АҚСУДЫҢ БАТЫРЛАРЫ

Бүгінгі парақта  «Кеңес Одағының Батыры», «Социалистік Еңбек Ері» және «Халық каһарманы» атақтарына ие болған  Ақсу жерінің ардақты азаматтары  туралы деректер беріледі

 

Отан  үшін  от  кешкендер 

 

 

  1941ж. Ұлы Отан соғысы басталғанда ел қорғау мақсаты, патриоттық сенім  бойларына қанмен сіңген қазақ халқы тағы да бір тағдыр сынын, отты жылдар қасіретің басынан толығымен өткізді.  Азаматтар майдан далаларында арпалысып, жанқиярлық ерлік үлгісін көрсетіп жатса, тылдағы ел жанкершілікпен алдағы Жеңіс үшін жұмыс атқарып жатты. Сол соғысқа ауданымыздан 6104 азамат қатысып, олардың 3395-і ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты.  Неміс фашистерімен шайқастарда ерліктің үлгісін көрсеткен жерлестеріміз Нұрсұлтан Есеболатов пен Есмұрат Сиқымов Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 4237 адам түрлі мемлекеттік, жауынгерлік  орден, медальдармен марапатталды.  I-ші және II-ші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен–32 адам, «Қызыл Жұлдыз» орденімен–67, «Ұлы Отан соғысы» орденімен–983 адам марапатталды. Михаил Калашников  «АК-47»  автоматының  тұңғыш  жобасын  жасады. Ол да - Кеңес Одағының Батыры. 1942-46жж. Сталинград қаласын қалпына келтіруге қатысқан атақты қазақстандық 88 комсомол қыздардың қатарында ақсулық Қанымбике
Мырзатаева
мен Қаншайым Батыршина болды. Еңбек армиясына /ФЗО/ 3,5 мың адам тартылды. 

 

Ерлердің есімі ел есінде мәңгі сақталады, оларға әрқашан тағзым етіледі. Н.Есеболатовқа туған «Діңгек» ауылы орналасқан ауылдық округ, ондағы орта мектепке аты берілген, ескерткіші қойылған, басқа ауылдарда да көптеген көшелер батыр есімімен аталады. Е.Сихымовтың есімі аудан орталығындағы орта мектепке, орталық стадионға, көшелерге
берілген. Аудан орталығындағы паркте Ұлы Отан соғысының 30 жылдығына арналып алып обелиск тұрғызылған. 2005 жылы ардагерлер сквері жасалды, обелиск қойылды.Одан ары сквер кешенді түрде безендіріліп, абаттандырылды, субуркек іске қосылды   Ауданымыздың 80-жылдығы мерекесіне орай  батырларымыздың бюстері орнатылды. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналып салынған ескерткіштер, есімдерімен аталған  көшелер, естелік бұрыштар, мұражайлар  барлық  дерлік ауыл округтерінде бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен ғасырдың 70-ші жылдар аяғында басталып, Ауғанстан жерінде, сол елдің бірлігін сақтау үшін «интернационалдық көмек көрсету»  ұранымен Кеңес Одағы  қарулы күштері тарапынан 10 жылдай жүргізілген кең көлемдегі әскери іс-қимылдарына қатысқан қазақ жерінің мыңдаған жас жігіттері арасында біздің ауданның да 60-тай жас өрені соғыс отын кешкен еді. Олар Отаны, халқы алдында берген заматтық антын  нағыз жауынгерше орындады. Өкінішке орай, қосағаштық азамат Қапсаланов Асылбек Нұрболатұлы жат жерде жан тапсырса, Матайлық Бейсенбеков Талғат Айтмұханұлы мен Құрманғалиев Ертай Ментайұлы,  Есеболатов ауылынан Жиенбаев Марат Оралбекұлы  еліне оралып келгеннен кейін, Ауған жерінде алынған жарақат салдарынан қайтыс болды. Сол соғысқа қатысқан Нүсүпбеков Ербатыр, Иманбеков Ержан, Темірбеков Жұмаділ, Мәдиғалиев Әділхан,  Тухтаров Қайрат,  Жақсылыков Рахат, т.б. азаматтарымыз да қазір ортамызда жоқ.  Сол соғыстын зардабынан қайтыс болғандарға арналған ескерткіш тақтасы Талдықорған қаласында және Матай стансасында орнатылған. Азаматтық борыштарын адал атқарып, қайсарлық пен қаһармандықтың үлгісін танытқан 37 «ауғандық» жауынгерлер бүгінде ауданның әр саласында еңбек етуде. Олар мектептердегі кездесулерге, басқа да аудандағы көпшілік шараларға белсене  қатысып, кейінгі жас ұрпаққа қан төгістегі майдандастарынын ерлігі, бейбіт өмір туралы сыр шертеді, жүрек тебіренісімен еске алады. Өз кезегінде, ауданда Ауған соғысы ардагерлерінің өздеріне де лайықты құрмет көрсету, олардың ерлік істерін жас ұрпаққа үлгі ету шараларын өткізу дәстүрге айналған.

 

 

Батырларымыздың қатары 2007 жылы тағы бір азаматпен толықты.  Біздің аудан түлегі Жұмаділов Азамат Тілеуханұлы  өрт кұшағындағы үйден өз басына төнген  қауып-қатерге қарамай  үш баланы  анасымен  аман-есен алып шығып, ерлік пен қаһармандық үлгісін көрсетеді.

 

Сол үшін оған Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылы 7 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Халық қаһарманы» атағы беріліп, оған қоса  «Алтын медаль» және «Отан» ордені тапсырылды.

Алматы облыстық Мәслихатының 2007ж. 12 желтоқсандағы №5-31 шешімімен «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Кеңес   Одағының   батырлары

 

Ұлан байтақ ел үшін, Отан үшін
Жарқылдатқан ерліктің от намысын.
Батыр  өтті  Есмұрат, Нұрсұлтандай
Ұмытылмас, жас ұрпақ, мақтанышың.

 

ЕСЕБОЛАТОВ  НҰРСҰЛТАН 

 

1913ж.  Ақсу ауданы Қызылқайың ауылында кедей-шаруа жанұясында дүниеге келген. Жетім өсіп, оқуға жағдайы келмегендіктен, ауылда мал бағып, аға-жеңгесіне көмектесіп, кейіннен Алматыға кетіп, қаладағы трамвай депосында жұмыс істеген.

1941ж. армия қатарына шақырылады. Ол 316 атқыштар диивзиясының 1075-ші атқыштар полкінің 4-ші ротасында қатардағы жауынгер болады. 1941 ж.  16 қарашада Москва түбіндегі Дубосеково разъезінде сұрапыл шайқаста ішінде жерлесіміз Н.Есеболатов  бар Қазақстаннан шыққан 28 жауынгер немістің 50 танкісіне, толық қаруланған күші әлдеқайда басым басқыншыларға  қарсы тұрып, оларды Москваға өткізбей, қорғап қалған. Осы шайқаста қаза тапқан Н.Есеболатовқа сол күндердегі ерліктері үшін 1942 жылдың 21 шілдесінде жарияланған КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Указымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

 

   СИХЫМОВ  ЕСМҰРАТ

 

 

 

    1922ж. Ақсу ауданы Ақсу ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. «Мамания» мектебін, Қапал педагогикалық училищесін бітірген.        Ата–анасынан бес жасында айрылған ол, жетімдіктің тақсіретін көріп өседі.  Оны 1933ж. Ақсу селосындағы балалар үйіне тапсырады. 1938-39жж. өз мектебінде мұғалім болып қызмет атқарады.    1939 ж. тұтынушылар қоғамына жұмысқа ауыстырылады.
      Соғыс басталысымен 1941ж. шілде айында майданға аттанады. Армия генералы Рокоссовский басқаратын 13-ші армияның құрамында талай шайқастарды, оның ішінде Днепрден өту кезеңіндегі  кескілескен шайқасты басынан өткізеді. Кіші сержант Е.Сиқымов басқаратын 74–ші дивизиядағы 369–полктің пулемет расчеты 1943 ж. 10 қазанда Посудово деревнясы үшін неміс фашистерімен болған шайқаста болады. Сонда жаудың 60-тан астам солдатын жойып, өзі де асқан ерлікпен қаза табады. Сол ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 16 қазандағы Указы бойынша Есмұрат Сиқымовқа   Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

ХАЛЫҚ КАҺАРМАНЫ

 

ЖҰМАДІЛОВ АЗАМАТ ТІЛЕУХАНҰЛЫ 

1984ж. бұрынғы Бөрлітөбе,  қазіргі Ақсу ауданы Матай стансасында туып, өскен.  1991-97жж.  Жансүгіров поселкесіндегі  Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясында оқиды.  2006ж. Алматы қаласындағы Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясын «юриспруденция» мамандығы бойынша бітіреді.  2007ж.  Үштөбе қаласындағы 55078 әскери бөлімінде дене тәрбиесі және спорт бастығы болады.  Одан кейін Қапшағай қаласындағы 35-ші Гвардиялық Десанттық-Шабуылдаушы Бригадасының 32363 әскери бөлімінің зениттік дивизион командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

  2007ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекет алдындағы  әскери борышын үлгілі атқарып, ерлік пен каҺармандық көрсеткені үшін жоғары дәрежедегі «Халық каҺарманы» атағы беріліп, оған  «Отан» ордені  мен  Алтын медаль  қоса  тапсырылды

 

Социалистік Еңбек Ерлері

 ОҢАЛДИНОВ  НҰРЛАН  

Ақсу ауданы «Шолақөзек» ауылшаруашылық артелінің аға шопаны. 1948ж. 23 шілдеде қой шаруашылығын өркендетудегі жоғары көрсеткіштері  үшін Социалистік Еңбек Ері  атағы  ерілді. 

 

 

 

СҮЙЕУБАЕВ  ОТЫЗБЕК

 Ақсу ауданы «Сағакүрес» ауылшаруашылық артелінің аға шопаны. 1948 ж. 23 шілдеде қой шаруашылығын өркендетудегі жоғары көрсеткіштері үшін Социалистік  Еңбек Ері атағы берілді.

 

 

 

 

 

 

НҰРСЕЙІТОВ  НАУЖАН

 

 Ақсу ауданы «Сағабүйен» ауылшаруашылық артелінің аға шопаны. 1949ж. 9 шілдеде қой  шаруашылығын өркендетудегі жоғары көрсеткіштері  үшін Социалистік Еңбек   Ері  атағы  берілді.

 

 

ЖАНБАЕВ  ҚҰРМАНБАЙ

 

 Ақсу ауданы Молотов атындағы ауылшаруашылық артелінің аға  шопаны. 1949 ж. 9 шілдеде қой шарушылығын өркендетудегі  жоғары көрсеткіштері  үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 

 

 

 

БАЛТАБАЕВ  ТЫНЫБАЙ

 

Ақсу ауданы № 147 жылқы  зауытының аға шопаны. 1949 ж. маусымның 30-ында мал шаруашылығын өркендетудегі жоғары көрсеткіштері үшін Социалистік  Еңбек  Ері  атағы  берілді.

 

 

 

АДЛЕР  ОТТО РУДОЛЬФОВИЧ

 

Ақсу ауданы  Қызылағаш кеңшарының механизаторы.1967ж. 19 сәуірде  астық өндірісін ұлғайту және  дайындаудағы жоғары көрсеткіштері үшін Социалистік  Еңбек Ері атағы  берілді.