«АҚСУЫМ»  ДЕП  ӘН  ШЫРҚАЛАДЫ...(4)

 

Сайтымның  бүгінгі парағында сазгер-әншілердің  Ақсу  жеріне, еліне арнап  жазылған  шығармашылық туындыларының  келесі,  тағы бір топтамасын ұсынып отырмын.

Қабыл алыңдар!  

 

   

 "Ақсу әні"

 

Әні:   Мұратхан Егінбаевтікі

Сөзі:  Ғалымбек Омархановтікі

Орындаушы: Сейтжан Құдайбергенов

 

Бұл 1980 жылдардың ортасынан бастап ел жақсы тыңдайтын, олардың арасында  кеңінен айтылатын ән болатын.  Ол уақытта  М.Егінбаев - Ақсу ауданының бас архитекторы;  сөзін жазған Ғ.Омарханов-аудандық атқару комитетінің орынбасары, орындаушысы С.Құдайбергенов -"Діңгек"  кеңшарының директоры болып қызметтер атқарған болатын.

   (Бұл әннің бірнеше адамның  орындауындағы жазбалары бар).

 

                                        

 

 

Ақсуым асау  арна толқып аққан,

Айдыны алтын айдар толқын атқан.

Шырқайын осы әнімді арнап саған,

Ететін ай жүзіңді жұртым мақтан,

Ақсуым, айналайын жарқыл қаққан.

      Қайырмасы:   

 Сауықшыл ел думанды, 

 Құйқылжытшы жыр-әнді. 

 Ақсу әні аялап,

 Қандырсын бір құмарды.           

                                                

Жетелеп аяулы арман, талап ізгі,

Кел құрбым, қызықтайық даламызды.

Жетер-ау арманына асықпаған,

Ақсудың дидарындай арай жүзді

Осы әнім жүрсін жалғап арамызды.

 

      Қайырмасы:

Толықсып Ақсуымды жатыр ағын,

Туған жер әнге бөлеп атырабын.

Өлкемнің шалқып жатқан шалқарында

Ақ таңды арайлатып атырайын,

Естілсін Ақсу жайлы шалқып әнім.

II

 

«Қошақаным қайда екен?» 

 

Әнді орындаушы — Серпербаев Нұрлан Серікбекұлы.

  "Мен 1978—1985 жылдары Ақсу ауылында орналасқан «Жаңақоғам» кеңшарының партком хатшысы қызметін атқарған кезеңде, өзім бас-көз болып ұйымдастырып құрылған көркемөнерпаздар ұжымының, оның құрамындағы «Ақсу әуендері» ВИА-сының  өнері аудан, облыс деңгейінде көпшілікке жақсы белгілі болып еді. Нұрлан облыс,2-3 сыныптардан бастап, оның белсенді әншісі болды,  аудан, облыстық мерекелік шараларда шақыртумен  әндер айтатын.

  Алайда, ол кезде қазіргідей емес, республика деңгейінде байқау-конкурстар, жоқ болатын, «Әнші балапанның» өзі де әлі шықпаған болатын. Солай болса да,  сол 1984 жылы Нұрлан  Ақсу ауданы көркемпаздары құрамында Қазақстан орталық телевидениесінде қойылып көрсетілген концертке қатысқан еді.  Мына сол жерде жазылып алынған әннің орындалуы. 

Орындаушы: Серпербаев Нұрлан 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Ақсулық, жергілікті сазгер Сергей Чернухин мен екеуміздің бірлесе шығарған  «Ақсудың аққу арулары» әніміз өткен жолы сайтымда берілген еді.  Енді,  мынау жаңа орындауда және аудан жігіттерінің қайтадан жазып,  көркемдеп безендірген бейнежазбасы.

 

«Ақсудың аққу арулары»

 

ӘніЧернухин Сергейдікі

Сөзі — Серпербаев Серікбектікі

Орындаушы: Сарқытбек Рахымбеков

 

 

 

Мынау, 4-5 жыл бұрын әлеуметтік желілер арқылы таралған «Ақсуым» деп  аталатын Ақсу баларының  әні (сөздері реттеуді қажет етеді).  Олардың аты-жөнін  білмесем де,  көпшілікке одан ары насихаттау үшін, сайтқа енгізіп отырмын.

 

«Ақсуым» әні