Ақсудың  қос  БАТЫР  ұлы

Құрметті оқырман!

Сайтқа жаңадан жазылушыларға!

 

Біздің  Ақсу жерінен (Алматы облысы) шыққан  Кеңес Одағының Батырлары, НҰРСҰЛТАН ЕСЕБОЛАТОВ пен ЕСМҰРАТ  СИХЫМОВ    туралы  бұған дейін сайтымның 3 арнайы парағында танымдық жазбалар берілген болатын. Атап айтқанда:

 

  1. «АҚСУДЫҢ БАТЫРЛАРЫ» деп аталған алғашқы парақта олардың энциклопедиялық өмірдеректері берілген болатын. Сілтемесі: http://bit.ly/2H4o0gT
  1. Екінші, «ЕР ЕСІМІН — ЕЛ  САҚТАР!»  делінген  парақта  БАТЫРЛАР  туралы толыққанды мағлұматтар  беретін деректік  мақалалар  мен  бейнежазбалар, өлең-дастандар жарияланды:http://bit.ly/2VbWgMq

 

  1. «28 ПАНФИЛОВШЫЛАР ЕРЛІГІ — АЙҒАҚ ДҮНИЕ!!!» деген тақырыпты парақта соңғы жылдары Ұлы Отан соғысындағы  28 панфиловшылардың қатысуымен шайқас болғандығына күмән келтіріп, оны жалғанға санайтын  Ресейдің кейбір тарих зерттеушілеріне қарсы жауап ретіндегі Панфиловшылардың ерліктерін дәлелдейтін «сенсациялық» деректер табылғаны айтылды.

 Сонымен бірге, ол жерде Нұрсұлтан  Есеболатовтың артындағы аталас  бауыры, ардагер-журналист Тілеухан Есеболатовтың  «Батырдың суреті» деген әңгімесі жарияланды. Сілтемесі: http://bit.ly/2PShQEG

 

Осы жазбалар қызықтырар болса және қажет санасаңдар танысуларыңызға болады.