ҚАЗАҚТЫҢ ҚАДІРІН ҚАЙТАРУ КЕРЕК!

 

Құрметті оқырман!

Қазақстандық теледидар жүйесінде ұзақ жылдардан бергі жақсы танымал, халқымыздың ерекше сүйсіне тамашалайтын бағдарламаларының бірегейі, ҚР еңбегі сіңген қайраткер,  Қазақстанның  Құрметті  журналисі, жерлесіміз Нұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫНЫҢ «БАЙ-ҚУАТТЫ БОЛАЙЫҚ»  атты авторлық жобасы екені белгілі. Бұл бағдарлама қазіргі кезде Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасында жалғасып, әр апта сайын сайын көрсетілімі шығып тұрады.

Міне, осы шығарылымында журналисіміз бен елге танымал азамат, Абайтанушы, дінтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар ЖӘЛЕЛ арасында жоғарыдағы тақырыпқа сай көрермендерге,  жалпы қалың қазақ жұртына  аса бір тағылымды, қажет  деп санауға болатын әңгіме-сұхбат жүргізілген болатын.

Аз ғана эфирлік мерзімде өтсе де, онда ұлтымыздың  болмысы, оның санасының рухани жаңғыруы, «отарсыздануы мен тәуелсіздігінің» қажеттілігі, «қазақтың қанын» тазарту,  ұлт рухының қадыр-қасиетін қайтару, елдігіміздің болашағы  жөнінде қалың қазаққа ой тастар, бағдар беретін  келелі де  терең мазмұнды ой-пікірлер айтылған.

Соған орай,  осы телехабарды әрбір  «иісі қазақ» азаматының  көргені жөн деген ниетпен сайтымда ұсынып отырмын. Танысыңдар, желіде  бөлісіңдер!

 

Мен – қазақпын

 

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

 

... Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!

Жұбан Молдағалиев

 

 

Қазақтың қадірін қайтару керек,қадірі қайтпаған ел мемлекет құра алмайды!

 

 

 

Мен қазақтың ұлымын

( Men Kazaktyn ulymyn)

Қуандық Рахым

 

 

Қазақ болып тумағанда нетер ем?

Бұл жалғаннан бақыт таппай өтерем

Желдей жүйрік жылқы мiнбей жалғанда

Аламанда ат оздырмай кетерем

 

Қазақ болып тумағанда нетер ем

Өкінішпен өртенер ем өте мен

Қасиетті домбыраны қолға алмай

Қоңыр үнді әуелетпей кетер ем

 

Мен қазақпын

Бойындағы қан қазақ

Мен қазақпын

Мен шырқайтын ән қазақ

Бір қазақтың

Бақыты мен бағына

Барша үнімен

Куанса екен бар қазақ

 

Мен қазақпын

Турiм қазақ тіл қазақ

Мен қазақпын

Мен айтатын жыр қазақ

Сүйеу болсын тiреу болсын мың қазақ

Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ

 

Қазақ болып тумағанда нетер ем?

Қалай басқа байрақтарды көтерем

Жеті бірдей қазынамнан айрылып

Жеті атамды жаттай алмай кетер ем

 

Қазақ болып тумағанда нетер ем

Қонақ жайлык жайын білмей кетер ем

Қымыз шұбат қазы-қарта, құрт-майсыз

Кәдір қашып қарным ашып өтер ем