2015 жылдың басында мен, Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы ретінде ауданымыздың әр салаларындағы  еңбектегі озық, қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік мәселелерді шешуде ерекше белсенді азаматтарымызды моральдық тұрғыда қолдау, құрмет көрсету-марапаттау шараларының ауқымын одан ары кеңейту мақсатында жоғарыдағы тақырыптағы атақтарды белгілеу туралы ұсыныс-бастама көтерген едім. Ол жан-жақты қолдау тапқан соң, ұйымдастырушылық жұмыстары жүргізіліп, жыл аяғында жеңімпаздарын марапаттау өткізілген болатын.  Бұл тәжрибе аудан халқының ризашылығын ие болып, көңілдерінен шықты деп саналды.
Алайда. аталмыш жұмыс өткен, 2016 жылы белгісіз (мүмкін белгілі) себептермен өткізілмей қалды. Осыған орай, осындай ұтымды марапаттық шаралардың алдағы уақытта қайта қолға алынғаны, жандануы жөн және сайт оқырмандарына, еліміздің басқа өңірлері үшін де үлгілік негізде көрсетуге болатын шығар деп санай отырып, төменде сол өткізілген шара мазмұнын мақала ретінде беріп отырмын.

 

Ақсу ауданының «Жыл адамы»  және "Жыл үздіктері-2015»

Жұмыс салалары, кәсіптік мамандықтар бойынша «Жыл адамы», «Жыл үздіктері» деген атақтармен марапаттау тәжрибесі еліміз бойынша әр деңгейде, әр тұрғыда жүргізіліп отырылатыны белгілі. Алайда, жоғарыда айтылған  ұсыныс-бастаманы жасап, ұйымдастыру жұмыстарын қолға алғанда,  баспасөз беттерінен іздестіріп, осындай шаралардың аудандық деңгейде кешенді түрде жүргізіліп отырғаны туралы толық мағлұматтарды кездестіре алмадым.
Сондықтан, ең алдымен, осы атақтарды белгілеу мақсаты мен талап- тәртіптері туралы Ереже шарттарын дайындап, оны аудан әкімімен кеңесіп-талқылап алып, одан ары мәслихат депуттарының қарауына ұсындық. Яғни, Ереже Ақсу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 ақпандағы сессиясында талқыланып бекітілді.

Ақсу ауданы бойынша «Ауданның жыл адамы» және экономикалық-әлеуметтік салаларының негізгі мамандықтары бойынша «Жыл үздіктері» атақтарын белгілеу туралы Е р е ж е с інен...

    Мақсаты: Аудан еңбеккерлерін өз жұмыс салалары бойынша жоғары еңбек жетістіктеріне жетуге, ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына лайықты үлес қосуларына ынталандыру және әр жыл бойынша олардың озықтарын анықтап құрмет көрсету және марапаттау.
1. Ауданда 2015 жылдан бастап әр жылдың қорытындысы бойынша «Жыл үздіктері» және «Ауданның жыл адамы» атақтарына ие болуға лайықты азаматтарды анықтау және оларды марапаттау шаралары атқарылып отырылады. ...
3. ... Атаққа үміткерлерді анықтауда олардың кәсіптік озық көрсеткіштерімен бірге, тұрғындар арасында өткізілетін саяси-қоғамдық, мәдени-көпшілік жұмыстардағы белсенділігі, демеушілік, қайырымдылық шараларға қатысуы, ортадағы адами үлгілік жақтары ескеріледі. ...
5. Әр жылдың «Жыл үздіктері» атағына ұсынылған азаматтар кандидатураларын талқылау және анықтау жөніндегі аудандық комиссиясының отырысы ашық түрде, тиісті мекемелер, салалар мен ұжымдар басшыларының, не өкілдерінің қатысуымен өткізіледі. Осы үміткерлер ішінен лайықты деп танылған немесе басқа да ерекше жеке ұсыныстар бойынша бір азамат «Ауданның жыл адамы» болып танылады. Комиссия қортындысы аудан әкіміне, аудандық мәслихат хатшысына мәлімденіп, келісіледі. Атақтарға ие болушылардың түбегейлі тізімі аудандық мәслихат сессиясында талқыланып бекітіледі. «Ауданның жыл адамы» атағына ие болушының есімі ауданның «Құрмет Кітабына» енгізіледі. ...
7. «Жыл үздіктерін» марапаттау әр жылдың соңында, «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған салтанатты шаралар ауқымында атқарылады. Өз мамандықтарының үздіктеріне арнайы үлгідегі алқа тағылады, арнайы куәлігі және бағалы сыйлықтар тапсырылады. Марапат иелерінің есімдері аудандық газетте жарияланады.

   Одан ары, осы акцияны және оның Ережесі тәртіп-талаптарын аудан еңбеккерлеріне кеңінен таныстыру-насихаттау мақсатында қажетті деп саналатын ауданның салалары, мекемелері мен кәсіпорындары басшыларына, қоғамдық ұйымдарына жіберілді, аудандық газет бетінде жарияланды. Жылдың қазан-қараша айларында Ережеге сай аттаққа ұсынылатын кандидатураларды ұжымдарда, жиналыстарда талқылау жүргізілді. Олардың қаулы-шешімдері құжатталып, аудан әкімінің жанында арнайы құрылған комиссияға өткізілді. Комиссияның қортынды ұсынысы аудандық мәслихаттың 2015 жылдың 4-ші желтоқсандағы сессиясында талқыланып, бекітілді.

Ақсу ауданы бойынша экономикалық — әлеуметтік
салаларының негізгі мамандықтары бойынша
«Жыл үздіктері» және «Ауданның жыл адамы»
атақтары иегерлерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «Жыл үздіктері» және «Жыл адамы» атақтарын анықтау жөніндегі аудандық комиссиясы қорытындысының негізінде 2015 жылдың экономикалық-әлеуметтік салаларының негізгі мамандықтары бойынша «Жыл үздіктері» және «Жыл адамы» атақтары иегерлерінің тізбегі бекітілсін (қосымша №1).
2.«Жыл үздіктері» және «Жыл адамы» атақтары иегерлерін бұқаралық-ақпараттық құралдарында насихаттау-жариялалық жұмыстарын қамтамасыз ету аудандық ішкі саясат бөліміне жүктелсін.

« Жыл адамы » номинациясы иегері

Сабыр Қадыр — «Механизированные работы» ЖШС-нің басшысы

 

« Жыл үздігі» номинациялары иегерлері

«Білім саласының үздігі»
Досымбеков Өркен Әлібекұлы – Жансүгіров ауылы, Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі

«Үздік балабақша қызметкері»
Ермекова Ардақ Бейсембековна – Жансүгіров ауылы, «Қарлығаш» балабақшасы

«Кәсіптік оқу орны үздігі»
Жақаев Өмірғали Жұмағалиұлы – Ақсу политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері.

«Денсаулық сақтау саласының үздігі»
Бижігітов Еріксұлтан Бисұлтанұлы – Ойтоған ауылдық — дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі.

«Ішкі істер саласының үздігі»

Исағалиев Ержан Нұрлығалиұлы – аудандық ішкі істер бөлімінің полиция капитаны

«Үздік әлеуметтік қызметкер»і
Жасыбаев Бибтот – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері

«Мал шаруашылығы саласының үздігі»
Жұмашев Қанат Балтабекұлы — Құрақсу ауылы, «Балтабек» шаруа қожалығының жетекшісі

«Егін шаруашылығы саласының үздігі»
Квитко Александр Васильевич — Қызылағаш ауылы, «Квитко» шаруа қожалығының жетекшісі

«Өндіріс саласының үздігі»
Құлшанов Балташ – «Фирма Талдықорған жолдары» ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты

«Үздік теміржолшы»
Рахымжанова Зәмзәгүл Ахметқызы – «Локомотив» АҚ «Матай пайдалану локомотив депосы» филиалының қызметкері

«Үздік кәсіпкер»
Ерғалиева Ғалия Болатқызы – Жансүгіров ауылы, жеке кәсіпкер, «Манас» дүкенінің меңгерушісі

«Мәдениет саласының үздігі»
Елубаева Арда Шегеқызы — Ақсу халық театрының режиссеры

«Үздік спортшы»
Чудабаев Тасқын Сайынұлы – Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

«Үздік қаржы қызметкері»
Танатарова Самиға Таласбекқызы – аудандық қазынашылық басқармасының бас маман – бас қазынашысы

«Үздік салық төлеуші»
«Ақсу ГЭС» ЖШС мекемесі

«Туыңды туған жеріңе тік» акциясының үздігі» номинациясы иегері
Мұхамадиев Сейілхан — «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы филиалының директоры

«Үздік депутат»
Мұсабаланов Ғабит Ахметқожаұлы — №4 Дінгек сайлау округінен депутаты

«Жылдың ең белсенді зейнеткері»
Алдабергенов Сайлау – Жансүгіров ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы

«Үздік жас көшбасшы»
Алғожанова Эльмира – Ойтоған ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі нұсқаушы

«Үздік мекеме басшысы»
Нұрғожанов Мұратхан – Ақсу су құбыры мекемесінің басшысы

«Үздік мемлекеттік қызметкер»

Ғалымжанова Роза Айтжанқызы — Арасан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – іс жүргізушісі

«Үздік ауыл әкімі»
Амитова Сәулеш Мәжитқызы — Қызылағаш ауылдық округінің әкімі

Атақтар иегерлерін марапаттау жыл аяғында «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған үлкен салтанатты жиында атқарылып, арнайы үлгідегі куәліктер берілді, алқалар тағылып, бағалы сыйлықтар тапсырылды. Марапат иелерінің есімдері аудандық газетте жарияланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғарыда айтылғандай, осындай ұтымды марапаттау шаралары ауданымызда алдағы кезеңдерде де жүйелі және ауқымды түрде атқарыла  бергені дұрыс деп санаймын.

Серікбек Серпербаев