«Ілияс Жансүгіровке — 125». (16)
«Ілияс Жансүгіровке — 125». (16)
Мерейтой дайындығы жұмыстарының күнделігі -1
Мерейтой «қоржынына» қаржылар түсе бастады!
Сайтымның кешегі парағында, биыл қазақтың ақиық ақыны, жыр дүлділі Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125 жыл толатыны және осы мерейтойлық күнді атап өтуге байланысты оның туған жері - Ақсу ауданында дайындық жұмыстары басталғаны айтылған еді.
Сонымен бірге, сол мәселе жөнінде арнайы өткізілген Ақсу аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы нәтижесінде келісілген дайындықтың іс-шаралары жоспары, мейрам күндерінің жобалық бағдарламасы және соларды үйлестіруші жұмысшы тобының құрамы жарияланған болатын.
(Олар туралы толығымен мына сілтеме бойыша таныса аласыздар:http://bit.ly/2BS9Htn
Сол сияқты, отырыста мерейтойға дайындық және өткізу жұмыстарын қаржыландыру мәселесі де сөз болып, оған жоспарлы түрде облыстық бюджеттен ауданымыздың Жансүгіров және Ойтоған ауылдарының әлеуметтік мәселелерін шешуге 1 миллиард теңгеден артық қаражат бөлінетіні, ал той шараларын атқаруға 47 млн. теңге қарастыру белгіленгені көрсетілді.
Алайда, белгіленген шараларды толық көлемде, жоғары деңгейде атқару үшін есеп бойынша бюджеттен тыс көздерінен аудандық қорға 50-60 млн. теңге мөлшерінде қосымша қаражат жинақтау қажеттілігі туындайтыны және осы орайда, қаржылық демеушілік жасауға кәсіпорындарды, заңды тұлғаларды, жанашыр іскер, «қалталы» азаматтарды кеңінен тарту мақсатында насихаттық, ұйымдастырушылық жұмыстар атқарылатыны айтылды.
Сол сияқты, мәселені талқылау барысында, бұрнағы жылдарда өткізілген осындай үлкен мерейтойлық шараларға демеушілік жасауда ауданның өз кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары үнемі тыс қалып жататыны, сондықтан да оларды биылғы жылғы шараларға жаппай қолдау көрсетуге шақыру қажет деген пікірлер де орын алды.
Ол ұсыныстар отырысқа қатысып отырған кәсіпкерлік іс басында жүрген азаматтар тарапынан қолдау да тапты. Мәселен, Жансүгіров ауылының белді кәсіпкері, шаруа қожалығы жетекшісі, осы аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі Абдрахманов Қанат өзінің қорға 100 мың теңге аударып қойғанын және той күндеріне тағы да бір жылқы атайтынын жария етті. ...
Міне содан бергі мерзімде осы бастаманы қолдаушылар қатары көбейіп, «той қорына» алғашқы демеушілік қаржылар түсе бастады. Төменде соның алғашқы ақпараты беріліп отыр.
Осыған орай, осындай демеушілік тұрғыда жасалатын қаржылар аударылатын аудандық «Жансугуров» қорының реквизиттері көрсетіледі:
KZ 976 010 311 000 005 563
БИН/ИИН 011 240 008 333
БИК HSBKKZKX
КОД 18; КБЕ 119
Қорға түскен қаражаттар жайлы мәлімет жүйелі түрде (айына 1-2 рет) осы және аудан әкімі сайттарында жарияланып отырылады.
Аудандық штаб басшылығы
Ілияс Жансүгіров (1894—1938)
«І.Жансүгіровтың 125 жылдық» мерейтойын
өткізу қорына жиналған демеушілік каражаттар есебі
27 желтоқсан 2018 жыл
№ | Демеушілер | Елді мекені атауы | Өткізілген күні | Сомасы (теңге) |
1 | «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» ММ | Жансүгіров | 13.12.2018 | 85436 |
2 | Абдырахманов Канат Сакенович | Жансүгіров | 08.12.2018 | 100000 |
3 | Абдырахманов Канат Сакенович | Қарасу | 08.12.2018 | 1 ЖЫЛҚЫ |
4 | Ашимова Әсел Рашидқызы | Қапал | 14.12.2018 | 12700 |
5 | Әбдікерім Әбдуали | Қапал | 25.12.2018 | 10000 |
6 | Байғуанов Малик | Қапал | 10.12.2018 | 10000 |
7 | Ерекенова Нурбике | Қапал | 10.12.2018 | 20000 |
8 | Жунусов Қайрат | Арасан | 25.12.2018 | 50000 |
9 | Мусанов Берик Асылбекович | Жаңалық | 12.12.2018 | 150000 |
10 | Нұрмұхаметов Е. | Суықсай | 10.12.2018 | 20000 |
11 | Ниязов Зариф | Арасан | 25.12.2018 | 30000 |
12 | Орысбаева Қанипа | Қапал | 10.12.2018 | 5000 |
13 | Кундакбаев Талғат | Суықсай | 10.12.2018 | 20000 |
14 | Крыкбаева Гаухар Торехановна | Егінсу | 07.12.2018 | 15000 |
15 | Кузнецов Игорь | Суықсай | 10.12.2018 | 10000 |
16 | Квитко Александр Васильевич | Қызылағаш | 26.12.2018 | 100000 |
17 | Суықсай ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ-сі | Суықсай | 14.12.2018 | 5745 |
18 | Садуакасова Айнұр | Көшкентал | 10.12.2018 | 10000 |
19 | Тоғызбаев Айтқазы | Ашыбұлақ | 10.12.2018 | 40000 |
20 | Тынышбаев Берик Тынышбаевич | Жансүгіров | 07.12.2018 | 100000 |
21 | Тасбатыров Ақылбай | Қапал | 25.12.2018 | 30000 |
22 | Тойшыманова Бақшагүл | Қарашілік | 26.12.2018 | 30000 |
23 | Шарипов Болат Толегенович | Жансүгіров | 21.12.2018 | 100000 |
24 | Шалипова Кульсара | Егінсу | 07.12.2018 | 10000 |
Барлығы | 963881 | |||
1 ЖЫЛҚЫ |