Құрметті оқырмандар! Біраз уақыт бұрын сайтымда,  өткен ғасырдың ортасында ауданымыздың өнер кеңістігіндегі  ақын,  айтыскер  ретінде  халқының  «бетке  ұстар»  азаматы  болған,   Ақсу  халық  театрының   ірге тасын қалаушылардың бірі, өзінен кейінгі  жас дарындардың  ұстазы  саналған, алайда көмескілене  басталған Жәрдембек ТОСТАҒАНБЕТОВ атамыздың есімін де, туындыларын да қайта жаңғырту  мақсатында  әңгіме  басталған  еді...

 

   Бүгін  соны  жалғастыра  отырып  және де таяу  күндері  ұрпақтары  Жәрдембек  бабалары  құрметіне  берейін деп  отырған асы  қарсаңында,  ақынның  қалың  көпшілікке  белгісіздеу  аса  бір  құнды  туындысын,  біздің  өңірде шынайы болған тарихи оқиға ізімен жазылған «Әбілмәжін-Әлипа» деген дастандық шығармасын беріп отырмыз.  Қабыл алыңыздар!

 

 

Әбілмәжін — Әлипа

Жардембек Тостағанбетов

 

Ұсынған  Жемісбек Толымбеков

 26. 06. 2018

 

 

Әкесін алып есіне,Картинки по запросу қыз жігіт атпен қыдыру

Осылай дейді баласы.

Сақалы түсіп төсіне,

Отырғанын қарашы.

Қашты екен сонда несіне,

Бірақ та, жоқ-ау шарасы.

Деді де, бала бастады,

Әкесінің өмірін,

Сондағы алып тастады,

Бейнеттің жұққан көнірін.

 

Ұлтуар өзім атым, атам Қабай,

Естуім үлкендерден әлдеқалай.

Атаның әулетінен азды-көпті,

Күнелтіп, жан болыппыз біз бірталай.

Атаның жөнін жаттап алып едім,

Ұмытып отырғаным, апырмай-ай.

 

Өз әкем әлпештеген Әбілмәжін,

Болмапты би мен болыс, молда, қажың.

Қатарлас құрбысынан қалыспапты,

Қыраудай көзге ілместен малдың азын.

Болса да мал аз ғана, майлығы мол,

Бай болу, бауырлардың арқасы ол.

Сайрандап, сері сымақ жүрген кезі,

Он жеті, он сегіздің шамасы сол.

 

Бәкіжан ең үлкені бас ағасы,

Жәкіжан ортаншысы, со шамасы.

Өзіне тетелесі үшіншісі,

Мұқажан дейтін кіші, жас ағасы.

Әкеміз әкесінен екі жаста,

Қалыпты, тағдыр солай жазған басқа.

Бәкіжан баласындай бауырына сап,

Киім мен кем болмапты ішер асқа.

 

Әкеме еркеліктің еркін беріп,

Жетімдік кемшілігін келтірмелік.

Дегендей өлерінде әкесінен,

Бәкіжан алған екен сертін беріп.

Сәбиге себепші боп, сылап-сипап,

Ержеткен кенжесінің көркін көріп.

Келгенде он сегізге жарықтығым,

Анасы өлген екен, бертін келіп.

Өзімен өзі болып, шығып бөлек,

Он тоғыз жасында әйел алса керек.

Кім еді, кімнің қызы, қайдан алды,

Азырақ, арғы жағын айтқым келед.

 

Әйел ап, он тоғызда үйленіпті,

Өзінше басын құрап дүниелікті.

Сол кезде тәуір жігіт тақымымен,

Тәсілін мал табудың үйреніпті.

Мал табу оңай онда, жортса түнде,

Тобымен қайтады екен айдап мүлде.

Мейірі түскен жерге мырзалық қып,

Қырындап қызды ауылға берген жүлде.

Жүлденің басы жорға, арты соғым,

Шай, қант, көйлек, көншек о да бірге.

Бойжеткен қыз, келіншек жігіт сырын,

Сөз қылды серілігін неше түрде.

Тұнжыр сай қырғауылға тояттаған,

Не бұлбұл саяхаттап, қонған гүлге.

 

Десіпті Әбекеңді бәрі мақтап,

Мүмкін бе, жаман жігіт жұртқа жақпақ.

Жүрегі қылдан нәзік, кете жаздап,

Жақындап жүреді екен қыздар жақтап.

 

Ару қыз Әлипа екен соның бірі,

Белгілі бұл бір сұлу, тұлға ірі.

Сүмбіл шаш, тік иықты, жазық жаурын,

Тар мықын, орта бойлы сыртқы түрі.

Қарақат секілді екен, қара көзі,

Кең маңдай, қиғаш қасты келген өзі.

Қайқаң төс, оймақ ауыз, қыр мұрынды,

Ақ тісті, үшкір тілді, майда сөзі.

Ол өзі Әбекеңе жақын, туыс,

Таразысы талшықтай, бірақ уыс.

Бірлескен бауыры екен бұл қыз десіп,

Әр жерден шығып жүрді өсек сыбыс.

 

Сұмдық қой, бұрын сонды боп көрмеген,

Жолына шариғаттың емес дұрыс.

Дегенді сырттан естіп, ел аузынан,

Болды деп Әбекең жүр, қиын жұмыс.

Қапыда, қарындасқа болып ғашық,

Ғашықпен қайдан онда жүрсін ашық.

Тастемір, Сарыбас ауылы бір мықты жер,

Нақысбек молда келіп, бауыр басып.

Бастап кеп, Арнай болыс құда түсіп,

Түйе мен қырық жеті малын шашып.

Шынында бөтен емес, бұ да Кенже,

Кенжелер қыз алысад ескі жөнде.

Нақысбек молда тұрмақ, қажы болсын,

Қыз көңілі болған соң, одан өңге.

Қайтсын-ай, қыздың іші қырық жаралы,

Жартымсыз махаббаты тартпай жөнге.

Жорға мен жүйрік алып, әке қарық,

Қаршыға қайырылған келер жемге.

Жалбаңдап жауырынын қампитады,

Тұрғандай қолы жетіп биік дөңге.

Қайнаған діннің күші, қырыс заманда,

Зәр екен, табылмайтын молдаң емге.

Енші ал да, балам орның болсын құтты,

Құдамның Арнай болыс ауылы мықты.

Мансапты би мен болыс болса да,

Бәрінен қалыс баспан, енді тіпті.

Тоқтап ед, қыз әкесі солай шертіп,

Шаруаның шартын ойлап түпкілікті.

Тілеуін төрт түліктің талмай тілеп,

Тықыршып, тұяғынан тік тұрыпты.

Туысы, ұлы, қызы жалғыз бала,

Болса да бұл жағдайды мүлде ұмытты.

Ұл болсам, теңер ме еді тайға, тәңір-ай,

Дегізіп, қызға қайғы жұттырыпты.

Қыз жүрегі күйеуден күндік жерде,

Жаралы қыз жағдайын жұрт біліпті.

Дегендей жең ішінен, деп ішінен,

Әбекең Әлипадан сырт жүріпті.

Жерінде жіңішкелеп сәті келген,

Сездірмей, сері Әбекең кеп тұрыпты.

Кербез қыз келешекте кім боларын,

Кеңес қып, күлімсіреп ұқтырыпты.

 

Өзіңнен осы боп тұр өтінгенім,

Өзімді берік ұстап бекінгенім.

Бетіңіз бүгін дұрыс, ертең бұрыс,

Боп кетіп, кейін батыр өкінбегін.

Көрмедім өсек өрбіп, бойым сергіп,

Мазаңды, сіздің жөнді, кетірді елім.

Көлге түс, көзің жұм да, тәуекел деп,

Жолыңа тағдыр жазса шешінгенім.

Шырылдап, шеңгел көрсе қорғалайтын,

Құладың қуған торғай секілдендім.

Соны айтып, сүйенді де жігітке қыз,

Қалай деп қиялымды ойлайсыз сіз?

Сүпідей, сәулетіме кір шалмаған,

Шиырлап, жоғалмайтын салдыңыз із.

Ілгерлі игіліктің іргесі осы,

Батырым, мейлің түзе, мейліңіз бұз.

 

Дегенде, аз ойланып, Әбең тұрып,

Сұлудың басын сипап, шашын бұрып,

Бұл жалған жалғыз мендік болсадағы,

Сағаты сәулем сенсіз қалсын құрып.

 

Ай куә, аспан тағы болсын куә,Картинки по запросу қыз жігіт махаббат ауыл

Маңдайға не жазса да көрдік жүріп.

Кетелік елден шығып, басқа жаққа,

Жан берген жаралғанда тәңір сақта.

Сүйкімсіз ағайынның арасына,

Ақыры сиыспайтын қалдық атқа.

 

Әлипа қыз айға қарап,

Әбеке, ер жігітке таудай талап.

Тайсын ба, тәңір түзер бетімізді,

Бір жағдай тірі жүрсек, болар әлі-ақ.

Әкеме басқасы да жетед шығар,

Құла мен қолға тисе, жорға қара ат.

Жол жүрсек қиын қыстау, қажи қоймас,

Қиналмай, көңілге алған жерге апарад.

Жекеңдей жылқышының жайын тап та,

Білдірмей, тілін буып, үш күн жарат.

Жексенбі деуші еді ғой күннің сәті,

Осыдан бастап төрт күн, жүрсең санап.

Сол күні таң алдында ауылға кел,

Кетелік, келешекке бір «аллалап».

 

Соны айтып, екі ғашық ақылдасып,

Қыз қалды, шығарып сап, бетін басып.

Бел буып, Әбекең де атқа мінді,

Әуелде, жазылған бір бар деп нәсіп.

Жексенбек бір жыл туған, түйдей жасты,

Жар үшін жанды қиып, тіктім басты.

Бір тілек, құрбылықтың қақысы сол,

Ашықтыр екі атты деп ақылдасты.

Жылқының қожасы өзі құрбы Жекең,

Жосылта жылқысына жүрді Жекең.

Жаутаңдап жат ауылда жүру қиын,

Деді де, қимай біраз тұрды Жекең.

Жекең де желіп жетті жылқысына,

Жағдайды басқа айтқан жоқ жылқышыға.

Тілегін жан құрдастың тындырғанша,

Тек жатып, текті жігіт тыншысын ба.

Кеткенде, біз барамыз кімге бөтен,

«Апырмай» дейді ойланып, күнде Әбекең.

Жексенбек құрдасымен қос аталып,

Айтылған төртінші күн түнде Әбекең.

Тұрыпты уәделі жеріне кеп,

Кетпекке елден шығып, мүлде Әбекең.

 

Мамырдың аяқ кезі, ай қараңғы,

Амалын көзге түспеу пайдаланды.

Порымы пері дерлік білмегенге,

Бір дыбыс сылдырлатып, айналанды.

Ақ күміс, алтын алқа омырауда,

Шолпы екен, сүмбіл шашын байлап алды.

Бірлікті береке бер бейбағыңа,

Қайтадан көрсетпесін айдаһарды.

Әрине, айдаһары бай мен молда,

Мүшкілден құтылсақ деп, шықты жолға.

Жайымды жақсартасыз жапар ием,

Сәтімен сапарымды өзің оңда.

 

Ойына Әлипаның осылай кеп,Картинки по запросу қыз жігіт махаббат ауыл

Жеріміз уәделі осылай деп.

О, батыр, жөнелелік, жолың болсын,

Деп тұрды Әбекеңнің қасына кеп.

Қолында қызыл ала жібек қоржын,

Қыл мешпет, өз үстінде көйлек торғын.

Қоржынның екі басын толтырыпты,

Болад деп алдымызда қандай зор күн.

 

Затыңды, қақ пен белдеу, құла тор ат,

Салалық саған мұны бермен қарат.

Қант, шай, қозы қарын қатық, құртпен,

Тағы да киім-кешек салған орап.

Жалмажан Жекең алып, атқа салып,

Ал енді, Әбеке кел, құшақтасалық.

Құдайға тапсырыстық, қош болыңдар,

Көкейге құрбылықты сақтасалық.

Соны айтып аттандырды Әбекеңді,

Қош айтты Әлипа да, бәрекелді.

Батырым, риза бол, бізге сіз де,

Бұл қылық бәрімізден әлі өтеді.

 

Құрықтан қашып барам, басқа жеткен,

Қателік, қиын-ақ қой елден кеткен.

Кетпеске келіспейтін кейпіміз бар,

Барамыз елден шығып сол себептен.

Көз сүртіп, маңдайдан тер шығып жүріп,

Құрбыңның орамал ед, жасын төккен.

Деді де қалтасынан алып берді,

Тамаша төрт шетіне маржан шеккен.

Қош десіп, соныменен жүріп кетті,

Күнбатыс, оңтүстікке бұрып бетті.

Бөкенше құла торы желгенінде,

Жұлдыздай қара жорға жылып кетті.

 

Жарау ат, желдей есіп екпіндеді,

Әбекең қалай жөнеп кеттің деді.

Күн бұлт, ай қараңғы, айдалаға,

Адасып кетсең егер, неттің деді.

Неше рет, бұл бір емес, түн кешкенмін,

Адассам, сонда мені сөккің деді.

Шамасы, сүт пісірім мезгілінде,

Көліне Көлденеңнің кеппін деді.

Көрпесін түннің түре шолпан туа,

Төтелей Жанаштан кеп өттім деді.

Жер жүзі жарық тартқан кезінде сол,

Мінекей, Молалыға жеттім деді.

Қайтеді жүріс қатты, мына екі атты,

Шалдырсақ шүйгініне шөптің деді.

Шашырап күн шықса да көтеріліп,

Қыз қайтсын, жер жадысын көп білмеді.

Күлімдеп Әбекеңе, алақаным,

Ауырып, тіпті шаршап кеттім деді.

Әбекең сонда қарап, күліп алып,

Жақсылап жер жағдайын біліп алып.

Бір қырқа асып түссек, алыс емес,

Бір тұма болушы еді, бұрын анық.

Ақтілес Батырбектің соқылдағы,

Сусындап, соған жетіп, тынығалық.

Тұр екен, аудармастан тапты тұма,Картинки по запросу родник бұлақ

Тұп-тұнық, тас түбінен ақты тұма.

Ажары ауруға ем болғандай,

Сылдырап, сырғи жылжып, жатты тұма.

Әбекең алдын-ала аттан түсіп,

Қалмақша байлап атты, тізгін қысып.

Қол жуып, қорашалай отырысып,

Тұманың мейірі қанды суын ішіп.

Суғарып, суыған соң, әлгі екі атты,

Әбекең отқа қойып, шідер сапты.

Сыпырып ер-тоқымын төсеніш қып,

Ғашықтар құшақтасып, ұйықтап қапты.

 

Тұрған жоқ бұл дүние бекерге құр,

Біреу жылап, біреулер мәз болып жүр.

Жалайырдың бір шеті, бір ауылда,

Боп өтіпті оқиға, мынадай бір.

 

Судан өткен бұрыңғы бір ескі жол,

Жарқабақ боп, жер екен қазылған ол.

Түйеші мен қойшының қызын ертіп,

Шомылуға өзенге келгені сол.

Жылқышы мен бір жігіт қозы баққан,

Қалжыңдасып, сөз қозғап қыздар жақтан.

Жайма шуақ жағада тұра берді,

Бұл қыздарды көрді де, келе жатқан.

Қыздар жоқ, ал жігіттер байқағанда,

Сап келеді, қытықтасып қайқанға.

Қыздардың қызыл гүлдей қырпын шалып,

Шүйілген жігіт ойын айта алам ба.

Оралып омырауға мықты бұрым,

Ағынға аяқтамай, кетті қырын.

Таяз деп таңдағаны тұңғиық боп,

Түспеген терең суға тіпті бұрын.

Қолдарын қыздар сермеп, қалбалақтап,Картинки по запросу суға бату кету

Қақалып, қас қаққанша қалжалақтап.

Кетеді кейде батып, кейде сүңгіп,

Барады салындыдай сандалақтап.

Жігіттер сондағы әлгі тұрған көріп,

Көре суға олар да түсті келіп.

Көз айырмай, екеуі екі жақтап,

Көрінгенін көтеріп, алды теріп.

 

Екеуі бар, біреуі көрінбеді,

Көп қарауға жігіттер ерінбеді.

«Ей» дейтіндей жерден кеп, тауып алды,

Салындысын босатып беліндегі.

Әлгі екі қыз тіріліп, аман қапты,

Қарақұрым ауылы түгел шапты.

Шатыр тігіп басына бай, бәйбіше,

Төмен басын төндіріп, суға сапты.

Түн қысқа, сол мезгілде жаздыгүні,

Күнде шығып, аздан соң таңда атты.

Ақ сәлдесін ораған қожа, молда,

Мағыналап сөйлесіп шариғатты.

Шын киімін кигізіп, жерлеу керек,

Сақтау қиын, өлі жан адамзатты.

Зәруерті зәлімнің жол жобасы,

Сол болса деп, тездетіп дабыл қақты.

Дәл сол күні жерлетіп жатқан жасты,

Жұртшылықты таратып дамылдатты.

Жаңа жұртқа қонам деп осы бастан,

Қоныс екен, жер тозып, оты қашқан,

Ертеңінде бай көшті әлгі жұрттан,

 

 

Малмен бірге жаралып жүрген қасқаң.

Қасуына құланның мылтық кезеп,

Кәрі мерген дегендей атты тежеп.

Тыным таппай, көр ашып, өлік іздеп,

Жортып жүрген кез кепті қасқыр кезеп.

Қыз жатқалы сол кезде толық сөтке,

Бірдемеден бір себеп болып дертке.

Дөңгеленіп, су толған қарны босап,

Құсық құсып әрине, ақта-текте.

Тән жылынып, қан жүріп тамырына,

Тыныс алып, тіріліп, жатыр өкпе.

Өрескел, бір қараңғы суық жерде,

Білген қыз ба түскенін мұндай кепке.

Көтеріліп кебінмен мең-зең болып,

Басы қатып отырды, бұл не деп те.

Тағдыр жетпей жазым боп, талып қалып,

Қалыппын-ау қапыда, босқа текке.

Деп қыз отыр шамасыз салуға айқай,

Анда-санда құлақ сап, артын байқай.

Біреу ашар күн болса, көмер ме еді,

Деп солқылдап қояды, шіркін, пай-пай.

Бірде жылап, қыз бейбақ бірде шошып,

Тұрғаннан соң қайтеді, тәңір қосып.

Қорқау ашып жегенше амалы жоқ,

Отырады қыз сорлы, солай тосып.

Бұным тек қиял емес ойдан тапқан,

Тілге мән бере алмайды бекер мақтан.

Міне енді, тәтті сөздің тиянағы,

Тәп әлгі, ғашықтар да ұйықтап жатқан.

 

Әлипа ұйықтап жатып, түс көріпті,

Түсінде түрі жаман күш көріпті.

Күресіп, көк бұқамен Әбекесі,Картинки по запросу борьба с быком во сне

Әлсіреп, әлі кетіп, тістеніпті.

Тұқыртып, тұмсығынан тартып ұстап,

Өлерде ұрып-жығып, үш бөліпті.

Үрей ме, өлерше ме, өлі жан ба,

Біреуге бір қиянат істеліпті.

Ішінен бұл екі үйдің тауып алып,

Осындай бір ғажайып іс көріпті.

 

Түсі екен, тұра келсе көзін ашып,

Жүрегі шошығандай, өңі қашып.

Айтуға Әбекеңе аузы бармай,

Бұл қалай деді дағы, қойды басып.

Тұмаға тұрып барып, бетін жуып,

Жүрегі қатты соғып, бойы суып.

Демалып, ат шалдырып бірсыпыра,

Байқаса, болып қапты бесін жуық.

Жорымай түсті тіпті бұдан бұрын,

Өскен қыз, ойлап іштен нендей ырым.

Іріген түс түлкінің боғы ғой деп,

Әбекеңе айтқан жоқ ішкі сырын.

Қыз сипап, оятқан соң Әбең мұнын,

Түрегеп, кірбеңірек көріп түрін.

Жаным-ау, шаршадың ба, шырайың пәс,

Жүрелік, болып қапты кешкі құрым.

Құп шырақ, шаршауданда құр емеспін,

Көп жортқан қараңғыда ұры емеспін.

Батыр-ау, айтпағым затым әйел,

Еркектің ең болмаса бірі емеспін.

 

Әлипа, бақытты бол мұның дұрыс,

Кімге де оңай емес түнгі жүріс.

Болмайды іс оңалса бір күнгідей,

Кеселсіз келешекте кез болса ырыс.

Деп барып ертеді атты әкеліп,

Әлипа саймандарын жатты әперіп.

Жүрелік, туған елден тездетіп шет,

Үйсін елін бетке алып кетелік.

«Ал» десіп, күн батарда атқа қонды,

Қыз іштен «о, жаратқан» оңда жолды.

Сиынып, сиқы жаман түстен қорқып,

Қуалап, құлди салып құба жонды.

Жай жүріп, желе аяңдай, жолаушылай,

Жағдайсыз жолаушыға желсең ұдай.

Кең қолтық, жалпақ жатқан, малын баққан,

Жалайыр дейтін ел бар мұнан былай.

Білгенін айтып келед көзі көріп,

Кім таныс болар екен кезі келіп.

Күрсініп, қыз құдай-ау, сақта дейді,

Еліктей елден шығып, безіп едік.

Біз де адам боп кетерміз, өсіп-өніп,

Кісінің ойға ұстамсыз несі берік.

Негізі нар тәуекел, нәсіп етсін,

Ойдың уын Әлипа өшірелік.

 

Картинки по запросу горы ночь гроза Ð»Ð¸Ð²ÐµÐ½ÑŒУілдеп, алай-түлей желде соқты,

Сол кезде бұлт алып аспан көкті.

Күрілдеп, найзағай жарқ-жұрқ етіп,

Шартылдап, нөсерлете жаңбыр төкті.

Жаңбырдан қорғалауға қатты жүріп,

Жай қыстау кез болса деп, қамшы ұрып.

Көрінбес, көзге түртсе тас қараңғы,

Қасында қас маңдайдан салса құрық.

 

Қадалып, қарсы алдында қарайғанға,

Қалшиып, ат пысқырып, қалды тұрып.

Таяуда, таяқ бой жер, бір биік тұр,

Әбекең жалт қараса мойын бұрып.

 

Байқаса, білмек үшін бойлап қарап,

Зор күмбез, ортасында қалың ұрық.

Есік пен терезесі жабық төбе,

Түсті де аттарынан, келді кіріп.

Кәдімгі алты қанат үй секілді,

Сыртта ат, іште олар шылбыр іліп.

Найзағай ойнап кетсе, болып жарық,

Жардай бір, жаңа қабыр жатқан анық.

Аңғарса, шашылғандай жас топырақ,

Жосылып, желі бойы жерге барып.

Бірдеме күрілденген секілденсе,

Бір дыбыс бәсең шығад ыңыранып.

Ымдайды Әлипаға Әбең тұрып,

Тұра-тұр, білейін мен мұнда барып.

Бір тімсік, суық тұмсық мазалаған,

Бұл жатқан, шала жансар, қандай ғарып.

Қос шылбыр қолтыққа алып, мықтап ұста,

Қорқып, қоя беріп, шық па тысқа.

Тышқанның тісі айқасқан бірі шығар,

Болмаса, көрдік енді ғұмыр қысқа.

Шұбалған шешіп тастап қыл қараны,

Қорықса кім демекпіз ұл баланы.

Ұстайын, уысыма не түссе де,

Деді де, қабырғалап сырғанады.

Сырғанап, қабырғалап, еппен басып,

Бірнеше басар жер бар, әлі қашық.

Адамның сырттан сырын сезгеніндей,

Секіріп іннен шығып, асып, сасып.

Саңырау, соқыр, мылқау қараңғыда,

Күрілдеп, екі көзден отын шашып,

Шап берсе, лап бергендей, шөке түсіп,

Қабырды бауырына жатыр басып.

Бір көкжал ор ауызды, орақ тісті,Похожее изображение

Кәніккен хайуан екен, қабыр ашып,

Әбекең айбат шегіп, ақырып ед,

Күр етіп, келе кетті құшақтасып.

Қару қып, көтеріліп, қарғығанда,

Қарыстай биік тегі, тұрды асып.

Арылдап, ала түсіп, алақтады,

Қысып ап, қимылдауға қаратпады.

Қайырылып, қасқыр аузын ашқанында,

Алқымнан ала түсіп, тамақтады.

Тастай қол тамағына кетті кіріп,

Шіріген шекпендей жыртылды іріп.

Алысқан аңға түсіп ақиықтай,

Астына алып ұрып, жатыр бүріп.

Жау күші жығылған соң жеңілдеді,

Жауызды жеңді Әбекең жеңілмеді.

Өрт алсын, өлмегенде несі қалсын,

Қиылып, жұлынған соң кеңірдегі.

 

Қасқырға қарамастан көрге кіріп,

Қазылған қабырды ашып, жерге кіріп.

Жүрегі жаралған ба қара тастан,

Қол жетсе жолдас болып, ерге берік.

Бұл бір іс, таң қалатын ғұмырдағы,

Тал бойы Әбекеңнің шымырлады.

Сындырып бет ағашты, босатқанда,

Бір дыбыс әрең шығып, ыңылдады.

Ыңылдап, адамбысың, аруақпысың,

Әлде жын болып мені алдаппысың.

Әйтпесе, адам болсаң, өлмей тірі,

Өстіп сен, жер астында қалмақпысың.

Қапыда, қатты ұйқыға кетіп қалып,

Қалғанда қасіретке салмақпысың.

Қиғаш қас, әлде кімнің жарымысың,

Жалғыз бір, әлде кімнің барымысың.

Байқаусыз бірдемеден арманда боп,

Біреудің көкейінде зарымысың.

 

Солай деп Әбең түсіп, ақымға еніп,

Жыбырлап жатқан жанға жақын келіп.

Жаңа бір дауыс шықты, жаның бар ма,

Деп еді, шамал аздап, шақырды өлік.

Сипаса, тұрып отыр, анық адам,

Басуға буыны жоқ, халы жаман.

Құшақтап, ақымнан алып шықты,

Шығарсың бір мұсылман танымаған.

Тірілсең, тілге келіп, танысарсың,

Таныссаң, жанұяңмен табысарсың.

Ажалдың да аузынан аман қалдың,

Әлі де тірлікпенен жарысарсың.

Жаны бар, бірақ білмейд тіл дегенді,

Тап қазір сөйлеу қиын тілмен енді.

Тыныштап, жатқызуды жайластырса,

Жолдасын ұмытыпты мүлде енді.

Менің де бір жолдасым бар емес пе,

Ертеден ұмытпайтын қара кешке.

Қалт етіп, ұйқысынан оянғандай,

 

Әбекең Әлипасын алады еске.

Моланың көрсе бос тұр есігі енді,

Осылай жазған ба екен несібемді.

Деп барып, назаланып тұр Әбекең,

Дүние кеткендей боп көшіп енді.

Көз ашып абайласа, күн жауыны,

Толастап, найзағайлар өшіп енді.

Ажырап, қара бұлттар тарасыпты,

Тұрамын бұл арада несін енді.

Осымен қарғып түсіп, тысқа шықса,

Шапанын қыз тастапты шешіп енді.

Шапан алды, бұл шапан жерде жатса,

Жазым боп сүйретілді-ау, сол екі атқа.

Есектің қосындай-ақ, жолда қалған,

Қиын ғой, айдалада қаза тапса.

Тәңірім, жан қып тегі жаратсаңыз,

Жазымнан Әлипаны өзің сақта.

Сәріден таң алдында сарнап солай,

Әбекең қайтсын қайғы жанға батса.

Лақтай жарға ойнаған келеді ырғып,

Ізімен сүйретінді сонау жаққа.

Шағылдан адыр бұйра әудем жерде,

Көре сап Әлипаны келе жатса.

 

Жарқыным, жан жолдасым, тірімісің,

Тап болып, қалды деп ем, қанды қапқа.

Құшақтап, ат үстінен көтеріп ап,

Қыл шылбыр, қолға батып, турамап па.

Талмаурап, Әлипа қыз әлі кетіп,

Айтқаны Әбекеңе мәлімдетіп.

Айтпап ем, түрі жаман бір түс көріп,

Кездесіп, кетіп жатыр бәрі өтіп.

Не болса соны айтқанды жаны сүймес,

Көңіліне кейбірдің келмес үндес.

Көрелік, әлі де болса артын тілеп,

Тоқтыға тәңір баққан бөрі тимес.

Рас сол, Әлипа жан артын байқа,

Кеңесіп, бастарынан өткенді айта.

Қонысып, аттарына ақырындап,

Қайрылып, көп зиратқа келді қайта.

 

Қыз жатыр, қара нәркез, қалың шашты,

Шалқая, шашын тастай, бетін ашты.

Жанары жан тартарлық, дөңгелек көз,

Ат жақты, қыр мұрынды, имек қасты.

Қалжаурап, қатты ұйқыдан оянғандай,

Ұмтылып, тез көтеріп алды басты.

Білмедім бұл не деген ғаламат деп,

Қамығып, қыз қаймығып, қатты састы.

Бұл ғарып тіріліпті, төленді тер,

Тұрпалық қызға Әлипа бір киім бер.

Байқалық сонан кейін жөнін сұрап,

Сөйлесіп, әкетелік дейді Әбең ер.

Әбекең осылай деп түйіндірді,

 

Қыз көркі Әлипаны сүйіндірді.

Шай көйлек, торғын шәлі, мәсі байпақ,

Алды да қоржынынан киіндірді.

Халыңыз қандай қазір сенің шырақ,

Шынында отырғаным менің сұрап.

Сырқаттан денсаулығың саламат ба,

Ажалдан аман қапсың демің шыдап.

Қай елсің, кім дегеннің баласы едің,

Қай жақта, қандай жерде елің тұрад.

         Санам сан, ойым қазір үш бөлінді,

       Ой, аға, мен білмеппін өстерімді.

        Қасымда екі қызбен шаңқай түсте,

     Быжыға білем барып түскенімді.

      Туысым ұлы, қыздан жалғыз ғана,

           Өзім-ақ, болсам керек жалғыз бала.

            Бір минут көз алдынан айырмайтын,

   Қай халде, отыр екен ата-ана.

              Бақырып әке, шешем зарлай ма екен,

              Түс көріп, болмашыға барлай ма екен.

      Болмаса ертеңді кеш еңіреумен,

           Боздаған ботасына нардай ма екен.

         Өліппін, аузыма су толғаннан соң,

             Тағдырда солай жазу болғаннан соң.

        Бүгіліп әке, шешем жатқан шығар,

            Қолынан келер қайла болмаған соң.

        Көңіл бөл, жауабымның жобасына,

       Жарықтық, басымдағы бақ осы ма.

        Жапанда жолыңызға кез болыппын,

     Жайымды сұрасаңыз, дәл осы да.

         Осындай мүшкіл халым, қиын енді,

       Қаншама алсаң қымбат сиын енді.

          Сіздерден сұрайтыным рұқсат болса,

Аға, апара көр үйіме енді.

 

Ел жұртын сұрастырып, ауылын анық,

Анығын әбден біліп, қыздан қанық.

Қалындап ат көрпесін, көтеріп сап,

Әбекең қызды жүрді алдына алып.

Қозы көш, жазық жерде бел көрінді,

Боз ауыл, белге шықса ел көрінді.

Еліктей екі аттыға ілестірмей,

Қамшыдай бір қашаған кер көрінді.

Қой мойын, құлан кеуде қашаған кер,

Төрт пен бестің бірін, жасаған кер.

Жорға екен, жүйрік тұрсын жел жетпестей,

Жануар жылмай жортып, басады жер.

Жорға кер жұлдыздай боп өте шықты,

Түрі жоқ шалдыратын жеке түкті.

Тұсына төрт аяқты келер емес,

Сағымдай көрінісі өте тіпті.

Торы мен артындағы бозға мінген,

Бәйгелер екеуі де озған жүзден.

Қуалап, дамыл алмай, дағдарысып,

Кез екен қуғыншылар күдер үзген.

Келді де сәлемдесті әлгі екі атты,

Алқынып, астында аттар танау қақты.

Қан түскір аяғыңа, қасқыр жегір,

Жау алғыр, жеткізбед деп, боқтап жатты.

Жылқышы жасы қырық мөлшерінде,

Маңдайдан терін сүртіп, сипап жақты.

Жас жігіт жанындағы жаяу түсіп,

Таңырқап, тұра қалып, қызға бақты.

Бауырым, ағай ерім, бұл неткен сыр,

Сұрауға сізден бұны, тіл бармай тұр.

Тұлғасы тура мұның аумайды екен,

Мынау қыз, біздің өлген қарадан бір

.

         Сонда қыз жыламсырап, Керімбісің,

       Кер қуған, атты тер қып тегінбісің.

    Тірілгенін қыз бала жайын айтып,

       Жақсарт деп жабырқаған елім ішін,

         Ертерек естірт барып, сүйіншіңді ал,

     Ауырған ата-анамнан менің үшін.

  Уәлі мыңның бірі деген бар ғой,

     Арқылы мына адамдар менің ісім.

  Мін дағы атыңа тез ауылға шап,

             Шындыққа шек қоймаңдар, сенімдісің.

Секірді сонда Керім атына енді,

Ауыл да алыс емес, жақын еді.

Жарты көш, жылқы айдаса жер мөлшері,

Меңдекең дейтін тап, ата ұл еді.

Ауылы мен аймағына бас көтермей,

Ауырып ата-анасы жатыр еді.

Жыласып, алла бізді алыңыз деп,

Артық па, баламыздан жанымыз деп,

Жатыпты жарты түйір нәр татпастан,

Тоқтасын осыменен қанымыз деп.

Қайысып, қалғып кетсе халы кетіп,

Құлатқан үйін дауыл қағып өтіп.

Қайтадан қалпындағы тіккен үйде,

Таңырқап, отырғанда дамыл етіп,

Дәл түстің мезгілі екен ашса көзін,

Көтеріп, бір қуаныш жатса өзін.

Жоқ жерден бір қуаныш берермісің,

Жаратқан деп оянды патша өзің.

Өзеуреп, сонда біреу мынаны айта,

Ағайын айқайымның артын байқа.

Бай менен бәйбішеден сүйінші деп,

Шақырад елді айқайлап, қайта, қайта.

Қарамай қамалаған басқа жанға,

Жүгірді желмен есіп, атып алға.

Ақ үйге айқай сала келді кіріп,

Көркінде көп қуаныш, қаптаған да.

 

         Қызыңыз келе жатыр, көрдім жаңа,

         Кейпі бар, жерге сірә жатпаған ба.

          Жатса да, жапар ием жәрдемші боп,

   Жанында екі адам, сақтаған да.

 Сол адам біреуі қыз, біреуі ұл,

  Кең иық жігіт екен мақтағанға.

 

Қуанып, ата-анасы айтып жатыр,

Жолына сарп еттік деп сақтағанға.

Мал болсын, дүние болсын, бәрін алсын,

Баламмен тастасын тек бас панамда.

Соны айтып, қай жерде, қайда десіп,

Атап сой ақбоз атты, байла десіп.

Бетінен бір сүйгенге тұрмас бәрі,

Бар малды алдарыңа айда десіп.

Алдамай, анық болса арманым жоқ,

Алланың нар ісіне жалғаны жоқ.

Деп айтып, әкесі атқа шықса мініп,

Алдында қыбырласып бір қалың топ.

Шықты да, топтан озып біреу шапты,

Бай-екау, сүйінші деп айғай сапты.

Сәті боп, сөніп қалған отыңызды,

Өзіңе керек етіп, қайта жақты.

Жаратқан жоқты бар қып, шөпті бал қып,

Жадыңнан шығармассыз жалғыз хақты.

 

Қасына, сол арада топ та келді,

Топ келіп, сол араға тоқтап еді.

Таңданып, түсе қалып әкесі аттан,

Қалқам, қызын көріп, құшақтап еді.

Өзімісің, өнім бе, түсім бе деп,

Бос әуре боп жүрмін бе, жаппар деді.

 Әкесі жырлап:

        Түсім бе мынау, өнім бе,

        Кеткенім келген өлімге.

             Өзге бір бөгде жерде емес,

 Өз елім, өз жерімде.

         Жұмғанда қалқам көзіңді,

    Сенен қалар жөнім бе.

  Жасағанға жеткен бе,

  Жылағаным менің де.

   Мың бір тәубе тәңірге,

    Таусылмапты демің де.

            Өлген жан қайта келген бе,

     Жер үсті, аспан көгінде.

       Орылса сабан болмай ма,

Көгеріп өскен егінде.

       Естуің бар ма ел-жұртым,

   Ертеде болған тегінде.

 Тіріліп қайта тұрғаны,

  Оралған адам кебінге.

        Көпшілік сіздер айтыңдар,

Келем бе рас сенімге.

 

Соны айтып ауылына алып жүрді,

Анталап, артына еріп халық жүрді.

Құдайдың құдіреті тіріліпті,

Қызы деп, халық қайран қалып жүрді.

Анасы көре сала күнім деді,

Рас па, өтірік пе, мұның деді.

Мысалы, рас болса тірілгенің,

Қамырдың қалай аштың құмын деді.

 

    Шешесі:

           Қалқам, келші қасым-ай,

                    Шықтың ба шын-ақ, шошымай.

          Ажалың судан болып ед,

                Келгенде он төрт жасың-ай.

      Шықпады жан демесе,

     Атаң қалды жасып-ай.

            Жұлдызым жауап бермедің,

      Барғанда біз басың-ай.

        Бір найза бойы жер асты,

           Япырмай, сонша қашық-ай.

             Қозы көш жерден ән салсаң,

             Кетуші ед дауысың асып-ай.

         Айласын алла берген ғой,

            Дүниеден дәмін шашып-ай.

         Шерлі боп қалып мен анаң,

        Жұлынып түсті шашым-ай.

        Шарасыз шаршап аңсаған,

   Әдіре қалып басым-ай.

         Бұл күнің ботам шын болса,

    Өшкенім жанды осылай.

        О, жұртым, ойын-сауық ет,

        Ой менен қырды қосып-ай.

      Қыз бенен жігіт қонағым,

         Баламның мәңгі досы ұдай.

Дүниемді беремін де,

  Кетемін өзім босып-ай.

   Баламның бәрі жолына,

      Ойладым, халқым осылай.

 

Осымен кетіп жатыр халық тарап,

Қуаныш кеп, қайғысы қалып барад.

Қонағына құрмет деп, қол қусырып,

Оңаша, үйге арналған алып барад.

Әлипа мен Әбекең құтты қонақ,

Құрметті, құтты қонақ мықты болад.

Ақбоз үй әшекейлеп, алты қанат,

Қаңғырған ғашықтарға тікті оңап.

Онан соң он күн, он түн той қылады,

Нашарды ғарып мүскін тойдырады.

Төрт түлік, қырық жеті қалың беріп,

Борышын Әлипаның қойдырады.

 

Ел білді Әбекеңнің ер екенін,

Ел іші елеулі сері екенін.

Сүйегі найман, матай, кенже руы,

Дейтұғын көккөз, ноғас ел екенін.

Әбекең түсті талай арысқа енді,

Атақты жігіттермен алысты енді.

Адамға айтарлықтай асқан өнер,

Тік тұрып ат үстінде, жарысты енді.

Алыстан ақ күмісті атты тағы,

Теңге іліп, ат үстінен қақты тағы.

Қасына құранды ердің қолын тіреп,

Шаншылып төбесінен шапты тағы.

Шіркін-ай, неткен жігіт дегізді елді,

Нелер паң, көреміз деп семіз келді.

Қабайдың қара көкжал тұқымы екен,

Тартқан десті жұрт негізге енді.

 

Ел кетті, естен кетпес тойда бітті,

Алты ай Әбең алмай ойға түкті.

Тәрізін таниын деп, ол сұм келсе,

Арнай ауылына ат ойнатыпты.

Қалың мал, қалтырмай бер өсімімді,

Өрескел кешірмеймін кесіріңді.

Көрсет пе көптігіңді көкпек бізге,

Болмаса қайтарып бер жесірімді.

Сонда олар мынадай келісімге,

Қазір жоқ тентегің ел ішінде.

Ізделік, бір ай мезгіл рұқсат бер,

Болмаса мал жетерлік өрісімде.

Айтпапты Арнай болыс көпке бөтен,

Болсын-ақ, осы жолы текке кетем.

Көп емес, бір айды күттік десіп,

Осындай уәде ғып кеткен екен.

 

Бәкіжан осыны айтып жаным деді,

Кенжеге кетіп болды арым деді.

Атаның аруағы ма қолдап жүрген,

Қиқарым, жақсы екен ғой халың деді.

Қарағым қалыңдығын құтты болсын,

Алып кел, құда берген малын деді.

Мал тегі басқа бітед деген бар ғой,

Бес-алты үй бөлісерміз барын деді.

Бес кісі жүрді Әбекең қасына алып,

Ешкімді қинамай-ақ, асыра ғып.

Құдайдың бұл да берген бағы шығар,

Халықтан несін оны жасыралық.

Жақсылық, жамандықты жұбат деген,

Осылай жігіттікті асыралық.

Деп Әбең аттанысып жолға түсті,

Жорға кер басы жұмсақ, белі күшті.

Жасалық бөрі қашты жол жөнекей,

Жігіттер келіңдер деп, іші пысты.

Шолдырмай біреуін, шайқай жылжып,

Әлгі кер жорғасымен құстай ұшты.

Қуырып жер танабын тұқырғанда,

Әбекең табан тіреп, тізгін қысты.

Қашаған кер осы еді, бай аты әлгі,

Бас аты бай қызының мінген сәнді.

Әбеңе сыйлық үшін берген екен,

Шалдырмас төрт аяқты тірі жанды.

Тығыз жүн, сымпыс құйрық, қыл жалы бар,

Ботакөз, бөкен танау, бұл жануар.

Бүркіттей салық төсі, бұғы тірсек,

Қоян жақ, қамыс құлақ, бір жануар.

Ауылдан шыққан күні бұлар жетті,

Бесінде жексенбі күн үйге кепті.

Жігіттер Әлипамен есендесіп,

Ел аман, сол баяғы күнде депті.

 

Батырда байға кіріп айтты жөнін,

Бай да деп «есенбісің» Әбең ерім.

Егескен, ерге қастық албырт жастық,

Жауласқан, жанжал шудан аман ба елің.

Әбең де аманшылық елім деді,

Ежелден жесір болмас тегін деді.

Қырық жеті қалың малын қайтаруға,

Кесімнің келтіріпті ебін деді.

Ер туған жеріменен беу, байеке,

Көшіме рұқсат ет менің деді.

Бай біраз басын изеп отырды өзі,

Жасаурап, жыпылықтап екі көзі.

Күрсініп, күле қарап Әбекеңе,

Мінекей, байдың сонда айтқан сөзі.

 

       Батырым, бүгін менің баламдайсың,

     Қалайша, бір тілімді ала алмайсың.

       Ауылыңа аялдатпай малыңды айдат,

  Биылша өзің елге бара алмайсың.

 

Сол сөзін байекенің бұза алмады,

Бейсауыт, еске түсіп қыз алғаны.

Қолқасы байдың салған бір жыл шығар,

Дегендей сөз қысқарып, ұзармады.

Елу қой, алты сиыр, он бес түйе,

Төрт құнан, екі айғыр мен он бес бие.

Белсеніп бес жігіт Әбекеңнің,

Ауылына айдап кетті, болып ие.

 

Әбекең сол арада бір жыл тұрыпты,

Бәйбіше жолы жағып ұл туыпты.

Баланың атын қонақ қойсын десіп,

Айтысып, ауыл болып ынтығыпты.

Атансын Әбілпейіс атыма ұқсас,

Сол сөзін Әбекеңнің жұрт ұғыпты.

Балаға бауы берік айтайын деп,

Байды енді бір жыл толды байқайын деп.

Байеке, балаң жасы ұзақ болсын,

Еліме рұқсат ет қайтайын деп.

Байға кеп, осыны айтып, отыр сұрап,

Сұрағы сиымды енді, байға да ұнап.

 

          Рұқсат, қайтам десең, жолың болсын,

       Келіп тұр, келінменен жылда бірақ.

  Есіттім, ерім сенің арғы атаңды,

        Абиыр жолдас болсын, ал батамды.

          Шырағым, қайтам десең, қайыр енді,

Жүгіңді арт, алда сары атанды.

 

Мінгізді Әлипаға әсем қоңыр,

Әйгілі әсем қоңыр осы елге бір.

Бәйбіше аттандырып, айтып жатыр,

Ұмытпа, бір төркінім осы ел деп жүр.

Інісін ұстай келіп қыз қолына,

Қоштасып, қыз да тұрды өз орнына.

Тәте мен аман боп жүр аға сізде,

Артықша алғыс бізден із жолыңа.

Қоштасып, қол алысып, көшті бұлар,

Білген жан ер еңбегін өстіп ұғар.

Сіздерді көшірісіп апарыссын,

Деді де, екі жігіт қосты бұлар.

Елге кеп, еркін өсіп, өмір шекті,

Шаттықпен неше алуан күндер өтті.

Өң қашқан, ауру аштықпен араласқан,

Айтулы отыз екі жыл кеп жетті.

 

Белгілі сол жылдағы елдің күні,

Көз жұмбай қалған адам көрді мұны.

Болғанмен көзге танық, көңілге анық,

Қисса қып сол себептен бердім міне.

Қырылып қисабы жоқ сонда халық,

Халықтың халы кетіп, арып-талып.

Тірліктің тамашасын көрген Әбең,

Әуре боп, Әлипасы дүние салып.

Әлипа Әбекеңе өтерінде,

Өзеуреп, о дүниеге кетерінде.

Шикі өкпе қалмаған соң бола алмады,

Лақты ешкі құрлы жетегінде.

Жасай бер жақсылықпен жан жолдасым,

Қайтейін, осылайша кетемін де.

Деді де көзін жұмды күлімсіреп,

Күбірлеп, махаббатты ғазез жүрек.

Жаймалап жолдастықтың жайын айтып,

Кеткенше күйеуіне ғұмыр тілеп.

 

Айла жоқ ап қалуға, ашу кернеп,

Ажалсыз, арпалысып болып өлмек.

Өрескел естен танып, жатса талып,

Жұртшылық Әлипасын қойған жерлеп.

Әбекең санап өзін өліге есеп,

Ел енді мұның да өлген жері десед.

Жоқтайды, зарлап жылап, жасын бұлап,

Құшақтап қамырын, бауырын төсеп.

Әбекең кейде аңырап, кейде тоқтап,

Қара тер кейде құрғап, кейде қаптап.

Ғашық болып қосылған Әлипасын,

Әбекесі артында отыр жоқтап.

           Ғашығым, кеттің қай жаққа,

        Өзіңдей кім бар аймақта?

Ала кет мені Әлипам,

      Артыңда бекер сайратпа.

        Салмаңыз сансыз қайғыға,

           Ғашығың, мендей бейбаққа.

      Бір күнде шыдар емеспін,

    Қосылам енді қай уақта.

       Ғашығым қайда тастадың, 

        Жарайма менен қашқаның.

   Мен қалай өмір өткізем,

    Қасына барып басқаның.

Бес саусағың бес кісі,

      Басыма мамық жастадың.

       Жайнаңдап өзің жүргенде,

           Жоқтықтан жоқ ем сасқаным.

Бетіме сен деп алара,

 Көзіңді қатты атпадың.

   Арманың сенің Әлипам,

      Бауырыңа бала баспадың.

Айтып айтпай немене,

    Артыңда өстіп қақсадым.

 

Деп тұрып бейітінде кетсе қалғып,

Қасына келгендей ғашығы аңдып.

 

Әбеке, әуелде осы көрмегіміз,

Құрсақта жаратқанда бізді жан ғып.

Жүдемей, жақсы боп жүр, бұл асыл сыр,

Тірлікке тырбаныңыз енді қам ғып.

Соны айтып, дәл өніндей қолын алып,

Әбеке, ойланыңыз соны барып.

Салынба сергелдеңге сен батырым,

Сіз бен біз ақыретте жолығалық.

 

Түсі екен, таң алдында көзін ашса,

Бейуақта бейітке кеп ұйықтап жатса.

Жаралу солай болып, бітсе басқа,

Қашанда құтыла ма пенде қашса.

Тұрмапты түсінде көп сөз ұзартып,

Қайтеді қайғырғанмен көз қызартып.

Қазасыз қиналғанмен өлмеген соң,

Үйіне өксіп батыр келді қайтып.

Бірде бар болып жүрді, бірде қағы,

Шамалап ойлап көрді, тірлік қамы.

Арғымақ арысада аттан биік,

Бірнешеу жақсы, жаман алды тағы.

Солардың біреуінен болды бала,

Болғанда Серікбайы жалғыз ғана.

Жүргенде көп көрім боп, дәм бөлініп,

Кетіпті ажырасып бұдан ана.

Алыпты ақырында тағы біреу,

Тоқтап, тапты ойланып ұзын тілеу.

Ұл үшеу, қыздан екеу, бесеу тауып,

Болды ол жақсы жолдас, жанға сүйеу.

Сонымен келе жатыр Әбең серің,

Серінің суреттедік көргендерін.

Күн, айы әрине осы балалары,

Бақытқа ылайықты қандай көрім.

Оқуға оңдап жұмсап зеректігін,

Өмірдің біліп бәрі керектігін.

 

Көңілі Әбекеңнің көп көрімді,

Ержетіп балалары келед бүгін.

Шал болды қызыл шағыр, биік қабақ,

Қозғалса қаба сақал төсін жабад.

Қарекет қайратына ылайықтап,

Колхоздың қазіргі кез қойын бағад.

Біледі мал бағудың бабын жақсы,

Айына алпыс, жетпіс еңбек табад.

Колхоздың қой қаптатып даласына,

Даланың шөбі шүйгін арасына.

Айдамай, қозғап қайырып, қыбырлатып,

Қарттыңның таң болад ел қарасына.

Көз тартып, күн нұрына шағылысып,

Төсіне орден таққан қадасына.

Жетпіске желдей есіп келді Әбең,

Шалқытып, шопан болды баласы да.

Бұл батыр бүгін жатыр пенсияда,

Он, он бес жыл боп кетті арасы да.

Тірліктің таразысын теңей келіп,

Көне мен білсің деп ем жаңасын да.