АБЫРОЙЫ АСҚАҚ АЗАМАТ

 (Мұсеке ӘМІРОВ туралы)

 

Cайтымның бұл жолғы парағында, оның «Іскер азамат елін танытады» атты бөлімі мен «Ақсу ауданына 90 жыл» атты рубрикасы мазмұндарына сай келетін, есімі Алматы облысы жұртшылығына жақсы танымал, ірі кәсіпкер, меценат, Ақсу ауданының құрметті азаматы  және осы наурыз айында 70 жасқа толып отырған МҰСЕКЕ  ӘМІРОВ туралы танымдық жазбалар беріліп отыр.

 

 

Арасына 10 жыл салынып жазылған үш мақала мен сұхбат-әңгіме бірін-бірі толықтырыпМҰСЕКЕҢНІҢ еңбек жолы мен  азаматтық тұлғасын айқындап береді. Танысыңдар!

 

ӨМІРБАЯН

 

Мұсеке Кенжебайұлы ӘМІРОВ  - ірі кәсіпкер, меценат, спортшы.

1950 жылдың 17 наурызында Ақсу ауданы Сағабүйен ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Талдықорған қаласындағы зоотехникалық-мал дәрігерлік техникумын «зоотехник» мамандығы (1975)  және Қазақ политехникалық институтын «инженер-гидролог» мамандығы (1988) бойынша бітірген.

1974 жылы шанырак көтеріп, Талдыкорган аккумулятор зауытында спорт әдіскері болып еңбек жолын бастайды. Содан кейін  облыстық спорт комитетінде аға жаттықтырушы болады (1974-76), 

90-шы жылдардың  басынан кәсіпкерлік жолына бет бұрады. 1990 жылы «Маржан» ауылшаруашылык, 1992 жылы «Еңбек» кооперативтерін құрды. «Еңбек» кооперативі 1996 жылы «Әміров» ЖШС болып қайта кұрылып, Талдықорған облысы аумағында құрылыс кешендерін салумен айналысады. Кірпіш және асфальт дайындау зауыттары салынып, жолдарға асфальт төсеу жұмыстары атқарылып келеді.

Сонымен бірге, шаруа қожалықтарын құрып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен де айналысты. Талдықорған қаласында бұқтырылған ет комбинатын,  консерві  және  тағы басқа қайта өңдеу цехтарын, диірмен, наубайхана салып, көптеген адамдарды жұмыс орнымен қаматамасыз етуде.

Осы ұзақ жылдар бойғы жұмысында М.Әміров  аудандар, қала және облыстың қоғамдық-саяси өміріне де белсене араласып, кең көлемді демеушілік, қайырымдылық жасау  жүмыстарын үзіліссіз атқарып келеді.

«Құрмет» орденінің (2012) және «Ерен еңбегі үшін», «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл», «М.Тынышпаевтың туғанына 130 жыл» медальдарының  иегері. Облыс, аудан Әкімдері мен т.б.   көптеген ұйым-мекемелердің Алғыс хаттарымен марапатталған.

«Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген (2012).   

 

 

Мен білетін Мұсеке!

(Әңгіме басы ретінде)

 

Сайтымның бүгінгі парағының кейіпкері Мұсеке ӘМІРОВТІ, шындығында, бүгіндері Талдықорған қаласының халқы, көптеген аудандардың жұртшылығы жақсы біледі. Олар оны тек кәсіпкерлік саласындағы жетістіктері жағынан ғана емес, әсіресе, мұқтаж жандар мен қарапайым отбасыларына қайырымдылық көмегін аямайтын; облыс аумағында өткізіліп жататын қоғамдық, тарихи мазмұнды және мәдени-спорттық шараларды атқарылуы мен ескерткіштік  нысандардың бой көтеруінде әрдайым басы-қасынан  табылып,  қомақты қаржылық демеушілік көрсетіп отыратын азамат ретінде танып құрметтейді. Олар туралы төмендегі мақалаларда мүмкіндігінше  айтылады.

Соларға қосар ретінде, өз тарапымнан, біраз жайттарды айтқанды жөн көрдім. Мен, Мұсекеңмен өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасында танысып-білісіп, содан бергі ұзақ жылдар бойына оның ел мүддесі мақсатында  атқарудағы игілікті де ізгілікті істеріне куә болып келемін.

Мысалдар ретінде: 

— Сол  90-шы  жылдар,  қатаң нарық қатынастарына өтуге байланысты жалпы елімізде дағдарыстар орныққан уақыт екені белгілі. Ал сол кезеңде облыс орталығы мен өнеркәсіптік аумақтардан алыс, сырт қалған біздің аудан   экономикасының да  құлдырауының төменгі шегіне жеткен еді.  Басқа жайларды айтпағанда, ауданның жалғыз өндірістік кәсіпорны – Ақсу қант зауытының жұмысы  тоқтап қалуы, тұрғындарды тіпті күйзелтіп жіберген еді. Оны қайта іске қосу үлкен әлеуметтік, тіпті, саяси мәселеге  айналып,  мол қаржы мен адамдардың үлкен күш-қажырлығы қажет етілді. Аудан тұрмақ, облыстың бюджеттік қоржынынан  бөлінген қаржы ауқымы, зауыттың ағымдағы ішкі жөндеу жұмыстарына әрең жетіп жатты. Ал көктемгі егіс жұмыстарын толыққанды көлемде жүргізу шығындары, яғни, егіс дақылдарын себуге қажетті тұқымдарды, жанаржағармайды, т.б. дүниелерді табу ауданның, оның басшыларының мойнында қалды.

Сол кездегі аудан әкімінің 1-ші орынбасары, аудандық штабты басқарған маған осы қиын да қарбалас жұмыстарды, ұйымдастыру міндеттерін атқаруға тура келді. Ал ол үшін сол кездегі «кәсіпкерлер»  аталып, аяқтарына жаңа тұрып жатқан «қалталы делінетін» азаматтардан көмек сұрамау мүмкін емес еді. Алайда,  олардың ішінен нақты көмекке қол созғысы келетін не соза алатын  азаматтар  бірен-саран ғана болды. Соның бірі де, бірегейі де Мұсекең бола білді. Оны арнайы іздеп, Алматыдан тауып, «ел бұйымтайын» жеткізгенде,  өзіне қаншама қиын болғанына қарамастан, үлкен түсіністік таныта білді. Сол жылғы аудан бойынша көктемгі егісті өткізуге мүмкіндік берген жанар — жағармай майды ауданға дейін жеткізіп берді. Атқарылған қажырлы істер мен осындай қолдаулар нәтижесінде, 1998 жылғы өңдеу науқанына зауыт қайта іске қосылып, тағы да 5-6 жыл жұмыс жасады Және, айтуымыз керек, сол Мұсекеңнен «қарызға» деп алынған дүние,  түбінде оған қайтарылмай қалды. ...

 

— Екіншіден, Мұсекеңнің  нағыз «елсүйгіштік» адами қасиетін айқындықпен   айта алатыным, оның өз туған ауданында әр кездерде республикалық, облыстық деңгейде өткізіліп жататын кешенді көпшілік шаралардың басы-қасынан табылып, тағы да қомақты қаржылық үлестерін қосып жататыны. Мен қызметтік лауазымыма қарай, соңғы 10-15 жылғы аудан бойынша өткізілген сондай шаралардың (ауданның құрылғаны мен І.Жансүгіровтың мерейтойлығы, ескерткіштер мен нысандар тұрғызу, т.б.) ұйымдастырушылардың бірі болдым. Оларды дайындау мен өткізу  аудан азаматтары мен тағы да сол іскер жерлес- азаматтардың қаржылық көмегі арқылы ғана мүмкін бола алды. Мұсекең бұл істерде де басқаларға үлгі болып,  алдыңғы «шептен» көрініп отырды. ...

Осы мақалаға Мұсекеңнің сондай игілікті істерінің тізбегін жасап, енгізгім келіп еді, алайда, кейіпкеріміздің  одан «мәдениетті түрде» бой тартуынан, мүмкін болмай қалды. Тек сол тізбекке солардың кейінгілері ретінде, оның біраз жылдар бұрын өзі туған, Сағабүйен ауылында тұрғызған мешіт ғимараты; өткен жылы, ауданымыздағы тарихи оқу орны — «Мамания» мектебінің 150 жылдығына орай, бюджеттік қаржысыз атқарылған күрделі жөндеуіне және  бүгінгі таңда ауданда тұрғызылып жатқан Бөрібай батырдың кешенді ескерткішіне қосқан  жеке  қаржысы  мен одан да тыс нақты көмектерін қоса аламын.

 

 

Әрине, оның осындай ізгілікті істері атаусыз қалмау керек еді. Соған орай, 2012 жылы ұсынысыммен және ұйымдастыруыммен оған аудандық мәслихаттық шешімімен «ауданның Құрметті Азаматы» атағы беріліп, соның белгілерін тапсыру құрметі маған бұйырған еді.

 Оған қоса, осы жылы ұзақ жылдардағы абройлы еңбегі үкімет тарапынан да бағаланып,  М.Әміров «Құрмет» орденімен марапатталды. (Сәйкестікке қарай, сол кезде мен де  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, оларды облыс басшысының қолынан бірге алған едік)

 

 

*****.

 Сөзім  соңында, Мұсекеңді келіп жатқан 70-жылдық мерейжастық қуанышымен шын жүректен құттықтаймын! Оған мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, кәсіпкерлік ісінде әлі де талай жетістіктер болуын тілеймін және отбасында, әулетінде  тек жақсылықтар мен қуаныштар болсын демекпін!

 

 

Осыдан 10 жыл бұрын...

 

Мыңды ойлаған Мұсеке

Үсен ӨМІРЗАҚОВ

«Президент және Халык» газеті, 2011 жыл

 

 «Мен не icmeдім дегенше, мың  icmeді дeceйші, ер  істеді дегенше, ел icmeдi десейші» деген қағидатты ұстанатын азаматтар аз емес. Сондай мақтау десе құлқы сүймейтін, сіңірген еңбегін міндетсінбейтін, тәуелсіз еліміздің тайқазанын қайнатысып жүрген ірі кәсіпкердің бipi Әміров Мұсеке Кенжебайулы.

Қазіргі  таңда кәсіпкер, биз­несмен дегенде көз алдымызға байлыққа белшесінен батып, кос-кос үй салып, қосақ-қосақ көлік мініп, әкіммен астас, патшамен жақтас болып журген «көкелеріміз» елестейтіні бар. Ал менің кeйіпкepім Мұсеке — нағыз еңбекқор, қарапайым жан. Ол өзінің кәсікерлік өндірісін ұзақ жылдар бойында қажырлы еңбегімен қалыптастырған. Күнді-күнге, түнді-түнге ұрып жұмыс істеген. Ә, дегенде-ақ маған «жазсаңыз, тек шындықты ғана айтьңыз. Жалпы мақтанғанды, мансап — даңкты ұната бермеймін. Жарай ма?...» деп Александр Бекке «Волокаламск тас жолын» жазарда талап койған Бауыржан Момышұлы тәрізді қойған шарты да қызық көpiнді.

 Бipiншi күні бірсыпыра мәліметтерді  қыска айтып шықты да:

 -Көремін десеңіз ертең шаруашылықпен өндіріс орындарына барып қайтыңыз, — деп ұсыныс жасады. Yшінші күні қақаған қыстың күніне қарамай Ақсу ауданындағы қыстауларға барып, ферма жұмысымен танысып қайттым. Істелген жұмысты ауызбен айту оңай да, қиындығын көзбен көру бір басқа. Мінезі жайдарлы, түсі жылы көрінгенмен, жан дуниесін оңайлықпен ақтарып, сыр сандығын кім көрінгенге жая бермейгіні белгілі болды. Содан кейін ғой деймін, Мұсағаның сыралғы досы әрі кеңесшісі Мұхамедкәрім  Рахимовпен кездесіп бipaз әңгіменің  басын ашып алдым.

   — Мұсеке Кенжебайұлы биылғы наурыз айының 17 жұлдызында 60 жасқа толады, — деп бастады әңгімесін Мұкаң байыппен. — Ол өзі жаратылысында кеуде керіп кісімшіп  сөйлегенді ұнатпайды. Бәлкім жасынан спортпен айналысып, тән тазалығы мен жан тазалығын бері ұстағанынан болар. Мұсеке үлкен спорт шебері әpi жатттықтырушысы да ғой. Казақстанның еңбек сіңірген циркшілері Абай Смағулов,  Серік Әбішевтермен достасып, 6iprе жаттығып, «Қазақ циркінде» қатар жүрген. Өкінішке орай, бір қолының бұралып теріс  біткен жарақатының  салдарынан циркте ары қарай еңбек ете алмаған. Алайда, намысқой жігіт соңынан политехникалык институтта білім алып, инженер-гидролог мамандығын иеленеді. Алматы облысының Панфи­лов, Алакөл аудандарындағы құрылыс нысандарында құрылыс прорабы, инженер болып біраз  уақыт жұмыс істегенімен Мұсекең негізінде 10-11 жыл үзбей Талдықорғандағы аккумуля­тор зауытында аға спорт әдіскері қызметін атқарды. Спорттың сан алуан турлері күрес, шаңғы, мылтық ату, волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы түр лері бойынша зауыт жұмысшыларынан құралған спорт топтарына жетекшілік  жасады. Республикалық спорт жарыстарына қатысып, жүлделі орындарға кол жеткізіп, зауыттың атын шығарып, даңқын аспандатты.

Өзінің әдіскерлік, іскерлік қабілетімен, қарапайым қасиеттерімен танылған Мұсекені зауыт әкімшілігі әpi мақтаныш, әpi құрмет тұтатын. Соның үшін де оған зауыттың қосалқы шаруашылығына басшылық жасау жүктелді. Жұмысшыларды ет-сүтпен, көкөніс, жеміс-жидек, азық-түлікпен қамтамасыз етуде Мұсеке тағы бip қырынан көрінді. Еңбекшіл, өз iciне бар ынтасымен кipiceтін, қажырлы да қайратты бұл спортшы жігіт көnшіліктің көңілінен шығып жүрді.

 

Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында «балапан басына, тұрымтай тұсына» тарап, ел экономикасы ыдырап, халықтың күнкөріс дәрежесі төмендей бастағанда Мұсеке еңбектің жаңа әдісі - кооперативтік еңбектің тізгінін қолға алды. ЖШС «Әміpoв» кооперативін ашып, құрылыс затттарын өндірумен айналысты. Дәлірек айтқанда, кірпіш зауытының ipre тасын қалап жылына 3 миллион дана кipпiш  құйдырып, құрылыс нысандарының  бой көтеруіне белсене атсалысты. 2-3 жылда қыруар табыс тауып, материалдық базасы нығайған соң кооперативтік саладан шаруа қожалығы жүйесіне өтіп, мал шаруашылығын түзеуге  бет бұрды.

Мұсекең негізгі атқарылатын шаруашылық  жұмыстарын  «Маржан» кооператив кәсіпорнынан бастап, кейіннен «Көктөбе», «Нұрлан», «Шахида» шаруа қожалықтарына бөліп, әрқайсысының өзіндік міндеттері мен жауапкершілігін белгіледі. Әр шаруа қожалығының қарамағында 1800 гектердан жepi бар. Соның 60 гектар  суармалы, 300 гектары өңделіп, қамтамасыз етілген алқапқа бөлінген. Бұл алқаптарда  бидай, майлы дақылды өнімдер өсіріледі. Төрт түлік малдың жағдайына орай, жайлауы мен жайылымы да жақсы 1500 гектар шабындық жерде малдың қыстық жем-шөп қоры әзірленеді.  Аталмыш шаруа қожалығының қанат жайып өркендеуі үщін, жалпы, барлығы болып 12 мың гектар жер ажыратылған. Мал санына келсек, бүгінгі таңға шаруашылықта 750 бас ipi қара, 250-300 бас жылқы, 2 мыңнан астам қой бағылады. Іpi қараның ішінде ыл тұқымды 180 бас «Әулиекөл» сиыры және 1000 бас бағалы «Еділбай» қойлары бар. Осы асыл тұқымды, бағалы мал басын бipтe-бipтe көбейтіп, санын арттыру бүriнri күннің негізгі мәселесі болып отыр.

 - Әңгімеміз құрғак сөзбен баяндалғаннан гөpi көзбен көріп көңілмен тоқығаныңыз дұрыс шығар. Қарсы болмаңыз шаруашылықты айналып шығалык,— деп Мұхаммедкәрім аға мені қызықтыра түсті. Сол мақсатпен жоғарыда айтылғандай, Ақсу ауданын бетке алып көлікпен тартып кеттік.

 - Мынау ақ бетонмен қоршалған аймақ пен сонын ішінде бой көтерген ғимараттар кipпіш зауыты. Талапкерлердің тапсырысына орай, жылына 1 миллион кірпіш және шағыл өндіріді, — деп Мұқаң осы саладағы жұмыстар жайына тоқталды, — Осы зауыттың арқасында 1993—1995 жылдары 7 гектар жерде ipi кұрылыс жумыстарын жүргіздік. Мына өзіңіз көріп тұрған шаруа нысандары: ет комбинаты, диірмен, макарон, бұршак, шұжық, ет консервілері өнімдерін дайындайтын цехтар, наубайхана, жылу жүйелері, қазандық, тоңазытқыш бөлмелepi, астық қоймалары, мал сарайлары мен малшылардың тұрғын үйлері- бәрі де өз жұмысшыларымыздың күшімен небәр1 2-3 жылдың ішінде тұрғызылган ғимараттар. 150 метр тереңдіктен тартылған артезиан су құбыры, аз шаруа емес. Айтатыны жок, үкімет тарапынан мұндай құрылыстарға пәленбай қаржы бөлініп, бірнеше жылдар бойы жұмыс жасалынады.

   Қыстаудағы сарайларда бағылып жатқан сиыр мен жылқыларды аралап көpiп, мал соятын ет комбинаты және шұжық пен ет өнімдеріін консервілейтін цехтардың жұмыс icтey жуйесімен таныстық. Алып диірменде қап-қап ұн тартылып, макарон, арпа жармасы өнімдеpін шығаратын цехтардағы жұмыс карқыны да қызу. Нау­байханаға кipin, жаңа піскен ыстық наннан ауыз тидік.

   Eт комбинаты бөлімінің меңrepyшici Нұртан Шыныбаев, шұжық және ет өнімдерін консервілейтін цехтын бастыгы, технолог Хенкин Игорь Александрович, технолог-инженер Әшім Айдарханов, шаруашылық директоры Жаңбырбай Әліпов, қойма мeңrepymici Жанат Шыныбаева, бас ecenmi Сәуле Халыкова, жастарға акыл кеңес 6epin, ұйымдастыру жұмыстарына бас болып жүрген ардагер Нұрсовет Жаманбалин сияқты еңбек майталмандары өзісінің озык, тәжірибелі мамандары екені көpінiп-ақ тұр. Әpбip ic қимылы, айтқан әңгімесі кicіні өзіне баурап алады. Әбден ысылған, еңбекке пысық жандар.

   Әңгіме ары қарай Мұсекеңнің  офисінде жалғасты:

 - Алматы облысында төрт түлік малды соятын ет комби­наты мен ет қнімдері шұжықтау, консервілу цехтары жүйсінде менің басшылығымдағы «Талдықорған ет» біріккен кәсіпорны көпшілікке кеңінен танымал. Tіпті шетелден келген мамандардың өзі тазалығы мен жұмыс iстey технологиясына жоғары баға бepin, дән риза болды, — деп Мұсаға телехабарларда көрсетілген бейне таспаларды тамашалауға шақырды.

    Өзіміз де көзімізбен көрдік қой. Тамашаладык. Расында да айтуға арзитындай қыруар жұмыстар атқарылған. Үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр, қора-қора қой өcipin еліміздің мал шаруашылығын өркендетуге сүбелі үлес қосып, ел экономикасын көтеріп халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал жасап жүрген Мұсекеге көңіліміз әбден толды.

     — 20-30 адамнан кұралған жекеменшік кәсіпорындардың басшылары баспасөз беттері  мен телехабарлардан берген интервьюлерінде кейде кеуде кағып «пәленбай адамды жұмыспен қамтамасыз етіп жүрміз» деп көпіреді. Ал мынау менің досым Мұсекенің шаруа қожалығында 100-ге жуық жанұя еңбек етеді, олардың азык-түліктері: ет-сү, ұн өнімдері көкөніс, жеміс- жидегіне дейін қамтамасыз етілген. Орташа есеппен 80-100 мың теңге жалақы да төленеді. Малшылардың баспана, тұрғын үйлерінде барлық тұрмыстық колайлықтар жасалынған, — деп,  Мұхамедкәрім ағамыз тағы бip сырдың үшығын шығарды.

 

 

   - Қайырымдылық, жомарттыққа келгенде Мұсеке алдына жан салмайды. Бұл менің досым болғтаны үшін мактағаным емес, Heгізі жаратылысында ақпейіл, рахымды, мейірімді жан. Көмек сұрап келген кісінің көңілін калдырган емес, тіпті танымайтын әлдебіреулерге тай жетектетіп жіберетін «әпенділігі де» бар. Мұсекенің қайырымдылығын Ақсу, Ескелді, Сарқан аудандарындағы кариялар мен мұң-мұқтажы мол отбасылар жақсы біледі. Жылдың екі мезгілінде ет-сүт, ұн өнімдерімен қамтамасыз етуді дағдыға айналдырган Мұсекені ауыл мен аудан әкімдері де өте құрмет етеді

Биыл Қазақстан Республикасыньщ тәуелсіздігіне биыл 20 жыл толса, Мұсекенің де кәсшкерлік еңбегіне 20 жыл. Ең  алғашқы ауыр кезеңдерде елдің  әлеуметтік тұрмысына көмегін тигізгендер осындай еңбек адамдары емес пе? Талдықорған облысы тарап ел ыдырап, жұрт бытырай бастағанда Мұсекелер коғамдық мал басын сактап, астык қырманының желге ұшуына жол берген жоқ. Kipпіш зауытын өндіріске қосып, құрылыс нысандарын тұрғызды, жер жыртып, астык екті, жайлауға мал шығарды. Алматы облысындагы ең ipi мал бордақылау комбинаты осы Мұсеке Кенжебайұлының басшылығындағы «Талдықорған ет» біріккен кәсіпорыны екенін eкінің бipi біледі. Қәзірге дейін тек Қазақстанның ғана емес, сонымен 6ipre Қытай, Моңғол, Ресей елдерінің де тапсырыстары канағаттандырылып отыр.

    Мұсеке өзі спортшы болған соң, облыста өтетін спорттық жарыстардың  бас демеушісі ретінде      әрдайым көш басында жүреді. «Өркен» спорт сарайындағылармен қоян-қолтық араласып тұрады. Одан тыс өнер адамдарына да Мұсекенің ықыласы елден ерекше. Бикен Римова атындағы облыстық драма театрыньщ репертуарын да назардан тыс қалдырған емес. Әcipece, айтыс өнрінің өркендеуіне  үлкен үлес қосып келеді. Айтыскерлерге тай жетектетіп, ат мінгізуден тайынған жан емес. Талдыкорғанға атбасын бұрған спортшы болсын, өнер адамы болсын, әкімшілік жолмен келген қонақтар болсын Мұсекеңнің дастарханынан дәм татпағаны кемде-кем болса керек. «Мәдени мұра», «Жол картасы» бағдарламасы бойынша да талай өнегелелік үлгісін танытып жүр. Айталық, Қаракерей Қабанбай батырдьң ескерткішінің ашылуында қаржылай көмек көрсетті. Стадионның, сол сияқты білім ордаларыньщ ашы­луында да игілікті істердің бел ортасында жүред1. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген халык нақылы бар ғой, жақсылығын осындайда айта кеткен жөн болар. Мұсекеңмен шүйіркелесіп отырғанда Елбасы Жолдауына байланысты сұрак қойып калдым:

 

  — Елбасымыздың биылғы халыққа Жолдауында ауыл — шаруашылығын өркендету мәселесіне айрықша көңіл бөлінгені белгілі. Соның ішінде мал шаруашылығы саласын кең құлаш жайдыру кажеттілігі айтылады. Бұл — кәсіпкерлікке даңғыл жол ашу, өркендеу, өсу деген сөз. Осы тұрғыдағы ойыңызбен ортақтассаңыз екен?

   — Елбасы, рас, ауылшаруашылығына айрықша көңіл бө­лу керектігін өз Жолдауында мұқият айтып өrri. Шындығына келгенде, ауылды жерлерде жағдай мәз емес. Жұмыссыздар саны күрт көбейді. Жастардың көбі жұмыс іздеп, қалаға кeтті. Бipey базарда, 6ipey «мазарда» дегендей. Елбасы шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті дамытып, жұмыссыздар санын азайтуға болады деп отыр. Алайда, осыны терең түсінген кәciпкеp, бизнесмен кем. Көпшілік кәсіпкерлер «кедей бай болсам, бай құдай болсам» дегеннің кебін киіп, табыстың түбіне түсin, байлықтың буына мастанып барады. Шын мәнінде соған қатты кынжыламын. Кейде ойлаймын, баяғы колхоз-совхоздарды ерте таратып жібермедік пе екен деп?. Мемлекет меншігіндегі жер әлдекімдердің қанжығасына байланып кетri.  Жер — елдің байлыгы емес пе?..

    Мысалы, жерді тамыр — таныстықпен диқанға емес, жер қадірін түсінбес, қолынан іс келмейтш, халықтың емес, карынның қамын ойлайтын 6ipeyлepгe бөліп беру дұрыс емес. Өйткені әлгі қулар қағаз жүзінде жұмыс icтeп, бөлінген жерді көзделген максатта пайдаланбайды, нәтижесінде талай жер каңырап бос қалады.  Айталык, мал шаруашылығын өркендетуге немесе астық, көкөніс өнімдерін өcipyre бағытталған жерге басқа мақсаттағы құрылыс нысандарын құрып, табыс табудың оңай жолына түседі. Түскен табыстың бip бөлігіне жоспарындағы мал, астык, көкөніс өнімдерін диқаннан немесе сол бағыттағы екінші  кәсіпкерден базар наркында сатып алып, ортақтасу арқылы жымысқы жолын жабады. Былайша айтқанда «6ip оқпен eкi қоянды аттым» деп масаттанады. Менің ойымды білгіңіз келсе, алдымен жер иeci диқанга жағдай жасау тиіс. Баяғы жастардың еңбек бригадаларын қайта қалыптастыру қажет. Бip сөзбен айтқанда жер өз иесін тапсын. Менің шаруа кожалығымда 6ip колхоздың жері бар, малы бар, құрылыс нысандары бар, техникамен толық жабдықталған және 80-100 отбасынан құралған диқандар мен малшылар, жастар еңбек етеді. Тек еңбек әдісі баска, ұжымдык емес, кәсіпкерлік бағытта жұмыс істейтін жауапкершілігі шектелген серіктестік шаруа қожалығында істейді.  «Тоңды аударып, тepiс кигенім болмаса» жылуын сол қалпында сактап калдым емес пе?

     Елбасының Жолдауында көрсетілгеніндей, ауыл және мал шаруашылығын өркендету саласындагы кәіпкерлердің ең алдымен ар-ожданы таза болсын, еңбекті дұрыс ұйымдастыра білсе табыс та мол болады. Кұныгу — халықты құрдымға батыратынын ұмытпау керек. Ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен көзінің қарашығындай қорғап келген жерімізді жетімсіретіп, елімізді еңіреткеннен не ұтамыз? Баспа­сөз арқылы менің осы ойларым Елбасының назарына жетіп жатса құба құп. Маған басқадай марапаттың кажетi жоқ.

     

- «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон nішep» деген­дей өзіңіздің  отбасыңыз жөнінде әңгімелеп берсеңіз.

Мен өзім Ақсу ауданы, «Сағабүйен» ауылында дүниеге келдім. Әкем Кенжебай соғыстан мүгедек боп оралғанына қарамай өте еңбекшіл жан еді. Колхозда мал дәpirepi, бригадир, басқарма болып еңбек eтri. Біздерде жастайымыздан шаруашылыктың түpлi салаларындағы жұмыстарға салып, бейнетке баулыды. Өмірдің қыры-сырын терең үйретті. Әкем 54 жасында, анам Бибіжамал тоқсанға таянғанда өмірден озды. «Сезбейсің-ау, сезбейсің-ау, ардағым, Осыншама артыңда ұрпақ қалганын» деп ақиық акын Мұқағали жырлағандай осындай асыл жандардың жеті перзенті, біздер, бүгінде жеті отауды тербетіп отырмыз. Ағам Бисеке сол «Сағабүйен» ауылында әкемнің әpi өзіндей, әpi көзіндей болып, бөлiм басқармасында қызмет етіп жүр. Інілерім: Нұрмеке — осы шаруа қожалығында директор орынбасары, Нұрбосын — қала әкімшілігінің  автокөлік  және техникамен жабдықтау  саласын басқарады, Нұрқасым — облыстык байланыс-пошта бастығының орынбасары, Мейрамбай — Панфилов аудандық ішкі істер бөлімінің  бастығы, полковник;  қарындасым Жібек ұстаз, мұғалім.

Ал өз жанұяма келсем, жұбайым Шахиданың мамандығы — eceпшi, менің жанұямның ұйытқысы, әpi кәсіпкерлік еңбегімде ең жақын көмекшім. Мен перзенттерімді жасынан еңбекке баулып тәрбиеледім. Олар мал да бақты, көлік те жүргізді, шөп те шапты, шаруашылықта  басшының баласымын деп шікірейіп шекесінен қарап жүрген жоқ. Ұлым Нұрлан да, қызым — Маржан да жоғары бiлiмдi заңгер. Алайда, айтып отырмын ғой, таза еңбекпен ержеткен жастар. Нұрланнан — Әміp есімді, Мар­жан қызымнан — Камилла, Әлихан, Темірлан атты немерелеріміз бар. Аллаға шүкір, алпысты алқымдаған жасқа келдік, ел ішінде кұрметіміз лайық, ағайын-туыс, дос-жолдастардың көңілін қалдырған жepiміз жоқ. Жолдас дегеннен шығады, достарым, спорт шеберлері марқұм Ниет Егеубаев пен Сейіләлім Байбұқашевтың есімдерін калай ұмытайын. Мен үшін орны бөлек жандар eдi... Халқымыз аман, жұртымыз тыньпп болсын. Байлык та, бакыт та осы қарапайым халықтың арқасында келіп отырган жоқ па?!

 

 

Ия, Мұсекең ерен еңбегінің  арқасында ағалық кезеңнен абыроймен өтіп, даналыққа бет бұрғандай сыңайы бар. Алатаудай ағамыздың қол жеткізген табысына көркіне ақылы жарасқан сұңғыла сұлу Шахида жеңгеміздің қосқан үлесі зор екені де рас.

Әйелдердің жанары — Кун, гүл көктем,

Әйелдердің ажары — Ай, нұр төккен.

Әйел деген Құдыретке табынып,

Бұл жалғаннан Патша да өткен, құл да өткен.

Әйелді әлем Ұлы күшке санаған,

Әйел — Ана, ұрпак содан тараған.

Әйел — жарың, Отаныңды тербеген,

Ыстыгыңа, суығынң жараған, — деген өлең жолдарымен Шахида жеңгемізді келе жатқан Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекecімен құттықтап, бүгінгі әңгімеміздің бас кeйіпкepi Мұсеке Кенжебайұлына 60 жылдық мерейжасыңыз кұтты болсын, кәсіпкерлік еңбегіңіздің зейнетін көріңіз, ағасы демекпіз.

Алматы облысы,

Талдықорған каласы.

 

Бүгіндері ...

Жан-жағына шапағат шашқан

«Кәсіпкер. Деловой мир» журналы

№ 3.  Наурыз 2020 жыл

 

Ағынды менің, Ақсуым,

Ақырып әлі  ағасың,

Ақиланған ашумен,

Ақтарды асқар сабасын

Тас тарпуын, шапшуын,

Қарасаң қайран қаласың...», -деп алаштың арысы, құлагер ақын Ілияс Жансүгіровтің киелі Ақсу өңірін жырға қосуы тектен-тек емес! Осы өлкеде кіндік қаны тамып, ел болашағы үщін еңбек етіп, түлеген қаншама азамат ақ арманына қанат бітірді десеңізші... Бipi жырымен болашаққа өшпес қолтаңбасын қалдырса, енд1 бipi мектеп ашып, жас ұрпақты оқу-aғapтуғa бастады. Үшіншісі асқақ әуенімен туған жерін дүр сілкіндірді. Жетісудың төрінде, жеті өзеннің сағасында орын тепкен қасиетті жердің мән-маңызы да әне сонда болса керек! Әрине, бұндай киелі елді мекенде өміpre келіп, өзгеше iз қалдырмау әpбip перзентке сын, сынақ.

Біздің бұл жолғы кейіпкеріміз Мұсеке Кенжебайұлы ӘМІРОВ — дәл осы жайсаң да жазиралы топырақтың тумасы. Ол атадан бойына дарыған адал кәciппен айналысып, туған жері мен елге қызмет етуді азаматтық парыз санады. Осы жолда абыройлы еңбек етіп, қарапайымдылық пен адамгершілікті ту eттi. Мақсаты биік, бағдары айқын азаматпен жолығып, әңгімелестік. Өмірлік тәжірибесімен бөләсәп, салиқалы ғұмыр-дәуреннің жетістігін ортаға салды.

 

Өзгеге қол ұшын созып, көмек көрсетуге дайын тұратын Мұсеке Кенжебайұлының өз iciнің білгірі болып қалыптасуы, кәсіпкерлікті уақыт тынысымен бipre мeңrepiп, жетілуіне әкесі бойына сіңірген тәрбие, үлгі-өнеге негіз болған. Сондықтан да қол жеткен жетістігі, нәсібін еселеген кәciбi туралы сөз қозғағанда арқа сүйеген асқар тауы асыл әкесінен бастау — айнымас әдеті.

Ардақты әкем Кенжебай қанды кырғын – Отан соғысынан  мүгедек болып оралғанына қарамастан, кызу еңбекке араласып кетті. Мені де жанынан қалдырмай бipre ерте журетін. Сол кездегі: «Бәpi де майдан үшін, бәpi де жеңіс үшін» ұранымен барлық күш-жігерін Жеңіс жолына арнады. Coғыc тұралатып кеткен ұжымшарда бiз (оқушылар) кәдімгідей жұмыс күші едік, — деп әңгімені өміріне мәйек болған әке тәрбиесінен сабақтады қабырғалы кәсіпкер. — Күн жылынып, көктем шығысымен-ақ қи ою, тұкым себу сияқты шаруашылық жұмысына араластық. Тіпті, тракторға тіркелген шөп шабу машинасына отырып, шөп те шаптық. Қырманда қызыл тазалап, бидай да ұшырдық. Шаруашылық техникасын жөндеп, құрылыс жұмысына да жегілдік. Соның бәрін ауырсынбай дұрыс атқарып, мектептегі оқудан да шет калғанымыз жоқ. «Оқысам, білсем» деген талпыну тек менің ғана емес, қатараластарымның да бойында бар еді . Бәріне үлгердік, ештеңеден кенже қалмадық.

 

Рас, әкесі Кенжебай Мұсекенің еңбекке ерте төселіп, бәрін үйренуге баса назар аударады. «Ерінбегеннің eншіci тугел. Ерінбей еңбектеніп, бастаған iciңнен нәтиже жаратсаң ел алдында, ар алдында да еңсең жоғары. Машақатқа мойымаған жан ғана көздеген мақсатына жетеді», — деп ащы тер жемісінің оңайлыкпен келмейтінін күн сайын насихат ете білді, жадына түйдірді. Қулық, сұмдықпен оңай олжа табудың жолынан аулақ ұстап, балдырғанның белін бекемдеп, қанатын қатайтты. Әйтпесе, соғыстың сұрапыл шебінен аман оралған әке қолында біpaз мұмкіндік те болды. Биліктегілерді жағалап, бет-беделін салып, шолақ белсенділер сияқты баласының басынан құс ұшырмай, ұжымшардың ауыр жұмысынан тыс ұcтayғa болар еді. Бірақ бұны әке ары көтермеді перзентінің болашағына қиянат жасамады. Ұрпағының өз еңбегімен, адал жолмен мал тапқанын қалады. Әне, сол жақсылықтың дәнегін еккен, әулет жалғасының нұрлы жолына тер теккен ұлы арман бүгін орындалды десек еш қателеспейміз. Оған Мұсеке Әм1ровтің өнегелі өмip жолы мен бағындырған биік куә!

Қарапайым шаруа отбасында дүние eciгін ашқан Мұсеке ештеңеден кенде болмай өсті. Әкесі Кенжебайдың қызмет бабына байланысты Ақсудың әр елді мекеніндегі мектепте оқи жүріп, Сағабүйен орта мектебінде түйіндейді. Бipaқ кағылез де алғыр бала қатарынан оза шауып Талдыкорған зоотехникалык-мал дәрігерлік техникумына оқуғa туседі. Кейіннен Қазақ политехникалық институтын инженер-гидрогеолог мамандығы бойынша тәмамдап, білімін жоғарлатады. Жоғары да айтып өткеніміздей, еңбекпен шыңдалып, отбасылық табыстың оңайлықпен келмейтінін ерте түсінген ол ата-анасына ауырлық түсірмеді жөн деп санайды. Күндіз оқып, кешке спортпен айналысып, түнделетіп қара жұмысқа  жегіледі. Осылайша нәпақасын айыра жүріп, өзінің әулетінің қиындығын жеңілдедетеді. Оқуын бітірe салып, Талдықорған аккумулятор зауытына жұмысқа орналасып, ондағы өндірістің жандануына бір кісідей үлкен қосты. Жас маманмын деп жасқанбады. Aғa буыннан тәлім алып, техниканың қыр-сырын жетік білуге барын салды. Нәтижесінде білікті маман атанып, беделд1 азаматқа айналды. Бұнда ол тек кызметтік ic-шараларда ғана емес спорттық, жарыстарғa да белсене араласып, Талдықорған өңірі бойынша намысты қолдан бермей, қазақтың қарапайым ұлы еместігін айшықтады. Қандасының кеудесін өзгеге бастырмай, ұлттың мәртебесін биіктетті. Бұған сол кездегі Мұсекемен бipre білек сыбанып, батырлығына тәнті бoлғaн көз көргендер анық, дәлел бола алады. Ендеше, бұл қайсарлығы мен өжеттігін неге ел үшін туған ердің ерлігі мен өpлігі демеске?!

Толғанысы мен толғағы көп өміp aғысы  пенде баласын сан түрлі сынаққа салады емес пе. Сабырын сарапка салып, арманын caғым қылып ойнатады. Сол жолда кажымаған қайрат пен сарқылмаған күш-жігер ғана діттегеніне жетіп, абаттанады. Мұсекенің де тағдыр-тәлейі осыған саяды. Жұмыс пен тіршілік толқынында жастық күш-жігері бодау ете жүріп, жалданып еңбектенгеннен өз алдына тәуелсіз табысқа жетуді мақсат етеді. Бұл егеменді ел ретінде дербес күн кешудің таңы атқан бақытты шаққа тұспа-тұс келмесі бар ма?! Ол Кеңес кезіндегі социалистік жоспарлы экономика мен жаңа замандағы нарық талабының айырмашылығын жете түсінді. Ел ауқымын, нарық бәсекесі мен талабын, халықтың сұранысын зерттемей, бастаған тірліктің бірден жүйелі болып кетуі екіталай екендігін аңғарды.

Көп ойландым. Тәуелсіздікті енді алып, етек жеңімізді жинай бастаған тұста  кәсіп бастауғa тәуекел ету оңай шаруа емес. Өмірлік іс-тәжірибеме сүйенуді, білік пен білімімді ұштастырып әкем аманат еткен ұлы сенімге қызмет етуді жөн санадым. Қарабайыр, жаттанды кағидадан алыстап, әлемдік озық елдердегі өркендеудің сара жолына бағыт бұрдым. Түп тамырымен тұңғиыққа батқан шаруашылықтарды көре тұра тоқырау заманында тосырқамай еңбек еттік. «Маржан» ауылшаруашылық коорпоративін құрып, ipi қара мен қой басын көбейтуді жоспарға алдық. Жем-шөп дайындау мақсатында алынған  суармалы жер көлемі жыл сайын өcіп, 12 мың rектарғa жетті. Бұл төрт түлік саны артып, қажеттілік пайда болуынан еді. Содан ұжымдағылардыц талпынысы артып, кәсіпке деген ынтасы күшейді. Нәтижесінде «Көктебе», «Шахида», «Нұрлан» шаруа кожалығы өз алдына бөлініп шықты, — дейді icкep жан.

 

Міне, осылай күн сайын өркендеу жолына кадам тастаған әр кәсіпкерліктің өз алдына бағыт-бағдары мен максаты айқын болды. Бip icпен ғана шектеліп қалуды жөн көрмеген бас шаруашылық нарықтық реформалау кезінде Талдықорған облысы аумағында көптеген құрылыс жұмысын да жүргіздік. Негізгі нысаны — шопандарға apнaлғaн баспана және шаруа қожалықтарына кажетті кешендер салу. Оны жүзеге асыратын 1992 жылы кұрылған «Еңбек» кооперативі еді. Жастайынан еңбектің қақ ортасында жүріп, құрылыс саласында қолтаңбасы қалған азамат үшін бұл қиынға шықпады. Өзі іргетасын қалап, Алакөл, Ақсу, Жаркент, т.б. өңірде бой көтерген нысандар күні бүгінге дейін халық үшін қызмет атқарып келеді.

 

1996 жылы аталған кооператив «Амиров» ЖШС болып қайта құрылып, құрылыс жұмысымен қатар ауылшаруашылық өнімін өндіру өндеумен де айналыса бастады. Төрт түліктің жаз жайлауға, қыс кыстауға уақытылы шығып, олардың ет алуы, денсаулығы, сапасы, түрлі аурудың алдын алу шаралары да күн тәртібіне қойылды. Дәрігерлік, санитарлық сақтық шаралардың мемлекеттік стандартқа сай жүргізілуінің нәтижесінде, түліктер саны артты.Бірақ сыннан caпaғa көшіп, өндірісті ұлғайту және асылтұқымды мал басын көбейту мақсатында М.Әміров «Амирова Шахида Санжаровна» шаруа кожалығы және ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын «Амиров» ЖШС негізінде «Көктөбе» шаруа қожалығын құрды. Ececiнe шикізат мөлшері көбейді де оны нарыққа шығарудың заманауи тәсілін пайдалану мәселесі туындады. Осы түйткілді шешу мақсатында 1995 жылы Талдыкорған қаласындағы Шығыс өндіріс аумағында 2,9 гектар жерге ет комбинаты ашылды. Өндіріс ошағы 6ip ауысымда 50 бас ipi қара немесе 500 бас ұсак малды қабылдай алады. Онда 6ip ауысымда шұжық цехы 500 келі шұжық; консерві цехы 5000 консерві диірмен күніне 8 тонна ұн шығаруға қауқарлы. Бұдан бөлек, май өндіретін цех және шағын наубайхана тұрақты түрде жұмыс icren келеді. Халыктың кажеті мен сұранысынан шығып келе жатқан бұл отандык өнімдер қaзipri кезде тек Талдыкорған қаласынан басқа Алматы, Капшағай, Текелі қаласы, Каратал, Көксу, Ескелді, Ақсу, т.б аудандармен өңірлерді күнделікті таза, табиғи өніммен камтамасыз eтin келеді.

 

Қaзіpri таңда жоғарыда аталған cepiктестіктің материалдық техникалык базасы уақыт өткен сайын нығайып келеді. Қожалықтар 700-ге жуық асылтұкымды ipi қара, оның ішінде 330 бас сиыр, 115 жылқы, 1100 бас ұсақ мал өсіреді. Сәйкесінше, 36 шопан және шөп шабу, жөндеу жұмыстары кезінде қосымша 30 жұмысшы еңбекке тартылады. Мұсеке Әміровтің басшылығындағы ЖШС тұрақты даму жолына түсе отырып eгістік жерін жыл өткен сайын ұлғайтып келеді. Кәсіпкерлік мақсатты жүзеге асыру негізінде дәнді дақылдарды және малшаруашылығын жем-шөппен қамтамасыз ету үшін 4485 гектар жер телімі игеріледі, оның ішінде 600 гектар аумақ дәнді дақылдар өcipiп, баптауға арналған. Ал қала тұрғындарын сапалы ет өнімімен қамтамасыз ететін «Талдыкорған — ЕТ» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысы күн сайын жетілуде. Бүгінде өндірелетін өнім көлемі 120 тоннаға жетіп, 15 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.

 

 

Кейіпкеріміз көпсалалы кәсіппен айналысып, жетістік пен жеңіске қатар жетіп отыр десек ақиқаттан алыс кетпейміз. Өйткені ол ауылшаруашылығы саласынан бөлек 2006 жылдан бастап, керамикалық құрылыс кірпішін өндіретін зауыт ашты. Барлық кажетті кұрылғымен жабдыкталған кешен жылына 3 млн.кipпіш шығарады. Науқан тұсында мұнда 60 адам жұмысқа тартылып, қала, ауыл тұрғындары нәпақасын айырады. Бұған кейінгі жылдары кәсіпорынның жол, тұрғын үй салу сияқты сауапты icтepді колға алғанын қосыңыз. Алматы-Талдыкорған бағытындағы мемлекеттік күре жолдың бipaз үлесі, Талдықорған шаһарының батыс аумағынан бой көтерген коттедж қалашықтың 48 үйі aтaлғaн серіктестіктің абыройын тіптен асқақтатты. Белгіленген меже бойынша мердігер колға aлғaн құрылыс жұмысын уақытында аяқтатып, өткізді. Саннан canaғa қызмет ететіндігін дәлелдеп, жауапкершіліктің үдесінен шыға білді. Бұл да 6үгінгі ел азаматыньщң жастайынан бойына сіңген ғұмырлық кағидатының бip айнасы деуімізге әбден болады.

 

 

Мұсеке Кенжебайұлы аудан, қала және облыстың қоғамдық- саяси өміріне де белсене араласып келеді. Адал да ащы еңбегінің нeciбeciн барша адамзаттан аямай, бөліскісі кеп тұратын ол әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолұшын созып, көмек көрсетеді. Қайырымдылық мақсатында да өзгеге өнеге боларлықтай жұмыс атқара білдік. Халықтық ic-шаралардың бел ортасында жүрді. Өзгесін былай қoйғaндa қазақ жұртыньң қабырғасын қайыстырған Қызылағаш апатынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына құрылыс материалдарын бepin, азық-түлік және көмірмен қамтамасыз eттi. Мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасыларға, Талдыкорған қaлacындaғы балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге ұзақ жыл бойы демеушілік көрсетіп келеді. Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері — Мысыр шаһары», — деп боскқ айтпаса керек. Tyғaн жеріне үлкен қуаныш сыйлаған Мұсеке Әміров 2012 жылы балалық шағының куәсі бoлғaн Caғaбүйeн елді мекеніне зәулім мешіт салып берді. Бұдан артық сауапты ic, мәрттік, жомарттық болар ма?!

 

 

TYЙІН: Жаны жайсаң, мәдениеті келісті, аңқылдаған ақ жарқын кейіпкеріміз осы айда 70 жасқа толды. Ғұмыp кестесін ел мен жердің көркеюіне арнады. Жан жары Шахидамен бipгe халықтың жағдайын көтеріп, игілікті еңбек жемісінің үлгі-өнегесін көpceтті. Әке тәлім-тәрбиесіне қиянат жасамай, Алланың берген аманат ғұмырын жақсылыққа жаршы eттi. Көзінің ағы мен қарасы болған ұлы Нұрлан мен қызы Маржанды ақылды, инабатты, білімді eтіп өcipді. Қос құлыны қашанда игі істің басы-қасында небір айтулы жобаға бастамашы болып, нәтиже шығарды. Қaзіp екеуінен 7 немере сүйіп отыр.

Өкінішке  қарай, пісіп-жетілген шағында жан сарайының, тыныштығы, өмір белесінің қуаныш, падишахы Нұрлан мен күйеу баласы Марат бipiнен соң бірі жарық, жалғанмен қоштасып кете барды. Өзіне жөн болғасын Жаратқанның жазмышына амал бар ма?! Tipiгe береке, елге иман берсін демекпіз. Немерелер көз-қуанышы болып, кәсібіңіздің зейнетін көріңіз. Енді сізге жетеуді жеткізу дейтін ұлы аманат жүктелген. Сондықтан да қажымай, талмай жүз жасаңыз, жақсылық жасаудан артық, сый жоқ, жалғанда дегенді өмір мұратына айналдырған Сағабүйеннің салиқалы АЗАМАТЫ!

 

 

ҚЫСҚА-НҰСҚА

(М.Әміровпен сұхбат-әңгіме)

Iлескен ӘЛБАТЫРҰЛЫ

 

-        Қандай жанрдағы кітапты қызығып оқисыз?

-        Шындыққа сай жазылған тарихи кітапты оқығанды ұнатамын. М.Әуезовтің «Абай жолы» романы ұлы еңбектің төpeci дер едім. Абайды оқу деген сөз — барлық ілім мен білімді меңгергенмен тең деп есептеймін. А6ай- өмірдің бағытын көрсетіп кеткен дана, дара тұлға. Абай — алаштың айнасы!

-        Ата-анаңыздан aлған ең асыл өнегеңіз?

-        Өзгенің ала жібін аттамау. Сүрінгенге демеу болып, жаманшылықтан ада ғұмыр кешу.

Әкем үнемі «Тек жүрсең тоқ жүресің» , -деп айтып отыратын еді. Адам күні адаммен. Өзің жаман болмасаң адамның жаманы жоқ. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда сыйласып өту керек.

-        Спортпен шұғылданасыз ба?

-        Спортпен бала күнімде шұғылдандым. Оның ішінде футбол, еркін күреспен айналыстым. 16-17 жасымнан бастап еркін күрестен жарыстарға бардым. Сол кезден Талдықорған облыстық спорт құрамасына кіpin, Шымкентте өткен жарыста I орынды қанжығаладым. Күреске қатысып, палуан атанып, білекті бәрін жығады деп жүрген кезіміз. Ешнәрсе білімсіз келмейтінін кейін түсіндік. Айтпақшы, әскерде жүрген кезімде еркін күрес бойынша спорт шeбepi атандым (1974). Ол уақытта бұндай жетістік екінің бірінің қолынан келе бермейтін нәтиже. Бipaқ, отбасын кұрған соң белгілі жағдайға байланысты күрестен ерте кетуге тура келді.

-        Сізге бақыт деген не?

-     Бақыт — отбасының амандығы, деннің саулығы, ұрпағыңның саналылығы. Елің аман, жұртың тыныш болса, одан артық бақыт не керек?!

-       Қандай адам бай-қуатты?

-    Білімді, блікті адам бай-қуатты. Аткарған шаруасынан нәтиже шығара алатын жанның төрт кұбыласы тең!

-       Бала кезіңіздегі есіңізде қалған cәт?

-      Ең тәтті сәттер мектептегі өміp ғой. Балалық махаббаттың орны тіптен ерекше. Ес кipiп, есейе бастаған кездегі қалай адам болып, қандай қызмет жасаймын деген кияндаған ой, арман, қиялым мені қанаттандырды.

-       Бүгінгі таңда кімді өнеге тұтуға болады?

-    Еркін күрес шеберлері Амангелді Ғaбcaттаров, Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаев сияқты азаматтар кешегі кеңес тұсында еліміздің атын талай мәрте acnaнғa шығарды. Неге оларды өнеге тұтып, басқа спорт түрінен кенже қалып бара жатқан  күpeсті жандандырып, жаңғыртпасқа?!

 -     Жастық, шағыңызда сізді  қынжылтқан оқиға қандай?

-   «Жақсымен дос болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен дос болсаң қаларсың ұятқа», — деген ұлысымыздың ұлы макалы бар. Көппен epiп қателікке бой алдырған сәттер де болған. Бірақ оны надандық пен санасыздыққа жатқызбаймын. Жастық жалын ceбeпшi болды.

-        Қaзipгi таңда қандай мәселе толғандырады?

-    Мені немере тәрбиесі қатты толғандырады. Өсіп-жетілуі, тәлімі, білім алуы, аяққа тұруы санамдағы сары уайым. Алла ғұмыр берсе оларды ел үшін емірене білетін азамат eтіп жетілдірсем арманым жоқ. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», -демей ме ата казағым. Сондықтан да баланы аямай, еңбекке баулыған жөн. Кішкентай әр ic, кимылыңның өзінен бала өзіне керегін ала алатын, жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата алатын болуы қажет. Сол себепті  перзентке игі  iciңмен үлгі  болуға міндеттісің!

 

 

-        Берекенің тұтқасы не деп ойлайсыз?

-        Береке — ауызбірліктің атасы. Ағайын-туыстың айрандай ұюы ұлы даланың тұтастығы дер едім. Бірлігің тірлігіңе тipey болса ұлыс пен ұлттың келешегі баянды.

-        «Жақсылықтың ерте — кеші жоқ», — дегенді қалай түсінесіз?

-    Колыңнан келсе қай жаста болсаң да бар болса, жағдайың келіп, жетіп тұрса, барлығына көмектескенге не жетсін. Сол жасаған амалың арқылы сенің ырзық-несібең артады. Адамдарға қуаныш сыйлайсық. Осыған байланысты өмірде болған, досымның басынан өткен біp жағдайды айтып берейін. Ол Меккеге қажылыққа барған кезінде ақсаңдаған адамды көpin садақаны соған бермек болады. Бірак әлгі пенде атаған ақшаны алмай кояды. Коймаған бұлар да оған ақыры елу доллар 6epin кетеді. Бip айналып жаңағы жерден өтіп бара жатса жаңағы адам бұларға қарай жақындайды. «Тағы да ақша керек болды ма екен?» — деген ойын оның ұстатқан конверті тас-талқан етеді. Кағаз ішінен жүз доллар шығады. Караңызшы қандай қайырым мен мeйірім десеңізші. Жақсылық жасасақ ол міндетті түрде қайтады. Алайда жақсылықты кайту үшін емес, Алланың разылығы үшін шын көңілмен жасауға тиіспіз.

-        Hәciптi болудың алғышарты не?

-        Еңбек. Адал, ащы тер жоқтан бар жасай алады. Бастаған iciнeн тиянақты түрде нәтиже шығару әр білікті жанның басты кағидасы болуға тиіс.  Сонда басыңа береке орнайды, нәсібің еселенеді.

-        «Ақшасы бар адам — бақытты», деген сөзге көзқарасыңызды білсек?

-      Мүлде келіспеймін. Саналы, салауатты ұрпақ-жалғасы бар адам бақытты. Ал көк қағаз тек көңіл-күйдің дірісі ғана. Мысалға тiciң ауырса ұнжұрғаң түседі. Емдеу үшін дәрі ішесің.  Miнe сол сияқты ақша деген деген де көңілдің дәрәсі. Біреуге көмектесу үшін өзіңнңғ де төрт түлігің сай болуы тиіc. Қазақта «алдымен өзіңді жарылқа» деген аталы сөз осыдан шыққан.

-        Білікті кәсіп иeci болудың кiлтi неде?

-      Барлығы теория мен тәжірибеге байланысты. Eкeyiн қатар алып, ұштастыра білу шарт. Біздің қазақ қай жағынан алып қарасаң да мықты халық. Бірақ еңбек eтіп, тер шығаруда жайбасарлық танытады. Біздің ең негізгі кәсібіміз — мал шаруашылығы. Соны ары қарай дамытып, өркендетуге тиіспіз. Мысалға, сиыр сойсақ тepiciн өзің өндеп, киім тiгiп, cүйегіне дейін кәдеге жаратудың заманы келді. Білікті, озық ойлы жандардың күні туды. Барлығын жабайы түрде емес автоматтандыруға көшкеніміз абзал. Пайдалануға керек заттың бәрін өзіміз жасап, өңдеп, отандық өнім шығаруымыз қажет. Бүгін жасайтын шаруаны ертеңге қалдырма. Сонда ғана жетістіктің биігіне көтерілеміз!

Талдықорған қаласы.

 

 

Туған ауылын түлеткен