«Ілияс Жансүгіровке — 125». (17)

 

Хабарландыру ретінде!

 

Сайтымның осы тақырыпты тарауының соңғы екі парағында биылғы жылы  І.Жансүгіровтың  туғанына 125 жыл толуын  атап өтуге байланысты дайындық жұмыстарының басталғаны айтылып, оның жоспарлық іс-шаралары   және алғашқы күнделіктік  хабарлама жарияланған болатын.

Сол белгіленген жоспарлық шаралардың бірі ретінде, менің осы “Алтын ұям–Ақсуым” сайтымның сол  дайындық жұмыстарының атқарылу  барысын және ақын тақырыбына арналған мақалалар-жазбалардың жүйелі түрде  жарияланып отыратын «алаңы» ретінде пайдаланылатыны көрсетілген еді. Негізінде, «Ілияс Жансүгіровке-125 жыл» деген арнайы бөлім сайтымда өткен жылдың ортасынан ашылған еді және бүгінге дейін шыққан оның 15 парағында 50-ге жуық ақынның өмір жолы мен шығармашылықтарына байланысты тың, бұрындары жарияланбаған  танымдық мақалалар, жазбалар берілген екен.

Олардың бәрімен мына сілтеме арқылы  сайттан толық таныса аласыздар: bit.ly/2GRJsJa

 

Енді, ары қарай,  осындай жауапкершілікке ие болғандықтан және  тақырыпқа байланысты  берілетін алдағы жазбалар ауқымын кеңейту, жүйелі жүргізу қажеттілігі туындағандықтан бөлімнің өзін төмендегідей жеке тарауларға (жобалық түрде)  бөліп жүргізгенді жөн көрдім.

:

I. Мерейтой дайындығы жұмыстарының күнделігі

 

Бұл тарауда мерейтойды өткізуге байланысты аудандық және одан да  жоғары деңгейде белгіленген жоспарлық шаралардың орындалу барысы хабарланып тұрады.

Сол сияқты, мерейтой тақырыбымен тек өз ауданымыздың аумағындағы ғана емес, еліміздің әр түкпіріндегі мектептер мен басқа да оқу орындарында,  ғылыми-ағартушылық ұжымдарда, елді мекендерде, аудандар мен қалалар, облыстар  деңгейінде өткізілудегі шараларды да (ұсыныстарға қарай) жариялап отыру белгіленіп отыр.

 

II. «Ілиясты тани білу — ұлт парызы»

 

 Тарау Ілияс ақынның  өмір жолы,  қоғамдағы тұлғалық орны  және аса бай шығармашылық мұралары жөніндегі  оны зерттеушілердің мұрағаттық, тың және сирек жарияланған  ғылыми еңбектері, танымдық мақалалары, шығарылған  бейнежазбалар, т.б. жарияланып отыруға арналады.  

Сонымен бірге, Ақынның өзінің нақты бір тақырыптарға байланыстырылған таңдамалы шығармалары да беріліп отырады.

 

III. «Ілияс тұлғасы – шығармашылықтар өзегі»

 

 Бұл тарауда, негізінен барлық өнер салаларындағы шығармашылықкер азаматтардыңІлияс тақырыбына арналған жаңа туындылары  ұсынылады.

 Сол сияқты, мерейтойға дайындық жоспарына сәйкес  ашық және жабық түрде өткізілетінбәйге-байқауларға  ұсынылған  шығармашылықтарды  алдын-ала жариялап отыратын орын болмақшы.

 

IV.  Ілиястың ізбасарлары

 

Тақырыбына сай бұл тарауда Ақын аталары рухына тағзым етер  өнерлі жас ұрпақтың,  мектеп оқушылары мен жастардың жүрекжарды туындылары  жарияланып отырады.

Сонымен бірге, көп жылдардан бері мектеп оқушыларының арасында республикалық деңгейде  өткізіліп келе жатқан «Ілияс оқулары»  байқауы жеңімпаздарының туындыларын  басынан бастап жариялап шығу көзделіп отыр.

 

 *       *       *

 Сонымен, еліміздің өнер сүйер қауымы, әсіресе, шығармашылықкер  азаматтар, жас дарындар! 

 

Сіздерден, Ақсуымыздың ақиық ақыны Ілияс Жансүгіровтың мерейтойына арналған сайтымыздың  тақырыптық тарауларын  жүргізу жөніндегі өз  ұсыныс-пікірлеріңізді және сайтта жариялау үшін қолдағы бар  немесе жаңадан жазар танымдық  жазбаларыңызды, зерттеулік–талдаулық ғылыми еңбектеріңізді, авторлық көркем туындыларыңызды тосатын боламыз.

Олар мерейтойлық күндер қарсаңында осы тақырыптар бойынша шығарылатын электронды кітаптар сериясына енгізілетін болады.

Ортақ істе белсенділік көрсетіңіздер!

 

*       *       *

P.S.  Құрметті оқырман, желідегі достар! Егер осыдан ары қарай, ақынымыздың мерейтойына байланысты жазбалармен жүйелі түрде танысып отырғыларыңыз келсе және де бұған дейін сайтымда «жоқ болсаңыз», онда парақтың астындағы «терезеше» арқылы оған тұрақты жазылуыңды сұраған болар едім?!

Сонымен бірге, осы жазбалармен желідегі  басқа да өз достарыңызбен де бөлісе отырыңыздар! 

Рахмет,  әріптес болайық!

 

 

 

 Слайдпен  танысыңыздар!

 

Опубликовано: 10 нояб. 2014 г.