Серпербаев

Серпербаев

Записей (424), комментариев (31)

Нет информации об авторе

Записи автора Серпербаев

«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (27)

0

«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (27)

 

Құрметті оқырман!

Бүгінгі парақта ЖЕТІСУДЫҢ АҚСУ-САРҚАН өңірінде әулиелік-емшілікпен даңқы шыққан КӨТЕН ТӘУІП есімді екі тарихи тұлға туралы танымдық-шежірелік жазбалар беріліп отыр.

Сонымен бірге, шежірелік жазба ретінде НАЙМАН — ТӨЛЕГЕТАЙ — САДЫР болып келетін ШӘРЖЕТІМ руының таратылымы ұсынылды. Танысыңдар! (далее…)

ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (26)

0

 

ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (26)

 

Осы бөлімнің бұл жолғы парағында «САРТТАР ТУРАЛЫ» деген тақырыппен Жемісбек ТОЛЫМБЕКОВ пен Жамбыл АРТЫҚБАЕВТЫҢ танымдық мақалалары беріліп отыр.

Сонымен бірге, «НАЙМАН МАТАЙ — АТАЛЫҚ» болып келетін болып келетін ӘЙТЕК елінің шежірелік таратылымы беріліп отыр. Танысыңдар!

 

(далее…)

Шежіре жүргіземіз» (25)

0

ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (25)

 

Осы шежірелік тарауда беріліп келе жатқан ілімдік-танымдық мақалаларды жалғастырып, бүгінгі парақта ертеректе Моңғолия жерін мекендеген ШҮРШІТ атанған тайпалар туралы энциклопедиялық деректер және екі мақала беріліп отыр.

Сонымен бірге, шежірелік дүниелерді де жалғастырып, НАЙМАНМАТАЙ руынан тарайтын «ҚАПТАҒАЙ — ЖОЛДАС – ЕСЕНКЕЛДІ» болып келетін ДУАН елінің шежіресі беріліп отыр. Танысыңдар! (далее…)

Шежіре жүргіземіз» (24)

0

ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (24)

Құрметті оқырмандар, желідегі азаматтар!

Жетісу өңірінің, Ақсу, Сарқан жерінің азаматтары!

 

Мен сайтым арқылы «НАЙМАН – ТӨЛЕГЕТАЙ: МАТАЙ, САДЫР рулары» атты шежірелік кітап дайындауды бастадым! Егер, соған байланысты өздеріңде бір қызығушылық болса, онда сол жөніндегі мақаламен танысыңдар!

Сонымен бірге, осы парақта МАТАЙ руынан тарайтын "Аталық — Қамбар — Тасболат болып келетін ҚАЙНАР елінің толыққанды шежіресі беріліп отыр. Қабыл алыңдар!

 

«НАЙМАН – ТӨЛЕГЕТАЙ: МАТАЙ, САДЫР рулары»

атты шежірелік кітап туралы!

 

 

Менің сайтымдағы осы «ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» деген бөлімін жүргізу 2018 жылдың тамыз айынан бастап қолға алынған болатын. Бүгінгі әңгімеге тиек болуы үшін, соның алғашқы кіріспелік мақаласының қысқаша нұсқасын қайталап берейін:

 

Шежіре жүргіземіз бе?

 

Құрметті сайт оқырмандары мен желідегі достар!

Менің осы сайтымның мақсаты мен мазмұнына қарай болса керек, соңғы кездерде сыйластықтағы біраз азаматтар маған халқымыздың шежіресіне байланысты жазбалар жариялау, жекелік тарау ашу туралы ұсыныстар айта бастады. Соған байланысты айтарлықтай толғаныста отырғанжайым бар және де сол жөнінде ой– пікірлеріммен Сіздермен де бөліссем деп едім.

 

Шежірелік дүние — бұған дейін мен айналыспаған шаруа еді. Тіпті, шынымды айтсам, өз өңірімізің жұрты шежіресіне де шорқақтаумын. Жалпы, шежіре жасау мен оны жүргізу өте қиын шаруа екені белгілі, ол терең білімділікті, ұзақ ізденісті, уақытты, төзімділікті қажет етеді. Ол жеке адамның қолынан келмейді де, тіпті біріккен адамдар тобына да оңай шаруа емес.

Бұған дейін қазақ шежіресіне арналған көптеген үлкен ғылыми-зерттеулік еңбектері болғанын және бар екенін, сол сияқты еліміздің әр түкпірлерінде жекелеген адамдардың да рулық шежірелерді дайындап, кітап ретінде баспадан шығарып таратқандарын да білеміз, көргенбіз. Алайда, тиражы аз болатындықтан, олар «құмға сіңгендей» болып, көпшілік олардан хабарсыз қалып жатты...

 

Шежірелік жұмысты жүргізуге ғаламтордың, осындай сайттардың мүмкіншілігі зор екені байқалады. Егер шежірелік жазбалар бір жерге жинақтала бастаса, оларды жалпылай да, әр тармақтары бойынша реттеуге, әр кезде толықтыруға, қателіктерін жедел жөндеуге және барлық жазбаларды болашаққа, ұзақ мерзімдерге толық мазмұнда сақтауға, пайдалануға болады. Шежірелік тараулары «пісіп жетіліп жатса», оларды жекелік үлкенді-кішілі ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАРҒА айналдыруға болатынын өз сайтымның тәжрибесі көрсетіп отыр.

Бұл жұмыста, тек, көпшіліктің қызығушылығы, қолдауы мен демеуі қажет!!! Сонда ғана, «көп түкірсе — көл» дегендей, әркімдерден «бұлақтай» болып, мәлімет-жазбалар жиналып жатса, олар неге «ШЕЖІРЕЛІК ТЕҢІЗГЕ» айналмас-қа?»

 

* * *

...Тәубе, міне содан бері, бөлім үзілмей жүргізіліп келеді. Осы мерзім ішінде оның 23 парағы шығарылып 80-нен аса ілімдік және шежірелік жазбалар жарияланыпты.

Шежірелік дүниелер, негізінен өз өңірімізде (еліміздің шығыс жағы) шоғырланған қазақелінің НАЙМАН тайпасына және одан ары ТӨЛЕГЕТАЙ бабамыздан тараған МАТАЙ, САДЫР, ҚАРАКЕРЕЙ және ТӨРТУЫЛруларының таратылуына байланысты ғаламтордан алынған және оқырмандардың ұсынған мақалалардан жинақталды (Олармен толығымен бөлімнің мына сілтемесі арқылы танысуға болады:http://bit.ly/2Ctfx5I)

 

Бұл жолғы айтайын дегенім, сайтымда жарияланған сол мақалалар мен оның мұрағатында жиналып тұрған материалдарды негізге ала отырып, тақырыптық алғашқы электронды кітапты дайындауды қолға алып отырғаным. Кітаптың шартты атауы: «Найман-Төлегетай: Матай, Садыр рулары. Шежірелік кітап.»

(далее…)

Хасен ҚОЖА-АХМЕТ туралы (жалғасы)

0

Хасен ҚОЖА-АХМЕТ туралы

Ақсу ауданына — 90 жыл.

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛЫ — ХАСЕН ҚОЖА-АХМЕТ (жалғасы)

 

Сайтымда өткен жолы қазақ елінің аса танымал тұлғаларының бірі, қоғам қайраткері, үлкен өнер иесі, биыл 70 жасқа толып отырған Ақсу жерінің (Алматы облысы) тумасы — Хасен ҚОЖА-АХМЕТ туралы берілген жазбалар жалғасып отыр.

Олар: Оның мерейтойлық жасына арнау өлең; күні кеше ғана «Қазақстан» телеарнасындағы «Келбет» бағдарламасындағы оның өмір жолы мен «Евразия» телеарнасындағы «Кешкі кездесу» бағдарламасындағы «ТҮРМЕ КӨРГЕН» атты хабарлар және оның Кеңестік кезеңдегі іс-қимылдары жөнінде «Жас Алаш» Ютуб каналында берілген Қанат ТІЛЕУХАННЫҢ сұхбатының бейнежазбалары беріліп отыр.

Сонымен бірге, тағы да өткен жолғы парақта берілген «Хасекең — деген екен!» өзінің «бірайтқандарының» тағы бір топтамасы беріліп отыр. Танысыңдар! (далее…)

Хасен ҚОЖА-АХМЕТ туралы

0

Ақсу ауданына — 90 жыл

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛЫ — ХАСЕН ҚОЖА-АХМЕТ

Сайтымның бұл парағында қазақ елінің аса танымал тұлғаларының бірі. қоғам қайраткері, үлкен өнер иесі (музыкатанушы, сазгер, журналист, публицист, ақын, сатирик, т.с.с.), Ақсу жерінің (Алматы облысы) тумасы  — Хасен ҚОЖА-АХМЕТ туралы танымдық жазбалар беріліп отыр.

Олар оның: өмірбаяны, шығармашылықтары туралы Қуан АҚОРДАҰЛЫНЫҢ «Жазушылық арқауы–ұлт азаттығы» атты талдаулық мақаласы және Қания БЕЙСЕНБАЕВАНЫҢ «Хасекең: – деген екен!» жинағынан алынған «бірайтқандары». Танысыңдар! (далее…)

«Ақсу ауданына – 90 жыл»

0

 

«АҚСУ АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ»

 

Құрметті сайт оқырмандары!

Құрметті Ақсулық азаматттар мен сырттағы жерлестер!

 

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА «ҚҰЛАҚҚАҒЫС!»

 

Келесі, 2020 жылы ауданымыздың (Алматы облысы Ақсу ауданы) құрылғанына 90 жыл болады. Ауданның осындай мерейтойлық шаралары, 60 жылдығынан бастап өткізіліп келеді. Солардың соңғы, 80-жылдығы «Қызылағаш оқиғасына» байланысты бір жылға кешіктірілсе де, атқарылған оңды да қомақты істерімен ерекшеленіп және салтанатпен өткізілгені кеше ғана сияқты еді. Енді міне, тоқсан жылдығы да жақын «қырдың астында». Оған орай, қажетті дайындық іс-шараларының аудандық жоспары да жасалатыны түсінікті... (далее…)

Елдос ТОҚТАРБАЙҒА дауыс берейік!

0

ЕЛДОС ТОҚТАРБАЙҒА ДАУЫС БЕРЕЙІК!

 

Құрметті сайт оқырмандары, желідегі азаматтар, достар!

Күні кеше елімізде білім-ғылымы толысқан, үздік маман, еліне нағыз үлгі боларлық жастарды көпшілікке насихаттайтын «ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» атты жобасының ІІІ маусымының дауыс беру кезеңі басталып кетті. Биыл оған үміткер ретінде 1665 өтінім келіп түсіпті. (далее…)

Қапалдың татарлары

0

ҚАПАЛДЫҢ ТАТАРЛАРЫ

Осы тақырыппен беріліп отырған тарихшы Жемісбек ТОЛЫМБЕКОВТЫҢ екі мақаласы, сайтымның кешегінде парағындағы ҚАПАЛ өңірі тарихы туралы жазбалардың жалғасы болып келеді. Танысыңдар! (далее…)

Тағы да «ҚАПАЛ» атауы туралы

0

ТАҒЫ ДА «ҚАПАЛ» АТАУЫ ТУРАЛЫ

 

Құрметті оқырман!

Қазақтың байтақ даласының, Жетісу өлкесінің табиғаты әсем, ерекше көрікті жерінің бірі — «Қапал» өңірі. Оның тарихы да өте терең және мазмұнды. Алайда, Қапал атауының өзі туралы айқындалған бір тұжырымның болмауынан, ол жөнінде әртүрлі болжамдар, пікірлер айтылумен келеді.

Сайтымның бүгінгі парағында, осы тақырыпқа қайта оралуға қажеттілік болғандықтан, Жемісбек ТОЛЫМБЕКОВ, Көпбосын ПАНЗАБЕКОВ, Доскелді ҚОЖАТАЙҰЛЫ және Камал АБДРАХМАНОВ сынды тарихшы азаматтардың мақалалары мен біраз бейнежазбалар беріліп отыр. Толығырақ танысыңдар! (далее…)

RSS лента автора Серпербаев
Вверх