Серпербаев

Серпербаев

Записей (444), комментариев (31)

Нет информации об авторе

Записи автора Серпербаев

ЖЕРДІҢ АТЫ-ТАРИХТЫҢ ХАТЫ

4

Ақсу өңіріндегі елді мекендер, жер-су атаулары туралы

 

ҚАПАЛ — Qapal

 

Қапал – Алматы облысы Ақсу ауданындағы қоныс. Қапал өзені жағасындағы тау бөктерінде, теңіз деңгейінен 975 м биіктікте орналасқан. Қапал 19-шы ғасырда қала мәртебесін иеленіп, Верный қаласына дейін Жетісу бойындағы ірі әкімшілік және мәдени орталығы болып саналды.

Қапал жерінің сырлы тарихы мен ідемі табиғаты көріністері - Ш.Уәлиханов, П.Семенов-Тян-Шанский, Томас Аткинсон және тағы басқа осы өңірді зерттеушілердің еңбектерінде; І.Жансүгіров, М.Әуезов, Ақын Сара, тағы басқа да көптеген өнер иелерінің шығармашылықтарында молынан айтылады.

(далее…)

"Жыр арқауы — туған жер"

1
Қай акын –жыршы өзінің кіндік қаны тамған туған жерін
жырламаған, әнге қоспаған ...

Туған жеріне, еліне арнаған Ақсулық ақындардың өлеңдері

 

ИЛЬЯС ЖАНСҮГІРОВ
Жетісу суреттері

Жер таппан жерде жетер Жетісуым:

Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым,

Асқардың аспан сүйген сілекейін,

Жан бар ма татпайтұғын, айтпайтұғын.

(далее…)

Ақсулық алаш азаматтары

1

Ақсу өңірінен шыққан алаштық азаматтар

Қазақ халқының бүткіл тарихындағы басты мақсаты, ізгі мұраты — ұлт ретінде еркіндікте өмір сүру, бір кезеңінде жоғалтып алған тәуелсіз мемлекетін қайта құру, егеменді ел болу болды. Тарихтың сондай бір кезеңі ХХ-шы ғасырдың басындағы уақыт үрдісіне сай, елінің азаттығын, ұлт болып бірігуін мақсат еткен Алаш ардақтылары саяси күш болып құрылып, болашақ тәуелсіз, ұлттық мемлекетінің жобасын жасап, іргетасын қалауға қозғалыс бастаған еді. Сол армандаған тәуелсіз елінің демократиялық даму жолын құқықтық тұрғыдан белгілеген, бүгіндері Қазақстанның Ата заңының «қарлығашы» деп саналатын, «Қазақ елінің Уставы» деп аталған аса саяси маңызды құжат та дайындалған еді. Оның авторы, Ақсу жерінің ардақты ұлы, биік тұлғасы Сырттанов Барлыбек болды. Алашорда үкіметі де құрылған еді. Алайда, сол кездегі ұлт қайраткерлеріне оны баянды ету, қол жеткізу бақыты маңдайларына жазылмаса да, тарихи ерен істері, ерліктері, төгілген терлері мен қандары бекер қалған жоқ, ол келесі ұрпақтарына толығымен бұйырды.

Ел бірлігі билеген саналарын,
Ақсуым ардақтаған даналарын.
Өнегеңді жинақтап, тасқа басып,
Рухыңа бас иеміз ардақты ағаларым
М.Қазбанбетов

 

БАРЛЫБЕК СЫРТТАНОВ ірі қоғам қайраткері, алғашқы қазақ зиялыларының бірі. реформатор, демократ. Мамандығы бойынша шығыстанушы.

(далее…)

Рухына тағзым етер бабаларым

1

Бұл парақта қазақ елі тарихында «өзіндік орындары» болған, Жетісу өлкесінің Ақсу өңірі халқының ерекше құрмет тұтар, рухына тағзым етер бабалары -біраз дана көсем, дара батыр тұлғалары деректер берілді. Танысыңыздар, біле жүріңіздер!

(далее…)

Көңіл айту

0

Құрметті Күлшат, Күляйхан!

Өздеріңе, ағайын-туғандарыңа таяуда жол апатынан үш бірдей азамат-туыстарыңның қайтыс болуына орай орын алған үлкен қайғыларыңа ортақтасып көңіл айтамын. Олардың жандары жаннатта болсын! Арты жақсы болсын, ендігілерге тек амандық тілейік! Алдағы уақыттарда тек қуаныштар болсын!

Серікбек Серпербаев. "Алтын ұям-Ақсуым" интернет сайты.

Құттықтау!

0

Құрметті аудан тұрғындары, еңбеккерлері!

Құрметті аудан әкімі Әділбек Егеубекұлы, аудан басшылығындағы азаматтар!

Барлықтарыңызды көп жылдардан бері үлкен үмітпен іске қосылуы тосылып жүрген Ақсу қант зауытына қант қызылшасының алғашқы легінің қабылдануымен құттықтаймын!. Бұл барлықтарымыз - қызылшашылар мен өңдеушілер үшін де, жергілікті халық үшін де аса қуанышты оқиға. Қуаныш үзағынан болсын! Зауыт жұмысы үздіксіз болсын, қамбасы мол өнімге толып, аудан халқының ауқаты арта берсін!

«АЛТЫН ҰЯМ-АҚСУЫМ» интернет сайты

 

 

Көптен күткен қуаныш

1

Ақсу қант зауыты қайтадан ашылды

Таяуда, аудан тұрғындарының, еңбеккерлерінің көп жылдардан бері бір үмітпен, бір күдікпен іске қосылуын тосып жүрген Ақсу қант зауыты қант қызылшасының алғашқы легін қабылдап, оларды үлкен қуанышқа бөледі. Қызылша алқаптарынан дайындау пунктіне 80 тонна тәтті түбір жеткізілді.

Ақсу қант зауытының қайтадан ашылу салтанаты

Осы қуанышты оқиғамен зауыт ұжымы мен шаруаларды облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров құттықтап, зауыттың қант қызылшасын қабылдауы қызылшашылар мен өңдеушілер үшін де, жергілікті халық үшін де ерекше оқиға екенін атап өтті. 10 жыл бойы тұралап қалған Ақсу қант зауытының «қалақұраушы» кәсіпорын мәртебесін қайта жаңғыртатын күні де алыс емес екенін айтты. Зауыттың іске қосылуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына және сапалы қант өндіру ісін ілгерілетуге ықпал етпек.

Жиында, Ақсу ауданының әкімі Ә. Далбағаев, Сарқан ауданының әкімі Е.Қошанбеков, зауыт басшылығы және Ақсу аудандық Қоғамдық Кеңесінің төрағасы С.Серпербаев өз құттықтауларын, алғыс-ықыластарын білдірді. Аудан ардагерлерінің атынан Нұрбек Қасымбеков бата берді.

Осы уақытқа Ақсу қант зауытын қалпына келтіру жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Қызылша жинақтау алаңы ғана емес, барлық цехтары жұмысқа дайын, жаңа құрал-жабдықтар орнатылған, барлық технологиялық процестер автоматтандырылады. Әзірге мұнда 100 адам жұмысқа тартылған, кейінірек зауыт толық іске қосылғанда олардың саны 600-700-ге жетпек. Өндірістік қуатына сай маусымына 300 мың тонна шикізат өңдей алады. Ал, дайындалатын таза қанттың көлемі 32-35 мың тонна болады.


 

Ақсулық ғалымдар

1

Құрметті сайт оқырмандары, қонақтары! Ақсулық жерлестер!

Кітаптың осы тарауында бүткіл өмірін қиын да қызық ғылымдар жолына арнап, терең дүниенің белгілі бір саласында аянбай еңбек етіп, үлкен зерттеу нәтижелеріне қол жеткізген ауданымыздың ардақты азаматтары туралы айтылады. Осы алғашқы мақаламызда, сондай үлкен бір қауым елді құрайтын жерлестіріміз ішінен, әзірге, аға ұрпақ өкілдеріне жататын және елге жақсы танымал азаматтарымыздың біразын ғана көрсетіп отырмын. Оның өзінде де, сол «АҢЫЗ, АБЫЗ, НАҒЫЗ АҚСУ» кітабында жарияланған өмірдеректерін көрсетумен ғана шектеліп отырмын.

Ал, негізі, сайтымызды одан ары жүргізу барысында олардың әрқайсысының және осындай үлкен дәрежедегі басқа да аты аталмаған жерлес ғалымдарымыз туралы (олар туралы қажетті деректік құжаттардың жинақталу барысына қарай) жеке-жеке танымдық мақалалар беруілін ұйымдастырып отыратын боламын.

Осыған орай Сіздерден де көмек күтемін. Біріншіден, көптен белгілі, айтулы ғалымдарымызбен бірге, біздер жете білмегендіктен, бұған дейін осындай аталымдардан сырт қалып жатқан азаматтар есімі туралы ұсыныстар жасаңыздар, бар болса мағлұмат-мақалалармен бөлісіңіздер. Олардың Өздеріне де хабар беріп, өмір жолының және ғылыми еңбектері, жетістіктері жөнінде деректерін сайт бетінде жариялауына ұсынуларына септік жасаңыздар. Тосамын! (далее…)

“Ел ағасыз болмас...”

0

Халқымыз “Өзен сағасыз, тон жағасыз, ал ел ағасыз болмас” деп даналықпен айтқан. “Ел ағасы” деген аса қадірленетін, үлкен салмаққа ие ұғым, құрмет иесі. Ол бір жағынан, азаматтың қоғамдағы орны, қызмет саласы, сіңірген еңбегі, дарындылығына байланысты рәсімделетін, берілетін атақтармен ерекшеленеді. Мәселен, ел басқарғандар төраға, хатшы, әкім, бастық деген қызмет лауазымдарымен, әскерилер мен заң қызметкерлері шендік лауазымдарымен, ғалымдарымыз ғылыми дәрежелерімен, өнер адамдары “еңбектері сіңген” деген атақтармен дараланады, бағаланады. Сол қатарға жататын Ақсулықтардың есімдері осы кітап тарауларында мүмкіндігінше аталды.

Ал, халқымыздың бар асылының, рухани байлығының, ақыл-даналығының қайнар көзі болып табылатын әр ауылдағы, аумақтағы қалың қауымның өздері мойындаған, “үлкені”, “ақсақалы-ақылшысы” саналатын “ел ағаларының да” орны ерекше болады. Ақылы мен парасаты, адал еңбегі мен адамгершілігі, абыройы мен атағы тең бағаланып, оған еш күмән келтірілмей, бүткіл өмір жолы көпшілікке үлгі болатын жақсы-жайсаңдарын халқы өзі ардақтайды, есте сақтайды. Сондықтан, осы тарауда әр кезеңдегі зор беделімен, үлкен адамгершілік қасиеттерімен, жақсы іс-өнегесімен ауданның жалпы жұртшылығының шынайы сый-құрметіне бөленген, Ақсудың қадірлі ел ағалары деген ұғымға сай саналатын өмірден өткен және зейнеткерліктегі ортамызда бар және де негізінен «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағына иегер танымал тұлғалар есімдері көрсетіледі. .

Ақсу ауданының табиғаты

0

Ақсу ауданының табиғаты

 

Туған жер, жерұйығым- Жетісуым,

Аралап Асан атам тіккен туын.

Жоны қар, қоңы қоңыр, бауыры бұлақ,

Қазақтар қоныс қылған қанша буын.

Ақын Сара Тастанбекқызы

 

Ауданның жер бедері, табиғаты, климаты, өзен- таулары, өсімдік- жануарлары

 

Ауданның аумақтарын ерекшеліктеріне қарай сипаттасақ, оның жерінің оңтүстік- шығысын Жетісу Алатауының Қоңыртау, Қайрақкөл, Желдіқарағай таулары, солтүстік, солтүстік- шығыс және батыс бөлігін Тораңғықұм, Кемерқұм, Сымбатқұм, Күшікжал және Жалқұм шағылды алқабы алып жатыр. (далее…)

RSS лента автора Серпербаев
Вверх