Сайтымның бүгінгі  парағы  өткен ғасыр кезеңінде әуе ұшқыштары қатарына жататын санаулы қазақ азаматтарының  бірі, қазақ  әуе  жолы саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосқан, ұзақ жылдар Қазақ авиациясының  басшылығында  қызмет  еткен,  еңбек  ардагері  Тұрысқали  Мәдіғожинға  арналып отыр.

  Биыл 80 жастың сеңгіріне жетіп отырған Тұрысқали   ақсақал  Ақсу жеріндеқұлагер ақын Ілияс Жансүгіровтың туған ауылында өмірге келген және  оның аталас ұрпағы болып келеді.  Тұрысқали Мәдіғожинді кезінде қатарлас республика деңгейінде  жауапты қызмет атқарған азаматтар, авиаторлар қауымы, ауданымыздың аға ұрпақ жұрты  танып біледі деп айтсақ та,  оны қазіргі қалың қауымға,  жастарға  жақсылап таныту, насихаттау қажеттілігі бар деп санаймын.

  Міне, осы мақсатта  бүгін оның өмірдеректері туралы жазбаларды  және осыдан 10 шақты жыл бұрын жарияланған мақаланы беріп  отырмын. Қабыл алыңыздар!

 

Мәдіғожин Тұрысқали

 

Мәдіғожин  Тұрысқали

  Мәдіғожин  Тұрысқали.  Азаматтық авиацияның 1-ші сыныпты инженер-ұшқышы.  «ҚСРО-ның еңбек сіңірген ұшқысы».

   1938 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы Ойтоған ауылында туған. Рулық жағынан: Найман — Матай — Қайнар. Әкесі — Мәдіғожа Баймұхаметұлы, өткен ғасырдың 40-шы жылдары ауыл басқарған азамат. Шешесі — Тойған.

 Ақсу ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы (қазіргі Мамания) орта мектебін бітірген. Жоғары білімді,  Саратов облысындағы Краснокутск азаматтық әуе флоты училищесін, Ленинград қаласындағы ҚСРО Азаматтық авиациясының Академиясын бітірген.

1964 жылдан бастап Азаматтық Авиация саласында командалық-ұшқыштық лауазымдарыныңбарлық сатысынан өтеді. Ұшқыш ретінде ПО-2-ден  бастап ТУ-154-ке дейін ұшақтардың 7 түрін меңгереді.

 Көп жылдар Өскемен, Алматы бірлескен авиаотрядтарының бастығы болады. 1971 жылдан 20 жыл бойы Қазақ азаматтық авиация Басқармасы бастығының орынбасары және бірінші орынбасары қызметін атқарды. Сол жылдары Басқарманың  бастығы - 2 рет Социалистік Еңбек Ері атағын алған Николая Алексеевич Кузнецов болатын.

  90-шы жылдардың басында ұшқыштық қызметінен кетіп, Қазақ азаматтық авиация Басқармасының жердегі аэронавигациялық қызметін басқарды. «Қазаэронавигация» РМК-ның бас директоры, әуе қозғалысының ұйымдастыруының Оңтүстік-Шығыс аймақтық орталығының басшысы болып қызмет атқарады (1991-99).  Қазір зейнеткер,  

«Экстремальные полеты» ауып шегіндегі ұшулар) деген және тағы 1-2 кітабы шыққан. 

  Ұлы — Дмитрий,  физика-математика ғылымдарының докторы. Мәскеу облысындағы Дубно қаласындағы атом  станциясында қызмет атқарады,  Қызы - Гульнара  Нью- йоркта турады

  Мәдіғожин  Тұрысқали  «Ленин», «Құрмет белгісі» ордендерімен және көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.  Ақсу ауданының Құрметті азаматы

 

 

Картинки по запросу мадигожин турыскали

Т.Мәдіғожин. Мектептегі жылдардан. 2-ші  қатарда, сол жақтан 1-ші.


Картинки по запросу мадигожин турыскали

Тұрысқали Мәдіғожин

 

 

 

Картинки по запросу мадигожин турыскали

«ҚСРО-ның еңбегі сіңген ұшқышы» атағын алғаннан кейін


Картинки по запросу мадигожин турыскали

Басқарма  бастығы Н.А. Кузнецов пен оның орынбасары Т.Мәдіғожин

 

 

 

Осы деректерге  шағын естелік ретінде Өзімнің қосатындарым:

 

  Мен өзім Тұрысқали ағамыздың есіміне, ағайындығы бар болғандықтан, бала кезімнен қанық болып өстім. Үлкендеріміз оны Ақсу өңірінен шыққан алғашқы ұшқыш ретінде мақтаныш ретінде айтып отыратын.

  Ал, оны алғашқы көріп, жақын білуім 1979-шы жылы  атақты «Мамания» мектебінің бірінші рет мерейтойлық шараларын (80-жылдық)  ұйымдастырып өткізгенімізде болды. Ол, кезіндегі мектепті  бітірушілердің бірі  ретінде елдің құрметті қонағы болды.

  Содан бастап, Ақсу ауылында орналасқан «Жаңақоғам» кеңшарының парткомының хатшысы ретінде ағамыздың ауданға әрбір келгенінде кездесіп әңгімелесіп тұратын болдық.  Сол жылдары ол кісінің тарапынан ауданның, біздің шаруашылықтың ауылшаруашылығы саласында туындаған қажеттілік кезінде бірнеше рет Алматыдан тікұшақтар жіберіп көмектескені де болған.

  Одан ары, қиыншылығы мол болған 90-шы жылдары  аудан  әкімінің бірінші орынбасары ретінде тағы да ағамыздан ауданға көмек-қолдауын көрсетуін  өтінген сәттер болды.  Мәселен, бір жылдың көктемінде  өзінің туған ауылындағы тұралап тұрған  «Қызылтаң» шаруашылығына, өзі басқаратын мекемесі тарапынан  жанармай жағынан көмектесіп,  егіс жұмыстарын алып шыққан еді. Және басқа да көмектері  мен тұрғындарға атқарған қайырымдалық шаралар да болды. Оның  сыртында,  жыл аралатып ауылына, ауданға келіп елмен, мектеп оқушыларымен кездесулер өткізіп тұрды. Жерлестері өз ризашылықтары ретінде оның әкесінің ертедегі еренді еңбектерін құрметтеу мақсатында бір көшенің атын берді. Өзінің де атын  қою туралы ұсыныстар болғанымен, ол  «мәдениетті түрде» қарсылығын білдіріп. келісімін бермеді.

 Түкең зейнеткерлікке шыққаннан  бастап, отбасы жағдайына байланысты 2010 жылы Мәскеу қаласына көшіп кеткенше ауданмен тығыз байланыста болды. Аудан деңгейінде өткізілген мерейлік және басқа да көпшілік шаралардың қонағы, қатысушы болып отырды. Т.Мәдіғожинге 2009 жылы аудандық мәслихаттың шешімімен «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Ардақты ағамызға әлі де ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, көп қуаныштар тілейміз! 

 

Ақсу ауданы азаматтары арасында

 

Картинки по запросу мадигожин турыскали

Қазақстан Компартиясы 15-ші съезі делегаттары: Т.  Мәдигожин,Ғ. Тұрғанбаев,     Ж.Қалиев, О. Сүлейменов

 

Ақсудан ұшқан ақиық

 

Әбу Смағұлов

 Қазақ Азаматтық авиация ардагері

... Аудан орталығындағы жалғыз казақ орта мектебін 1953 жылы бітірген оқушылардың ішінен өзінің зейінділігі мен білімдарлығының, тиянақтылығы мен ұқыптылығынын, ұстамдылығы мен байсалдылығының арқасында ұстаздардың шынайы ықыласына бөленген Тұрысқали тұңғыш рет алыс жолға аттанып, Ресейдің Саратов облысындағы Краснокутск каласындағы Азаматтық әуе флоты ұшқыштарын даярлайтын училищеге курсант болып қабылданды.

  Бұл қуанышты хабар ақсулықтардың мақтаныш сезімдерін оятумен бірге мектепке де, ұстаздарға да үлкен абырой әкелді. Оқу жылының басталу рәсіміне арналған жалпымектептік жиын алдында жарияланған сүйінішті ақпарат екі-үш күннің ішінде бүкіл ауданға тарап үлгерді. ¥лы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанын осыдан сегіз жыл бұрын ғана тойлап, мәре-сәре болған жұртшылық өздерінің көз алдында өсіп, буыны енді қатып келе жатқан жас өркеннің қиындықтан қорықпай, ата- бабасына кәсіп болмаған мамандыкқа ұмтылғанына тәнті болды.

 Құрылымдық жүйесі бойынша да, ішкі тыныс-тіршілігі бойынша да ұшқыштарды толыктай әскери тәртіпте даярлайтын училищеде курсанттық өмірге тікелей қалыптасып кету де, оқып-үйрену де ауылдан келген балаларға оңай емес-ті. Әсіресе, тілдік ортаның жағдайы көп қиындық туғызды. Яғни, көп еңбектену керек еді.

 

  Десек те, Тұрысқали жарты жылдың ішінде үлгерімі жақсы курсанттар қатарына қосылды. «Ұшу кезінде ұсақ-түйек болмайды» деген кағиданы санасына түбегейлі түйген Тұрысқали нұскаушыдан «Неге олай?», «Неге бұлай?» деген сауалдарын қойып, жауап алудан жалықпады. Мақсаты — ұшу теориясын оның накты техникасымен сабақтастыра отырып. іс жүзіне асыру және сапалы асыру.

 

   ...2-ші курс. Аэродром. Ұшақтар тұратын алаңда баяғы Қалекең ағасы таныстырған «У-2» (По-2). Иә, сол «Ку- курузник». Бүгінгі күн — осы ұшақпен жеке өзі көкке көтеріліп, тиісті бағдарлама бойынша әуе кеңістігіиде қалықтап ұшып, оны қайта қондыратын күні. Бойында біртүрлі толқу да бар сияқты. Бірақ, сынақтан сүрінбей өтетініне сенсе де «Қалай болады?» деген ой мазаламай қоймайды. Иә, «Тәуекел түбі — желкайық...»

 

  Сапта тұрған курсанттар алдына шыққан нұсқаушы бүгінгі ауа-райы болжамына тоқтала келіп, қажетті кеңестерін топшылады да, тоқтай қалып:

     - Внимание! Первый из вашей группы сегодня полетит курсант Турыскали Мадигожин! — деді.

     - Я! — деп жауап берген бала жігіт аң-таң. «Почему я?» деп сұрауға да болмайды. Өйткені, нұсқаушының өз ойы, өз шешімі тек өзінде... Олай-бұлай қателік жіберген болса да өзі жауап береді. Иә, солай. Ендеше — алға!

 

  ... Әкесінен 6 жасында қалып, өзінің әр қадамының сәтті болуына, әрбір ісінің баянды болуына зор жауаптылықпен карап, тиянактылықты өмірлік ұстанымына айналдырған Тұрысқали бастан-аяқ өзінін бірінші жеке ұшуын жоғары бағамен атқарып шықты. Әттең, өкініші сол, баласының көкке көтеріліп, самғағанын көруді де тағдыр Мәдіқожаға жазбаған екен ғой...

 

  ...1942 жыл. Фашистік Германия әскері болса Сталинград түбінде, түбінде емес-ау, тіпті, қаланың бір шетінде тұр. Неміс бомбалары Батыс Қазақстан амағының топырағын көкке көтеріп жатыр. Десанттарын да түсіріп жатқандай...

  Майдан шебіндегі ахуалдан кешеуілдеп болса да хабардар болып жатқан, қызылтаңдықтар енді өз үйлерінің табалдырығынан аттап кірген қасіреттер ауыртпалығын да сезіне бастаған.

 

  ¥зын саны 60-70 шаңырактан тұратын В.М.Молотов атындагы ұжымшарды сонау 1928 жылдан 6epi басқарып келе жаткан Мәдиғожа Баймұхаметұлы болса, ауыл ағасы ретінде келіп  жатқан осындай  «қаралы кағаздармен» әуелі өзі танысып отыруды әдетке айналдырған. Бұл түсінікті жайт. Әкесінің кіндігінен тараған, өзімен бауырлас бес інісін айтпағанда, отты майданға аттанған жiгiттepдiн 6әpi де тай-құлындай тебicin, өзінің көзі алдында ержеткен жоқ па? Бұрынғы ата салтымен қарағанда, олар да аталас, қандас және ұрандас бауырлары немесе балалары боп саналады. Ендеше, боздағы мерт болған отбасылардың жанұя мүшелеріне мұндай қаралы хабарды қалай естірту керек? Олардың жанайқайларын жұбата алатындай қандай тиянақты шара бар, кандай сиқырлы сөздер бар? Тағысын тағы...  Мұндай жағдайларда ауыл аға­сы тек сөз бастауға шешен, жол бастауға көсем саналатын ел 1ішіндегі көнекез қарттардың көмегіне жүгінетін. Сөйтіп, қабырғасы қайысып жатқан жанұя мүшелерінің қайратын қайрап, сабырға шақырып: «Ел бостандығы үшін құрбан болып кеткен өрендердің epлігі ұрпақ жадында мәңгілікке сақталып, алтын әріптермен жазылған аттары халқымыздьң тағылымды тарихының бетінен орын алатындығына» ауылдастарын сендіруге тырысатын. Дегенмен, «Yмітсіз сайтан» дейді халқымыз. Yмітімізді үзбейік, жеңісті күндерімізге жету жолында еңбек етейік..."

 

  Бipaқ, сол Жеңіс күніне жете алмай қаламын-ау деген ой Мәдіқожаның  өзіне де, оның ауылдастарына да келмеген...

  ¥лы Отан соғысы басталғалы 6epi жастыққа басы, төсекке жамбасы тимей, қат-қабат жүріп жатқан ұжымшар шаруа шылығының басы-қасында бо­лып, тыныштық таппайтын Мәдіғожаның денсаулығы да сыр бере бастады. Қантардың қақаған аязында да, ақпанның ақ қарлы, көк мұзды боранында да ат үстінен түспей, малды ауылдардың мұң-мұктаждықтарын шешемін деп жүргенде қос өкпесін суыққа алдырған ауыл ағасы облыстық ауруханадан 6ip-aқ шьқты. Азды-көпті айыққандай болғанда шаруаға қайта араласып кетті. Қаншалықты бойын сырқатқа 6eprici келмесе де, 2-3 айдан кейін қайта төсек тартып қалды. Ел ішінде «Матай майталмандарының 6ipi» деген құрметті атаққа ие болған алпамыстай азамат ақыры 47 жастан асқанда өмірден озды. Артында үй-орманы, 9 жасар кызы — Тұрсын, 6 жасар ұлы — Тұрысққали, жұбайы — Тойған калды. Кіндік қаны тамған топырағы, ел-жұрты қалды. «Балама eci кіргенде айтарсың» деп жұбайына тапсырған аманаты қал­ды...


Әкесін «Асқар тауым — айбыным» деп, шешесін «Шалқар көлім — айдыным» деп өсетін қазақ баласы үшін бұл өте ауыр қасіpeт. Десек те, адам баласының бойынан өмipre деген құштарлық кетпейді емес пе? Осы жерде ақын Дүйсенбек Қанатбаевтың мына 6ip өлең шумағы еске түседі:

 

        Қайғының қайнар көзінен,

      Қайнап 6ip шығар қасиет.

Секілді қайғың өзімен

   Жазылып қалған қасиет.

 

  Иә, «Жазмыштан озмыш жоқ» дегендей, ендігі жерде жетім бала, жесір әйел тірінің тірлігіне көшті.  Қалай болғанда да сол соғыс жылдарының тақсыреті де, тәлім-тәрбиесі дехалық санасынан өшкен емес. Ол мектептен Тұрысқалида өтті...

   Әкесінен қалған өсиет-аманатты өзінің өмірлік бағдаршамы деп қабылда,ан Тұрсекең еңбек жолына назар аударып көрейік.  20 жасқа толыса қоймаған жас ұшқыш Өскемен қаласында орналасқан №5 авиаотрядына қарасты Семейдегі авиаэскадрильяда әуелде «По-2», 6ip жы­лдан кейін «Як-12» ұшақтарының ұшқышы болып еңбек жолын бастады. 22 жасында өзінің кәсіби ұшқыштық деңгейін oip саты көтеріп. Ill класты ұшқыш дәрежесіне ие болды Нәтижесінде, екі ұшқыш басқарып ұшыратын 12 орындық «Ан-2» ұшағыньң коман­дирі болып тағайындалды. 23 жасында қарамагында 3-4 экипажы бар звено коман­дирі болып ұшты, 24 жасында Ленинград (қaзіргі Санкт-Пе- тербург) қаласында орналасқан ҚCPО Азаматтық авиациясының Жоғары авиация училищесінің 1-курсының студенті болып қабылданды. (1965 жылдан 6epi бұл училище «Азаматтык авиацияның Ленин орденді Академиясы» болып аталады және онда жоғары лауазымды авиация мамандары дайындалатын 6ipeгей оқу орны болып саналады).

 

  28 жасында осы Жоғары авиация училищесін үздік бітірген тыңдаушылар санатында журіп «Ан-24» және «Ил-14» ұшақтарын қатар игеpin, 1964 жылдың 1 тамызында өз калауы  Өскемен бірлекен авиаотрядында еңбек жолын бас- таған ұшқыш жарты жылдан кейін құрамында 12-15 экипажы бар авиаэскадрилья командир! болып тағайындалады.

 

  30 жастан жаңа ғана асқан Тұрсекең ҚСРО Азаматтык авиация министрінің 1966 жылғы 4 мамырдағы №213/л бұйрығымен енд! сонау 1955 жылы өзінің алғашқы өндірістік ұшағымен бастаған №157 ұшқыштар отрядының командирі болып тағайындалды. Ол кезде бұл отряд кұрамында 5 авиаэскадри­лья болатын.

 

Картинки по запросу мадигожин турыскали

 

 

   Осы жерде оқырман назарын айрықша аудара кетет!н 6ip жайт — ол Қазақ Азаматтық авиация басқармашылығы бойынша ұшқыштар отрядынын командирі лауазымындағы азаматтар арасында Тұрысқалидың ең жас II класты ұшқыш болғандығында. Сондықтан да, осы қызметке тағайындау оған үлкен сенім көрсетілгендіктен және жауаптылығы өте ауыр жұмыс ауқымының жүктелгендігін айғактайды. Мұндай сенімді абыроймен атқару ушін қаншалықты қажыр-қайраттың, 6іліктіліктің, ізденістің, кәсіби дайындықтың, адами қадыр-қасиеттің кажет екендігінде ескерте кету абзал...

 

  1967 жылдың соңында өткен Шығыс Қазақстан облысы еңбекшілері депутаттарының Кеңесіне депутаттарды сайлау кезінде Тұрысқали Мәдіқожаұлының  еңбек  жолында түбегейлі өзrepic болады деген ой оның үш ұйықтаса да түсіне кірмеген.

  ...Минск қаласындағы авиажөндеу зауытында кезект1 жөндеуден өткен «Ил-14» ұшағын айдап келуге кеткен экипаж командирі Тұрысқалидың соңынан ойда жоқта: «Срочно дайте ваше согласие баллотироваться кандидатом в депутаты облсовета. Партбюро» деген жеделхат келді. Ойлануға уақыт жоқ. Жарайды. «Даю согласие, Мадигожин» деген жауап жеделхат мәтіні кейін кетті. Өзінше топшылап: «Мүмкін, Өскемен авиакәсіпорнында1,5 мыңнан астам жұмыскер болғандыктан екі депутат болсын деген болар. Жоқ, әлде ұлттық маман болсын деп талап койды ма екен?.. Жаксы, бара көрерм!з...» — деген Тұрысқали ұшакты қабылдау комиссиясының тобына қосылып кете барды.

   Өскеменге ұшып келген Тұрысқалиды қарсы алғандардың ішінде авиакәсіпорны командирінің саяси тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары. сондай- ақ партия ұйымының хатшысы мен кәсіподақ комитетінің төрағасы да бар екен. Болган жағдайды солар айтып берді. Қыскаша айтар болсақ, Өскемен авиакәсіпорнының құрамына кіретінқжымдық құрылымдар енбекшілерінін жалпы жиналысьшда алдын ала келісіп ұсынылған авиаотряд командирі Антоновтың кандидатурасы өтпей қалған. Алексей Васи­льевич Антонов болса, Ұлы Отан соғысының ардагері болуымен қатар, осы авиаотрядты он жылдан 6epi басқарып келе жатқан, көптеген үкіметтік орден-медальдарының иeci; басқару тәжірибесі де, абырой- атақтары да 6ip басына жетіп- артылатын ұшқыш. Соған қарамай, көптен бері шешімі табылмай, қордаланып қалған өндірістік, әлеуметтік және тұрмыстық  проблемалардың салмағы жылдан-жылға арта тусті де, авиаторлардың шыдамы шегіне жетті. Қорыта айтканда, осы жиналыс үстінде Минскіде ic-сапармен жүрген Мәдигожиннен депутаттыққа кандидат болуға келісімін сұрау туралы ұсыныс қабылданып, Минскіге жеделхат осылайша кетті...

  Сайлау өз деңгейінде өтті, ал Тұрысқали болса облыстық Кеңестің депутаты болып сайланды. Өскемендік авиаторлардың ұсынысы да осы мақсатты меңзеген eді.  Өйткені Антоновтың кандидатурасы авиаотрядтың кешегі күндері мен қазіргі өсу деңгейінің сим­волы ғана болатын. Ал, Тұрыс­кали Мәдигожинның іскерлің және біліктілік каблеттеріне сонау 1955 жылдан 6epi кездері қанықты болған ұжым оған авиа­отрядтың ертеңгі, яғни алдағы даму деңгейінің кепілі болады деп сенген сыңайлы.

 

  Нәтижесінде, ҚСРО Аза­маттық авиация министрінің 1967 жылғы 3 желтоқсанда шыққан № 742/л бұйрығымен Тұрысқали Мәдиғожин Өскемен бірлескен авиаотрядының ко­мандирі болып тағайындалды. Бұған дейінгі  12 жыл бойы 6ipыңғай ұшумен  және сол ұшылымдарды  ұйымдастырумен айналысып келген 31 жастағы Тұрысқали үшін мойнына зор сеніммен жүктелген міндеттердің ауқымды да аса сындарлы болатыны жайлы айтпасақ та болады.

 

   В.И. Лениннің 1UU жылдық  мерейтойына орай Бүкілодақтық шеңберде қанат жайған социалистік жарыстьң нәтижесі тоқсан сайын қорытындыланып отырып, Өскемен авиакәсіпорны өзімен деңгейлес авиаотрядтар арасында 3 рет жеңімпаз болып танылды. Ал, жыл корытындысы бойынша авиаотряд ҚСРО Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен 6ipre үшінші ақшалай сыйлық тапсырылды.  Авиаотряд командирі Тұрысқали Мәдиғожинге ҚСРО мемлекетінің ең жоғарғы марапат саналатын «Ленин» ордені тапсырылды...

  Осы 1970 жылдың Тұрысқали үшін есте қаларлық тағы 6ip нышаны — оған маусым айының  15 күні Азаматтық авиациясының I-класты үшқышы деп кәсіби дәрежелік атақ берілді.

 

  Азаматтық авиация Басқармасы бастығынын 1-орынбасары Тұрысқали Мәдиғожин министрдің 23 желтоқсанда (1985) шыққан №549 бұйрығымен Алматы бірлескен авиаотрядының командирі — әуежай бастығы болып бекітілді.

  39855334Алматы авиакәсіпорнын 3 жыл баскарған Тұрысқали 1988 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақ Азаматтық авиациясы басқармасы бастығының ұшу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша орынбасары болып қайта тағайындалды. Жасыратын жоқ, ұшқыштың  өзіне кeperi де осы болатын. Өйткені, ұша жүріп, шаруашылық проблемаларының ұшы-қиыры жоқ Алматы авиаотрядын баскарған 3 жылдың ішінде денсаулығына әсер ететін жайттер де аз болмаған сыңайлы.

 

  Иә, бұған дейін 14 жыл бойы үздіксіз аткарған үйреншікті кызметіне қайта оралған Тұрсекең тағы 3 жылға таяу жемісті жұмыс icтen, 1991 жыл­дың мамыр айының  eкінші жартысында денсаулығына байла­нысты ұшу жұмысынан босатылып, лауазымын да тапсырды. Әрине, 55 жастағы Тұрысқали өткен 36 жылдың ішінде жинақтаған ұшқыштық және авиация саласындагы ұйымдастырушылық тәжірибесін енді тәуелсіз Қазақстанның дербес қанат жайған азаматтык авиациясының өркендеуіне үлес қосу мақсатында пайдалануға бел байлап, тағы 11 жылдай еңбек erri.

   Атап айтар болсақ, осы 1991 жылы жаңадан құрылған Қазақ КСР-ның Көлік министрлігіндегі сыртқы экономикалык байланыстар бөлімінің бас маманы болып 6 айдай уақыт қызмет атқарған ол, қараша айында Қазақ азаматтық авиация басқармасына ауысып, ондағы өндірістік-диспетчерлік қызмет саласының бастығы болып екі жылдай жұмыс icтеді. 1993 жылдың 27 тамызы күнгі Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің №741 қаулысымен аталмыш баскарма «Қазақстан Әуе жолы» ұлттык авиакомпаниясы жанындағы аэронавигациялық қызмет саласының бастығы кызметін атқарды.

  Қазақстан әуе кеңістігіндегі қауыпсіздікті қамтамасыз етуге бірден 6ip жауапты саналатын аэронавигациялық қызмет саласын мемлекеттік денгейде жаңаша қалыптастыруға көп күш жұмсады.

 

  Ал, осы кәсіпорынды өмірге келтіруге терін төrin, бойындағы қажыр-қайратын аянбай жұмсаған Тұрысқали Мәдіғожаұлы болса, «Казаэронавигация» РМК -ның бас директоры болып 1995 жылдың 5 сәуірінде тағгайындалды да, 1997 жылдың соңына дейін басқарды. Ал, 1998—1999 жылдары ол осы «Казаэронавигацияның» фи­лиалы болып саналатын Оңтүстік-Шығыс аймақтық орталығының директоры болып қызмет атқарды.

 

  Бугінде жетпістің желкенді қайығына мінген Тұрысқали ағаларың Қазақ азаматтык ави­ациясының ақсақалдары қатарында 36 жылдық ұшқыштық өміріне жалғасқан 11 жылдық өндірістік өмірінің жемісін жеп, құрметті зейнеткерлер сапында жүр. Жастарға берер батасын да аузынан тастамайды.

 

 

  Жоғарыдағы жазбалар соңында Мәдіғожин Тұрысқалидың  «Экстремальные полеты» кітабынан алынған қызық бір оқиғаны оқыңыздар. Оқиға 1960 жылдың ортасында Семей қаласының солтүстік-шығыс жағында 100 шақырым жердегі Ново-Шульба поселкасында болған.

 

Как самолет взлетел без пилота

  Зимой в поселок добраться было практически невозможно, поэтому власти Семипалатинска организовали местную авиалинию. Работали на ней По-2 и Як-12. В тот день пилоты развезли всех пассажиров на трех По-2, но осталось еще трое – полная загрузка для Як-12, – которым нужно было в Ново-Шульбу. Николай Ульянов – в тот день он был дежурным командиром – решил отвезти их сам.

  Но обнаружилось, что в системе запуска двигателя Як-12 нет воздуха, давление недостаточное. Завести мотор на базе в Семипалатинске – не проблема, но как быть в Ново-Шульбе? Выход получался один: по прилету не глушить двигатель, и командиру оставаться в самолете.

 На том и порешили. В Ново-Шульбе Ульянов высадил пассажиров, но оказалось, что в поселковом аэропорту женщина ждет рейса в город. Сидя в кабине работающего Як-12, Ульянов ждал пассажирку, как вдруг увидел заходящий на посадку По-2. По явному занижению глиссады снижения он понял, что летчик По-2 (на линии работали молодые пилоты) не видит посадочный знак «Т», который «Як» запорошил при посадке. Ульянов выпрыгнул из кабины и побежал к знаку, чтобы очистить его от снега.

  А в это время к Як-12 уже шла пассажирка – крупная дама в зимней одежде. Она не стала мерзнуть возле самолета, а полезла в кабину по обледенелому трапу. На ступеньках дама поскользнулась, рухнула плашмя на пилотское кресло и рванула на себя сектор газа.

  Самолет взревел – это разогретый двигатель сразу вышел на взлетный режим. Тормоза не удержали машину на рыхлом снегу, и самолет стал стремительно разгоняться. Ульянов в этот момент находился от «Яка» метрах в сорока. Поняв, что происходит, он со всех ног бросился к самолету. Одним рывком Ульянов выдернул из кабины незадачливую пассажирку, благо ноги ее торчали прямо из двери. Неуправляемый Як-12 разогнался, легко оторвался от земли, набрал высоту 60 метров, и отвесно рухнул вниз.

  ЧП расследовала ведомственная комиссия, но грубого нарушения инструкций, а также преступной халатности не обнаружила. Тем не менее, многие требовали наказать летчика, дело разбиралось в горкоме партии. В итоге Ульянов уволился из авиации по собственному желанию. 

 

"Авиаподвиги" на грани фола