Құрметті оқырмандар! Бұл жолы  сайтымда  бүгінгі күндері бүткіл қазақ халқына танымал болған, ұлтымыздың қол өнері мен бұйымдарын  қайта жаңғыртып,  қадiрiн арттырып, заманауи технология тiлiмен үндестiрiп, оны халықаралық деңгейде танытып, насихаттап жүрген  ірі кәсiпкерлерiмiздiң бiрi,  этнодизайнерЫрза Тұрсынзада туралы әңгіме бастамақпын.

 

Картинки по запросу ырза турсынзада

Ырза Тұрсынзада

  Ырза – біздің, Ақсу халқы үшін, түп тамырына  туған жері  топырағының  асыл  нәрін сіңдіріп, биік бойлап өскен перзенті;  елдік дәрежеде  танылған   қыздарын «Ақсудан ұшқан аққулар» деп ардақтайтын аяулы тұлғаларының бірегейі және мақтанышы. ...

 

  Бүгінгі парағымызда Ырза Тұрсынзаданың өмір жолының басты кезеңдерін бейнелейтін бейнехабарлар мен мақала, өнер жолында қол жеткізген жетістіктері мен марапаттары туралы деректер беріліп отыр. Қабыл алыңыздар! 

Келесі жолы оның өнерлік туындылары туралы сөз етілетін болады.  

 

Ақсудың Ырза қызына халқымыз ырза!

 

 

Ырза Тұрсынзада

 

Өмірбаяндық деректер

 

  Ырза Тұрсынзадақызы  1963 жылы  13 қазан  күні Ақсу ауданы Ақсу ауылында туған.  Білімі жоғары, биология пәнінің мұғалімі. Екі баланың анасы.

 

Тұрсынзада  Есімжанұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

  Сәл арыдан бастасақ, Ырзаның әкесі Тұрсынзада  Есімжанұлы халқымызға белгілі ақын, драматург, аудармашы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.  1941 жылы  Алматы облысының Ақсу ауылында туған.  Түкеңнің есімі,  әсіресе  1960-70 жылдары  елімізге ерекше танымал болып,  халқымыздың  айтулы  деген  ақын-жазушыларының арасында  «төрден ойып алған» өзінің лайықты орны болған өнер  иесі.  Туындылары мемлекеттік деңгейде бағаланып, оқырмандары оны іздеп жүріп оқитын болатын.

 (Осы сайтымда ЕСІМЖАНҰЛЫ Тұрсынзаданың  қысқаша өмірбаяны берілген, бірақ  ол туралы танымдық  мақалалар  алдағы уақыттардың еншісінде).  

 

   Анасы – Тыныштық, 7 құрсақ көтерген батыр ана. Ырзаның бала кезден халқымыздың  тұрмыстық  салт-дәстүріне жастайынан қанық болып, ұлттық қолөнеріне құштарлығын арттыруда,  жетік  біліп өсуінде және ісмерлік шеберлікті меңгеруде, дарындылығын ашып  дамытуда сол анасы және әжесi – Тұрарбайдың өнегесі, үйретулері үлкен септігін тигізеді.

 

  Ырза Тұрсынзада 90-шы жылдары алғашқылардың қатарында нарықтық ортаға бейімделіп, кәсіпкерлікке  ден бұрады. Москва қаласында қаржы саласындағы құрылымдарда жұмыс істеп тәжрибе жинақтайды, жеке өз компаниясын ашады. 

  Содан ары елге оралып, біраз жылдар ауылшаруашылығы саласында зауыт ашып басқарады, жетістіктері де аз болмайды. Алайда, кейінірек өзінің ішкі дүниесіне, қазақы болмысына сай келетін, ана сүтінен дарыған қолөнерлік шеберлігі басым түсіп, кәсіпкерлік бағытын күрт өзгертеді. Яғни, қазақтың салт-дәстүрлерін жаңғырту мақсатында қазақы  ұлттық киiмдер, қыз жасауларын,  басқа да бұйымдар шығарумен, үй сәндеу ісімен  айналысады  және оған заманауи технологиялық әдістерін кеңінен енгізеді.

  Үлкен қажырлылықтың, тынбай еңбек етудің нәтижесінде бүгіндері Ырза еліміздің ірі кәсіпкерлері қатарында саналады.  2009 жылдары өзі құрған, Бас директоры болатын Астана қаласындағы  «Алтын-Орда» компаниясы  осы саладағы ірі және үздік кәсіпорын деңгейіне жетті. Оның өнімдері бүгіндері тек елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде танылды. Мәселен, «Қыз Жiбек» атты авторлық жобасы бұйымдарына әр тараптардан келетін сұраныстар күннен күнге артып келеді. Сырт елдерде де авторлық өнімдерінің көрмелері ұйымдастырылып, шетелдiктердi де тәнтi етуде, олар әртүрлі байқау-конкурстарда үздік дәрежеде бағалануда. Өз кезегінде, Ырза  шетелдік сапарларында әлемдегi моданың тыныс-тiршiлiгiн жіті бақылап, оңды, үлгілі жақтарын өз ісінің кәдесіне тиімді жаратып отырады.

 

Картинки по запросу ырза турсынзадаКартинки по запросу ырза турсынзада

 

 

  Ырза,  сонымен бірге тек кәсіпкерліктің өзімен ғана емес, ата дәстүр-салтын насихаттауда, ұлттық нақыштағы дүние-бұйымдар жасаудағы мол тәжрибесін кейінгі ұрпаққа, жастарға үйретуде үлкен жұмыстар атқаруда. Сол мақсатта,  жүйелі  түрде  еліміздің түкпір-түкпірінде және сыртқы елдерде де оқыту курстарын, ақысыз «мастер — класстар» өткізіп түрады. Нәтижесінде, Ырза апаларынан дәріс-тәрбие алып,  шеберліктерін арттырып, осы кәсіпкерлікті «үйіріп» алып кетіп жатқан сіңлілері, қазақтың жас қыздары бүгінде жүздеп саналады және олардың қатары үнемі өсуде.

 Сол сияқты, Ырза қайырымдық шараларымен де тұрақты түрде айналысып,  талай жандардың ризашылығына бөленген жан .

 

Картинки по запросу ырза турсынзада

 

  

  Ырза Тұрсынзада әр кездердегі еліміздің саяси-қоғамдық  шараларына да  белсене араласады. 2015 жылы ҚР Президенті сайлауында, оған кандидат болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сенімді өкілі  және  «Нұр Отан» партиясы  атынан құралған  халықаралық байқаушылардың құрамында болды.

  2017 жылы құрылған республикалық «Аманат» қоғамдық сыйлығын тағайындау жөніндегі қоғам өкілдері кеңесінің мүшесі. Осы Кеңестің алғашқы кезеңінде Ырза Турсынзада оның амбассадоры — Сыйлықтың Құрметті Елшісі болып аталды.  

   Сонымен бірге, бүгінгі күндері Ырза өзінің туған Жетісу өңірімен, Ақсу ауданы халқымен де тығыз байланыста. Сонау 2014 жылдың басында  Ақсу ауданы басшылығымен ұйымдастырылып басталған «Туыңды туған жерге тік» акциясы аясында  Астана қаласында өткізілген кездесулік шаралардан бастап, ауданның жанашыры,  маңызды саналатын қоғамдық-мәдени шаралардың қолдаушысы болып отыр. Сондықтан да Ырза  бүгіндері өз жерлестерінің де құрметіне бөленіп, ризашылығына бөленуде. Аудан тұрғындары атынан Ырза қарындасымыздың игілікті ісінде әлі де үлкен, мол табыстар болуын,  шығармашылығындағы  шығар шыңы биікте бола  беруін тілеймін.

С.Серпербаев

.

 

   Ырза Тұрсынзада басшылық ететін  «Алтын — Орда» авторлық  дизайн Үйі  2009 жылы құрылған. СТ РК ИСО 9001—2009 (ISO 9001:2008)  менеджмент және сапа жүйесінің  халықаралық сертификаты иегері.

 

 

  Компания қызметінің басты  мақсаты — қазақ халқының мәдениетін дамыту және  көне  ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту;  дәстүрлік түрде терең мазмұндалған ұлттық қолөнері өнімдерін  жаңаша мазмұнда  шығару; қазіргі заманғы этно-интерьерлерді қазақы ұлттық  сәндік дизайнда жобалау, дайындау және заманауи стильмен ұштастыру.

 

Компания жетістіктері

 

  • 2015 жылы «Алтын Сапа» сыйлығының лауреаты;
  • Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» Республикалық конкурсының тұрақты қатысушысы.  Оның  «Халыққа арналған тауарлары» номинациясы  бойынша 2010 жылы 2-орын алған, ал одан кейінгі  2011—2013, 2015 жылдарғы жеңімпазы;
  • «Жыл сүйіктісі»  Ұлттық  сыйлығының «Мәдени мұра» номинациясы бойынша  2014 жылғы  және «Табыс пен даму»  номинациясы бойынша 2015 жылғы (бүкілхалықтық дауыс беруі  қортындысымен)  лауреаты;
  • «Қанатты әйел» республикалық конкурстың 2012 жылғы жеңімпазы;
  • 2012 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дипломымен және Сапа белгісімен марапатталды;
  • Бүкілхалықтық таңдаумен өткізілген Қазақстан Тұтынушылар Ұлттық Лигасының «Мінсіз» сапа белгісінің 2013, 2014 жылдарғы  иегері. 

Компания төмендегі халықаралық көрмелердің қатысушысы болды:

  • Қазақстанның Италиядағы  және Ресейдегі мәдени күндері (2013);
  • «Мәдениетті Азиада" (2011г.),  
  • «Үйлену тойлары, салтанаттар» (2011);
  • «Көшпенділер өмірі» (2012, 2013, 2014);
  • Жыл сайынғы Астана күні мен Наурыз мейрамдарына арналған ;
  • Әйелдердің III-ші Евразиялық  саммиты ауқымындағы отандық әйелдер тауар өндірушілердің  өнімдері (2012);
  • Қару-жарақтардың халықаралық «КАДЕХ-2014»

 Компания  Астана қаласында өткен  «ЭКСПО – 2017»  халықаралық  көрмесіне қатысып, мемлекеттер басшыларының кездесуіне арналған  авторлық талғамдық «Tengry» стильдік қазақ үйін орналастырды.

 

  Сонымен бірге, «Қазақстан аруы» конкурсының  идеологиядық партнері болды, «МУЗ ТВ-2015. Гравитация Астана», халықаралық  мега шоуына қатысушы,  көптеген  телебағдарламалардың авторы және қатысушысы. «Бейбітшілік Жолы Кілем-пано» жобасының авторы.

 

Ырза Тұрсынзаданың жекелік марапаттары

 

  Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне орай ұлттық мәдениетті жаңғыртуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған (2011).

   «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне — 20 жыл» (2011),  «Қазақстан халқының  Ассамблеясына — 20 жыл» және  «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне  — 25 жыл» (2017)  мерекелік медальдарымен марапатталған. 3-дәрежелі «Атамекен» төс белгісінің иегері. 

  ҚР Президентінің, «Нұр Отан» ХДПартиясының, Астана қаласы мен Павлодар облысы Әкімдерінің,. бірнеше ҚР Министрліктері мен Елшіліктері тарапынан және де  атқарылған қайырымдылық шаралар үшін  берілген көптеген Алғыс хаттары бар.

 

 

Марапттаулық фотосуреттер

 

Фото Салтанат Абдикаримовой.

 

 

 

 

 

 

 

 

Фото Дастана Капаева.

 

Картинки по запросу ырза турсынзада

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Фото Galym Baituk.Фото Galym Baituk.

 

Фото Galym Baituk.Фото Зауре Беисовой.

 

Ұлттық  бұйымды  ұлықтаған

Серiкгүл Сұлтанқажы

  Бұл күнде ине сабақтап, кесте тiккен жанды кездестiру қиын. Сондайда ою ойып, сырмақ сырған, түн қатып, талай түскиiздiң басын қайырған кезiндегi алтынқол әжелерге қайран қаласың. Өрнегiн қиыстырып, кесте бiзiн қол ермек еткен жандардың өнегесiнен қазiр кiмдер үлгi алды? Әсiресе, ұлттық бұйымға келгенде, ондай өнегелi ұрпақтың қатары аз ба деп қаласың.

  Iстiң адамы үшiн ерiншектiк жат. Икемдiлiкпен үндесетiн ою-өрнек те тiгiншi шыдамдылығын шыңдайды. Жасыратыны жоқ, көненiң көзi, қария әжелер бiр күнде бiрнеше сырмақ сырса да, ешкiм таңғалмайтын. Өйткенi, мұндай қасиет сол кездегi әр әйелге тән болды. Бәрi де – бес саусағынан шеберлiгi көрiнетiн iскер. Ең бастысы, өз дүниесiн қадiрлеген қасиеттi жандар. Ал қазiр ұлттық бұйым көрсек болды, құрақ ұшып, риза боламыз. Оның өзiндiк себептерi де бар…

 

 

 Астанада дәстүрден танбай, қолөнердiң қадiрiн арттырып, заманауи технология тiлiмен үндестiрiп жүрген кәсiпкерлерiмiздiң бiрi – Ырза Тұрсынзада. Ине мен жiптi жанына серiк еткен кейiпкерiмiз қөлөнерге бала кезден құштар. Әжесi — Тұрарбай кимешек шетiне маржандай өрнек салып, жылтыратып тiккенде қызыға қарайтын. Баланың ынтасын байқаған қария мұны қасына шақырып алып, паршадағы жылтыр жiптердi суыртып қояды екен. Ырзажiптi барынша ұзын алып шығады. Онысы – бiр рет сабақтасам дегенi. Ал әжесi: «Мынау – жалқаудың iсi. Сен кестең тез жүрсiн десең, жiбiңдi қысқа сабақта» дейдi екен. «Соның мәнiсiн мен кейiн түсiндiм», – дейдi өнегелi iстiң шеберi.

 

  Қазақ кесте тiгудiң мәнiсiн қыз тәрбиесiнiң құрамдас бөлiгi деп қараған. Алты ұлдың iшiндегi жалғыз қызға әжесi тiгiншiлiктi ғана үйретiп қоймай, «қызым, iсiң мiнезiңе сай болсын. Iсiңе қарап, үлкендер қандай екенiңдi бiледi. Үлкендi сыйла. Жақсының сарқытын iшсең, жаман болмайсың» деп ұлағатты сөзiн үнемi айтып отыратын. Жақсының сарқыты дегенде мына жайт еске түседi.

 

  Ырзаның  әкесi Тұрсынзада Есiмжанов – есiмi елге белгiлi ақын. Шығармашылық адамының үйiнен қадiрлi қонақ үзiлсiн бе? Қазақтың маңдайына бiткен талай марқасқалар осы үйден дәм татады. Бiрде әкесiмен бiрге өзiнiң сүйiктi жазушысы Ғабит Мүсiрепов ерiп келедi. Ырзаның 7-8 сыныпта оқитын кезi. Мәз болып қуанғаны сондай, анасымен бiрге дастархан жаяды. Бiраздан соң ет тартылады. Қоңыр үнге салып, баяулата сөйлейтiн Ғабең әңгiмесiн айта отырып басты мүжидi. Сосын миын алып, әркiмнiң табағына қасықпен сала бастапты. Кезек дастарқан басында бірге отырған  Ырзаға келгенде,  ол  Ғабит атасының қолындағы қасықты алмай, аузын тосып, миды жеген екен. Онысы, әжесiнiң оның бала кезінде «жақсының сарқытын iшсең, жаман болмайсың» деп, айтқандарын түйсігіне түйгендігі еді.  Соңынан,  әкесiмен осы туралы сөз туындағанда, Ырза қыз: «Мен әдейi ырымдап жедiм. Ағаларым сияқты асқарлы болсам деп армандаймын» деп уәж айтады.

 

 

  Ол құрақ құрағанды жаны сүйетiн. Таңнан-таңды атырып, көрпе тiгiп отыра бередi. Кеңес өкiметi кезiнде де Ырза жас болса да, қазақы бөлме жасауға жаны құмар болыпты. Ескi сандықты сәндеп, құрақ көрпе тiгiп, әйтеуiр, анасының тiгiн машинасын ерте иемденген. Бiрде анасы қымбат жапондық матадан тiгiлген перде алып келедi. Терезеге iлiнген перде Ырзаның көңiлiнен шықпайды. Анасы жұмысқа кеткен кезде ол перденi алып, қырқып, қайтадан сәндеп тiккен екен. Әбден тiгiп болғаннан кейiн ғана: «Анашым не айтар екен» деп ойланады. Кешкiсiн жапондық пердесiнiң түрiн көрген анасы: «Ойбай-ау, мынау не iстеп қойған деп» шыж-быж болады. Сонда әкесi: «Матаның қымбат-арзанын қайтейiн, бiрақ перде ендi сәнiне кiрiптi» деген екен. Келiнiнiң қарсы келмесiн бiлген әжей де: «Болды, бұзып-жармаса, қайдан iстiң мәнiсiн бiлсiн. Осылай үйренедi. Тиме!» деп бiр-ақ бұйырыпты.

 

  Iсмерлiк – қазаққа тән қасиет. Кесте, сырмақ, құрақ көрпе болсын, көз майыңды тауыса отырып бiтетiн iс. Тiгiншiлiктi икемi бар адам ғана меңгередi. Әсiресе, ұлттық бұйымдарды бүгiнге сай етiп қайта жаңғыртып, тiгу күн өткен сайын сұранысқа ие. Маған дос-жарандарым: «Ырза бiзге шетелдiң кәкiр-шүкiрiнен гөрi, өз қолыңмен жасаған дүниеңдi ала келсең» деп өтiнiш айтады. Халықтың ұлттық бұйымға деген қызығушылығы Астанада осы кәсiптi жандандыруға себеп болды. Бiраз ойланып, оның сапасына аса мән берiп, заманауи стильмен ұштастырдым. 2009 жылдан бастап қыздың жасауын, үйдi қазақша сәндеу бойынша «Алтын Орда» компаниясы жұмыс жасап келедi, – дейдi кейiпкерiмiз.

 

  Ырза Тұрсынзаданың мамандығы – биология пәнiнiң мұғалiмi. Ұлттық өнерге жастайынан қанық кейiпкерiмiз қыз жасауын, кестелi ұлттық киiмдер, қазақы той көйлегi, бөрiк, кеудеше тағы басқа да бұйымдар жасайды. Үй сәндеуге де сұраныс күштi. Өз iсiне аса ыждаһаттылықпен қарайтын Ырза апай әр бұйымды тiгерден бұрын оның тарихын зерттейдi. Бұл тiгiлетiн бұйым жаңа заманға сай жасалса да, оның түпкi негiзi, тарихи тамыры сақталса дегенге саяды.

 

  «…Ана көрген тон пiшер» демекшi, Ырза Тұрсынзада iсмерлiгiмен аз уақытта тек алыс-жақындарын ғана емес, шетелдiктердi де тәнтi еттi. Алысқа жиi шығып, әлемдегi моданың тыныс-тiршiлiгiн бақылап қайтады. «Маржан тiзiп, оюмен өрнектеген дүниеге шетелдiктер де қатты қызығады. Қолына алып бастарын шайқап, ризашылықтарын жасыр-майды. Сән мен сапаны шертiп тұрып таңдайтын атақты дизайнерлер қазақы дүниелердiң көп элементтерiн өз үлгiлерiнде көрсеткiсi келетiндiгiн айтып, ұсыныс та жасады. Сондықтан, бұл бұйымдардың матасы мен әсем тастарын қымбат болса да, шетелден арнайы тапсырыспен алдыртамын», – дейдi тiгiншi.

 

   Iсмердiң әр дүниесi көздiң жауын алады. Ырза Тұрсынзада «Қыз Жiбек» фильмiн қайталап көруден жалыққан емес. «Мен одан қазақтың бар болмысын, қасиетiн сезiнемiн» деген кейiпкерiмiз. Жуырда ол «Қыз Жiбек» атты дөңгелек төсек пен екi жасқа арналған жаңа авторлық дүниелер жасапты. Қазақтың жанына дөңгелек дүние жақын. «Бұрышта жын-шайтан тұрады» деп ырымдаған ата-баба үйiн де, үстелiн де тегiнен-тегiн дөңгелек етпеген. Сол ырымды ұстанған кейiпкерiмiз «Қыз Жiбек» атты екi жасқа арналған төсегiн бiрнеше көрмелерге қойыпты. Бұл авторлық жобаға қазiр сұраныс күштi.

 

 Ол тапсырыс алған кезде, тұтынушының салт-дәстүрден қаншалықты хабардар екенiн байқап көредi. «Маңғыстаулықтар дәстүрдi дәрiптеуде алдына жан салмайды» дейдi ол батыс өңiрде салт-дәстүрдiң көп реңi сақ-талғанын мақтанышпен жеткiздi. Дәстүрге сай қыз жасауын қазiр де бередi. Бiрақ дәстүр деген аты болмаса, бұл жасаудың реңi солғын, бояуы бұлыңғыр. Өйткенi, қызының төсек орнын қазiр көбiсi шетелдiң жиһаздарымен, қымбат төсек-орынмен ауыстырған. Амал нешiк, бүгiнгi дәстүрдiң болмысы осындай.

 

   Қазақ қызына қолдан тiгiп, түйе-түйеге тиеген қоржынның мәнiсi зор. «Анасын көрiп, қызын ал» дегендей, ана осы рәсiммен қызына қаншалықты тәрбие бергенiн, ауылының қандай екенiн жеткiзген. Бiр сөзбен айтқанда, бұл қоржын – оңды-солды дүние шашу емес, екi жақтың бiр-бiрiмен етене араласуы үшiн жасалған жоралғы. Қазақтан қалған қай рәсiм, дәстүрдiң астарында айтылмаса да, астармен жеткiзiлген тапқырлық жатыр. Мiне, ұлттық бұйымның басты ерекшелiгi осы, – деген кейiпкерiмiз дәстүрдi бүгiнгi заманның тынысымен үндестiре бiледi.

 

   Iсмер бастаған қыз-келiншектер қыз жасауын 1-2, кейде тiптi, 3 айға дейiн жасайды екен. Алдымен «Махаббат көрпесi», одан кейiн әсем тастармен көркемделген қос жастық, екi жер жастық, үкi жастық, құда қоржын, қыз әмияны, бата кiлем, төркөрпе, күйеу көрпе, шай көрпе, тағысын тағы деген-дей кете бередi. Ең соңында, бәрiн әдемiлеп салу үшiн шабадан жасалады. Ол да матадан, таспаларды қолмен көмкеру арқылы тiгiлген. Қыз әмияны – Ырза Тұрсынзаданың айтуынша, XVII-XVIII ғасырларда байлардың алтын-күмiс, жауһар тас салып, бiр-бiрiне сыйға тартқан бұйымы. Қыз ұзатылғанда да қолданылған. Сондықтан қазiргiдей шетелдiк пудлиярдан гөрi, қазақы әмиянмен қызға тарту жасаған әдемi көрiнбек.

 

  Бiздiң «Үкi жастыққа» көзiмiз ерекше түстi. Үлкендер «қызымның жасауын үкiлеп апардым» деп жатады. Үкi – қазақ үшiн қасиеттi құс. Сондықтан құс қауырсынындағы бедердi құран сөзiне балаған халық «көз тимесiн» деп баланың бесiгiне, бас киiмiне таққан. «Сондықтан мен де салт-дәстүрдi ұлықтап, «Үкi жастыққа» ерекше мән бердiм. Үкiнiң боялған түрлi-түстi қауырсындарын шетелден тапсырыспен алдыртамын», – дейдi автор.

 

  Бiз бұл орайда, Ырза Тұрсынзаданың өз iсiне қандай отандық тауарларды пайдаланатындығын сұрап қалдық. Жастықтардың iшiне салатын мамықтарды Қарағанды зауытынан, ал киiздердi Талғар зауытынан тапсырыспен алдыртады екен.  Бiз қолдан тiгiлген кестелердiң iшiнен «1967, 1953 жылы тiгiлген» деген жазуларды көзiмiз шалып қалды. Сөйтсек, iсмер апайымыз алыс-жақын жерлердi аралап, мұндай көне дүниелердi жинауды да жақсы көредi екен. «Бұлар сатылмайды. Оларды Оңтүстiк өңiрлерден өзiм iздеп жүрiп тауып алдым. Жастық-көрпелерге қосып, сәндеп сақтайтын боламын. Өйткенi мұндай дүниелер қазiр азайып кеттi», – дейдi апайымыз.

 

  Елбасы Н.Назарбаев шағын және орта бизнес өкiлдерiн қолдау мақсатында шетелдерге iс-сапары кезiнде олардың таңдаулы дегендерiн бизнес-элитаның құрамында ертiп жүредi. Солардың бiрi болған Ырза Тұрсынзадақызы Елбасының арқасында көп жерлердi аралап, көргенiн айтып қалды. Ұлттық бұйымдарымызды алыс-жақын шетелдерге алып шығып жүрген де осы кiсi екен.

 

 

 

«Аманат».  Ырза Тұрсынзада

 

 

 

Ырза Тұрсынзада «Дара жол» телебағдарламасында

 

 

 

 

Жалғасы болады...