«Ілияс Жансүгіровке -125». (23)
«Ілияс Жансүгіровке -125». (23)
Сайттың осы мерейтойлық тарауының бүгінгі парағында:
1. Ілияс ақынымыздың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында, оның шығармашылықтарын насихаттау мақсатында басталған «жыр-эстафетасына»-"челледжге" қосылушылардың бейне-аудиолық жазбаларының кезекті топтамасы назарларыңызға ұсынылады;
2. Сонымен бірге, мерейтой дайындығы «қоржынына» өз үлестерін қосушы азаматтар мен жиналудағы каражат есебі туралы, осы жұмыстарды үйлестіруші Ақсу аудандық штабының кезекті мәліметі беріліп отыр.
Танысыңыздар!
Және де Ілияс атамыздың шығармашылықтарын құрметтеуші азаматтарға, өнер сүйер қауымға, әсіресе жастар мен мектеп оқушыларына осы «эстафетаға» белсенділікпен қатысып, жазбалар жіберулеріңізді сұраймыз!
Алдыңғы парақтағы «жыр-эстафеталық» жазбаларды және өлеңдер мәтінін мына сілтемемен таныса аласыздар:http://bit.ly/2SIwvCn
«ІЛИЯСТЫ ТАНИ БІЛУ — ҰЛТ ПАРЫЗЫ»
* * *
Домбыра
Әбілманов Болат Мәзімбайұлының қолдауы.
кино және театр әртісі, Ақсу өңірінің тумасы
Тарт күйіңді домбра,
Төгіл — төгіл тәтті күй.
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін, жел соқтыр!
Тауда тұман тұрмасын,
Көкте бұлт ыдыра!
Тыңдамаған қалмасын,
Ойды-қырды қыдыра.
Тарт күйіңді, домбыра.
Құлшына тарт, домбыра!
Екі желі, үш қазық,
Тоғыз ноқта домбыра.
Ойнатайын он саусақ,
Құлындайын құлдыра.
Бозда-бозда бота күй,
Қашағанды қудыра,
Құлшына тарт, домбыра!
* * *
Белсенділерге
Жолдастар! Мен де өзіндей белсендімін,
Айтайын маған бір сөз берсең бүгін.
Қаңбақтай желді күнгі қалбаңдаумен,
Барады — ау, бастан асып мөлшерлі күн.
Кейде оңай, кейде қиын белсенділік,
Белсенділік — көпті ерту, ел сендіріп.
Боласың әрі кесем, әрі шешен,
Өтесіндер менше тұрып, менше жүріп.
Сөз сөйле, тіл біткенді бұзыңқырап,
Боза — ботқа докладты мыжыңқырап...
О күніңді жоям деп бақыра түс,
Күшеніп, «жасасынға» қызыңқырап.
Тезис жаз дүмбілездеу сырлаңқырап,
Кітап жаз одан — бұдан ұрлаңқырап.
Сирақтай шала үйтілген өлең жазып,
Оныңды енештей бер, бұлдаңқырап.
Молдадай әдеттенген мұқтасарға,
Марксті айт, білмесең де, оқтасаңда.
«Ленин көсем сүй деген» деп айта сал,
Лениннің не дегенін ұқпасаңда.
Мақалаң келмесе де бұ заманға,
Айдай бер, көкімылжың созалаңға.
Баспаса газеттерге азу басып,
Өкпелеп, өсек айтып, қызараңда.
«Айт» десе айқасып қал, білмесең де,
Құмарлан керіп, созып, сүйресерге.
Қасақана қаулыға қарсы болып,
Сал да отыр қыңыратқып бір кеселге.
Бұқараны бұқтырып мешеуірек,
Сылдыр сөзбен кісі бол «шешенірек».
Еңбекші көп етегін жинағанша,
Есірелік, қалғанша есеңгіреп.
* * *
«Фатимаға»
Орталық Мемлекеттік Архив ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архив» РММ қызметкерлері
* * *
Жетісу суреттері
Жер таппан жерде жетер Жетісуым:
Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым,
Асқардың аспан сүйген сілекейін,
Жан бар ма татпайтұғын, айтпайтұғын.
Бөленген бұлтқа мәңгі меңіреу құз,
Ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құмым.
Асқардан ақтарыла арқыраған,
Жөкеңнің кім аңсамас балдай суын.
Ескінің ертегі айтсам ертесінен:
Жетісу қан малшынған белшесінен,
Алайда, айналармын, айтам әлі,
Шыға алмай жүрмін әзір жер шетінен,
Қалмақты, Қоңтәжіні Жөңкесінен,
Үркітіп Абылай мен Шоңай шауып,
Жөңкенің асырыпты желкесінен.
Жетісу, кеудең асқар, аяғың көл,
Қоңың құм, мықыныңда бар сексеуіл.
Тау жайлап, қоңыр күзеп, құмды қыстап,
Ол бір маң мал өсірген өлкедегі ел...
Аршалы, Амантекше, Қарасырық,
Қараүңгір, Қалмақасу, Қаражырық.
Сауыры Салқынбел мен Сайынбөлек,
Суығы соғып тұрад аласұрып.
Қымызын сол жайлаудың ішкен кісі,
“Бәйгіге” қосады өзін таң асырып,
Шоқысын Бүркітінің Үшбүйенге,
Қойыпты сәукеледей жарастырып.
Күрделі қоныс қайда Күреңбелдей,
Құр жатпас Қора Мұзбен Жүгенделмей
Тегерез төңкерілген тегеш шажа,
Шамқой шал қабақ жаба түнергендей,
Талақтай талаураған Баян-Жүрек,
Тұнжырап түкіріп тұр “тірі өлгендей”
Мұрыны Мұзбалақтың көкте мүлгіп,
Ақтасты аспанға әдей тірегендей,
Қар кете қарлы алаңы қақа айыра,
Қаптағай қаптай көшед Бүйенді өрлей
Түйірлі бұршақ нөсер ұшықтайды.
“Ши ұшық”, “Қырқаяқ су” жібергендей
Көкжамбас; қол Көпірлі Таудың көркі,
Жатқан мұз Шатыртастың көкше бөркі.
Аққұмық, Демікпеден алған адам
Алдырар Айдарлыдан Алтай түлкі.
Қоңыртау қорқатыным бала жастан,
Жыланы түрі жаман – түкті, түрпі.
Түнімен тау күзеткен, таста айтақтап,
Дуана заржақ байғыз – шайқы-бүркі
Ыстықкөл жер айнасы мөлтілдейді,
Балқашты қамыс қамап желкілдейді.
Атанған алты өзені Жетісудің
Балқашқа бауырымдап еңкілдейді...
Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік
Сықылды ағаштардың талайы бар.
Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,
Жерінің Жетісудың бәрі сондай!
* * *
Күзгі гүлге
Сарғайдың тоғайда, гүл, күзгітұрым,
Жайылып жапырағың тұрған бұрын.
Ара бал, көбелек сөл жұтқан сенен,
Ол қайда маса, сона, шіркей — шыбын.
Саянда сан құбылып салқындаған,
Сүліктей сұлуың жоқ қырлы мұрын.
Тоғайдың маңайынан басталдырып,
Шайқаған самалың жоқ таппай тыным.
Қиғаш қас, қырғи мойын, құбылма шаш,
Қарасы қандыратын көздің қыбын.
Қалмапты ажар, шырай, сүреңіңіз,
Сүзек пе, сүзілме ме сенің мұның.
Зорлығы табиғаттың бұл әуресі,
Төрт бөліп, түрлендірген жылдың күнін.
Қар қатып, пәк денеңе мұз тұрса да,
Жазды күт, жабырқама, күзгі гүлім.
* * *
Ағынды менің Ақсуым
* * *
Анам тілі
Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойына жиналған каражат есебі
15 наурыз 2019 жыл
№ | Аты-жөні | Ауылдық елді мекеннің атауы | Күні | Кіріс |
1 | Абдырахманов Қанат Сәкенұлы | Жансүгіров | 08.12.2018 | 100000 |
2 | Абдырахманов Қанат Сәкенұлы | Қарасу | 08.12.2018 | 1 ЖЫЛҚЫ |
3 | Ашимова Әсел Рашидқызы | Қапал | 14.12.2018 | 12700 |
4 | Айнамқұлова Нұрдана | Есеболатов | 01.02.2019 | 10000 |
5 | Арғынбаева Самиха Сейсенбекқызы | Қарасу | 05.02.2019 | 20000 |
6 | Айнамқұлова Нұрдана | Есеболатов | 15.03.2019 | 34000 |
7 | «Айқын Одақ» ТОО | Қызылағаш | 11.03.2019 | 50000 |
8 | Ашинбай Батылбек | Кенжыра | 18.03.2019 | 10000 |
9 | Әбдікерім Әбдуали | Қапал | 25.12.2018 | 10000 |
10 | Әубәкір Қалибек | Энергетик | 06.03.2019 | 1000 |
11 | Базарханов Есім Сейілханұлы | Жансүгіров | 18.02.2019 | 50000 |
12 | Байғуанов Малик | Қапал | 10.12.2018 | 10000 |
13 | Байсова Паруза Мукановна | Талдықорған | 05.03.2019 | 30000 |
14 | Баяхметов Серікқали | Егінсу | 13.03.2019 | 50000 |
15 | Бармақов Сәбит Әбікенұлы | Қапал | 15.03.2019 | 1 ЖЫЛҚЫ |
16 | Дәулетбекова Күлшат Тұрсынбекқызы | Жансүгіров | 19.02.2019 | 5000 |
17 | Долда Дәулетхан | Қарашілік | 21.01.2019 | 10000 |
18 | Дәулетбекова Күляйхан Тұрсынбекқызы | Жансүгіров | 06.03.2019 | 20000 |
19 | Даутбеков Серикжан Кадыржанович | Молалы | 05.03.2019 | 20000 |
20 | Ерекенова Нурбике | Қапал | 10.12.2018 | 20000 |
21 | Еркетай Сейменбек | Қапал | 21.01.2019 | 20000 |
22 | Ердікбаева Гүлнар | Энергетик | 06.03.2019 | 1000 |
23 | Ешетаева Кульбайран | Молалы | 05.03.2019 | 20000 |
24 | Жунусов Қайрат | Арасан | 25.12.2018 | 50000 |
25 | Жиенбаев Куаныш | Есеболатова | 15.02.2019 | 10000 |
26 | Жақыпов Серікхан Амангелдіұлы | Жансүгіров | 21.02.2019 | 20000 |
27 | Жабайханов Жайлаухан | Кенжыра | 07.03.2019 | 5000 |
28 | Мусанов Берік Асылбекұлы | Жаңалық | 12.12.2018 | 150000 |
29 | Мырзеков Нұрлан Комарұлы | Жансугурова | 05.02.2019 | 20000 |
30 | Мусабаланов Ілияс Сабитұлы | Есеболатов | 04.02.2019 | 20000 |
31 | Мусабаланов Сәбит Ахметқожаұлы | Есеболатов | 04.02.2019 | 30000 |
32 | Мусабаланов Әділ Сабитұлы | Есеболатов | 11.02.2019 | 10000 |
33 | Мазбаев Талғат | Энергетик | 06.03.2019 | 1000 |
34 | Мухамжар Қасымхан | Есеболатов | 15.03.2019 | 10000 |
35 | Мусағұлов Рустем Толғанбекұлы | Матай | 12.03.2019 | 80000 |
36 | Нұрахметов Берік Тұрсынбайұлы | Есеболатов | 01.02.2019 | 10000 |
37 | Нұрмұхаметов Е. | Суықсай | 10.12.2018 | 20000 |
38 | Ниязов Зариф | Арасан | 25.12.2018 | 30000 |
39 | Нұрғайын Бақытбек | Қарашілік | 21.01.2019 | 10000 |
40 | Нұрданғазы Жарқын | Қызылағаш | 16.01.2019 | 20000 |
41 | Нарышев Серик Жидеханович | Жансүгіров | 06.03.2019 | 50000 |
42 | Нұқтарұлы Батырхан | Молалы | 13.03.2019 | 20000 |
43 | Орысбаева Қанипа | Қапал | 10.12.2018 | 5000 |
44 | Оспанова Әлия Рамазанқызы | Жансүгіров | 09.01.2019 | 20000 |
45 | Оспан Олжас | Энергетик | 06.03.2019 | 1000 |
46 | Кундакбаев Талғат | Суықсай | 10.12.2018 | 20000 |
47 | Крыкбаева Гаухар Төреханқызы | Егінсу | 07.12.2018 | 15000 |
48 | Кузнецов Игорь | Суықсай | 10.12.2018 | 10000 |
49 | Квитко Александр Васильевич | Қызылағаш | 26.12.2018 | 100000 |
50 | Кресбеков Сауытбек | Энергетик | 06.03.2019 | 2000 |
51 | Кабаев Арман Маратұлы | Жансүгіров | 06.03.2019 | 30000 |
52 | Көлбай Азатхан | Молалы | 14.03.2019 | 20000 |
53 | Қалиакбаров Еркін Сағиұлы | Жансүгіров | 06.03.2019 | 20000 |
54 | Қанабеков Мырзабек Қанабекұлы | Ойтоған | 04.01.2019 | 10000 |
55 | Касен Дүйсенбек | Қызылағаш | 17.01.2019 | 20000 |
56 | Қижәукен Оразбек | Қарашілік | 21.01.2019 | 5000 |
57 | Қапасұлы Құнапия | Қарашілік | 28.01.2019 | 10000 |
58 | Қоржынбаев Мәулеткерім | Есеболатов | 01.02.2019 | 10000 |
59 | Қанапиянов Дәулетқали Қабидоллаұлы | Талдықорған | 22.02.2019 | 50000 |
60 | Құрманғалиева Баян Дәулеткелдіқызы | Жансүгіров | 05.03.2019 | 20000 |
61 | Құндызбаева Назгүл | Энергетик | 06.03.2019 | 1000 |
62 | Қаратаева Әлия | Энергетик | 06.03.2019 | 1000 |
63 | Қасымбекова Ляззат Қалмұхамбетқызы | Жансүгіров | 12.03.2019 | 20000 |
64 | Лашихан Гульнур | Энергетик | 06.03.2019 | 1000 |
65 | Садуақасова Айнұр | Көшкентал | 10.12.2018 | 10000 |
66 | Сағындықова Жанар Болатқызы | ?????? | 10.01.2019 | 25000 |
67 | Скаков Каблакат Қызырұлы | Жаңалық | 11.01.2019 | 25000 |
68 | Смагулов Абдухамет | Есеболатова | 15.02.2019 | 5000 |
69 | Сабырбаева Сауле Майтанқызы | Жансүгіров | 24.01.2019 | 20000 |
70 | Сатыбалдин Бекбосын | Энергетик | 06.03.2019 | 5000 |
71 | Сарғұлов Жанат | Энергетик | 06.03.2019 | 500 |
72 | Салиева Бақтыбала | Энергетик | 06.03.2019 | 1000 |
73 | Сейсенбаева Айтжамал | Энергетик | 06.03.2019 | 1000 |
74 | Сулейменов Бейбіт Жанылысұлы | Жансүгіров | 06.03.2019 | 50000 |
75 | Сағидоллақызы Әлима | Ойтоған | 12.03.2019 | 20000 |
76 | Самал КХ | ?????? | 13.03.2019 | 100000 |
77 | Тоғызбаев Айтқазы | Ашыбұлақ | 10.12.2018 | 40000 |
78 | Тынышбаев Берік Тынышбайұлы | Жансүгіров | 07.12.2018 | 100000 |
79 | Тасбатыров Ақылбай | Қапал | 25.12.2018 | 30000 |
80 | Тойшыманова Бақшагүл | Қарашілік | 26.12.2018 | 30000 |
81 | Тайборинов Адилжан Абеубекұлы | Жаңалық | 11.01.2019 | 50000 |
82 | Тұрсынажы Дәулетқазы | Арасан | 15.01.2019 | 20000 |
83 | Тукенова Несіпхан | Есеболатова | 15.02.2019 | 5000 |
84 | Шарипов Болат Төлегенұлы | Жансүгіров | 21.12.2018 | 100000 |
85 | Шалипова Кульсара | Егінсу | 07.12.2018 | 10000 |
86 | Шахаманов Айтмуханбет Смагулович | Қарашілік | 18.01.2019 | 5000 |
Кіріс соммасы | 2113200 | |||
2 ЖЫЛҚЫ |
Ақсу аудандық штабы