Серпербаев

Серпербаев

Записей (444), комментариев (31)

Нет информации об авторе

Записи автора Серпербаев

«Езу тартыңыздар!» — 1

0

 

"ЕЗУ ТАРТЫҢЫЗДАР ! " — 1

Қымбатты оқырмандар! Сайттың «Ақсу ажары» газеті бетіндегі «Кел, демалайық!» деп аталған бөлімінің (рубрикасының) тұсаукесерін жасап отырмын. Оның «ЕЗУ ТАРТЫҢЫЗДАР!» деп атаған тарауында жинақталған әзіл-қалжыңдардын (анекдоттардың), күлкілі деген бейнежазбаларды, қызықты болған оқиғаларды ұсынып отыратын боламын.

Бүгін солардың алғашқы топтамасы ұсынылады. Қабыл алыңыздар. (далее…)

Спорт – ұлт саулығы. Ақсулықтар спортта да абыройлы

0

Кітабымыздың «Спорт-ұлт саулығы» тақырыбымен аталатын осы тарауында ауданның спорт саласының дамуының барысы, қол жеткізген айтулы жетістіктері. әр кезеңдегі аса танымал болған үздік спортшылары туралы, естеліктер, танымдық мақалалар берілетін болады. Осыған орай, соның алғашқысы ретінде 2011 жылы шығарылған «Аңыз Ақсу, Абыз Ақсу, Нағыз Ақсу» кітабында жарияланған қысқаша деректік мақаласын беріп отырмыз.

 

Ақсу ауданының спорт саласының дамуы туралы

 

Ат жарысы

Қазақ халқының ғасырлар бойы өз тұрмыс–тіршілігіне, салт–дәстүрлеріне қарай бейімделген сайыс түрдегі ойын-жарыстары, ат бәйгелері, бүркіт шалу, тазы салу, т.б. көптеген жарыстары елімізде ұлттық ойындар бағдарламасы шеңберінде бүгінде өткізіліп келеді. Қазақ елінде адамның ой-өрісін кеңейтетін дойбы, тоғызқұмалақ ойындары жалпыхалықтық сипатқа ие болған. Қазақ халқы ертеден күрес сайыстарында шыңдалып (далее…)

Ақсу өңірінің тарихы-2

1

Сайт кітабының ауданымыздың өсіп-даму жылдарына арналған осы тарауының бүгінгі парағында 19-шы ғасырдағы қазақ жерінің Ресейдің қол астында болған кездерінен бастап, 20+шы ғасырдың ортасына дейінгі мерзімде Жетісу өңіріндегі әкімшілік-аумақтық құрылымдардың пайда болуы, олардың өзгерулері және 1930 жылы жеке аумақтық дәрежеге ие болған ауданымыздың дамуы туралы деректер қысқаша ресми және тізбекті (хроникалық) түрде беріліп отыр...

Ақсудың таулары — тарих, даласы — дастан

Қазіргі Ақсу ауданы аумағында әкімшілік-аумақтың құрылымдардың пайда болуы барлық жердегідей сияқты ХІХ-шы ғасырдың орта шенінде Қазақ елінің Ресейге қосылып, Жетісу өлкесінде шекаралық шептердің белгіленуімен байланысты болды. Ресей мемлекетінде 1822 ж. қабылданған «Сібір қазақтары туралы» жарғыға сәйкес қазақ жері тұрғындары болыстарға бөлініп, оны мұрагерлік құқын иеленген сұлтандар басқарды. Әр болысқа бір немесе бірнеше рудың ауылдары бағынды. Ауыл сайын 50-70-тей отбасы болды. Ал болыстар округтерге бірікті. Осылайша Жетісудағы болыстар 1831 ж. Омбы облысының құрамындағы Аягөз (1860 жылдан Сергиополь) округіне бағынды. 1854 ж. 19 мамырда Семей облысының құрамында Қапал округі ұйымдастырылып, шекаралық аумақ ретінде оны Батыс Сібір генерал – губернаторы басқарғанымен, жергілікті билік тізгіні Ұлы жүз қазақтарының қолында қалды. 1856 ж. 3 қарашада Ұлы жүз қазақтарының приставтығы Алатау округіне айналып (орталығы Верный бекінісі), оның құрамына Қапал округінің оңтүстік бөлігі (Қаратал мен Іле өзені аралығындағы аумақ), Заилийск, Күнгей және Теріскей Алатау аудандары енді. (далее…)

Ақсудың батырлары

0

АҚСУДЫҢ БАТЫРЛАРЫ

Бүгінгі парақта «Кеңес Одағының Батыры», «Социалистік Еңбек Ері» және «Халық каһарманы» атақтарына ие болған Ақсу жерінің ардақты азаматтары туралы деректер беріледі

 

Отан үшін от кешкендер

(далее…)

Ілиястың ізбасарлары

1

 

Ілиястың ізбасарлары

 

«Жаңбырдан кейінгі қызғалдақтай гүлдерін жарып, қаулап өсіп келе жатқан жаңа қауым жас ақындар легі көбеюде. «Ат тұяғын тай басар» дегендей жыр Құлагері Ілиястың ізбасарлары баршылық екеніне көптен бері аудан, облыс, республика деңгейінде өткізіліп келе жатқан «Ілияс оқулары» дәлел. Ілияс атамыздың ұрпақтары ел намысын нық ұстап, « Ақсу елі – жыр елі» екенін тағы бір паш етіп, небір дүлдүл ақындардан құрылған қазылар алқасының алдында сүрінбей өтіп, бірнеше рет осы байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды, басқа да жүлделі орындардан қөрініп келеді. Балауса жас ақындарымыздың қаламдары одан әрі ұшталып, қанаттары талмай ата дәстүрі-жыр дәстүрін келешекке жалғай берсін демекпіз». (далее…)

хабарландыру

0

Жансүгіров ауылында жұмыс істеп тұрған «Ұлан» қызмет көрсету орталығының ғимараты сатылады. Орталық базар қасында, «ЦОН-ның» қарсысында. Ішінде арендалық орындар, сыртында «жаздық алаң» және құрылыс салуға болатын (фундаменті қаланған) кең орын (160 ш.м.) бар. Сырты қоршалған.

Хабарласу телефондары: 8 701 685 5424: 8 701 252 3073

«Ақсуым» деп ән шырқалады... (2)

1

«АҚСУЫМ» ДЕП ӘН ШЫРҚАЛАДЫ...(2)

Құрметті оқырмандар, жерлестер!

Сайтымның осы тарауының бүгінгі парағына авторының бірі өзім болған Ақсуымызға арналған 2 жаңа әнді (алайда, көпшілікке әлі таралып үлгірмеген) шығарып отырмын.

Қабыл алыңдар! (далее…)

Семинар өтті

0
Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

12 қазан күні Ақсу ауданы орталығындағы Молықбай атындағы мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шаралары аясында облыста құрылған насихат тобының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшудің алғышарттары» тақырыбында семинар өтті. Оған қатысушылар, алдымен аудандық кітапхана әдіскерлері ұйымдастырған «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысты. Семинарда Ақсу ауданының әкімі Ә.Далбағавтың "Латын әліпбиінеЛатын әліпбиіне көшу- рухани жаңғырудың бір бағыты» атты баяндамасы тыңдалды. Содан соң,. Жетісу мемлекеттік Университетінің аға оқытушысы Иманғазинов Мұратбек, Қапал ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы Чепель Владимир өз ойларымен бөлісті. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А.Башбаев ауданымыздың біраз тіл жанашырларын марапаттады.

Семинар концерттік бағдардаламаға ұласты. Одан ары аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен латын әліпбиін насихаттау бағытындағы «дөңгелек үстел» өткізілді.

Ақсу өңірінің тарихы

2

Ақсу өңірінің тарихы

Сайт кітабымыздың осы тақырыптағы тарауы ұзақ ғасырлық кезеңдердегі Ақсу өңірінің тарихи даму жылдары бойынша жинақталған анықтамалық-танымдық, зерттеушілік мағлұматтарды, мақалаларды жариялауға арналады. Әңгіменің бастамасы ретінде әзірге «Абыз Ақсу, Аңыз Ақсу, Нағыз Ақсу» кітабынан алынған шағын шолулық мақаланы беріп отырмыз.

Осыған орай, оқырмандарымыздан да, тарих зерттеуші мамандардан да мазмұнды танымдылық, ғылыми еңбектерін, мақалаларын жариялау үшін тосамыз ...

Ақсудың таулары тарих, даласы дастан

(далее…)

«Ақсуым» деп ән шырқалады...

1

 

«АҚСУЫМ» ДЕП ӘН ШЫРҚАЛАДЫ...

 

Құрметті оқырмандар, сайт тілектестері!

Бүгін осы тақырыппен сайтымда жаңа «сазды» тарау ашып отырмын. Оның парақтарында сазгерлеріміздің әр кезеңдерде шығарылып, қалың көпшіліктің көңілінен шыққан, олардың сүйіп тыңдайтын Ақсу жеріне, еліне арнап жазылған шығармашылық туындылары жарияланып отырылатын болады. Әрине, бұл жұмыс тек "Ақсу " тақырыбымен ғана шектеліп қалмай, жалпы Жетісу өңіріне байланысты сазды шығармашылықтарды да барынша қамтуға тырысамын.

Сонымен бірге, Ақсу жері топырағынан шығып, өнерлерімен елімізге жақсы танымал болған жерлес әншілеріміздің орындауындағы әндер де барынша насихатталатын болады.

Бүгінгі парақта солардың алғашқылары беріліп отыр. Қабыл алыңдар! Келесілерін де бірге тамашалайтын болайық! (далее…)

RSS лента автора Серпербаев
Вверх