Бүгінгі  парақта жарияланып отырған  осы жазба, сайтымыздың  мақсатынан туындайтын 2  бірдей талабын қанағаттандырып отыр деуге болады

     Біріншіден,  әртүрлі себептермен ел арасында  "көмескіленіп",  ұмытыла  бастаған  өңіріміздің  көрнекті тұлғаларының  есімдерін мүмкіндігінше қайта жаңғыртуға көніл бөлеміз  деп, әрдайым  айтып отырамын.  Соның бір мысалы, сайтымызда өткен ғасырдың ортасында ауданымыздың өнер кеңістігінде  ақын ретінде де,  айтыскерлігімін де, Ақсу халық театрын ұйымдастырушылардың бірі болып және оның сапында сахналық бейнелерімен  ел құрметіне бөленген  Жәрдембек Тостағанбетов   атамыздың да  атын қайта «еске алған» едік. Соған орай, оның өмірбаяны мен  Ақсу еліне  арналған мен жер табиғатын суреттеген  «Өзен» деген  көлемді  өлеңі  жарияланған болатын.  Сонымен бірге, оның басқа туындылары да ретімен таныстырылатын болады деп айтқанбыз. Енді міне, тағы да сол Жемісбек Толымбековтың жеке мұрағат қоржынынан  алынған,  бұрындары жарияланбаған Жәкеңнің «Қосағаш» деген өлеңі  назарға ұсынылады.

   Екіншіден, сайтымызда жақында ғана қайта жарияланған ЖЕРДІҢ АТЫ-ТАРИХТЫҢ ХАТЫ тарауы мақаласында,  қазіргі Ақсу ауылдық округіне қарасты КӨКЖАЙДАҚ,  ШОЛАҚӨЗЕК ( Kókjaıdaq, Sholagózek)  елді мекендердің атауы туралы деректерді: «Ақсу ауылының күншығысында  кеңінен  созылып жатқан  жерлері бедерлеріне  сай  аталған» деп, қысқа қайырған едік.

    Осы екі ауыл, Кеңес уақытында бірігіп,  «Қосағаш» аты кеңшарды құрайтын.  Осы жердің тумасы болып келетін,  Жәрдембек  атамыздың өз ауылына арнаған аттас өлеңі, танымдылық тұрғыда, сол ел тіршілігімен бірге, табиғаты  көріністерін де әдемі суреттеп,  біршама айқындап береді.  Қабыл алыңыздар

 

 

 

               Қосағаш

 Жәрдембек ТОСТАҒАНБЕТОВ 

 

Еліме Ақсу сәуле таратты да,

Жерменен енді жылжып қанаттыға.

Жеткізбес жылдамдығы жарықтықтың,

Теңізбен табысуға барад бұ да.

 

Ауданым осы өзеннің есімінде,

Ежелден мен жатқанда бесігімде.

Шипасы балығының ұрығында,

Нәрінен тірлік туып осы күнде.

 

Бұл бір сыр, баяғыдан ойымдағы,

Осыған қиырлап кеп, мойындады.

Қосағаш совхозында біле кетсек,

Отырған Ақсудың бойындағы.

 

Тәрізі тындаушының ұғысында,

Ақсудың абайласын мұнысында.

Көрнекті Қосағаштай совхозы бар,

Ауданнан он шақырым шығысында.

 

Алуан еңбек бірлік бауырында,

Байлық бар айтарлықтай ауылымда.

Әртүрлі шаруашылық саласынан,

Алдыңғы дәреженің сауырында.

 

Сар қымыз сапырылып сабасында,

Сібелеп биелері сауынында.

Сан мыңдап жұмыртқасын өткізуде,

Қаз, үйрек, құр, көгершін, тауығым да.

 

Төрт мың, бес мың литр сиыр басы,

Сүт беріп, бабыменен бағуымда.

Бір қойдан бес келіден жүн қырқылад,

Қарауы қамқорлықпен дамуында.

 

Дәнді астық гектардан он бес центнер,

Тілемей табиғаттың жауынын да.

Сөткелеп суғарудың кілтін тауып,

Түсімнің төңкерілген тауы мұнда.

 

Міні бұл жетістігі ауданымның,

Қоғамдық ұйымдасқан қауымым да.

Байлыққа халқым солай айналғаның,

Басқа ұрып, санап жатам қайдан бәрін.

 

Совхоздың өз мәнінде гаражда тұр,

Машина, түрлі құрал, саймандарың.

Еңселі үй, есік алды биік терек,

Тағы да талайы өсіп, биіктелед.

 

Бүкілдей мәдениет майданына,

Елім де құшырланып, жиі келед.

Бұрын жоқ қаперінде қазақ ұлттың,

Туып тұр, басымызға тазарып күн.

 

Көрнекті төрт бөлме монша салып,

Төріне шығып тұрмыз тазалықтың.

Тас кескен техниканың көмегімен,

Татырдың елу метр түнегінен,

 

Тәтті су түгел тарап көшемізге,

Құбырдың көкке атып тұр шүмегінен.

Клуб тұр сән-сауыққа есік ашық,

Ән салып, билеген жас төсін ашып.

 

Айбынды Отанымның дәуірінде,

Дәулеттің десеңдерші несі қашық.

Білімнің ордасы тұр мектебіміз,

Мысалы бұған көп жыл жеткеніміз.

 

Жастарым жыл жаңалап, білім алып,

Белгілі жұрт сынынан өткеніміз.

Өңірлі ауданымның көлемінде,

Көрнекті совхоз осы, көп тегі біз.

 

Бұл Ақсу қалай ағып беттегенін,

Байқасын байлығының көп көлемін.

Айтпасам аңғармайтын болар мүмкін,

Есепсіз айдалаға кетпегенін.

 

Көз салып ауданға қарағанда,

Халқыма түсіндірмей қала алам ба?

Тұсында Тасбекеттің Сібір жаққа,

Жиырмадай километр санағанда.

 

Қосылып бүйірінен Сарқан суы,

Астынан Алыбайдың тарағанда.

Тоған боп, тоғыз тарау Қызылқайың,

Қақ жарып, қалың қорық қоғадан да.

 

Қосып ап, арнасына ағынды Ақсу,

Ауданға жол-жөнекей, соғады онда.

Ортасынан ойып өтіп, өзен етіп,

Биік жар пайда болған жағадан да.

 

Жануар жаздың құсы қонақтаған,

Ұялар қалың үй боп, қалған онда.

Қарасаң қабағынан қандай қызық,

Қалықтайд қаз бен үйрек, шағалаң да.

 

Шопылдап, шоршып ойнап су бетінде,

Күмістей жалтылдаған шабақ о да.

Шомылса, шаңқай түсте қыз, бозбала,

Балалар қайранға аунап, шабад онда.

 

Шалдардың кейбіреуі кере құрыш,

Кендір жіп бір шыбыққа тағад ол да.

Отырса қадағалап, қармақ салып,

Сан балық қас-қағымда табад олжа.

 

Тақылдап таң алдында тарғыл торғай,

Таңдайын тамылжытып қағад ол да.

Селоға о дағы бір сән секілді,

Көк көкек сұңқылдаса сағадан да.

 

Селоның сұлу сыртын, ішкі мүлкін,

Меңгеріп, сөз тізіп, сала алам ба?

Сипаттап, шындық сырын ашсам қазір,

Қайсы бір қалыспайды қаладан да.

 

Қамтитын колхоз, совхоз ертеде тұр,

Тізіліп тізедері қарағанда.

Қозғалтқан қара жерді солқылдатып,

Сартылдап станоктар сабағанда.

 

Сыбанып, өз бәсеке, жарыспенен,

Жұмыла, жүріп жатқан сан адам да.

Кен екен, кең арнаның екі жағы,

Жақсы үй жанында тұр алма, бағы.

 

Тартылған проводпен көшелерге,

Гауһардай жарқыраған Илич шамы.

Шарпылап, шыр айнала салған көше,

Көлденең ұзынынан алған неше.

 

Бұрынғы, бүгінгісін есепке алып,

Естіген ел өзі отыр, жалған десе.

Жадағай жар астында жатқан Ақсу,

Байлардың суаты боп, қалған кеше.

 

Кеңейді, міне бүгін өлкесі өрлеп,

Өндіріс орнады кеп, көзге көрнек.

Көп бөлме, үш қабат мектеп бітіп,

Тағы да жақсы үйлер жатыр жөн кеп.

 

Топшылап түрлі табыс салаларын,

Жақсарған, білдік шындық шамаларын.

Шұғыла шат өмірге шашу етіп,

Ұрпаққа үлестіріп жаңаларын.

 

Жүргізіп, еңбек білім мектеп бүгін,

Көк күмбез көтеріп тұр шаңырағын.

Шынардың көзді тартқан гүліндей боп,

Жас бөбек оқып жатыр балаларым.

 

Белгісі тәрбиенің түрінде тұр,

Өткізед, басын иіп ағаларын.

Айбынды мастері ғой бір жағында,

Жасап ұлдар қаба, шыны, аяғын.

 

Қыздары машинамен іс тігеді,

Үлгеріп, үйренудің шараларын.

Шынында осылардың бәрі сонда,

Тұр қазір, тамаша етіп, қара бәрін.

 

Ауданның орталығын жүрсем төрлеп,

Көргенде көк үйлерді көңілім сергек.

Салалы түрлі уақ шаруаларды,

Артелі Амангелді отыр өрлеп.

 

Артельде нелер шебер тағы да бар,

Береді киім тігіп, етік жөндеп.

Сурет қып, шығарушы тағы да бар,

Біртіндеп айта алам, бұның бәрін.

 

Жоспарын жүз процент орындайды,

Үйреткен талай жасты Омар кәрің.

Бұрынғы Мериману кілемдегі,

Көрініп, әлі де жүр Жүрінбегі.

 

Берілген бас міндетін мүлтіксіз қып,

Жіптерін сапалы қып, үнемдеді.

Үлгеріп, табиғаттың түрлі түрін,

Түсіріп, бір кілемге түгендеді.

 

Төрт рет табысына сыйлық алып,

Көрініп, көп алдында шіренгені.

Тау, тасты сурет етіп, жіптен түйіп,

Термелеп, тартып, іліп, тастай қылып.

 

Қарағай, қайыңдарды қалай салған,

Сайлардан жатқан сынды сулар құйып.

Қиысқан қызыл жіптен қызғалдағы,

Боз жіптен бетегелі біткен биік.

 

Бауырында бүлдіргенді бие баулар,

Белден кеп, бейне көзге тұрған ұйып.

Тоқылған таңырқайсың кілем түрін,

Тізгендей, түсіндіріп жүрек сырын.

 

Сүйікті Отанымның дәуірінде,

Дәлелге көрсеткендей бақыт нұрын.

Жақсы іскер, жасты көп, баулып еді,

Өтсе де төрт-бес жыл мұнан бұрын.

 

Тағы бар, нелер шебер тігіншілер,

Тіккенін көрген таң боп, бұл кімшілер.

Қалай пішіп, тігілген, қалай десіп,

Өзді-өзі, бір-бірімен ұғыншы дер.

 

Дағды іскер, тігінші Жәміш деген,

Жасынан қолы таныс әр іспенен.

Әсемдік, әдемілік, көркемдікті,

Көп үйреткен жастарға әдіспенен.

 

Әдемі, ақсұр, талық, түсті кісі,

Сүйріктей саусақтары істі кісі.

Тазалығы, тәртібі бірдей келген,

Адамгершіл қасиет, күшті кісі.

 

Білімді, бізше қазір жас табады,

Бет түзеп, жақсылыққа қас қарады.

Қажырлы соның бірі осы Жәміш,

Артельді көптен-ақ сол басқарады.

 

Аймаққа Ақсу іспен жайған атын,

Халықтық пайдасы көп айналатын.

Басқарған баяғыдан бір қалыпты,

Үлкен өндіріс тұр, ол Май заводың.

 

Жұмыстың жақсаруы ұнатқанда,

Тыным жоқ ұнатпасаң құлаққа да.

Қайласыз қара дүрсін неге керек,

Кім келер, көрінбеген құр ат, даңға.

 

Әрқашан артық жоспар орындайды,

Сүттері көп пе дейді, бұлақтан да.

Жігіттер жөн білетін екі шебер,

Шарғысы аз, сыздаған құр күшке сенер.

 

Қашанда көппен тілдес, бірге жүріп,

Жақсылап жұмысыңды олар жебер.

Ауданға атын қойған өзенінің,

Ежелгі дәстүрі бұл өз елінің.

 

Егерде есте қалар еңбек етсең,

Айтпауға ауызы бар төзеді кім?

Жай мылжың болмау үшін сүйенерім,

Салалы шаруашылық жүйелерін.

 

Жаймалап жұртшылыққа көрсетпекпін,

Көрнекті кейбір еңбек иелерін.

Ақсудың аяғы алыс, аққан көлбеп,

Көне тап, кей мүйісін тапқан ел көп.

 

Батыста Жабасалды, Үлек барын,

Шығысты тауға дейін жатқан жерлеп.

Жүздеген мың, мыңдаған мал шаруасы,

Шарықтап, төрт түлік мал барад төлдеп.

 

Тұра істеп, малдың басын аман сақтап,

Атанған азаматтар бар, «еңбек ер» деп.

Келген сөз, керекке ассын ақындағы,

Қосағаш совхозының атындағы.

 

Баласы Оңалдының Нұрлан қойшы,

Артылып, аса берсін батыр бағы.

Бірнеше шәкірттері орден алып,

Олар да ер болуға жақындады.

 

Қызылтаң совхозында аға шопан,

Құрманбай «еңбек ері» құтты қотан.

Қадірлеп, қиянатсыз қыз бен ұлын,

Өсірген тәрбиелеп, бақты Отан.

 

Осындай адамдар бар ер боп өскен,

Еңбексіз ер бола ма, терлеместен.

Қисапсыз малмен бірге құмды қыстап,

Жаз жайлау жоғарылап, өрге көшкен.