admin
Записей (323), комментариев (29)
Нет информации об авторе
Записи автора admin

Мемлекетіміз атауы туралы
0
САУАЛНАМА
"МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ҚАЛАЙ АТАЛҒАНЫН ҚАЛАР ЕДІҢІЗ ? "
Құрметті сайт оқырмандары, желідегі азаматтар, достар!
Біраздан бері мемлекетіміздің атауын өзгерту туралы әңгіме көтеріліп, қоғамымызда, ел ортасында, әр деңгейде үлкен пікірталастар мен алмасулар, талқылаулар жүріп жатқанын білеміз. Оны өзіміздің әлеуметтік желілерден де жақсы байқап отырмыз. (далее…)

«Шежіре жүргіземіз» (12)
0Осы шежірелік тараудың бүгінгі парағында :
1. Сайтымда бұрынырақ жариялана бастаған «ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЛПЫ ШЕЖІРЕСІ» дастанының («БАБАЛАР СӨЗІ» сериясының «ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ» тарауынан алынған) жалғасы – Қазақ халқының қалыптасуы туралы айтылатын бөлімі;
2. Шежіреші Жемісбек Толымбековтың ұсынған Қазақ халқының Жанарыс — Орта жүзінің, оның Найман елінің, оның ішінде Матай – Кенже – Сақай елдерінің басты тармақтарын, одан ары Тоқпанбет – Қоңырбай – Мырзағұл аталарының тармақтары толық таратылып көрсетілген кезекті жазбасы. Танысыңыздар! (далее…)
«Туған жерге сағыныш» (16)
0
«АУЫЛДЫ САҒЫНДЫМ»
Соңғы кездерде осы тақырыппен көптеген әдемі әндер шығарылып жатқаны байқалады. Менің сайтым қоржынында да біршамасы жинақталып қалыпты. Олардың біразы алдыңғы парақтарда берілген болатын, бүгін сол өлең-әндердің кезекті топтамасы ұсынылады. Жалғасы да болады. Солай-солай жинақтала келе, олар жеке электрондық кітапқа да айналуы әбден мүмкін...

Таласпас Тәнекенің жан бағына...
0Бүгінгі парақта Қазақ жерінің ірі тұлғаларының бірі, батыр (Кенесары ханның кегін алушы), болыс, Жетісу өңірі мен Ақсу елінің «рухына тағзым етер бабалары» қатарындағы ТӘНЕКЕ ДӨСЕТҰЛЫ туралы мол мағлұматтар беретін Жемісбек Толымбековтың «Таласпас Тәнекенің жан бағына...» атты көлемді мақаласы беріліп отыр.
Сонымен бірге, сайтымда бұрынырақ жарияланған, осы мақаланы толықтыратын «Тәнеке батыр мазары» деген мақала және Әділбек Ыбырайымұлының «Кене ханның кегі" атты әдеби шығармасымен де мына сілтемелер арқылы танысуларыңызға болады: http://bit.ly/2SnAAQ7және http://bit.ly/2DPSwek.

Молдияр Нұрбаев туралы
0
Құрметті оқырмандар!
Бұл жолы сайтымның «ІСКЕР АЗАМАТ ЕЛІН ТАНЫТАДЫ» атты тарауында Ақсу жерінің тумасы, Жетісу өңірінің ірі кәсіпкерлерінің бірі, Алматы облысының және оның бірнеше аудандарының Құрметті азаматы, аса жомарт жанды Нұрбаев Молдияр Қылшықұлы деген ардақты азаматымыз туралы деректік мақалалар беріп отырмын.
Оларда іскер, білгір маман ретінде М.Нұрбаев басқарып отырған «Тәуекел–Т» ЖШС мекемесі туралы және оның өзінің халыққа деген қайырымдылық мақсатында атқарып жатқан ізгілікті, ауқымды істері, әсіресе атақты, тарихы мол «Мамания» мектебіне жасаудағы елеулі көмектері сөз етіледі. Танысыңыздар!
СҮЙІНШІ РЕТІНДЕ!
Осы мақаланы жариялау алдында ғана, биылғы жылғы жыр дүлділі Ілияс ЖАНСҮГІРОВТЫҢ 125 жылдық мерейтойына тарту ретінде Молдияр НҰРБАЕВТЫҢ өз отбасы тарапынан дайындап тұрғызып беруге уәде еткен ақын ескерткішінің жобасы (құны 20 млн теңгедей) Мемкомиссияның сараптауынан толық өткізілгені, енді дайындау жұмыстары басталатыны туралы қуанышты хабар алып отырмын! Іске сәт!
«ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВКЕ — 125» (20)
2
Сайтымдағы осы «мерейтойлық» бөлімнің «Ілиясты тани білу — ұлт парызы» деген тарауының кезекті парағына ұсынылып отырған жазбалар:
1. Ақынның өзі туралы шығарылған «Ілияс ЖАНСҮГІРОВ» атты көркем деректі фильм;
2. Ақынның бүгінгі таңға қалың көпшілікке танымалдығы төмен болып жатқан «ҚОЛБАЛА» поэмасын насихаттау мақсатындағы шағын бейнедерек және ғалым, Жансугуров атындағы Жетісу университетінің доценті Қыяхметова Шара Әсетқызының бұрынырақ жарияланған «ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ БЕЙМӘЛІМ ҚЫРЛАРЫ» деген танымдық мақаласы. (далее…)