«Ақсу ауданына-90»

Ақсудың АЖАРЫ

 

Құрметті оқырмандар!

Сайтымның бүгінгі парағында, Ақсу жерінің (Алматы облысы) ардақты азаматтарының бірі, өмірдегі өнегелі тұлғаларына, халқына қалтқысыз еткен абыройлы еңбектеріне сай «АҚСУДАН ҰШҚАН АҚҚУЛАР» деп құрметтелетін үлкен бір әйелдер қауымының алғашқы легінде аталатын АЖАР СЕҢКІБАЙҚЫЗЫ СӘРСЕМБАЕВА туралы  біраз жазбаларды назарға ұсынып отырмын. Танысыңдар!

 

 

АЖАР СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ СЕҢКІБАЕВА

Өмірбаян

1939 жылы Ақсу ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. Чапаев атындағы орта мектепті, Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

Ақсу мектеп-интернатында аға тәрбиеші, аудандық комсомол комитетінде екінші хатшы, аудандық партия комитетінде нұсқаушы (1961-72), Ақсу аудандық партия комитеті жанындағы партиялық комиссияның төрайымы (1972—1994) болады. Партия тарағаннан кейінгі жылдары Талдықорған облысы бойынша баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комиттетің Ақсу ауданы бойынша бас маманы (1995—1997), аудандық Кеңестің, аудан әкімшілігінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған (1997- 2001). 2001 жылдан зейнеткер.

Аудандық партия комитетінің мүшесі, Аудандық Кеңестің үш шақырылымының депутаты болып сайланған.

Қазақ ССР-і халықтық бақылау комитетінің Мақтау грамотасымен (1968), Үкіметтің мерекелік медальдарымен, облыс, аудан басшылығының Алғыс хаттары және Мақтау Грамоталарымен  марапатталған. Ақсу ауданының Құрметті азаматы.

 

                         

                                Ақсудың АЖАРЫ

 

Бейсебек ҚОРҒАНБАЕВ

Еңбек және соғыс ардагері,

Ақсу ауданының Құрметті азаматы

«Жетісу» газеті, 2009 жыл.

 

Бұрындары қариялар балаларға бата бергенде өз тілектерін айта келіп, соңынан «мұғалім бол, қарағым» деп қайыратын.

Аудандық партия Мен өзім де сондай ақ батаны алудан кенде болған емеспін, ақыры үлкендердің батасы дөп тиді ме, қайдам, маңдайыма мұғалімдік жазылыпты, 40 жылдан астам өмірімді жастар тәрбиесіне арнаппын, оған мақтанбасам, ешқашанда өкінбеймін. Шүкіршілік, өзім еңбек еткен мектептерден шыққан шәкірттердің арасында мемлекет, коғам, мәдениет кайраткерлері, депутаттар, ғалымдар, ақын, жазушылар, ең­бек майданының майталмандары баршылық. Бүгін солардың бipi, өзіміздің  көз алдымызда өciп, енбектеніп келе жатқан, аянбай терін төккен, әлі де жас жеткіншектердің келешегін ойлағанда ішкен асын жерге қоятын АЖАР СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ туралы  жайлы сөз қозғауды ұстаздық парызым деп ойладым. Өйткені ол осы жылдың cәyip айынын 28-де 70 жаска толады.

Ажар Сәрсембайқызы 1939 жылы 28 сәуірде Ақсу ауданының Қарасу ауылсоветіне қарасты Еңбек ауылында дүниеге келді. Қазақта «әкесіз жетім жартылай жетім, анасыз жетім тұл жетім» деген даналық нақыл бар. Aжар 10 жасында анасынан айырылып, екі жастан енд| ғана асқанда ел-жұртқа, әрбір отбасына қайғы-қacipeт әкелген соғыс басталып, көрмегенді көрді. Онын тартқан азабы мен қорлығын айтып жеткізу, болмаса көзге елестетудің өзі адамның жанын түршіктіреді. Басқаны айтпағанда, анасынан 7 жаста қалған сіңлісі  Бақытты, 3 жастағы інісі Бөкенді, тіпті жерге шыр етіп түскеннен  жетім қалған Бөкейханды өзімен  біpre шынықтырып, үшеуін де ел қатарына қосты. Үйлі-баранды етті. Қазір бәрі де Ажарды «Әйе» деп оның алдынан кесе-көлденең өткенді білмейді.

Бөкеннің қызы Марал 2007 жылы Алматы қаласы бойынша бірінші болып «Алтын белгі» медалін, Бөкейханның ұлы Бауыржан өткен 2008 жылы аудан бойынша жалғыз өзі «Алтын белгігі» ие болды. Қазір екеуі де грантпен өздері таңдаған жоғары оқу орнындарында оқып жатыр. Тектілік деген осы болар.

Ажармен әңгімелесе қалғанымда: «Анамыз дүниеден өткен соң біз нeriзінен әке тәрбисінде өстік. Әкем өте алғыр, төрт сыныптық білімі  болса да сауатты, әcipece есепке келгенде алдына жан сал- майтын, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік- Кебек» дастандарын бізre жатқа айтып беріп отыратын. Әр нәрсеге жауапкершілікпен қарайтын, өтірік, өсек, ұрлық дегенге жаны қас, адал адам еді. Ауылдастары әкемді «ақжүрек» деп атайтын.

Мен тоғызыншы сынып бітірген жылы «Еңбек» колхозында бидайды есептейтін «весовщик» болып iстедім, жұмысқа күніне  2 литрлік бидонмен көже әкелемін, қайтқанда елдің бәpi сондай ыдыстарын толтырып кырманнан бидай алып қайтады. Мен де елден көргенімді icтедім. Кешкісін әкем жұмыстан келді де менің бидонымның ішіндегі бидайды көрді. «Ба­лам, бидайды кім берді, оны не істейсің?» — деп сұрақтың астына алды. Мен оны елмен бipre қырмандағы таза бидайдан алғанымды, оған ертең Сарқаннан атарбамен келіп бидайдың орнына алма беретіндермен сауда жасайтынымды айттым. «Ажар, мынауың уят болады, мұның аты «ұрлық» дейді,  колхоз еңбекақыға бидайды айдын аяғында береді. Бастықтардың рұксатынсыз ештеңе алуға болмайды, алманы менің енбекақыма алған үйдегі бидайды апарып ал» — деді. Әкемнің  бұл адалдығы бәpiміздің мойнымызға тағылған тұмарымыз болды.

Әке айткандай, адал өмір сүрдік, ешкімнен кем болғанымыз жоқ. Алланың маңдайға бергеніне шүкіршілік еттік», — деп тебірене отырып aғынан жарылды.

Осындай әке тәрбиесін көріп өскен Ажар Сәрсембайқызы 1956 жылы Жансүгіров кентіндегі орта мектепті ойдағыдай бітіріп, сол  жылы Қазақтың мемлекеттік әйелдер педагогикалық институтына түсіп, 1961 жылы физика-математик мамандығын алып шығады. 1961—1966 жылдары Aқcу сегізжылдық мектеп-интернатында аға тәрбиеші,  аудандыө комсомол комитетінің хатшысы болып, идеология жұмысын басқарды.  1968 жылдан 2001 жылға дейін еңбек демалысына шыққанша аудандық партия комитетінің аппаратында, кейіннен аудан әкімшілігінде  басшы қызметтерін қалтқысыз атқарды,

1972 жылы СОКП-ның Орталық комитеті аудандарда партиялық комиссия құру туралы шешім қабылдады. Сол жылдан Коммунистік партия таралғанға дейін Ажар Сәрсембайқызы аудандық партия комиссиясын мүлтіксіз басқарды. Бұл тек айтуға ғана оңай, ал шын мәнінде бұл жұмыс аудандағы кадрлардың болашақ тағдырларымен тікелей байланысты eдi. Сол кезде партиялык комиссиядан өткен жас кадрлар бүгінде ауданды басқарып отыр. Олардың қатарына аудан әкімі Ә. Дүйсембаевты, оның орынбасары С.Қорғанбаевты, аудандық мәслихат хат­шысы Серікбек Серпербаевты, аудандық жер катынастары бөлімінің баскарушысы Е. Рахмановтарды жатқызута болады.

Ажар 1964 жылы өзімен біp мектепте оқыған, көп жылдар бойы аудандық байланыс бөлімшесінде жауапты қызмет аткарған Жармухамбетке тұрмысқа шықты, онымен 32 жыл бойы шәй деспей, тату-тәтті сыйлы өміp кешті. Ал Жармухамбет болса халқымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Тұйғын ақын» деп баталаған Қазақстанның Халык ақыны, республикалық айтыстарга сан рет катынасып, өзінің тұйғындығын дәлелдеген Қуат Терібаевтың ұлы еді. Сөздің peті келгенде айта кетейін, халық ақыны Қуат Tepiбаевтың 1991 жылы туғанына 100 жыл толуы облыс, аудан бойынша кеңінен аталып өтілді, туған жеріндеri Көкөзек орта мектебіне ақынның eciмi берілді, мектеп алдына бюсті қойылды.

Айтулы шараны дайындап, өткізуде сол кездегі  аудандық партия комитетінің бірінші  хатшы­сы Наурыз Қылышбаевтың барлық ұиымдастыру тізгінін өз қолына алып, айтарлықтай еңбек сіңіргенінің куәсі болдық. Осы кезде мереке өткізу жөніндегі комиссиясының мүшесі рeтінде ақынның келіні Ажар Сеңкібайқызы да белсенділік танытты.

Ажар Сеңкібайқызы қай ортада жүрсе де, кіммен болса  да ортақ тіл таба біледі. Әртүрлі мінездер бар, қояр талаптары да басқа Наурыз Қылышбаев, Т. Махметов, О.Бекеев, С.Қыбыраев,  М. Өнербеков, F. Тұрғамбаев сиякты аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары және  С.Тәжиев, Қ.Байболов сияқты аудан әкімдерімен 35 жыл бойы бір ниетте, бірлікте мүлтіксіз еңбек етуі Ажардың тектілігінің нәтижесі деп білемін. Сондықтан да шығар, 20 жылдан аса Ақсу аудандық партия  комитетінің мүшелігіне, аудандық Кенестің депутаттығына сайланып келді, сөйтіп аудан халқының сүйіспеншілігіне бөленді, Ақсудың Ажары атанды. Қазір Ақсу ауданының Құрметті азаматы.

 

 

 

Мен білетін АЖЕКЕҢ

( Жоғарыдағы мақалаға қосымша ретінде)

 

Серікбек СЕРПЕРБАЕВ

Ақсу ауданының Құрметті азаматы

Сайт авторы.

Мен Ажар Сәрсембайқызын 1970 жылдан,  туған ауданыма институт бітіріп келіп, жұмысқа орналасқан кезден жақсы танып біле бастадым. 1972 жылы партия қатарына қабылданғанымда, одан арғы  қызметтік жылдарымның «тұсауын кесіп», ізгі тілек-кеңестерімен жол көрсеткен ағалардың бірі болды.

 

Ал 1978 жылы ауданның «Жаңақоғам» кеңшарының парткомы хатшысы болып сайланғаннан басталған партиялық және аудан басшылығы қызметтерімде  Ажекеңмен табандай 30 жыл  әріптестік тұрғыда  бірлесе ынтымақтастық жұмыс атқарған екенбіз.

Сол партком хатшысы болған 8 жылдай мерзімде, аупарткомның бөлім басшысы, парткомиссиясының төрағасы ретінде Ажар Сәрсембайқызының  партия  жұмысының қыр-сырларын, халықпен тығыз жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгеруде маған берген ақыл–кеңестері,  мол  тәжрибе жинақтауыма үлкен көмек болғаны анық дүние.

Содан кейін, 1986 жылы аупарткомның ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалып, партия тарағанға дейінгі кезеңде осы аппаратта әріптес ретінде қоян-қолтық өнімді жұмыс атқардық. Елімізде «қайта құру»  деп аталған тарихи жылдарында  Ақсу аудандық партия комитетінің  партиялық ұйымдастыру жұмысы тәжрибесі облыс, тіпті республикалық деңгейде «үлгілік» дәрежесінде бағаланған еді.  Біз сол берекелі де нәтижелі жұмыстардың басында бола білдік.

Одан кейін еліміз егемендік алып, жаңа тарихи дәуір басталғаннан кейін, араға  сәл уақыт салып, аудан әкімдігінде қызметіміз қайта түйісті. Ажекең, аудан әкімінің орынбасары ретінде мен жетекшілік ететін,  «экономика» бөлімінде бас маман болды.  Содан  ол кісі зейнеткерлікке шыққанға дейін де қызметтес  болдық...

Егер Ажар Сәрсембайқызының ұзақ  жылдардағы  ауданның жан-жақты дамуына сіңірген абыройлы еңбегі, мүлтіксіз қызметі  туралы тізбектеп айтқандай болсақ, ол ұзақ сонар әңгімеге айналатыны анық. Сондықтан, ол кісінің еңбегін бағалаудың басқа бір қырынан келейін. Айтайын дегенім, Ажекеңнің партиялық жұмыстар және басқа да лауазымдар атқарған әрқилы жылдарында, небір белестік соқпақтарында, қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты әр деңгейдегі жоғарғы басшылық орындарынан, аудан басшылары тарапынан бір кінәрат қойылып, жай ескерту де алмағынына куә ете аламын. Сол сияқты, Ажекеңнің адами тұрғысына келсек те, барлық кезеңдегі үлкенді-кішілі  қызметтес-әріптестері  жағынан да,  жалпы, ауданның  қалың жұртшыығы тарапынан да (қызмет басындағы азаматтарға әбден мүмкін болып жататын)  ешбір теріс пиғылдағы сөздер, бұрыс пікірлер  айтылған да, естілген де емес. Керісінше, ауданның  бүткіл халқы Ажекеңді күні бүгінге дейін аса сыйлы «ел ағасы», «ел анасы» ретінде бағалап, ерекше құрметтейді! Мүлтіксіз еңбектің, бойдағы оңды адами қасиеттеріне берілетін үлкен бағаның көрінісі  осы болар!

Әңгіме түйінінде, былтыр ғана  80 жастың белесінен өткен Ажар Сәрсембайқызына әлі де  ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілей отырып, жақсылықтар мен қуаныштар молынан болсын, әулеті ұрпақтарының талай қызығына куә болсын демекпін!

 

 

Бар өмірін мемлекеттік қызметке арнаған

 

 

 

Менің анам — шексіз қамқорлық иесі

 

 

 

Құттықтаулар

 

Мемлекет қайраткері В.И. ОСИПОВТЫҢ құттықтауы:

«Бисмиллахір рахманір рахым!

Құрметті Ажар! Тағдырдың жазуымен біз бір кабинетте бірлесіп жұмыс істей бастаған сол бір бақытты күннен бері 30 жылдан астам уақыт өтіпті.

Біз көпке үлгі болып аға — қарындастай еңбек еттік. Бәлкім біз кереметгер жасамаған да шығармыз, бірақ Ақсу ауданының игілігі үшін жан аямай еңбек еткеніміз даусыз шындық. Сіздің ұйымдастырушылық жарқын талантыңыз, биік кісілік келбетіңіз бен терең білімдарлығыңыз халыққа қалтқысыз қызмет етудің белгісі ретінде ел есінде өрдайым сақталады. Мерейтойыңызбен құтгықтай отырып зор денсаулық, есендік пен тыныштық тілеймін, сіздің отбасыңызға Алла жар болсын.

Шын жүректен: В.Осипов»

 

Құттықтау хат

 

Құрметті Ажар Сәрсембайқызы!

Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты сізді 70 деген өмірдің тағы бір әдемі белесіне алып жетіпті, шын жүректен құттықтаймыз.

Біздер сіздің осы күнге дейін ел билігіне араласқан қазақ қыздарының дәстүрін жалғастырып туған ауданымызда лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, ел-жұртыңыздың сыйлы адамдарыңыздың біріне айналғаныңыздың куәгерлеріміз. Бұндай абыроймен ілтипаттың оңайлықпен келмегенінде, өзіңіздің адал еңбегіңізбен төккен теріңіздің нәтижесі екенінде жақсы білеміз. Ал, бүгінде сіз ұл өсіріп, келін түсіріп қыз тәрбиелеп отырған ақылман анасыз. Сізді жақсы көретін ел-жұртыңызбен бірге бізде өзіңізге деген ыстық ықыласымыз бен айрықша құрметімізді білдіргіміз келеді.

Қадырлы Ажар тәте! Өзіңізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілей отырып, әулетіңіздің алтын діңгегі – өзіңіздің бақ-берекеге кенеліп, қуаныштарыңыздың көп бола беруіне тілектестік білдіреміз.

Игі тілекпен өзіңізді қадір тұтушы сіңліңіз Ләззат Сүлеймен, іңіңіз Жеңіс Сахметов

Астана 2009 ж.

 

 

 

Қанатың талмасын

(Ажар Сеңкібаеваның 60 жылдығына)

 

Дубек МҰСАНОВ

Ақын. Ақсу ауданының Құрметті азаматы.

 

Ажарым, асылым, ақылдым,

Ақ  ниет жырласын ақының.

Қанша жыл қатарлас қыр бастық,

Ойласам өзіңнен жақын кім?

Алпыстан ақырын аттадың,

Жәкендей  жарыңнан бақ тауың.

Жанеля, Жандостай немерең,

Алдыңда атқан ол – ақ таңың.

Айгүлің, Нұрланың. Розаң,

Қос өзен, шуақты шақтарың,

Жәкенді жақтатпай қаншалық,

Құранмен әр жұма қарсы алып.  

Адал жар осындай болсын деп,

Қарайды ел өзіңе тамсанып.

Бәрін де басыңнан кешірдің,

Көзіңді өзгеден кеш ілдің.

Бақытты, Бөкен мен Бөкейхан.

Ләззәтті үкілеп өсірдің.

Басшылық төріне өрледің,

Жанды да жалықпас еңбегің.

Алдыңа келген 6іp адамға,

Кісілік кеудеңді кермедің.

Арайлап әр таңың гүлдесін,

Көмейде көмексі үн жүрмесін.

Дұшпаның бағыңды күндесін,

Достарың қуансын, күлмесін.

Аз ғана ғұмырдың көшінде,

Келеміз бір кешіп, бірге сын.

Іргеңнен бұралқы ит үрмесін.

Бөлінбес элемент секілді

Әрқашан бізбенен біргесің.

Бізге де, саған да өмір сын,

Нар жүгін көтерер өзіңсің

Айқасып құшақ пен құшағың.

Күлкіміз күміс боп тұгілсін.

Қанатың ешқашан талмасын,

Арылмас арманың алға асып,

Қызығын көргейсің көп жасап,

Балалар жолыңды жалғасын.