз таза, адамгершілігі мол азамат еді» деп ойымды аяқтап, Дінмұхамед Ахметұлы мен Бәйкен Әшімұлының жанына барып тұрғанымда Димекең «Ғалым, жақсы айттың» деді.

Дүйсетай Бекежанұлы өз елінің, өз жерінің аяулы, адал перзенті. Оның кім екендігін өмір жолында кездесіп, жүздесіп, бірге қызмет істескен адамдардың барлығы жақсы біледі.

Ғалым Тұрғамбаев,  Алматы облысының, Панфилов, Ақсу және  Кербұлақ аудандарының Құрметті азаматы.

«Жетісу» газеті. №122, 4 қазан 2017 жыл.