Ақсудың арда Амантайы ( Амантай ЗИЯДАНОВ туралы)

 

 

   Сайтымның  бүгінгі парағында Жетісу  өңірі еліне жақсы танымал тұлға,  ел ағасы, Алматы облысы мен Ақсу ауданының  Құрметті  азаматы, Алматы облыстық мәслихатының 4 бірдей шақырылымының депутаты болған, бір шаруашылықты 30-жылдан аса басқарған, өңіріміздің соңғы «қызыл директорларының» бірі, замандас  әріптес-достарынан  бастап  облыс  басшыларына  дейін, Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың өзі де қалжыңмен-сыйластықпен «щөтке бас Амантай» деп атайтын  Амантай  Зияданов  туралы  деректі  жазбалар  беріліп  отыр.  Танысыңыздар!

 

 

Амантай ЗИЯДАНОВ

 

 

 Өмірбаяны 

 

  1941 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы  бұрындарғы Сүттіген ауылында туған. Ы.Алтынсарин атындағы «қазіргі Мамания) орта мектепті, Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «малдәрігері»  мамандығы  бойынша  бітірген (1965).

  Еңбек жолын 1958 жылы «Қызылтаң» кеңшарында жұмысшы болып бастаған. Институт бітіріп келгеннен кейін осы  шаруашылықта  веттехник , бас  мал  дәрігері  болып  жұмыс  істейді (1965-72).

  Содан кейін Ақсу аудандық мал  дәрігерлік  стансасының  бастығы, Жансүгіров  атындағы  ұжымшар  төрағасының  орынбасары,  аудандық  бас  мал  дәрігері  қызметтерін атқарады (1972-78). 1978 жылдан соңғы жылдарға дейін үзбей бір шаруашылықтың- «Жаңақоғам» кеңшарының (кейіннен «Ақсу», «Қабырғатал-өнім»  өндірістік  кооперативі  болып ауысқан)  басшысы болып келді.

«Құрмет» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» және Үкіметтің көптеген мерекелік медальдарымен, әр дәрежедегі Құрмет Грамоталарымен, Алғыс хаттармен  марапатталған. Алматы облыстық Мәслихаттың төрт бірдей шақырылымының депутаты болды. Алматы облысының және Ақсу ауданының Құрметті азаматы

 

 

 

 

Мен білетін Амантай

Кіріспе ретінде 

Серікбек Серпербаев

 

    Мен  Амантай Зиядановты жақсы білетін азаматтардың бірімін. Біздің  өмірдегі  және  қызметтегі жолдарымыздың түйісуі сонау 1978 жылдан басталған еді. Осы жылдың  мамыр айында  мен ауданның  «Жаңақоғам»  кеңшарының  партком  хатшысы  болып  сайлансам,  тамыз  айында ол оның директоры болып тағайындалды.

 

  Содан 8 жылдан аса екеуміз сол шаруашылықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, ауыл мәдениетін көтеру мақсатындағы қам-қарекетті, ұйымдастырушылық  шараларды  иық  тіресе  бірлесе  атқардық. Шаруашылық еңбеккерлерімен етене араласып атқарған сол бағыттағы  жұмысымыз абройлы  және нәтижелі болды деп сеніммен айта аламыз.

   Оған дейін ауданның «артта қалған» шаруашылығы саналып келген, үлкенді-кішілі  жиылыс-отырыстарда тек  сынның  астында қалып жататын оның жалпы жағдайы 1-2 жылдың ішінде реттеліп,  одан кейін елеулі табыстарымен озықтар қатарына шығып, барлық жұмыс салалары бойынша  аудан-облыс  деңгейінде  үлгілік дәрежеге көтерілді. Социалистік жарыстардың жеңімпазы  ретінде  Ауыспалы  Қызыл  Туларға және басқа да атаулы марапаттарға ие болып отырды.

  Сонымен  бірге,  сол 80-90-жылдары  атқарылған  қомақты  жүмыстар  нәтижесінде, Ақсу ауылының сырт келбетінің айтарлықтай  жақсарғандығы, ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаңа, әдемі ғимараттармен толыққаны, көшелерінің әдемі безендірілуі, ауыл  мәдениетінің айтарлықтай артуы жағынан, оның  ұзақ жылдар  тарихындағы  ерекше игілікті істермен айшықталған  мерзім болғанын, әсем елді мекенге айналғанын айқын дүние ретінде  бүткіл аудан жұрты әлі де  айта алады.

  Амантай - үлкен өнер иесі, домбырада және басқа да саз құралдарында ойнайды, әдемі қоңыр дауысымен ән айтады. Сахналарда, әртүрлі мәдени — көпшілік шараларда, бас қосуларда  әншілік өнерімен жұртшылықты тамсантып отыратын. Өзі де басқа өнер иелеріне үнемі қолдау көрсетіп отырды.

  (Сол мерзімдегі осындай атқарылған жұмыстар ауқымы  туралы 2011 жылы шығарылған менің «Аңыз  Ақсу,  Абыз Ақсу, Нағыз Ақсу» кітабымда  айтылған болатын. Төменде  сол жазбалар ықшамдалған  түрде және  сол жылдары аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы болған Наурыз Қылышбаевтың мақаласы жеке беріліп отыр).

 

 Одан кейін партия тарап, Кеңес Одағы ыдырап, еліміздің егемендікке қолы жеткен, нарықтық қоғамға енудің жаңа  дәуірі басталып кетті. Содан кейінгі ауылдың  тіршілігі туралы әңгімелер алдағы уақыттың еншісінде. ...

 

  Қайтадан  маған  келсем, 1986 жылы  аупарткомға  қызметке ауысып келгеннен кейін де және соңғы жылдарға  дейін Әбекең екеуміз ауданның  әр деңгейде және бағытта өткізіліп  жататын ортақ саналатын  саяси-қоғамдық,  мәдени,  әлеуметтік-көпшілік  жұмыстарында да  бірлесе  болып  келдік.

  Сол сияқты, сонау жылдардан басталған отбасылық өмірде де етене аралысуымыз әлі жалғасып келеді. Көптеген қуаныштық сәттермен бірге,  орын алған қайғылы жағдайларда да (балаларымыздың және Амантайдың жұбайы, әдемі де үлкен ақыл иесі болған Әнтай тәтеміздің қайтыс болуы) бірге бола алдық. Бүгіндері балалар-немерелеріміз бірге өсіп келеді.

 

  Тұжырымдап айтқанда, Амантай мен үшін өмір жолымда ағалық-бауырлық, қызметте ниеттес– әріптес, тұрмыста дос-тілектес арда азамат дәрежесінде болып келеді. Олар  жөнінде айта алатын естелік  дүниелер  жеткілікті,  ыңғайы  келсе сайтымда алдағы уақыттардағы әңгімелер тиегі болатын шығар деп ойлаймын.

 

   

 

Ақсу ауылына байланысты жазбалардан. ...

 

«Аңыз  Ақсу,  Абыз Ақсу, Нағыз Ақсу» кітабынан

2011 жыл 

 

   «1964 жылға дейін аудан  орталығы  болған Ақсу  ауылы  Жансүгіров  кентіне  көшірілгеннен кейін,  бірнеше  бөлімшеден  біріккен  «Жаңақоғам» кеңшарының орталығына айналды. Бірнеше елді мекендерді біріктіретін Ақсу ауылдық Кеңесі құрылып, құрамына «Қосағаш» кеңшары да өз бөлімшелерімен  кіреді. «Жаңақоғам» кеңшарын М.С.Осокин, Ш.Рахымбаев, К.Майсаранов (1964-78) сынды азаматтар басқарды.

 1978 жылы тамыз айында «Жаңақоғам» кеңшарының директоры болып Зияданов Амантай тағайындалды. Осы  жылдың  мамыр  айында кеңшар партия комитетінің хатшысы болып Серпербаев  Серікбек сайланды. Сол уақытқа дейін артта қалып келе жатқан шаруашылық болып саналатын «Жаңақоғам»  кеңшарының  экономикасын нығайтуда үлкен жұмыстар жасалып, аз жылдың  ішінде ол озықтар қатарына қосылды. Барлық салада жаңа технологиялар, озық тәжрибелер кеңінен енгізіліп, қой шаруашылығын өз төлі есебінен дамытуда, қант қызылшасын өндіруде  кеңшар  жылдар  бойы үздіктер қатарында болды.  Қант қызылшасы звено жетекшісі болған Қайша Немеребаева өз плантациясының әр гектарынан 830 центнер өнім алып республикадық  деңгейде  рекордтық  көрсеткішке  қол  жеткізді.

  Шаруашылықтың экономикасын нығайтуда қант қызылшасын өсірумен айналысқан Байғалиев Мырзабек, Рахметова Тұрар мен Байгереев Жүкетай, Сламғали Мөңкеев, Орманов Көксеген, Мазақов Алпысбек, Ақаналиева Нурипа, Абылғазина Орал, Адилжанова Төлеу, Төкінбекова Гулжамал, Дузбатырова Баян, Ғұмырова Тілектес, Смагулова Бижамал, Салиева Күлпаш, Қусмолдина, Бақытгүл, Құдайбергенова: шопандар Қабілмәлік Әбілқақов, Үміт Мақұлжанова, ағайынды Икрамовтар, Сабырбаевтар және Мейінбековтар: жылқышы Балтабек Нұрғалиев; механизаторлар Бидахметов Жұмахан, Таласбаев Шакетай, Смагулов Төлеген, Таласбаев Мұхит және басқа көптеген еңбек озаттарының қосқан үлестері ерекше болды. Олар Үкіметіміздің әр дәрежедегі орден- медальдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

 

  Шаруашылықтағы партиялық-ұйымдастыру, саяси-көпшілік жұмыстары, өткізілетін әлеуметтік-мәдени  шаралар  деңгейі аудан, облыс көлемінде үлгілік дәрежеге көтерілді. Осы жылдары ауылдың келбеті ерекше өзгерді. Жаңадан үлкен сауда орны, кеңшар кеңсесі, монша, автобекет салынып, тұрмыстық қызмет көрсету, балабақша, мәдениет үйі ғимараттары жаңаша жөндеуден өткізілді. Орталық көшелер толық асфальттанып, жарықтар орнатылды, үгіт-насихат құралдарымен әдемі безендірілді. Малшылар қыстақтарында оларға жан-жақты қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған моншалары мен шопандар үйі салынды, барлық мал қыстақтарына электр жарығы тартылды. Үлкен жем дайындау зауыты салынды.

  Ауыл мәдениетін көтеруде, салауатты өмір  салтын  қалыптастыруда  қомақты жұмыстар атқарылды. Совхоздың көркемөнерпаздар ұжымы, «Ақсу әуендері» эстрадалық ансамблі, шағын ауыл театры көптеген жылдар аудандық байқаулардың тұрақты жеңімпазы болып отырды. Олардың концерттік бағдарламасы республикалық теледидардан берілді. Өнерпаздар қатарында Құмарқан және Күнсағила Нұрқановтар, Сәуле Шайхина, Аспандияр Оспанов, Серік Арапов, Гүлбарам Мәдиева, Жанат Тұралықов, Қуаныш Омаров, Балтабек Нұрғалиев, бала әнші Нұрлан Серпербаев белсенділік көрсетті.

  Ескі мәдениет үйі және ол орналасқан ертеректе Күнғали Балшықбаева бастаған комсомолдар күшімен  «бесжұлдыз»  формасында  отырғызылған, кейіннен күтімсіз қалған демалыс саябағы күрделі жөндеуден өткізілді. Саябақтың ішкі жолдары реттеліп, жарықтар орнатылды, статуялар қойылып, аудан  көлемінде  айтарлықтай  үлкен  мәдениет  орталығына айналды. Мәдениет үйінің іші талантты суретші, Ленинградтағы сурет Академиясын бітіріп, сол жерде жұмыс істеуге қалған, ақсулық Латиф  Қазбековтың  суреттерімен  әдемі  безендірілді.

 

 

 

  Ақсу ауылында  І.Жансүгіровтың  туғанына 100 жыл толуы торқалы тойы қарсаңында тарихи-өлкелік мұражай ашылды. Ол да А.Зияданов пен С.Серпербаевтың тікелей бастамасымен қолға алынып, бұрынғы Мамания мектебінің Қарағаштан көшіріліп әкелініп салынған, талай жылдар мектеп-интернаттың, кейіннен құрылыс техникумының оқу сыныптары болған ғимарат қайта жөндеуден өткізілді. Оның мұражай болып қалыптасуына, мұрағаттардың жинақталуына белгілі мұғалім, алғашқы директоры Кеңсаба Омаров көп еңбек сіңірді. Қазір мұражай облыстық мәдениет басқармасының есебінде.   

  Кадрлар тәрбиелеу жұмыстарының дұрыс жолға қою нәтижесінде шаруашылықта қызмет істеген көптеген азаматтар, мамандар ауданның, басқа шаруашылықтардың басшылығына көтерілді. Солардың  ішінде  Жанат Тойшыбеков — аудан әкімінің бірінші орынбасары, Қ.Әбілқасымов, С.Шоқаев — кеңшар директорлары, Д.Жексембеков, М.Қалиасқаров, О.Көбетов, Ә.Жәнібековтер — ауыл әкімдері дәрежелеріне дейін өсті. Сонымен бірге партия комитетінің хатшысы болған Б.Ибрагимов, кәсіподақ ұйымының төрағалары Е.Әзімбаев, Т.Құдайбергенов, бас мамандар С.Болтаев, А.Рысбеков, Ж.Қалықбаев, А.Әбілғапаров, Қ.Мусин, Қ.Жәнібеков, Н.Рымқұлова, Б.Баймұханов, С.Бисаметов, бөлімше меңгерушілері Ж.Темірбеков, Т.Немеребаев, А.Мазақов, К.Мусин, А.Кәрімов, т.б. шаруашылықтың өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан азаматтар.

 «Жаңақоғам» кеңшары нарық қатыныстарына байланысты ауылшаруашылығында болған құрылымдық  өзгерістерде  жеке шаруа қожалықтарына тарамай, ұжымдық қалпын сақтап, «Ақсу», одан кейін «Қабырғатал Өнім» ауыл шаруашылығы кооперативіне айналды.

  Оған 30 жылдан аса басшылық жасап келе жатқан Амантай Зияданов тек аудан емес, облыс, республика көлемінде танымал азамат. Ел Президенті Н.Назарбаевпен талай рет жүздесіп, пікірлескен. Алматы облысының және Ақсу ауданының Құрметті азаматы, Алматы облыстық мәслихатының алғашқы құрылуынан бастап төрт шақырылымында сайланған депутаты.

 

 

 

Ақсудың  Амантайы

(Мақаладан үзінділер) 

Наурыз Қылышбаев

«Жетісу» газеті, 10 желтоқсан 2011 жыл.

 

  «Мен үшін Ақсу десем көз алдымда Сен тұрасың, Амантай десем ойыма Ақсу түседі.  

  Ақсуда аға ұрпақ өкілдері бастаған игі бастамаларды  1985—1992  жылдары Серікқажы Садуақасов, Сабыржан Мұқанов, Тынышбай Шабдарбаев, Қалимолда Байболов, Сыдық Баяманов,  Әсет  Дүйсембаев, Қырықбай Орысбаев, Жекен Молдағалиев, Жанат Тойшыбеков, Ажар Сәрсембаева, Серік Серпербаев, Жеңіс Сахметов, Сәбит Қорғаибаев, Нүрсейіт Жапаров, Жангелді Заманбеков, Аскар Жазылбеков,  Төлеген Әбдіғалиев, Есімжан Рахманов сынды азаматтардың тікелей қатысуымен жалғастырып, ауданның  экономикасыи нығайтып, әлеуметтік жағдайын, елдің тұрмысын көтергеніміз  бұқара  халықтың  есінде.

 

 Кеңестік дәуірдің бас бағдары- соңғы бесжылдьық  жоспарын  ауданның барлық шаруашылықтары ерен  жетістіктермеи. үлкен абыроймен орындап, толағай  табыс көзіне кенелгенін де бірлі- жарым іші тар пенделер болмаса, ешкім жоқка шығара алмайды. Дегенмен, Сенің Ақсуға сіңірген еңбегің ерекше. Әлемді шошытқан коммунизм діттеген жеріне жете алмай, жнырмасыншы ғасырды дүркіреткен социализм келмеске кеткелі қызыл сұңкар атанған  шаруашылық басшыларының арасынан өмірге  жаңа  келген  нарыкты  қасқая  қарсы  алып, оның қатыгез талабына  төтеп  бергендердін  бірегейі  де өзіңсің. Әлі  де  болса  көрер  қоқайың алдыңда. Одан да сүрінбей  өтеріңе  сенімім мол. ...»

  Бұл  жолдарды 2002 жылдың қыркүйек айының Амантайдың бір жыл кешіктіріп  аталған  60 жылдығына  арнаған  құттықтау хатымда жазыппын. Заман талабына солай ма екен, содан бері уақыт  алға  жылжып, құндылықтар өзгеріп жатыр. Артықшылығы басым болғанымен кемшілігі дс шаш етектен. Осыған байланысты  қоғам  мүшелерінің  ара  катынасы да «Ты — мне, Я тебе» атты тұрпайы  ереже аясында  қалыптасатындай көрінеді. Үрейіңді  алып, үмітіңді  үзетін бұл тәсілге  елдің еті үйренгендей,  Әйтсе  де, Амантай  екеуміздің. әулетіміздің, балаларымыздың да пейілі мен ниеті өзгеріске тап болған жоқ.  Керісінше, туыстан жүріс жақын деген ұлттық қағндаға сай жарасымды жалғасын тауып келеді.

 

*     *     *

 

    Амантай екеуміз Алматы зоотехннкалық — малдәрігерлік институтты 1965 жылы бірге  аяқтадық. Мен  зоотехник, ол мал дәрігері мамандығын игеріп, елге оралдық. Еңбек жолымыз Ақсу, Қаратал аудандарында жалғасты. Қызмет бабында  «Қызылтаң» қой совхозы комсомол ұйымының хатшысы, Амантайдың туған ағасы Мұқатаймен  epте  араластым. Білімді де өнерлі азамат еді.  Өмірден ерте кетті. Ақсу аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы  болып сайланған 1985 жылдың  қараша айында «Жаңақоғам» совхозының директоры Амантай Зиядановпен қайта табыстық. Содан бері жұбымыз жазылмай келеді.

   Еліне еңбек етіп, мұратына  жеткен  үлкендердің қолына су кұйып, батасын алу, таң асыра айтатын ғажайып әңгімелерін тыңдау менің  замандастарым үшін  кемеңгерлердун дәріс алғанмен бірдей болды. Осындай ата салтымызды  жалғастырып  келе  жатқан иманжүзді,  елжанды азаматтың бірегейі — Ақсудың Амантайы!

 

*     *     *

 

  Еңбек жолын қатардағы малдәрігерлік қызметтен бастады. Аудандық малдәрігерлік бөліміне жетекшілік  еткен  жылдары  барлық  шаруашылықтардың  тыныс-тіршілігімен  кеңінен  таныса жүріп, ауданның  мамандарымен,  басшы  азаматтарымен етене араласып, келелі мәселелерді шешуге  бел шеше  араласып, қол жеткен жетістіктерді де бірге бөлісе білді. Оның  жалындаған жастығы  жақсылықты аңсап, екпінді еңбектен шаршап, ауданның жарқын болашағын қамтамасыз етіп  жүрген  қажымас, қайсар еңбекші қауымның  ортасында шыңдалды, шынықты. Ауданның жақсы-жайсаңдарымен тыгыз араласып, ой-өрісі өсті, ақыл- парасаты асқақтады. Қоғамдық жұмыстардың  алдыңғы шебінен көріне білген Амантайдың қысылса қасынан табылатын, қуанса төрінен  көрінетін  дос-жарандарыиың  катары  толықты.  Ешкімге жалтақтамай, майталман басшылар мен еңбек адамдарымен біте қайнасып жинақтаған тәжірибесін толықтырудан жалықпай, тырмыса да талпына жүріп қилы-қилы белестерді сүрінбей  еңсере отырып, жарқылдап өткен Амантай Зияданов 1978 жылы Ақсу ауданының  киелі мекенінде орналасқан «Жанақоғам» совхозының директоры болып тағайындалды.

 

*     *     *

 

  Өзін ғана емсс, мыңдаған адамдарды азық-түлікпсн қамтамасыз етіп, тіршілігін жалғастыруга жағдай  туғызатын  енбек  майданындағы  диқан меи бағбандарды талант иесі емес деп айтуға кімнің ғана  батылы  барады  екен?  Бір  түйір дәннен  бір  уыс  бидай  өсіріп,  адамның  бойына  куш-қуат  берудің  бастаушысы — диқан, сиыр сүтінен отыздан астам өнім алынуының қайнар көзі — сауыншы  еңбегі емес пе?!  Осылардын  басын біріктіріп,  жағдайын  жасап,  еңбегінің  жемісті болуын қамтамасыз ететін кім? Әлбетте, ауылшаруашылық саласының майталман мамандары, еңбекші қауыммен бірге шыңдалып, шыныққан, талаптың тұлпарына мініп етектен өрге шауып, тіршіліктің  жалғасуын  қамтамасыз  етіп  отырган  шынайы талант иелері — шаруашылық басшылары.

 Қай салада болмасын айы оңынан, жұлдызы солынан туған таланттарды да елге танытып, мәртебесін  көтеріп, абырой-атағын асқақтатып отырған ауыл адамдарының  қолымен  өндірілген ақ-адал дәм-тұзы. Ақсудың Амантайын талант иесі деп атамағанда не деп атамақпын. Мен оның мазасыз мінезін, тынымсыз еңбегін көрдім. Басшы адамға тән адалдық, тәрбиелілік, қарамағындағыларға құрмет  көрсете  білу ерекшелігі, ұйымдасып жұмыс істеуге бейімділігі, әрдайым  жаңашылдыққа  құмарлығы, әмісе  істің  сапасы  мен  тиімділігіне  ұмтылу,  азаматтық сезімі нәзік жанның ел мүддесін жеке басының қам-қарекетінен жоғары қоя білген асқақ жауапкершілігі сияқты ұлағатты қасиеттерін сездім.

 Кейбір азаматтарға еліктеп ауданның бұрынғы басшылары мен өзімен қызметтес болған әріптестерінің  олқылықтарын  емес, керісінше, олардың  іскерлігін,  ауданға  сіңірген  еңбектерін, әрқайсысына  тән  қайталанбас  ерекшеліктерін  бүкпесіз насихаттауы оның досқа адалдығы мен жеке басының тәрбиелілігіне  байланысты жағымды қылықтары кімді де болса сүйсіндіретін.

  «Тұрғын үй-91» бағдарламасы аясында жаңа салынған үйлердің жобасын әр тұрғынның тұрмыс қажеттілігіне сай ете отырып салуын елге деген  қамқорлығы демегенде не дерсің?! Совхоздың тыныс-тіршілігіне  қажетті күрделі құрылыс нысандарын тек өз құрылысшыларынығң күшімен жүргізуі  мәртебелі  мамандыққа ауыл  жастарының ынтасын арттырып,  туған  ауылын өз қолдарымен  түрлентуі  келешектің қамын ойлағаны  еді  ғой.  Науқанды  жұмыс  кездері  оны  тек  ел арасынан  көру  қалыптасқан  дәстүрге  айналды.  Әсіресе, қызылша жннау кезінде аяғында әскери офицер  киетін  хромды  етік,   қолына  найзаның орнына «қапаш» ұстаған апайтөс Амантайды бірде комбайнның артынан, енді бірде масақшылардың арасынан көрер едің. Қызылшашылар қауымы  арасында қарқылдап отырып түскі асын ішуі, мамандарға беретін тапсырмалардың айқындалуы әдетке айналған құбылыс болатын. Облыс, аудан көлемінде орын алған  жаңалықтарды  кешіктерместен  дер  кезінде ендіруден  жаңылған емес. Қойды қыста қоздату, бұзауды суықта таза ауада шыңдап өсірү, қызылша өндіруде француз технологиясыи кеңінен қолдану, зауытка кызылшаны  шаруашылықтың  автокөлігімен  тасудың  тиімділігін іс жүзінде дәлелдеп, толағай табысқа кенелуін қамтамасыз еткен Амантайдың іс-тәсілдері басқа шаруашылық басшыларына  үлгі болғанын мен айтпасам кім айтпақ?

  Олай етуімнің де бірден-бір себебі, Амантай қарапайым еңбек адамының мұң-мұктажын тыңдап, жоғын жоқтап, іздегенін тауып, барын түгендеп отыратын аса ұқыпты да жауапты азамат, кеңсенің емес, істін адамы болғандығынан.

 

 

 

 

*       *       *

 

   «Жаңақоғам»  совхозының  орталығы  Ақсу  елді  мекені — ауданның  бұрынғы  орталығы.  Мұнда екі  орта  мектеп  орналасқан. Ыбырай Алтынсарин атындағы және Ақсу мектеп интернатында жүзден астам мұғалім  жұмыс  істейді.  Мұның  сыртында  Мәдениет  үйі, сауда орталығы, тұрғындарға  кызмет  көрсететін басқа да мекемелерде жүзге жуық адам бар. Олардың еңбекақылары мен мекемені  қаржыландыру  көзі  бюджет  есебінен  шешілгенімен күнделікті тыныс– тіршілігі және әлеуметтік жағдайларының шешілуі совхоз директорының кеңпейілділігі мен жомарттылығына байланысты шаруалар. Ауыл тұрғындары болғандықтан оларға совхоз жұмысшыларымен қатар  малына  қажетті жемшөп дайындалуына, бау-бақша өсіруіне  қажетті жағдай  жасап отыруы. сөз жок, оны  Ақсудың  Амантайы  атануына  негіз болды.

  Екінші жағынан,  ауданға қарасты әлгі мекемелер қызметкерлері мен жұмысшылары қажеттілік туындаған жағдайда  совхоздың ағымдағы жұмыстарына қол ұшын беруден бас тартқан емес.

   Үшіншіден,  ауыл  тазалығын  қамтамасыз  ету, абаттандыру, көгалдандыру, сияқты халыққа қажетті жұмыстардың сыртында совхоздың  партия комитетінің бастамашылдығымен басталып, кәсіподақ,  комсомол  ұйымдары  мен басқа да қоғамдық  бірлестіктер  тарапынан  үздіксіз  жүргізіліп отырылатын тәрбиелік  маңызы  бар  саяси-тәрбие жұмыстардың пәрменділігін арттырудан да тыс қалған кезі болған жок.

 

 

 

Жұмыстағы  үйлесімділіктің  қалыптасуына  ұйытқы бола білген совхоз директоры Амантай Зияданов, партком хатшысы  Серік Серпербаев,  ауылдық кеңестің төрағасы Кеңесбек Байдалин, кәсіподақ комитетінің төрағасы Сейітбек Шокаев сынды елге қадірлі азаматтардың іс-тәсілдері партиялық этика талабына сай өрбігеніне әрі олардың өзара қарым катынастарының халыққа жұғымдылығына көзім жеткен  сайын қызығушылық білдіре жүріп, уақыт  өте Серікті  аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі қызметіне шақырдым. Қателеспеппін, Ол менің  сенімді серігім болды. Әлі де сол  ұстанымынан тайған емес. Зияданов  әулетімін де  сыйласымдық қарым-қатынасы бәз баяғыдай.

 

 

 

 

*       *       *

 

   Сол бір күрделі де қиыншылығы  аяқтан  шалған  өтпелі  кезеңнің  сынағынан  сүрінсе  де, әрдайым ерен еңбегімен ерекшелене білген Амантай, сөз жоқ, дағдарысты еңсере білген шебер басшылардың бірі. Оның сыры неде? деп сұрай қалсаң Амантайдың ойланбастан қайтарар жауабы: «Ел аман болсын»  деген  бірауыз  сөзі.  «Бабаларымыздан  бізге  жеткен  киелі  сөздің  ел  аманатына айналғанына көзің жетіп, тәубе деп көңіліңді басасыңда жаңа заманның талабына бейімделіп, іскерлігіңе сай бел шеше кірісесің», -  деп, әңгімесін бір қайырып тастайды маңғаздана (озіне жарасып тұрады) Ақсудың бел баласы — Амантай.