Ілиястың ізбасарлары

 

      «Жаңбырдан кейінгі қызғалдақтай гүлдерін жарып, қаулап өсіп келе жатқан жаңа қауым жас ақындар легі көбеюде.  «Ат тұяғын  тай басар» дегендей жыр Құлагері  Ілиястың ізбасарлары баршылық екеніне көптен бері аудан, облыс, республика деңгейінде  өткізіліп келе жатқан «Ілияс оқулары» дәлел.  Ілияс атамыздың  ұрпақтары ел намысын  нық ұстап, « Ақсу  елі – жыр елі»  екенін тағы бір паш етіп, небір дүлдүл ақындардан құрылған қазылар алқасының алдында сүрінбей өтіп, бірнеше рет осы байқаудың  Бас жүлдесін жеңіп алды, басқа да жүлделі орындардан қөрініп келеді. Балауса жас ақындарымыздың қаламдары одан әрі ұшталып, қанаттары талмай ата дәстүрі-жыр дәстүрін келешекке жалғай берсін демекпіз».

 Құрметті оқырмандар!  Жоғарыдағы тілек-ниеттер осыдан 10-15 жылдай  бұрын  ауданның  мектептері  қабырғасында  оқып жүрген,  өздерінің  қаламалды  туындыларымен  шығармашылықта да,  өмірде де  болашағынан  үлкен  үміттер  туғызған балауса  жастарға  арналған  еді.  Ол  жасөспірімдер,  қазір ер жетіп  қоғамның  әр  саласында  үлкен  белсенділікпен абройлы  еңбек етіп  жүрген,  есімдері  елге  танымал болып жатқан  азаматтар.   Төменде  солардың  туған  жеріне,  еліне, Ілияс бабаларына   арнаған сол кездегі жүрекжарды өлеңдерінің бір  топтамасы  беріліп  отыр. 

 

«Ілияс оқулары»  байқаулары жүлдегерлері атанған

Ақсу ауданы оқушыларының өлеңдері

 

ІІІ Республикалық Ілияс оқулары. Ақсу ауданы

Айнұр Орманбаева
            Жетісу түлегімін

Кермарал кербезімін ұлы елімнің,

Жер жаннаты Жетісу, түле бүгін.

Ілияс, Сараларды берген Ақсу,

Мен де сол ағынды Ақсу түлегімін.

Тәуелсіздік сүйенетін тірегіміз,

Тәуелсіздік деп соққан жүрегіміз.

Ту ұстарың болсам деп арман етем,

Орындала берсінші тілегіміз.

 

Біржан Қасымханұлы

І-ші  облыстық  «Ілияс оқуларының»

Бас жүлдегері, 2003 жыл.

              Ілияс  атама

Ассалаумағалейкум қалың жұртым,

Қадірлі көрермендер, сүйген ұлтын.

Хош келіпсіз,  баршаңыз, үлкен-кіші,

«Ілияс оқуы» деп келіп тұрсың.

Алдына мақсат еткен жыр мұратын,

Мақтана айтып жүрміз жыр қып атын.

Ақсуым топырағыңнан айналайын,

Туғызған Ілиястай дүлдүл ақын.

Сіздерсіз жыр кірпішін қалап жүрген,

Өлеңдерің өлкеңде тарап жүрген.

Сіздер үшін мол мұра қалдырыпты,

Ілиясты ардақтаймыз алау жырмен.

Атамыздың ардақтап ақындығын,

Ақсуыма етене жақындығын.

Жырға қосып жырлаймыз биіктетіп,

Алатаудай дәріптеп атын бүгін.

Ілиястай дүлділді жалындатып,

Тарих бетін бұрыннан қалыңдатып.

Дарыныңды әрқашан ардақтаймыз,

Жыр тасқынын өзіңдей арындатып.

Сталиндік қуғындарда, ерегесте

Бабамыз тартқан азап түседі еске.

Азаттықты аңсаған арыстардың

Тәуелсіз ұрпақтары біз емес пе?.

 

 Қалдыбек Төлеуұлы

ІІ-ші  облыстық «Ілияс оқуларының»

жүлдегері, 2004 жыл.

             Жүрек шуағы                                           

Ойланамын, көз тастаймын да өткенге,

Өмір деген сынақ екен білгенге.

Сезгендеймін таңдақ беттің тынысын

Кітап атты ақ кемеге мінгенде.

Өр кеудеде тұтанады хан – намыс,

Құл мен күңнен туамекен Ер-Барыс,

Халқы үшін құрсақ жарған Ілияс

Текті елдің ұрпағы ғой Бек-Арыс. 

Түйсінгенде нәрі барын қанында,

Асау жалын жарқ етеді жанын да.

Мақтанамын, өрленемін шүкір деп,

Үлгі тұтар өр бабамның барына.

Дем береді жүрген жолы бағыты,

Қазағым деп қаламын жыр ағытты.

Мойындаған замандасы серігі

Пір тұтады бар жамиғат ұрпағы.

Ақсуымның зор ақыны Ілияс

Мұрасына жыл өтсе де шаң қонбас,

Бүгінгі той белгісі сол шындықтың,

Мәңгілікке тарих құлагерді ұмытпас.

 

Рүстем Қанапиянов

ІІІ-ші  облыстық  «Ілияс оқуларының»

Бас жүлдегері,  2005 жыл. 

         Ақсудың  ақиық  ақыны

Жетісудің жүрегі, Ақсуымның түлегі,

Биік ұшқан аспанға, қанатымның тірегі.

Жас ақындар үлгі тұтқан бүгінде

Сан ұрпақтың шырқалар, әнісің сен үнемі.

Қараңғы қазақ көгінде, шамшырақтай жағылған,

Өлең-жырың төрімде, бұлақ болып ағылған.

Білім шыңдап асыл сөздер іздесең,

Өнер-білім барлығы бір бойынан табылған.

Сіздей перзент туа алғанын елің тағы сезінсін,

Сезінсін де мейірленсін, ет-бауыры езілсін.

Сіздей атам туа бермес мәңгіге

Өлең-жырмен ақ-қараны дәлелдеген өзіңсің.

 Жүз он жылды атап өтіп, жер жаңғырта тойладық,

Ән салдырып еліме, Ақсу бойын бойладық.

Найзағайдай жарқ-жұрқ етіп тұрып-ақ,

Елуге де жете алмай, кеткеніңді ойладық.

Жүреді ақын жақсылықтан дәм етіп,

Дүниені көктем етіп гүл етіп,

Жүз он бірге сейіл құрып келді деп,

Даламызда тойың жатыр тағы өтіп.

Жырдың тойы өте берер тағы алда,

Сіз барасыз бізден озған заманға.

Сіз жүзге де, сіз мыңға да келесіз,

Жер аманда, туған елің аманда.

 

Мерей Шахаров

ІІІ-ші  облыстық «Ілияс оқуларында»

аудан  әкімі  жүлдесінің иегері, 2004 жыл

             Түсімде көрем

Тербетіп жыр бесігі туған жердің,

Әлдиін, пәк жүрекпен тыңдай бердім.

Тәтті ұйқыда жатсам да о, құдірет,

Ілияс ата түсімде сені көрдім

Көрдім мен Құлагердей сайгүлікті,

Домбыра ұстап, ән айтқан сал жігітті.

Ақбоз үйлер манаурап тізбектелген,

Ойнақ салған жанында көп киікті.

Қобыз үні естілді құлағыма,

Өмірдің ұқсап жанған шырағына.

Ойнақ салған киіктер мүлги қалды,

Қобыз үні оларға да ұнады ма?

Ақ сақалды абзал бабам абызым,

Тартып отыр күңірентіп қасиетті қобызын.

Ақсу өзен жылжи ағып ол жатыр,

Аруғына күнде еткендей мың тағзым.

Оқып ата қасиетті жырларын,

Жүріп өттім асау толқын қырларын.

Білмеппін мен балғын мына жүректе,

Саған деген ыстық сезім жыр барын.

  

Ахмолдаев Данияр Тұрғанбекұлы

ІV облыстық «Ілияс оқуларының»  Бас жүлдегері,2006 жыл,

«Тазша бала» атты облыстық байқаудың  Бас жүлдегері,

 Республикалық  байқауының 3-дәрежелі дипломының иегері           

   Жыр төгемін жүрегімнен

Ақын ата! Сен өмірден өткелі,

Ақсу далаң неше гүлдеп көктеді.

Неше көктем таң бұлбұлын сайратты,

Қанша ақын саған жырын төккелі.

Оқшау тұрған биіксің сен тау сынды,

Ел аңсаған арманыңды даусыңды.

Сталиндік қуғындарда қырғында,

«Құлагер» жыр! дей алмаймын таусылды.

Сен мұхитта алыс жүзер кемесің,

Арманыңды алға тартып келесің.

Жалғыз тамшы жырың болсам жарады,

Саған қарыз алдымда көп бересім.

Жырыңда бар найзағайдың жарқылы,

Кеуде керіп тосып алам салқынын.

Дәл өзіңдей ақын болсам деуменен,

Ұмытамын тәтті ұйқыны әр түні!

Сен «Ақсу» боп мәңгілікке жанасың,

Жалап жазып жүрегіңнің жарасын.

Қанша дұшпан қылса дағы – қастандық,

Қазағымның ақыны боп қаласың!

Уа, халқым, таусылмасын дастаның,

Әрқашанда биік болсын аспаның!

Қуғын-сүргін көрмесінші ешқашан, 

Болашақта Ілиястай жастарың!

 

Назерке Тоқтарова

V-ші облыстық «Ілияс оқуларының» 3-ші,

аудандық  оқуларының 1-ші жүлделерінің иегері, 2006 жыл.

       Арынды  менің  Ақсуым 

Арындаған, арқыраған, Ақсуым!

Шыңылдатып Алатаудың ақ шыңын.

Күмбірлетіп домбырада «Күйшінің»

Ілиястың өзіндей боп тапшы үнін!

 Аруақты ата, жырыңменен қымбатсың,

«Жетісудың суреттері» сенсіз қалай тіл қатсын.

Қобызшы шал жырлап өткен кешегі,

Молықбайдың көзде жасын құрғатсын.

Туған жерді, Ақсуыңды жырладың,

Бір-ақ, бір-ақ көре алмастар тынбады.

Ізіңді аңдып, қаскүнемдер соңыңнан

«Отыз жеті» болып кеттің құрбаны.

Ата сөзбен ақындығыңды айталман,

Жорғадайын жолға түсіп шайқалған.

Өлең жазсам, болсам деймін өзіңдей,

Құлагердей бәйге бермес майталман.

Жыр іздеймін Алатаудан, шыңдардан

«Кіндікқоңыр» туған жерден мұң қалған.

Өзіңіздей ақын болсам деп келем

Бір сүрінбей қиындықтан, сындардан.

 

Мұрат Ахметов

Аудандық «Абай оқуларының»  Бас жүлдегері,

облыстық «Ілияс оқуларының» 3-ші жүлдегері,  2006 жыл.                                        

          Ілиясқа  арнау

Тумысынан ізгілікпен үндескен,

Жүрегінде ізгі сезім тілдескен.

Өтер өмір зымырап бас бермейтін,

Ақын да өтті қуаныш пен мұң кешкен.

Арқыраған Ақсудың арнасында,

Жырыңмен жыр барады алға асыға,

Адамның ертеңі боп ұрпақ қалса,

Ақын жыры мәңгілікке жалғасуда.

Жыр қанаты көкке өрлеп шарықтаған,

Сен данасың қазаққа алып бабам,

Сен сыйлаған еліңе өр өмірді,

Болашаққа мен жалғап алып барам.

 Ұлтына сай Құлагерді баптай алған,

Туған жердің сенімін ақтай алған.

Өлі риза – тірі бай, ұлы баба!

Бүгінгі өмір сендегі аппақ арман.

Қазақта Абай дана, білгір ақын,

Жүз жылда бір, мың жылда бір туатын.

Қазақтың маңдайына жыр боп біткен,

Ілияс мәңгі! Ақиық дүлдүл ақын.

 

Болатхан Назымгүл

1-ші республикалық « Ілияс  оқуларының» 1-ші жүлдегері, 2007 жыл.

Халықаралық      «Бозторғай» және республикалық  «Әнші балапан"

байқауларының лауреаты

               Кемеңгер ақын

Қазақта бір туар ұл-Ілияс ақын,

Сөнбейді мәңгі-бақи сенің даңқың

Өшпестей ұрпағыңа із қалдырған-

Күн сайын арта берер сенің нарқың!

Абайша сөзден өрнек кестелеген,

Жүрегің жыр жаудырып,төккен өлең,

Шыңына шын өнердің шыққан ақын,

Әз-бейнең әлі күнге есте дер ем.

Шабысын Құлагердің жырға қосқан,

Өмірін, өзінің де қылған дастан,

Тағдырын тылсым жырмен тұспалдаған-

Сезгендей Батырашты жолда тосқан!

Құрбаны болсаңдағы қас дұшпанның,

Хақ жолын әділеттің нақ ұстандың,

Есіңде ел-жұртыңның мәңгі жасар-

Жырыңа жалындаған шын құштармын.