Сайтымның бүгінгі парағына, есімдері «Ақсудан ұшқан аққулар» атты тарауға  енгізілген, ауданымыздың, Ақсуымыздың  төл құрдас, тағдырлас, әріптес екі  ару қызы Майра мен Айнакезді шығарып отырмын. Екеуі де  - Ақсу топырағында туып өскен, бүткіл өмір және қызмет жылдары да туған ауданында өткен, оның тіршілігінің ыстығы мен суығын толық сезініп, қызығы мен шызығын барынша  бастарынан өткізген, 20 жылдан аса үзіліссіз ауыл округтері әкімдері болып абройлы еңбек еткен, соған орай халық құрметіне ие болып, нәтижесінде «Ақсу ауданының Құрметті Азаматы» атағымен зейнеткерлікке шыққан және бүгінде де үлкен белсенділіктерімен қоғамдық жұмыстар  ортасында жүрген азаматтар. 

   Бүгінгі жазба олардың өмірбаяндық деректері көрсетіле жазылған мақалалар ретінде беріліп отыр. Алдағы уақытта олар туралы  басқа да жазбалар  болады деп санаймын. Қабыл алыңыздар!

 

 

Картинки по запросу оюлар фото

Майра Есімқызы Әбішева

 

Ақсудың ерке Майрасы

Әбішева Майра Есімқызы

   Кейде біз тіршіліктің ұсынған сынағына түсінік таппай: «Тағдырдың жазуы ғой» – деп жатамыз. Сол тағдырдың  дегеніне көніп, ағыспен бірге жылжи беретіндер де бар. Керісінше, өмірде кездесетін кедергілерге қарсы тұрып, өз тағдырын өзі қалыптастыруға ұмтылатындар болады. Бүгін біз әңгіме еткелі отырған  Б.Сырттанов ауылдық округінің әкімі Майра Әбішеваның осындай өжет те өршіл қыздардың бірі екендігіне дау жоқ.

 

 Ұлы Отан соғысының ардагері, ұзақ жыл бойы Ақсу-Қапал  өңірінде шаруашылық басқарған Есім Әбішев пен Қазақ КСР еңбек сіңірген медицина қызметкері, бар ғұмырын халықтың денсаулығын қорғауға бағыштаған Надира Сағындықованың  отбасында, 1959  жылдың мамыражай мамырында дүниеге келген ол,  әкесі мен анасына қарап бой түзеп, еңбекқор болып өскен еді.

 

   Оқуда да, қоғамдық жұмыста да әрқашан алда болуды ұнататын Майра бала кезінен-ақ көшбасшылық қабілетімен танылған. Сондықтан болар, мектепті бітірісімен сыныптас достарын ұйымдастырып, ауыл экономикасын көтеруге үлес қосады. Жалын жігерлі жас жігіттер мен қыздар осылайша сол кездегі комсомолдық бастамаларға үн қосқан болатын.

 

Балалық шақ


Мектептегі кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір жыл еңбек етіп, шыңдалғанан кейін бұрын барып көрмеген Арқа жеріне жол тартып, Арқалық қаласынан бір-ақ шығады. Ондағы мақсаты осындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық институтқа түсу болатын. Талабы оңғарылып, Майра орыс тілі мен әдебиеті факультетінің студенті атанады. Институт өміріне белсене араласқан ол білім нәрімен сусындаған бес жылдың ішінде өзге де қоғамдық жұмыстармен бірге студенттік құрылыс отрядтарының комиссары болып, Торғай облысының Есіл, Амантоғай, Амангелді аудандарында ондаған тұрғын үйдің бой көтеруіне үлес қосқан болатын.

 

  Оқуды бітірісімен туған ауылы Сағабүйендегі Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектепке жолдама алады. Ондағы ойы, қанатымен су сепкен қарлығаштай болса да, ауылдың гүлденуіне үлес қосу, жастардың жақсы білім алып, елінің лайықты азаматы болып өсуіне қолғабыс ету еді. Күнделікті балаларға дәріс берумен қатар мектептің қоғамдық жұмысына араласу, комсомол жұмысын жандандыру шаралары Майраның қатысуынсыз өтпейтін.

 

  1985–1990 жылдары Арасан ауылына қызмет бабымен келіп, ұстаздық еңбегін жалғастырды. Сол кезде өзі жетекшілік еткен сыныптың түлектерімен Майра Есімқызы бүгінгі күнге дейін мақтанады. Себебі, олардың көпшілігі бүгіндері еңбек майданына араласып, белгілі бір жетістіктерге жетіп үлгерген. Осындағы жемісті еңбегі үшін Майра Әбішева 1990  жылы Қапал аудандық білім бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне жоғарылайды.

 

  Ал 1992 жылдан аудандық тіл, мәдениет, салт-дәстүр бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» қоғамының бастығы, аудандық «Білім» қоғамының бастығы міндеттерін қоса атқарған. Атының өзі айтып тұрғандай, бұл қысы-жазы бір бітпейтін қым-қуыт жұмыстың ортасы. Күнделікті өзіне тиесілі міндеттерді атқарумен бірге өнерлі ұландарды қанаттандырып, республикалық «Әнші балапан» байқауына қатыстыру, ақын Сара Тастанбекқызының 115 жылдық тойын өткізу, Ғали Ормановтың мерейтойын ұйымдастыру сияқты іргелі істердің қасынан үнемі Майраны көретінбіз. Ол, сонымен бірге, ауданда өткізіліп жататын мәдени-көпшілік шараларға да белсене атсалысты. Дарынды балаларды назарда ұстап, облыс, республика көлемінде өткізілетін жарыс-байқауларға жолдама берді. Болашақта үлкен сахналарда көрінуіне себепші бола білді.

Жас жұбайларға куәлік тапсыру


Қапал ауылы. "Тамшыбұлақ « қасында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Егер адам өмірін жекелеген белестермен алып қарайтын болса, Майра Есімқызы үшін 1995 жылдың наурызын „жаңа бір белес“ деп айтуға болады. Аудан әкімі Қалыбек Алдабергенов ел экономикасындағы қиындықтарға байланысты ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін қабілетті қызметкерлерді ауылдарға жібере бастайды. Солардың қатарында Майра Әбішева да Молалы поселкелік округіне әкім болып аттанған еді. Табиғаты қатал, қысы суық, жазы аптап, суға тапшы өңірде орналасқан бес елді мекеннің басын құрайтын округте еңбек ету ер-азамат үшін де оңай емес екені белгілі. Алғашында қиналғанымен, ауыл әкімі елдегі бас көтерер жігіттерді бірлікке шақырып, қиын-қыстау кезеңде жұртты жұтатпай алып шығудың жайын қарастырған. Бір кездері Ақсу, Сарқан, Қапал аудандарын отынмен, жанар-жағармаймен, химиялық тыңайтқыштармен, ағаш өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған ірі теміржол бекетінде әлі де болса тіршілік бар болатын. Аталған мекемелердің басшылары Серік Ермұратов, Марат Сейдахметов, Болат Әліпбеков, Қазыбек Бөрібаевтарды береке-бірлікке шақыра отырып, тұрғындарға азық-түлік, отынмен көмектесу осы кездері қолға алынды. Өзге ауылдық аумақтардан суармалы жер алып, егіншілікпен айналысу да жолға қойылған.

  Молалыға барысымен жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін, ауылға Мәдениет үйін салуға мұрындық болған да осы Майра.  Өнерге деген қамқор көзқарастың нәтижесі емес пе, М. Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары Р. Сейдғариев, А. Кенжеханов, А. Смағұлов және Қ. Қожабековтар Алматы қаласындағы цирк-музыкалық колледжіне оқуға түсіп, бүгіндері еліміз бен алыс-жақын шетелдердің өнер ұжымдарында жемісті еңбек етуде. Осы ауылдық округке қарасты Алажиде елді мекенінде жекеменшік балабақша ашып, пайдалануға бергені өз алдына бөлек әңгіме.

 

Астана. Бәйтерек


Майра өз атасы, Социалистік Еңбек Ері Наужан Нүрсеитовтің бюстісі қасында

 

 

 Он екі жыл бойы ауданның шеткі аймағы Молалы ауылында әкім болып, ел алғысына бөленген Майра Әбішева 2007 жылдың жазында Барлыбек Сырттанов (бұрынғы Қызылту) ауылына әкім болып тағайындалды. Ән мен күйдің отаны, ақындардың мекені, Құдаш Мұқашевтің туған ауылы, тұңғыш Қазақ Конституциясының авторы Барлыбек Сырттановтың кіндік қаны тамған жерге әкім болу қосымша жауапкершілік жүктегендей. Соған орай, Майра Есімқызы өзіне тән іскерлікпен тұрғындарды ұйымшылдыққа үндеп, жаңа белестерге бастаумен келеді. Бұл жерде де алдымен жастар үшін мәдениет ошағын тұрғызуға күш салды. Талай жылдан бері шешімін таппай келе жатқан ауызсу мәселесі қолға алынып,  бүгіндері екі елді мекенге су құбырлары тартылған. Халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында ауылдық амбулаторияның ашылуына да әкім бір кісідей атсалысты. Қопа ауылында бір кездері жабылып қалған кітапханаға қайта жан бітіріп, мектеп жанынан балабақшаның жұмыс жасай бастауына үлес қосқан болатын. Ауылдық округте төрт түліктің қарасы күннен-күнге көбейіп, егіс алқабы ұлғая түсуде.

Егістік даласында. Облыс әкімі А.Баталов

Облыстық жиында. Ортада: ҚР Мемлекеттік хатшысы — Г.Әбдіхалықова

Осының бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына әсер етері сөзсіз. Бұл дегеніміз, экономикасы дамыған отыз елдің қатарына қосылуды мақсат еткен мемлекеттің шағын ауылы үшін аз олжа болмаса керек. Ел тізгінін ұстау нәзік жандардың да үлесіне тие бастаған мына заманда Майра Есімқызы сияқты қыздарымыздың ер-азаматтармен қатарласа, тіпті, көп жағдайда оларға үлгі боларлықтай еңбек етуі, халықты ұтымды іске ұйытып, жақсы істердің басында жүруі баршамызды қуантады.

 

 Содан кейін де ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Майраның да мерейін үстем етіп, оның үлкен еңбегі жайлы кішкене ғана әңгіме  айтуды мақсат еткен едік. Қашан да қиын қыстау кезеңде ат жалын тартып мінетін қазағымның  қыздары жасай берсін демекпіз!

Әбішева Майра Есімқызы  «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» (2017)

Қуат Қайранбаев  -ақын, журналист.

2016 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауданның ауыл округтері әкімдері. 

Ауданның ауыл округтері әкімдері. 2007 жыл.

 

Іскер әйелдер қауымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әріптестер құрбылар арасында


Құрбылар арасында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағайындар арасында


Құдағилармен бірге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Картинки по запросу оюлар фото

 

Ахмолданова  Айнакез  Сатыбалдықызы  

 

ӨМІРБАЯН

Ахмолданова  Айнакез  Сатыбалдықызы

   Ахмолданова  Айнакез  Сатыбалдықызы   1959 жылы 17 қаңтар күні Алматы облысы  Ақсу ауданы  Матай  стансасындағы теміржолшылар  әулетінде дүниеге келген. Арғы атасы — Ақмолда, Турксиб теміржолы магистралын салуға қатысқан. Әкесі Сатыпалдының да барлық өмірі мен жұмысы теміржолмен байланысты болған, Матай локомотив депосының ПЧ-13 мекемесін басқарған. Шешесі-Мейізхан да теміржолда ұзақ жылдар жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан. 

 

   Айнакез Матайдағы  Алматы теміржолына қарасты  №258 қазақ орта мектебін, Қаскелең қаласындағы педагогикалық училищені, Талдықорған қаласындағы педагогикалық институттың „мектепке дейінгі педагогика және психология“ факультетін және Талдықорған қаласындағы Академик Жолдасбеков атындағы институттың „қаржы“ бөлімін бітірген.

 

  Еңбек жолын 1975 жылы мектепті бітіргеннен кейін,  Матайдағы теміржолдың ПЧ — 44 мекемесінде жұмысшы болып бастайды. 1980 жылы педучилищеден кейін Матайдағы теміржолдың №101 балабақшасына  тәрбиеші  болып  орналасады. 

   

   Содан кейін, 1988 жылы стансадағы Алматы теміржолының оқу бөліміне қарасты жаңадан салынған 280 орындық №102 балалар комбинатының меңгерушісі болып тағайындалады. Оның жұмысы бірден жақсарып, жанданып, үлгілік дәрежеге жеткізіледі. Алайда, Кеңес өкіметі тарағаннан кейінгі туындаған қиыншылықтарға байланысты барлық жерлерде балабақшалар жаппай жабыла бастағанда, ол үлкен қажырлылықпен өз балабақшасы балалар санын азайтпай, сақтап қалады. Алайда, біраздан кейін оның қайта жабылу қаупы келгенде. сол кездегі аудандық мәслихаттың депутаты ретінде, 1996 жылы  оны теміржол саласынан аудандық оқу бөліміне қабылдануына  ықпал етеді.

  Сол сияқты, ауылдық кітапхана да жабылып. рухани қазына — 10 мыңдаған кітаптар иесіз қалғанда, оларды балабақшаға қабылдап алып, аман сақтайды. Кейіннен, кітапхана жүйесі қайта жанданғанда, оларды  аудандық  кітапханаға өткізіп, игілікті іс атқарады.  

 

   1997 жылы 14-ақпанда аудан басшыларының таңдауымен және ауыл тұрғындарының қолдауымен халқы жағынан аудандағы ең ірісі саналатын, аумағында бірнеше теміржол бекеттері бар осы Матай поселкелік  округінің  әкімі  болып тағайындалады.  1997 жылы наурыз айында Бөрлітөбе ауданы жабылып, Матай стансасы Ақсу ауданының қарамағына өтеді.  Айнакез Сатыбалдықызы сол Матай ауылдық округінің әкімі болып, мемлекеттік қызметте үзіліссіз жиырма жылдай  абройлы қызмет етті. Ауылдық округі әкімдігінің жұмысы барлық уақыттарда  рейтингілік көрсеткіштері бойынша аудан, облыс деңгейінде дұрыс жағынан бағаланып, жүлделік орындармен бағаланып отырылды. 2002 жылы өткен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы  облыстық кәсіби біліктілік және өнер байқауында  Айнакез 1-ші орынды иеленді.

 

   Айнакез өз қызметі барысында ұлт мүддесіне байланысты мәселелерді шешуде, ана тілінің мәртебесін көтеруде үлкен белсенділікпен нәтижелі жұмыстар атқарып отырды. Округ  теміржол жүйесі мен аудан елді мекендері арасында іс құжаттарын, қоғамдық шараларды мемлекеттік тілде  өткізу іске асырудың  алғашқысы  болды.  Ауыл тұрғындарынан құралған топтар ауданда  өткен „Аналар-асыл жандар“, „Жігітке — жеті өнер де аз“, „Арулар сыны“ мен „Әжелер“ байқауларында, „Қаражорға“ биін қайта жаңғырту және насихаттау шарасында,  спорттық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп отырды.

   

  2014 жылы қыркүйек айында Талдықорған қаласына қоныс аударуына байланысты негізгі мамандығы бойынша Талдықорған қалалық білім бөліміне қарасты  Еркін ауылдық округіндегі құрама үлгідегі санаториялық балабақшасына меңгеруші болып  тағайындалып,  зейнетке шыққанға дейін сол қызметті абыроймен атқарды. 2016 жылдан -зейнеткер.  

 

Айнакез Ахмолданова


Фото Ainakez Satypaldievna Ahmoldanova.

Наурыз мейрамында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйленген. Баласы-Саржан Алматы қаласындағы Т.Рысқүлов атындағы қазақ экономикалық университетінің „Менеджмент және маркетинг“ факультетін бітіріп, Алматы қаласында  мамандығы бойынша қызмет істеп жүр.

 

 

Айнакез анасы Мейізханмен


Айнакез ұлы Саржанмен 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айнакез Сатыбалдықызы 2003 жылы Алматы облыстық ішкі саясат бөлімі және „ҚР Президенті жанындағы  әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның“ ұйымдастыруымен „Әйелдер ауылымыздың тынысы, еңбектегі ырысы“ деген атпен өткен  байқауға қатысып,  „Әйел-ауыл округінің әкімі“ номинациясы бойынша бағалы сыйлыққа ие болады.  Кейіннен осы комиссияның ұсынысымен халықаралық әйелдер мейрамында екі рет ЕлбасымызНұрсұлтан Әбішүлы Назарбаевтың қабылдауында болады

  2011 жылы  Орал қаласының тумасы, меценат Мұрат Жәкібаев аты аңызға айналған М.Т.Калашников жайлы  „Матай — начало легенды“ деген деректі фильмді Матай станциясында Айна Сатыбалдықызының үлкен көмегімен түсірді. Фильм  Ижевск қаласында Михаил Тимофеевичтің 90 жылдығы және  Ақсу ауданының 80 жылдығы мерейтойларында көрсетілді.

 

Михаил Калашников өзінің жұмыс істеген жері  Матай стансасында 


Ауған соғысының ардагері  Бақытбек Смағұл  бастаған  ауған соғысына  қатысушылар  Матай поселкелік округі  әкімдігінде  қонақта.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2016 жылы белгілі журналист Кабдрахман Наурызбаевтың авторлығымен  дүниеге келген „Станция Матай золотые пески“ кітабының тұсаукесерін Алматыдағы мемлекеттік ұлттық кітапханасында үйымдастырып,  кітапхана қорына өткізу арқылы шара жасалды.

 Сонымен бірге, Ақмолдановтардың  отбасы Республикалық „Мерейлік отбасы“  ұлттық байқауына, оның облыстық кезеңіне қатысып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 Айнакез Ахмолданованың  марапаттары:

 »Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі"  (1993).

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Конституциясына-10 жыл» мерекелік медальдарының иегері.

 2009 жылы  Ақсу ауданының  «Құрмет кітабына» есімі енгізіліп,  2015 жылы ақпан айында Ақсу аудандық мәслихатының шешімімен "Ақсу ауданының құрметті азаматы " атағына ие болды.

  Есімі 2006 жылы  «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» атты ғұмырнамалық  жинақтар сериясының 13-ші томына енгізілген. 

 Ұлы Отан және Ауған соғысы Ардагерлері ұйымдарының қауымдастығының төрағасы, «Халық каһарманы», генерал -лейтенант Б.Ертаевтың  тапсыруымен 2007 жылы «Сауап», 2011 жылы «Батыр шапағаты» медальдарына ие болды. 

 2002 жылы  М.Тынышбаев атындағы қордың төрағасы Қ.Мәсімовтың тапсыруымен «М.Тынышбаевтың туғанына-150 жыл»  мерекелік медалімен  марапатталды.

 

Зейнеткерлікке шығу сәті.Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев


Фото Ainakez Satypaldievna Ahmoldanova.

Теміржолшылар династиясы «Мерейлі отбасы» байқауына қатысу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Матайдың АЙНАКЕ3І

өлең-очерк 

Аманбаев Берлібек Рысбекұлы — ақын, журналист

«Келбет» атты кітабынан.

 

Айнакез Ахмолданова

Ашык, кең Айнакезде жатыр маңдай,

Әлия. Мәншүктейін батырлардай.

Атағы жер шарына тарамасын,

Әйтсе де алда ару қыз отырғандай.

 

Keшегі Ақан cepi шырқап өткен,

Қорландар дегендейін бұл жақта екен.

Сондай куй кешіп мен де қарай бердім,

Айна да деп әуезін тыңдатса екен.

 

Шығарған атақ-даңқын 6ip-aқ  айда,

Әнші емес жұрт таңданар 6ipaқ Айна

Ол ұстаз, ұрпақтарға тәрбиеші,

Әрдайым сол кәci6i тұрады ойда.

 

Жаны игi өжет қызы бұл ауылдың,

Төтеден қойса егер сұрауын кім?

Оқыған, Алматыда білім алған ,

Таңдаған мамандықтың 6ip ауырын.

 

Мамандық дегендейін елі ұгар,

Күш берген туған Матай жері бұған.

Аялап Айнакез деп ата-ананың,

Жеткізбеген абыройға демі шығар.

 

Бір қызын мумкін орта мәпелеген,

Бар болар жұққандары әкелерден.

Ер мінез танытатын көп жағдайда,

Жолынан таймай 6ipaқ  ата керген .

 

Бұл қызға не десең де жарасымды,

Қалаған, атойлаган дара күнді.

Пip тұтып кай кезде де дурыстықты,

Бойына жинақтаған бар асылды.

 

 

 

Ақмолдановтар теміржолшылар династиясы  облыстық «Мерейлі отбасы» байқауында

 

 

Облыс орталығындағы Ақсу ауданының мәдениет күндері. Облыс әкімі Серік Үмбетовпен бірге.


Матай орта  мектебінің  жаңа ғимаратын  ашу  салтанатында. А.Ақмолданова, аудан әкімі  Далбағаев Ә.Е. және облыс әкімінің орынбасары Мұқанов С.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Журналист Қ. Наурызбаев кітабының Ұлттық кітапханадағы тұсаукесерінде


Матайлық әжелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балабақша ауласы