2-ақпан  күні Алматы телеканалында  көрсетілген, біздің сайтымызбен тақырыптас, мазмұндас болып  келетін  «Беу, туған  жер»  бағдарламасына  бір  топ  Ақсулықтар  (Алматы облысы) қатысқан  едік.

   Бағдарламаның басты кейіпкері — белгілі тележурналист.  Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер,   Қазақстанның  Құрметті  журналисі,  Ақсу  жерінің  ардақты  азаматы  Нұртілеу  ИМАНҒАЛИҰЛЫ  болды.

  Осыған орай, назарларыңызға  сол телебағдарлама жазбасы және оған қоса  жазушы,  Ақсу  жерінің  тумасы Серік ЖАНӘБІЛДІҢ ол туралы  естелік  әңгімесі  мен   ақын Несіпбек  АЙТҰЛЫНЫҢ  арнау өлеңі қоса беріліп отыр. Тамашалаңыздар!

 

 

 

АҚСУДЫҢ АҚИЫҚ ҰЛЫ

 

Серік  ЖАНӘБІЛ

 

   Белгілі  журналист  Нұртілеу  Жетісу  жеріндегі  Ақсу  өзенінің  бойында  қазақтың  белгілі айтыс ақыны Иманғали Қалиасқарұлының үйінде өмірге келеді. Анасы  Күлжәмила  Құйқабайқызы он  төрт  құрсақ  көтерген ардақты ана болатын. Ақсу өңірі өнер мен жырдың, батырлар мен билердің алтын ордасы еді. Ақын Сара Тастанбекқызы, қобызшы Молықбай  Байсақұлы, Ілияс Жансүіров, Қуат Терібаев, Барлыбек Сырттанов, Біләл Сүлеев, Есенқұл  Маманов,  Шиырбай шешен, Толғанбай ақын сияқты атақты адамдар шыққан  Ақсудың бір арысы осы Нұртілеу Иманғалиұлы.

 Тарих  сабактастықтары  қатар  жүреді.  Атақты ақын Ілияс: Жансүгіров 1894 жылы 1 мамыр күні осы елде дүниеге  келсе, 1952 жылы 1 мамыр күні сол Ақсуда Нұртілеу де өмір есігін ашады.

 

 Қазактың белгілі айтыс ақыны Иманғали ағай “Біржан мен Сараның айтысын” жатқа білетін өте алғыр адам болатын. Мен ол  кісіні 1968 жылы тұңғыш рет көрдім. Әкем Жақабыл Жанәбілов қос «Ленин» орденді жылқышы болатын. “Қарамола” деген жерде киіз үй тігіп, бие сауатын едік.

Бүгін совхоз директоры Қанабек Заманов Ақсудың ақындарын біздің үйге алып келеді! — деді әкем.

Інім Берік екеуміз меймандарды күтуге кірісіп кеттік. Түс ауа  бір топ адам келді.


 Иманғали ақын келді! — деп Жақабыл әкем ұзын бойлы кең иықты. өткір мінезді ерекше б)р адамды алдынан шығып  құшақ жайып қарсы алды. Айтыс басталды. Ел көп жиналды. Даусы ерекше шығатын Иманғали ақынға көпшілік  риза болды.

 

*       *       *

 

 1972 жылы КазГУ-дың  журналистика факультетінде  Нұртілеумен  6ірге  оқыдым.  Ұлықбек Есдәулетов, Серікқали  Байменшин.  Әбдіғани  Қасымбеков,  Жеңіс  Баһадұр,  Қонысбай  Әбілов,  Сейдолла  Садықов, Қуандық Түменбай, Төрегелді  Байтасов, т.б.

  Өр мінезді, тәкаппар, артық  сөздерді  ұнатпайтын  Нұртілеу  сабақты  өте  жақсы  оқыды. Тілі майда өнші Жәнібек Кәрменовпен әзілдескенді жақсы көретін. Жәнібек кітап бетін ашпайтын. Курстастарымыз Мақұлбек, Сайлаубай, Әбдіғани, Марат бәрі Жәнібектің әңгімелерін тыңдаудан жалықпайтын...

 

*       *       *

 

   КазГУ-ді  бітіргеннен  кейін Нұртілеу  қазақ  теледидарында  қызметке  тұрды. Оның жүргізген хабарларын тыңдап  жүрдік.  “Қарыз бен парыз” атты  ерекше,  жаңаша  телесұхбат  Қазақстанның  кең  даласын  шарлап  кетті.  Нұртілеу  Камап  Смайылов.  Сағат  Әшімбаев сияқты біртуар азаматтармен бірге қызмет атқарды. Жазушы Оралхан Бөкеевпен  көгілдір  экран алдында  сұхбат  жүргізген  осы  Нұртілеу  Иманғалиұлы  болатын. Ойы  жүйрік, тапқыр  сұрақтарымен  өзіне ерекше тартатын Нұртілеудің  журналистік шеберлігі ешкімге ұқсамаушы еді. Қазақстанның  кай  түкпіріне барсаң да ел Нұртілеуді таниды. Қазақ халқы оның теледидардан сөйлеген сөздері мен ұшқыр ойын, батыл мінезін, ерекше жаңалықтардың бетін ашатын қасиеттерін жоғары бағалады.

 

  Тапқыр сөйлеу Нұртілеуге  ғана жарасып тұрагын тәрізді.

 - Бай, қуатты болайық! — деп сөзін аяқтайды.

  Нұртілеудің бойында таудан етекке карай сарқырап ағатын асау Ақсу өзенінің мінезі бар сияқты. Ешкімге ұқсамайды.

“Ағынды менің Ақсуым” деп Ілияс Жансүгіров жырлаған Ақсудың ақиық ұлы Нұртілеу халықтың мақтанышына айналған журналист. Оның қолтаңбасы ел жүрепнде қалды. Нұртілеудің ұстазы Совет Мағзұмов болатын. Қазақ теледидарының  іргетасын қалаған Совет ағаны Нұртілеу әр кезде есіне алып отырады...

 

   Біз 1977 жылы КазГУ-ді бітірдік. Онан соң жан-жаққа тарап кеттік. Мен Нұртілеу мен ондаған жылдар бойы жолыға алмадым. Ол Шымкент қаласына  келгенде  мені іздейді.  Мен үйде болмаймын.  Өмір осылайша кайшыласып жатады. Теледидардан республикалық,  ақындар  айтысын  өткізуге,  оны  насихаттауға зор үлес қосқан азаматтардың бірі де осы азамат болатын.

  2006—2007 жылдары Нұртілеу Иманғалиұлы “Қазақстан” телерадио корпорациясының Президенті болып  ірі қызмет атқарды. Тіл мәселесін өткір қойғызды.  Ұлттық, қазақ  халқына қажет мәселелерді талқылады.

 

Картинки по запросу Нұртілеу Иманғалиұлы

 

*       *       *

 

   Республикалық «Хабар» телеарнасын  Нұртілеу  жүргізген  кезде елдің оған деген ықыласы ерекше болатын еді. Бәрі  қуанышты  хабарды  Нұртілеудің  ғана  аузынан  естігісі  келетін.

 Менің есіме бір оқига орала береді. Осыдан бес-алты жыл бұрын Жамбыл облысы, Сарысу ауданындағы  “Жайлаукөл”  ауылында  қазақтың  атақты  қобызшысы   Ықылас  Дүкенұлының шөбересі Әзімхан ағаның үйінде қонақ болдым. Мені журналист екенімді білген Әзімхан  аға:

 

   - Осы “Хабарды” жүргізетін Нұртілеу  Иманғалиұлы деген  журналистің соңғы кездері көрінбей кеткені қалай? “Бай, қуатты болайық!”  деген сөзіне дән риза боламын, — деді, ол.

-“Қазақстан” телерадио корпорациясының президенті болып кызмет атқарады, — дедім мен.

— Жөн... Жөн... Оған “Хабар” дұрыс еді. Өзін сағынып жүрміз. Қазақтың атын шығарын жүрген жігіт қой. Ол сөйлегенде риза болып отырамын. Өте тапқыр сөйлейді. Мінезі бар жігіт-ау. Түрінен байқалып  тұрады, — деді ол.

 - Молықбай қобызшының, Ілияс Жансүгіровтің, акын Сараның ауылының баласы. Әкесі Иманғали халық ақыны болған, — дедім мен.

-  Бәсе, бәсе, текті жерден  шыққан  екен ғой! — деп Әзімхан аға риза болды...

 

*       *       *

 

  Жақында “Оңтүстік Қазақстан” газетінің редакторы Бейсенбай Тәжібаевтың  бөлмесіңде Нұртілеуге жолығып  қалдым.  Екеуміз құшақтасып амандастық.

  — 60 жасың құтты болсын, Нұртілеу бауырым! — дедім мен...

 

 

 


Нұртілеуге


Несіпбек АЙТҰЛЫ

Арындап арғымақтай арда күнің

Алпысқа сен де келдің нар бауырым!

Жоңғардың жотасындай қары кетпес,

Сыйлаған Тәңір саған кең жауырын.

 

Картинки по запросу Нұртілеу ИманғалиұлыАрқалап атан тартар ауыр жүкті,

Өткен ғой мына өмірден небір мықты.

Сүйініп туа біткен тұрпатыңа,

Сенен де үлкен үміт елің күтті.

Қастерлеп көне жырын, ескі аңызын,

Іздедің бабалардыц басқан ізін.

Разы ата-анаңның рухы саған,

Ақтадың ел парызын, дос қарызын.

 

Мінезің орып түсер алдаспандай,

Кім сенің шаужайыңа жармасқандай?!

Жақсыға көңіліңнің төрі дайын,

Жайдары, жаның таза таңғы аспандай.

Келесің түзу жүріп, тура басып,

Адассаң халкыңменен бірге адасып.

Ақсудың толқынындай аласұрған,

Айналдым жүрегіңнен жырға ғашық.

Босамай ауыр жүктен кең жауырын,

Әр куніңаман жүрген олжа бүгін.

Жарқырап атқан таңың, туған айың,

Түсірсін жылдар саған мол жарығын.

 

 

 

«Беу, туған жер» бағдарламасы

2 қыркүйек 2018 жыл