Серпербаев

Серпербаев

Записей (470), комментариев (31)

Нет информации об авторе

Записи автора Серпербаев

Ойлан, тап!

0

Құрметті оқырмандар!  Бүгін сайттың «Ақсы ажары» газетінің «Демалыс беті» аталатын тарауына алғашқы жұмбақтар топтамасын енгізіп отырмын. Ермек етіңіздер, шешіңіздер, жауабын жіберіңіздер!  Егер,  ұнап жатса, тарауды тұрақты жүргізетін боламыз, мүмкін конкурстық жүйеге айналдырамыз...

 

 1. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқадан табады. Сондай 15 тауық 15 күнде қанша жұмыртқа табады ???

  *     *     *     *     *

  2. Толық келген үш  әйел біршама  уақыт  қолшатырдың  астында сығылысып  тұрады, алайда  бәрі де судан аман,  құрғақ қалпында қалады.  Қалайша ??? (далее…)

Ақсулық өнер саңлақтары

1

Құрметті оқырмандар!

   Бүгін осы интернет-кітаптың  «Ақсуым-өнер ордасы» атты тарауында   ақын-жазушылардан   басқа да  өнердің  сан қырлы сала-бағыттарында ( артист-актерлар, театр-кино  режиссерлері, әншілер, суретшілер, т.б.)  есімдері қалың жұртқа барынша танымал болған  дарын иелері туралы  әңгімелерді  бастап отырмын.  «Ақсулықтар» деп айтылатын олардың қатары да молынан саналады. Олар туралы танымдық деректер, мақалалар жүйелі түрде жарияланып отырылатын болады.  Алғашқылары   ретінде  солардың аға буынына жататын біраз азаматтарымызды атап өтеміз.  Басқалары  туралы алдағы уақытта  олардың  Өздерінен де, Оқырмандардан да мақалалар-естеліктер тосамыз!

 Ақсу өңірінен шыққан  өнер саңлақтары

БАЙСАҚҰЛЫ қобызшы МОЛЫҚБАЙ (1857—1930).

   Заманының заңғар  өнерпазы, қобызшы. ақын,  әнші,  халықтың киелі бақсысы. 1857ж. Ақын–Сара ауылы өңірінде туған.

Жыр дүлдүлі І. Жансүгіровтің кіндік әкесі, ақынның “Күйші” поэмасының басты кейіпкері.

«Қобызшы Молықбай шал Матайдағы.

Матайда – Кенже, Тұнғат, Сақайдағы

Қазақта қобызшының қалғаны сол.

Жорға еді маймандаған бақайшағы». (далее…)

“Ел ағасыз болмас...”

1

     Халқымыз “өзен сағасыз, тон жағасыз, ал ел ағасыз болмас” деп даналықпен айтқан. “Ел ағасы” деген аса қадірленетін, үлкен салмаққа ие ұғым, құрмет иесі. Ол бір жағынан, азаматтың қоғамдағы орны, қызмет саласы, сіңірген еңбегі, дарындылығына байланысты рәсімделетін, берілетін атақтармен ерекшеленеді. Мәселен, ел басқарғандар төраға, хатшы, әкім, бастық деген қызмет лауазымдарымен, әскерилер мен заң қызметкерлері шендік лауазымдарымен, ғалымдарымыз ғылыми дәрежелерімен, өнер адамдары “еңбектері сіңген” деген атақтармен дараланады, бағаланады. Сол қатарға жататын Ақсулықтардың есімдері осы кітап тарауларында мүмкіндігінше аталады.

    Ал, халқымыздың бар асылының, рухани байлығының, ақыл-даналығының қайнар көзі болып табылатын  әр ауылдағы, аумақтағы қалың қауымның өздері мойындаған, “үлкені”, “ақсақалы-ақылшысы” саналатын “ел ағаларының да”  орны ерекше  болады.  Ақылы мен парасаты,  адал еңбегі мен адамгершілігі,  абыройы мен атағы тең бағаланып, оған  еш  күмән келтірілмей,  бүткіл өмір жолы көпшілікке үлгі болатын жақсы-жайсаңдарын халқы өзі ардақтайды,  есте сақтайды. Сондықтан, осы тарауда  әр кезеңдегі зор беделімен, үлкен адамгершілік қасиеттерімен,  жақсы іс-өнегесімен ауданның, тіпты облыс – республиканың деңгейінде жалпы жұртшылықтың шынайы сый-құрметіне бөленген,  Ақсудың  қадірлі  ел ағалары  деген ұғымға сай саналатын  өмірден  өткен және зейнеткерліктегі  ортамызда  бар  танымал тұлғалар есімдері көрсетіледі.  Әрине, осы санатқа жататын  олардың  қатары  молынан саналады.  Сондықтан,  олар  жөнінде мақалалар-естеліктер,  өздерінің де  естеліктері кітап бетінде тұрақты түрде жарияланып тұратын және үздіксіз жалғаса беретін болады. Бұл жерде сайт оқырмандарының  да белсенділікпен қатысуын тосамыз.
    Ал, бүгінгі  парақта  қазір қатарымызда жоқ,  дүниеден өткен  (рухтарына тағзым ете отырып)  аудан қалқы арасында аса сыйлы болған, құрмет етілген  аталарымыз-әкелеріміз  туралы  деректердің  алғашқы  топтамасы  беріледі.  (далее…)

Ескерткіштер – өткеніміздің белгісі

1

 Ақсу ауданы аумағындағы ескерткіштер

И. Жансүгіровтің ескерткіштері

Аудан орталығындағы мүсіні

   Оның алғашқысы 1964 ж. қойылды. Ескерткіш 1984ж. ақынның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында  аудан басшыларының бастамасымен (аупарткомның бірінші хатшысы Ғ.Тұрғамбаев, ауатком төрағасы В.И.Осипов) аудан орталығындағы басты алаңға орнатылады.  Жаңа мүсін арнайы тапсырыспен  Мәскеу қаласында жасалып, әкелінді. Оның ірге тасы граниттен қаланды. (далее…)

Ақындықтың ақ туын аспандатқандар...  

3

   Ақсулық ақын-жазушылар

   Қазақ елінің өнері мен мәдениеті өзінің халық болып қалыптасқан сонау бір қилы заманнан бергі әр дәуір-кезеңінің өзіндік сипат-болмысымен, сан қилы тарихи оқиғалар әсерімен дамып, өркендеп келеді. ХІХ-шы ғасырға дейін негізінен ауыз әдебиеті үлгісінде дамыған жалпы қазақ өнерінен Ақсу өңірін бөліп алып қарауға болмайды. Ұрпақтан-ұрпаққа, ауыздан-ауызға ауысып, жеткізілген аңыз-ертегілер, эпостар, шешендік сөздер, ақын-әншілер орындауларын бойына мейлінше сіңірген Ақсу халқы да өнердің ұлы көшінен қалып көрген жоқ. Керісінше, айдынынан аққудай әндерін ұшырып, кең даласын ән-жырмен думандатып, ел ортасын сән-салтанатқа, ойын-сауыққа бөлеген ақсулықтар - қазақ өнеріне қомақты үлесін қосқан, оның «төрінен» именбей орын алатын «салмағы» бар жұрт. Ақсу елі— ежелден тұлпардай жүйрік, қырандай алғыр құс қанат ақындардың ақ туын аспандатқан ел, сонау сұрқай заманда сұңқардай суырылған Абылай ханның сарбаздарының ат жүрісінің ырғағына сай жортуыл жырын жырлаған Сұртай ақынның, түпсіз тереңдетіп, тұңғиық жыр төккен, ақын Сара сиынып пір тұтқан Арсалан ақынның, талай өнерлілер «суатынан су ішіп, жем жеген» Толғанбай ақынның, Ақсудай ағынды да арынды Ілиястың, аққу қанат ақын қыз Сараның , айтыс ақыны Қуат Терібаевтың елі. Солардан қалған шұбырынды созылып, Ғали Орманов, Тұрсынзада Есімжанов, Құдаш Мұқашев, Қанипа Бұғыбаева, Дубек Мұсанов, Қуат Қайранбаев, Сағыныш Намазшамова, т.б. жалғасып жатыр. Өнер елден әлі де небір дүл дүл жүйріктердің туары анық, туады да. Оған дәлел — бүгінде ақындықтың айдынында батыл қадамдар жасап, тамаша жыр өрнектерімен көзге түсіп жүрген балауса жеткіншектердің үлкен бір қауымы өсіп келе жатқаны, олардың республика, облыс деңгейінде өтіп жүрген Абай, Ілияс, Мұқағали оқуларының, т.б. өнер байқауларының тұрақты жеңімпаздары және жүлдегерлері болуы... (далее…)

Ақсудың әр шиі ән салады...

1

  Ақсу ауданының  мәдениет-өнер саласының даму кезеңдері туралы

  «Ақсудың ақ шиі де сызылтып ән салады» деген сөз қалың қазақ арасына бекер тарамаған. Соның бір куәсі болатындай ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында «Ешкіөлмес» тауының етегінде болған ұлы думан күні бүгінге дейін көз алдымызға елестейді. Ол  атақты әнші Біржан мен қазақтың бұлбұл қызы Ақын Сараның айтысы болып, көк жайлаудың төрінде көсілте шырқаған ән мен жырдың «ауылдық спектаклі» еді. Мәдениетімізге алтындай асыл қазына боп қосылған М.Төлебаевтың  «Біржан–Сара» операсының әндері алғашқыда сол «Ешкіөлместің» бауырында, ТҰРЫСБЕК  Маманұлы ауылында шырқалғанын бүгін көпшілік біледі. Бүгінгі опера өнері қазақтың сол ежелгі ақындар айтысымен төркіндес жатады. Одан кейін, әрине-Молықбай күйші. Оның өнеріне тәнті болған ақсулықтар алыстан аттылы- жаяулы келіп, ұзағынан тамсана тамашалайтыны туралы І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасында толығынан айтылған. (далее…)

«Езу тартыңыздар!» — 1

0

 

"ЕЗУ  ТАРТЫҢЫЗДАР ! " — 1

Қымбатты оқырмандар!  Сайттың «Ақсу ажары» газеті бетіндегі «Кел, демалайық!»  деп аталған бөлімінің (рубрикасының) тұсаукесерін жасап отырмын. Оның «ЕЗУ ТАРТЫҢЫЗДАР!» деп атаған тарауында жинақталған әзіл-қалжыңдардын (анекдоттардың), күлкілі деген бейнежазбаларды, қызықты болған оқиғаларды ұсынып отыратын боламын.

Бүгін  солардың  алғашқы топтамасы  ұсынылады.  Қабыл алыңыздар.  (далее…)

Спорт – ұлт саулығы. Ақсулықтар спортта да абыройлы

0

      Кітабымыздың «Спорт-ұлт саулығы»  тақырыбымен аталатын осы тарауында  ауданның  спорт  саласының  дамуының  барысы,  қол жеткізген айтулы  жетістіктері.  әр  кезеңдегі  аса танымал болған үздік  спортшылары туралы,  естеліктер, танымдық  мақалалар берілетін  болады.  Осыған орай, соның  алғашқысы ретінде 2011 жылы шығарылған «Аңыз Ақсу, Абыз Ақсу, Нағыз Ақсу»  кітабында  жарияланған  қысқаша   деректік  мақаласын беріп отырмыз. 

 

Ақсу ауданының спорт саласының дамуы туралы

 

Ат жарысы

    Қазақ халқының ғасырлар бойы өз тұрмыс–тіршілігіне, салт–дәстүрлеріне қарай бейімделген сайыс түрдегі ойын-жарыстары, ат бәйгелері, бүркіт шалу, тазы салу, т.б. көптеген жарыстары елімізде ұлттық ойындар бағдарламасы шеңберінде бүгінде өткізіліп келеді. Қазақ елінде адамның ой-өрісін кеңейтетін дойбы, тоғызқұмалақ ойындары жалпыхалықтық сипатқа ие болған.  Қазақ халқы ертеден күрес сайыстарында шыңдалып (далее…)

Ақсу өңірінің тарихы-2

1

   Сайт кітабының ауданымыздың өсіп-даму жылдарына арналған осы тарауының  бүгінгі парағында 19-шы ғасырдағы қазақ жерінің Ресейдің қол астында болған кездерінен бастап, 20+шы ғасырдың ортасына дейінгі мерзімде  Жетісу өңіріндегі әкімшілік-аумақтық  құрылымдардың пайда болуы,  олардың өзгерулері және 1930 жылы  жеке аумақтық дәрежеге ие болған ауданымыздың дамуы  туралы  деректер  қысқаша ресми  және тізбекті (хроникалық) түрде беріліп отыр...

Ақсудың таулары — тарих, даласы — дастан 

     Қазіргі Ақсу ауданы аумағында әкімшілік-аумақтың құрылымдардың  пайда болуы барлық жердегідей сияқты ХІХ-шы ғасырдың орта шенінде Қазақ елінің Ресейге қосылып, Жетісу өлкесінде шекаралық шептердің белгіленуімен байланысты болды. Ресей мемлекетінде 1822 ж. қабылданған «Сібір қазақтары туралы» жарғыға сәйкес қазақ жері тұрғындары болыстарға бөлініп, оны мұрагерлік құқын иеленген сұлтандар басқарды. Әр болысқа бір немесе бірнеше рудың ауылдары бағынды. Ауыл сайын 50-70-тей отбасы болды. Ал болыстар округтерге бірікті. Осылайша Жетісудағы болыстар 1831 ж. Омбы облысының құрамындағы Аягөз (1860 жылдан Сергиополь) округіне бағынды. 1854 ж. 19 мамырда Семей облысының құрамында Қапал округі ұйымдастырылып, шекаралық аумақ ретінде оны Батыс Сібір генерал – губернаторы басқарғанымен, жергілікті билік тізгіні Ұлы жүз қазақтарының қолында қалды. 1856 ж. 3 қарашада Ұлы жүз қазақтарының приставтығы Алатау округіне айналып (орталығы Верный бекінісі), оның құрамына Қапал округінің оңтүстік бөлігі (Қаратал мен Іле өзені аралығындағы аумақ), Заилийск, Күнгей және Теріскей Алатау аудандары енді. (далее…)

Ақсудың батырлары

0

АҚСУДЫҢ БАТЫРЛАРЫ

Бүгінгі парақта  «Кеңес Одағының Батыры», «Социалистік Еңбек Ері» және «Халық каһарманы» атақтарына ие болған  Ақсу жерінің ардақты азаматтары  туралы деректер беріледі

 

Отан  үшін  от  кешкендер 

(далее…)

RSS лента автора Серпербаев
Вверх