«Ақсудың аққу арулары» туралы

 

Құрметті сайт оқырмандары, аудан тұрғындары!

Құрметті желідегі (топтағы)  достар, Ақсулық жерлестер!

   Сайтымыздың өткен парақтарының бірінде, жоғарыдағы «Ақсудан ұшқан аққулар» деген   тақырыппен сайт кітабынан жеке тарау ашылғанын айтып, онда, біздің,  Ақсу ауданы халқының,  құрмет тұтқан, мақтан ететін және де  кейінгі ұрпақ   жете білулері және жадыларына сақтаулары қажетті деп саналатын,  аға ұрпақ өкілдері — ана-апаларымыздың есімдерін атап  көрсеткен болатынмын. Ол тізбекті жасау маған көп қиыншылық туғызған жоқ, себебі, оларды елдің құрметіне лайықты  болғанын  көріп-біліп өстім, көпшілігімен әріптес те бола алдым.  Ал, сол тізбеге лайықты саналатын, алайда,  кірмей қалған азаматшаларымыз болса, ондай олқылықты түзеу қиын емес, реттелетін болады. Оның үстіне, осы тақырыптағы әңгіме әлі жалғаса беретін болады...

  Мәселен, бүгінгі әңгіме де сол туралы. Сол тараудың келесі парағын жалғастырғалы  отырмын, яғни, жоғарыдағы санатқа жатқызылатын, «апаларына лайықты сіңлілер» деуге болатын, ауданымыздың ардақты да құрметті әйелдер қауымының келесі өкілдеріне «жол ашамыз». Бірақ, оны тек менің ұйғарымыммен емес, Сіздермен бірге, барлықтарымыздың қатысуымызбен жүргізсек деген  ұсыныс тастап отырмын. Оған интернеттің, сайттың мүмкіншілігі зор, ол жұмысты «онлайндық» тұрғыда қолдау жасау, ұсыныстар  беру, оған  үлкен қауым елдің қатысуы арқылы атқаруға болатындығы. Тек, шын ниеттеріміз болса, үлкен белсенділік көрсетілсе  жеткілікті. Және де,  осындай «онлайндық» тәжрибе-әдіс іске ашса, оны сайттың  қалған тарауларына да пайдалануға болатын шығар.

Сонымен, менің ой-пікірлерім, ұсыныстарым төмендегідей:

 

Жалпы талаптар

  • Енді,  сайт тарауын  «Ақсудан ұшқан...» деп емес, келесі кейіпкерлеріміз  әлі де қызу жұмыс-қызметтің басында, қоғамдық орта мен шығармашылықтың бел ортасында   жүргендіктен, оларды «Ақсудың аққу арулары» деп атасақ;
  • Сайт кітабына есімдері  енгізілетін аруларымыздың жасын 80-ші жылдармен шектесек, ал, одан кейінгілері «қыздарымыз» санатында жүре тұрсын;
  • Ең бастысы, осы топқа енгізілетін аруларымыздың есімдері, бүгіндері, кем дегенде, облыс деңгейінде «мойындалған», танылып  құрметтелген, сол дәрежедегі әртүрлі  марапат иелері болғаны дұрыс деп санасақ.

Ұсыныстар беру тәртібі туралы

  • Әр ұсыныс жасаушы,  өз «үміткерлері» туралы ұсыныстарын негіздеп, есімін осы парақтың астындағы «комментарий» деген орынға енгізіп отырады;
  • Ол ұсыныстар қолдау тауып, мақұлданған болса, олардың аты-жөні алғашқыда, осы жазбалардың астындағы жалпы тізімге және фотогалереяға енгізіледі. яғни сайт оқырмандары мен топ мүшелеріне көрнекті болып тұрады.

   Осы айтқаным түсінікті болу үшін аруларымыз  есімдерінің алғашқы «Алтылығын» өзім атап отырмын (одан көбірек те болар еді, бірақ, онда жаңа айтқандарыма «теріс» келеді);.

  • Одан ары, олардың ішінен көп қолдау алып жатқандары (өздері  туралы деректердің жинақталуына байланысты)  туралы сайтта жеке мақала беріліп, ол аттас  тарауға енгізіледі, яғни, сайттың барлық оқырмандарына жарияланады. Белгілі бір уақыттан кейін, олардың бәрі туралы қортынды тізбегі жасалып, арнайы мақала жарияланады, жеке «онлайн» кітапшасы және бейнеслайд (не, фильм) жасалатын болады.

Тараудың символикалары туралы

  • Сонымен сайт тарауының атауы: «Ақсудың аққу арулары»;
  • Осы тарау атауының фотосимволикасына төмендегі 2 суреттің біреуі таңдалады (ол, одан ары, дұрысталып,  өңделетін болады);
  • Тараудың музыкалық «серігі» ретінде, Өзімнің осыдан 2-3 жыл бұрын тура осы атаумен біріге шығарылған әнді алып отырмын (ол төменде беріліп отыр).

 

Сонымен, қортынды ретінде: Енді, Сіздерден де ұсыныс-пікірлеріңізді және белсенділіктеріңізді тосатынымды айтамын.  Көрейік, Бастамамнан не шығар екен?  «Іске сәт» дейік!

 

  Ал, сөз соңында, бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерге «Жарнама» туралы жарнама берсем деп едім. Міне, 4-5 күн болды, сайтымыздың  бетінде жарнамалық көріністер пайда болды. Ол дегеніміз, сайтымның шексіз ғаламтор жүйесінде «мойындалғаны», тұрақты тіркелгені. Яғни, сайтты ашқан еңбегім ақталатын сияқты. Әрине, ол үшін, сайттың ары қарай да тұрақты және жүйелі жүргізілгені  керек.

   Осыған орай, Сіздерден сұрайтыным, сайтқа әр кірген сайын, 3-4 минут уақыттарыңызды бөліп, сол «жарнамаларды» көріп, танысып отырсаңыздар болғаны!  Ол, сайтымыздың салмағын, «рейтінгісін» одан ары қөтеруге және өміршең болуына  өте қажет дүние екен! Рахмет!

 

Ақсудың «Аққу Аруларының» алғашқылары

 

Қасымбекова Төлеухан                    Облыстық мәслихаттың 2 шақырылымының депутаты


Фото Гульжанат Макулжановой.

Мақұлжанова Гүлжанат        Белгілі тележурналист

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрсынзада Рза.  Халық өнерінің шебері


Куляйхан Дәулетбекова Ауданның бетке ұстар азаматы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Намазшамова Сағыныш Танымал ақын

Фото Гульжан Турсуновой.

Гулжан Тұрсынова.     Белгілі журналист

 

                      Ақсудың аққу арулары

 

 

Сөзі — Серпербаев Серікбектікі

ӘніЧернухин Сергейдікі

 

Шың төрінен  Ақсуым бұлаңдайды

Шат толқыны  асыр сап, мың аунайды

Таң нұрымен шомылып, арайланып

Бой түзеген сұлулар сылаңдайды

 

Қайырмасы:

             Көркі керім, әсем гүл қауыз ашқан

             Пәк көңілге бүршігі жұпар шашқан

             Ол — Ақсудың аққу қыз арулары

             Тәнті  жүрек қиялын алып қашқан

Қайырмасы

 

Шарлап құшқан Ақсуым әз даланы.

Албұрт сезім шоқ болып мазданады

Қызғалдақты қырларда шырайланып

Сиқырымен құрбылар  назданады

Қайырмасы

 

Көл айдында Ақсуым тыныстайды

Сән самалы ғашыққа  жыр ұштайды

Түн пердесін түрілтіп, сәуле шашып

Сүйгеніне кербез жар сыр ұстайды

Қайырмасы