Серпербаев

Серпербаев

Записей (444), комментариев (31)

Нет информации об авторе

Записи автора Серпербаев

«Езу тартыңыздар»-2

0

 

"ЕЗУ ТАРТЫҢЫЗДАР ! " — 2

 

Сайттың осы тарауына ұсынылған әзіл-қалжыңдардын (анекдоттардың) кезекті топтамасын қабыл алыңдар!. (далее…)

Ақсу өңірінің тарихы-4

1

Бұған дейін сайт кітабының осы арнайы тарауында аудан тарихына байланысты біраз танымдылық деректер берілген болатын. Соны толықтыру мақсатында ауданның жеке әкімшілік болып құрылған алғашқы кезеңінен (1930жыл) бастап, осы мерзімге дейін аупарткомның 1-ші хатшысы, аудан әкімі қызметтерінде болып, ауданды басқарған бірінші басшылар туралы деректер жеке беріліп отыр.

Ақсу ауданының бірінші басшысы болған азаматтар

I. 1930—1960 жылдары
Ғ.Ибрагимов (1930), М.Жылысбаев (1930-31), Нұрсейітов (1932), Нәдіров (1932), Бердалиев (1932), Н.Өмірзақов (1933-34. 1936), Хамитов (1935), Жұмағұлов (1937), Мәмбет Мұхамедияров (1938-40), Әнуар Несіпбеков (1941-44), Исабай Сариев (1945-50), Айтмұханбет Мансұров (1951-58), Ахметхан Айтбаев (1959-60).
II.

НҰРБАПА ӨМІРЗАҚОВ (1907—1947)

1907 жылы Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Үкірші ауылында кедей шаруаның әулетінде дүниеге келді.

1918-26ж. Жаркент қаласындағы мектеп-интернатта оқыған. 1926—1927 ж.ж. Алматыдағы губерниялық партия-кеңес мектебінде, 1930—1933 ж.ж. Ташкент қаласындағы В.И.Ленин атындағы коммунистік университетінде оқыған.

(далее…)

Хабарландыру

0
Ауданның салық төлеушілерінің назарына!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі –Қоғам) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің 2017 жылғы 01 шілдеден бастап енгізілуіне байланысты ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару үшін төмендегі деректемелерімен ағымдағы шоттың ашылғандығын хабарлайды. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы №405 – V заңының 30-бабына сәйкес аударымдарды, жарналарды және (немесе) өсімпұлды төлеудің толықтығын және уақытылығын бақылау мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

Бұл занды жүзеге асыру үшін 01.07.2017 ж. бастап төменгідей реквизиттар колданылады

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (далее…)

Халық қалаулылары атанған Ақсулықтар

0

 

Туған елі мен жерінің өркендеп өсуінде, ел игілігі мақсатында қажырлылықтың үлгісін көрсетіп еңбек еткен, күш-қуатымен, өздерінің білімді-біліктілігімен, қоғамдық өмірдегі белсенділігімен айқындалған тұлғаларын халқы әрқашан да құрметтейді. Өздерінің сенімінен шыққан сондай беделді, іскер де салихалы азаматтарын өкіл етіп, әр деңгейдегі билік органдарына сайлап отырады. Сонымен бірге, жергілікті билік органдары ұсыныстары және шешімдерімен «Құрметті азамат» атағы беріліп отырылады.

Осыған орай, сайт кітабымыздың «Халқының құрмет тұтқан азаматтары» тарауының алғашқы парағында сондай үлкен сенімге және құрметке ие болған Ақсулық, жерлес азаматтарымыздың тізімін беріп отырмыз.

Ақсу ауданынан әр деңгейдегі билік органдарына сайланған депутаттар
және «Құрметті Азамат» атағының иегерлері

 

Қазақ СРО Жоғарғы Кеңесіне сайланған депутаттар

ДӘНДІБАЕВ НАРТАЙ «Қызылту» кеңшары директоры, 1961ж.

ЖИДЕБАЕВ БӘКЕЙ Чапаев атындағы ұжымшар төрағасы, 1958 ж. (далее…)

Туған күнмен құттықтау

0
Бүгін, Ақсу аудандық мәслихатының аппарат басшысы, менің шәкіртім және ұзақ жылдар қызметтес болған әріптесім НҰРБОЛ УСЕНОВТЫҢ туған күні!
Нұрбол, Өзіңді шын жүректен құттықтаймын! Қызметте абыройлы, жүзің жарқын, мерейің үстем болсын! Отбасыңда жақсылықтар, шаттық-қуаныштар молынан болсын! Арман, тілектерің орындалсын!

Ізгі тілекпен: Серпербаев С.

 

Ақсу ауданы әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті

0

Кеше, 31 қазан күні Ақсу ауданы әкімдігінің кезекті мәжілісі өткізілді. Мәжіліске аудандық мәслихаттың хатшысы, депутаттары, ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық бөлімдердің басшылары, учаскелік полиция инспекторлары,мектептер директорлары, ветеринариялық пункттерінің, денсаулық сақтау мекемелерінің меңгерушілері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мәжілісте «Ауданның 2017 жылғы 9 айындағы әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары және ІV тоқсанда жүзеге асырылуға тиісті негізгі міндеттері туралы» мәселе қаралып, сол жөнінде аудан әкімінің орынбасары Базарханов Есім Сейілханұлы баяндама жасады.

Сонымен бірге, мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы С. Ж. Бекбулатовтың, жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Д.О. Оңдасыновтың, орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері А.Қ.Балтабаевтың және Есеболатов, Қарашілік ауылдық округтерінің әкімдері Ж.Б.Ерғалиевтың, Ы.Ғ.Садуақасовтың қосымша хабарламалары тыңдалды.

Мәжілісте қаралған мәселе бойынша аудан әкімі Ә.Е.Далбағаев қортынды сөз сөйледі.

Ақсу аудандық мәслихатында

0

 

Бүгін Ақсу аудандық мәслихатының «Экономикалық және аймақтық даму, өндірістік салалары, аграрлық–экологиялық, кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан әкімі Ә.Е.Далбағаев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтері әкімдері, ауылдық ветеринариялық пункт меңгерушілері, аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары және басқа да шақырылған адамдар қатысты.

Отырыста күн тәртібіне қойылған «Аудандағы ветеринария саласындағы қауіпсіздік мәселелері және ветеринария қызметін жақсарту туралы» мәселе бойынша аудандық ветеринариялық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жандос Өмірсадықтың есебі тыңдалды.

(далее…)

Жүлдегер болды! Құттықтаймыз!

0

Өткен жетіде, 25 қазан күні облыс орталығы — Талдықорған қаласында облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің ұйымдастыруымен «Ауылым — алтын қазынам» тақырыбымен IV облыстық форумы өткен болатын. Онда, Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағытындағы облыстың қалалары, аудандары және ауылдарындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің атқарудағы жұмыстары ауқымы, олардың ролі мен белсенділіктерін арттыру міндеттері туралы келелі әңгіме болды.

Сонымен бірге, жиында олардың озық тәжрибелері де ортаға салынып, көрмелері ұйымдастырылды. Соған орай, форум соңында соларды бағалау қортындысы жарияланып, үздіктері анықталды. Солардың ішінде біздің ауданның атынан қойылған көрме де (аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы — Амантай Айтбаев) озықтар жағынан аталып, екінші орынның иегері болды, диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды... Құттықтаймыз!!!

Ел тыныштығын ту еткендер

1


Қазақ халқы ежелден әділдікті, заңдылықты, әр адамның ар-ожданы мен абыройы, ел намысы мен тыныштығы, жерінің тұтастығы мен беріктігі сияқты қоғамның басты құндылықтарын ерекше қадірлей, сақтай және қорғай білген, ол асыл қасиеттерін. бүгінгі ұрпаққа жеткізе білген. Соларға байланысты туындаған күрделі мәселелер, дау-дамайлар ел мойындаған үлкендері, беделді билері, дуалы ауыз шешендері арқылы шешіліп, демократияның «далалық та даналық үлгісі» қалыптасқан болатын.

Бұл міндеттер бүгінгі күндері өз дәуіріне сай қалыптасқан заң жүйесі арқылы атқарылуда. Осыған орай, ауданымыздың заң орындарында көптеген жылдар абройлы қызметтер атқарып, өздерінің жоғары ұйымдастырушылық және іскерлік қабілеттеріне сай қызмет салалары мен шендері бойынша өсіп, ел құрметіне ие болып зейнеткерлікке шыққан немесе бүгін де қызметтің озық үлгісін көрсетіп жүрген ақсулық жерлес азаматтарымыз көптеп саналады... (далее…)

Ақсу ауданы елді мекендері атауларының жаңа латын әліпбиінде жазылуы

0

Кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі болды.

Осыған орай, жаңа әліпбиде ауданымыздың ауылдық округтері мен елді мекендерінің атаулары қалай жазылатынын назарларыңызға ұсынамын. Әрине, олардың атауы ресми түрде жаңа латын әліпбиінде дәл осылай бекітіледі деп айтуға ерте. Алайда, бекітілген нұсқаға сәйкес олар төмендегідей жазылатын болады.

Ақсу ауданы — Agsy' ay'dany
Ауылдық округтер атауы:
Ақсу — Agsy' Арасан - Arasan Егінсу - Eginsy' Есеболатов -Esebolatob Жаңалық — Jan'alyg Қарасу — Qarasy' Қаракөз — Qarako'z Қарашілік — Qaras'ilik Қапал -Qapal Көшкентал -Ko's'kental Сырттанов атындағы — Syrttanov atyndagy Қызылағаш — Qyzylag'as' Матай — Matai' Молалы -Molaly Ойтоған — Oi'tog'an Суықсай — Sy'ygsai' Жансүгіров -Jansu'girov
Елді мекендер атауы:
Өнім — O'nim Ақын Сара — Agyn Sara Шолақөзек - S'olago'zek Көкжайдақ - Ko'kjai'daq Қызылжар — Qyzyljar Қопа — Qopa Қызылқайың — Qyzylqai'yn' Кеңқарын — Ken'qaryn Кеңжыра — Ken'jyra Тарас — Taras Еңбек — En'bek Сағабүйен — Sag'abu'i'en Сағакүрес -Sag'aku'res Көлтабан — Ko'ltaban Қопа — Qopa Ақтоған — Aqtog'an Құрақсу — Quraqsy' Алажиде — Alajide Үлгілі — U'lgili Баласаз — Balasaz Ащыбұлақ — As'ybulaq Ақтөбе — Aqto'be Көкөзек — Ko'ko'zek Алтынарық — Altynaryq
Құрметпен, Serperbaev Serikbek
RSS лента автора Серпербаев
Вверх