Сайтымыздың жаңалықтар берілетін тарауында өткен жолы аудандық кітапханамыздың тарапынан үстіміздегі жылдың басынан  өткізілген  шараларының біразын  топтастырып жариялаған едік. Енді қалғандары  беріліп отыр.   

 

10 қаңтар 2018 жыл

   Егеменді еліміздің жас ұрпақтары тәрбиелі, де сауатты болашақтары баянды болу үшін оларды заман талабына сай білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу маңызды іс. Балалар кітапханасы мектепке дейінгі даярлық тобындағы оқушылармен кітапханаға саяхат жүргізді. Оларды кітапханамен таныстыру барысында кітапханаға тіркелуден бастап, кітапханашының көмегімен өздеріне керекті кітапты ала алатыны түсіндірілді. Оқушылар есіктен кіргеннен сөредегі кітаптар мен том-том кітаптарды көріп таңғалысты. Олар түрлі–түсті суретпен көмкерілген кітаптарды, қызықты ертегілер мен таңғажайып басқатырғыштарды қолдана отырып кітапқа деген қызығушылықтары артты.

 

 

 

 

 

 

  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жаңа әлемге һәм Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін нендей жұмыстар істелуі қажеттігін айқындау жолындағы маңызды әрі айтулы қадам.

  Дамудың 10 бағытын айқындаған Елбасы Жолдауы – жаңа мақсаттарға жетелейтін ең басты құжат. Саяси құжатты халық арасында түсіндіру және насихаттау мақсатында аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «Елбасы Жолдауы — жаңа тарихи дәуірдің бастауы» атты жедел талқылау ұйымдастырылып, кеңінен талқылады.

  Жолдауда Президент ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу қажеттігін баса айтылған. Цифрландыру – заман талабы. Қазіргі таңда цифрлық технологиясыз жетістікке жету мүмкін емес, бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Еліміздің білім жүйесін түбегейлі өзгертпек, ресурстарымызды барынша тиімді пайдалануға жол ашып, ақылды технологиялар арқылы агроөнеркәсіпті дамытып қана қоймай ауыл тұрғындарының әлеуетін көтеру, денсаулық сақтау, жаһанда жегі құрттай жайылған сыбайлас жемқорлықпен күрес, жаңғырту мəселесі де күн тәртібінде болса, адами капиталдың бар жағдайы да басты назарда. Жолдаудағы басты міндеттердің бірі — жаңа технологияларды біздің еліміздің барлық экономикалық саласына, соның ішінде мәдениет саласына да енгізу көзделіп отыр деп ой бөліскен көпшілік Елбасы Жолдауын бір ауыздан қолдайтындарын білдірді.Модераторлар Елбасының Жолдауын халық арасында насихаттау жұмыстарына, негізгі басымдықтарының жүзеге асыруға ,цифрлық дәуірге бейімделудің барысында белсенді атсалысуға шақырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18 қаңтар 2018 жыл

   Елбасы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына Қазақстанның кіруі үшін бәріміздің айналысатын басты 10 міндет-мақсаттарымызды айқындап берді. Жолдаудағы тоғызыншы міндет: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру және заң үстемдігін қамтамасыз ету» маңыздылығы туралы айтылады. Біздің ел сыбайлас жемқорлықтан ада мемлекетті құруға бағытталған саясатты жүргізеді. 

  Аудандық орталық кітапхана Е.Сиқымов атындағы мектеп–интернатының кітапханасында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында және Елбасының биылғы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты дөңгелес үстел ұйымдастырды. Шараға тиісті сала мамандары мен заң органдарының қызметкерлері, ұстаздар, кітапханашылар қатысты. Дөңгелек үстел модераторлары аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары Жиенбаева Г,  Алшынбаева Ж жастардың өз құқықтарын толық білу, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына негізінен қандай қылмыстар жататындығы туралы ақпарат берді.

   Дөңгелек үстел барысында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемелекеттік құқықтық бөлімшесінің бас маманы, заңгер Қожабергенов Дархан Дәулетұлы, Е.Сиқымов атындағы мектеп –интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлыбекова Гүлжан Мейрамғалиқызы, Ақсу ауданы жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Әшімбаева Динара Өмірзаққызы, кітапханашы Жазира Мансұровалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары ,сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты алдын алу және құқықтық көмектің маңызын түсіндірді. ҚР 2015—2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық стратегиясының негізгі ережелері, сонымен бірге оларды жүзеге асыру шаралары, сыбайлас жемқорлық құқықтық бұзушылықты алдын алу бойынша өткізіліп жатқан жұмыстар туралы кеңінен сөз қозғады. Оқушылар Е.Тасқын, Т.Сұңқар өз сауалдарына тұшымды жауап алды. Сондай–ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттық бағыттағы бейнебаяндар көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

19 қаңтар 2018 жыл

 

     Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің жалпы жиналысы «Молықбай Байсақұлы атындағы мәдениет үйінде» «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты акциясы аясында барлық ауылдық мәдениет және кітапханашы қызметкерлердің қатысумен өтті. Акцияға аудандық әкімшіліктің заңгері Д.Д. Қожабергенов және аудандық ішкі саясат бөлімнің бас маманы Қ.Тоқтар,  Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы А.Ш Елубаева, аудандық кітапхана директоры Г.Ж.Абдикерова,  сонымен қатар аудандық «Молықбай Байсақұлы атындағы мәдениет үйінің» директоры А.С.Досмұхамбетов қатысты.

  «Мекемелер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары және оған жауаптылық» (Баяндама) Аудандық Мәдениет Үйінің заңгері Мұхаметжанова Меруерт оқыды. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» қосымша баяндама аудандық кітапхананың директоры Абдикерова Гуля таныстырды. Жарыссөзге шыққандар «Жемқорлық және індеттен арылу әркімге жауапкершілік» Ақын Сара Мәдениет Үйінің директоры Фариза Рахманова «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» Қызылағаш ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бейсебекова Айгуль өз ойларын айтты. Аудандық әкімшіліктің заңгері Д.Д. Қожабергенов мәдениет қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың ҚР Қылмыстық кодекстерімен таныстырды. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастықтуралы халықаралық актілер де барлығын атап көрсетті. Барлық азаматтар елімізде сыбайлас жемқорлықсыз болашақтың болуы үшің еңбек етуге шақырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19 қаңтар 2018 жыл

   Ақсу аудандық кітапханасында «Астана 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында» атты аудандық семинар – кеңес аудан кітапханашылары арасында ұйымдастырылды. Семинар кеңеске аудандық ішкі саясат бөлімнің басшысы Н.Н.Қасымбеков қатысты. Семинарға аудан бойынша ауылдық кітапханашылар қатысты.

   Аудандық кітапхана әдіскері Э.Дуйсекова «Астана 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында» баяндама оқып және жаңа жұмыс түрлерімен таныстырды. «Кешегі өткен күн бүгінгі тарихымыз болып саналады. XX-шы XXI-ші ғасырдың тоғысында туған еліміздің тарихында мың жылда бір-ақ рет болатын Ұлы оқиға орын алды. Ол Ел астанасының қарт Алатаудың баурайынан қазақтың кең жазира даласы Сарыарқаның нақ төсіне көшіп келуі еді. Тамаша Астана – бүкіл қазақтардың, қазақстандықтардың, тіпті барлық әлем жұртшылығының мақтанышы. Астана – дәстүрлі және әлемдік діндер лидерлерінің сұхбат алаңы, бейбітшілік пен рухани келісім, төзімділік пен тұрақтылық, жаңару мен даму алаңы. Елорда Елбасының тамаша ұлттық стратегиялық жобасы.

 

  Ақсу аудандық балалар кітапханасы мектеп оқушыларымен жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, патриоттық қасиеттерді қалыптастыра отырып, болашаққа жан-жақты, жаңашыл білім технологияларын іздестіру тәжірбиесі мақсатында «Ел өмірінің ағымында» атты ақпарат сағатын өткізді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдаған жолдауы Қазақстан халқын жігерлендіре отырып, болашақ үшін жауапкершілікті арттырады. Кітапханашы А.Елеуова жолдаудың негізгі 10 міндеті еліміздің жарқын болашағына бағытталғаны жайлы айтып өтті. Қатысқан оқырман саны: 15

 

 

24 қаңтар 2018 жыл

 

  Балалар кітапханасы «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты көрмеден қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, мағлұмат берді. Оқушылардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой — пікірлерімен бөлісуге жағдай жасау мақсатында кітаптар мен мерзімдік басылымға жарияланған мақалалар қойылды. Елбасы . халыққа жолдаған жолддауында қазақ елі атқаруға тиісті 10 міндетті нақтылап берді. Жолдаудағы тоғызыншы міндет: «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру және заң үстемдігін қамтамасыз ету» маңыздылығы туралы айтылғандығы туралы айтылды. Қатысқан оқырман саны – 17.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ақпан 2018 жыл

  Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында және Елбасының биылғы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында  Ақсу политехникалық колледжінде аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу заман талабы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

    Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қасымбеков Нұрбол Нұрбекұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Елубаева Айна Шегеқызы, «Ақсу Өңірі» газетінің тілшісі Әкімбек Кенжебек, политехникалық колледжінің кітапханашысы Нысанбекова Күләш ,колледждің тіл маманы Момынова Айдана және студенттер қатысты. Латын әліпбиіне көшу жалпы тілдік реформаға айналып, оның ішінде термин жасау мәселесі де алдыңғы қатарда тұруы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 ақпан 2018 жыл

  Ақсу аудандық балалар кітапханасы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып оқушыларымен Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты «Ер жүрек ағалар » атты Ауған жауынгерлерімен кездесу өткізді. Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне, қоғамның әр саласында еңбек етіп, жастардың потриоттық сезімін дамытуға үлестерін қосып жүрген Есимов Орынхан, Каримов Нартай, Мусекенов Ерлан, Құсайынов Серік ағаларымыздың қатысуымен өтті. Ауған жауынгерлерімен бірге ұстаздар мен ата-аналардың қатысуымен өткен дөңгелек үстөл басындағы сұхбатты сынып жетекшісі Б.Камиева мен балалар кітапханасының меңгерушісі Б.Абдрахманова жүргізді. Шара барысында ағалардың ерліктерін ұрпаққа үлгі өнеге ету мақсатында «Ауғанстан жүректегі жара» атты слайд көрсетіле отырып сұрақ қою арқылы әңгіме сұхбат өрбіді. Келген қонақтар тәрбиелік мәні зор потриоттық тәрбие бере отырып, тағылымды ой бөлісті. Бір топ оқушылар ағаларына арнаған құттықтауларын өлең жолдарымен білдіре отырып, оқушылардың орындауында «Балдырған» әнімен аяқталды.

 

 

14 ақпан 2018 жыл

 

 Аудандық орталық кітапхансында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29- жыл толуына орай «Ауғанстан — мәңгі жадымызда» атты еске алу кеші өтті. Осы шараның мақсаты: жастарды ерлікке баулу және патриоттық тәрбие беру, елге жерге деген Отан алдындағы сүйіспеншіліктерін арттыру. Кеш барысында слайд көрсетіліп, кітап көрмесімен таныстырылды.

   Шараға Ауған соғысының ардагерлері Нартай Каримов, Орынхан Есимов, Ерлан Мұсекенов , Серік Құсайынов және Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ермеков Серік Қанатұлы және 9- сынып оқушылары қатысты. Ауған ардагерлері өздерінің бастарынан өткен алапатты оқушыларға толғана айтып берді. Келесі кезекте оқушылар : Тұрсынғалиева Анель, Набиолдина Амина, Боранғалиқызы Құралай, Құдайбергенов Мерей, Мұхамадиев Жарқын өздерінің арнау өлеңдерін айтты. Шара соңында Мәдениет үйінің қызметкерлері : Нұрсейіт Еркін және Есім Қаділұлы кеш қонақтарының құрметіне патриоттық әндер орындады. Қатысқан адам саны: 35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22 ақпан 2018 жыл

  Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа туындысын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Е.Сиқымов атындағы мектеп-интернаты кітапханасында кітап тұсаукесерін өткізді.

 Шараға оқушылар, ұстаздар, кітапханашылар, білімгерлер қатысты. Шара модераторы аудандық орталық кітапхананың аға кітапханашысы Жиенбаева Г. Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа туындысының лентасын қиып, тұсаукесер рәсімінде сөз алған Е.Сиқымов атындағы мектеп-интернатының директоры Ибраимова Рахат Нығметбекқызы мен Ақсу политехникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі Нысанбекова Күләш Нұрахметқызы жаңа туындының мазмұнына жоғары баға беріп, оның жастар өмірінде алатын ерекше орнына тоқталды.

  Шара барысында сөз алған аталмыш мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімдері: Құрайыш Арыс, Қайрат Асанұлы Сүлейменов, Ақсу политехникалық колледж білімгерлері Истамбеков Дәурен, Фазылжанов Бақытжандар оқырмандар назарын кітапта кеңінен сарапталып, сараланған тәуелсіздік тарихының экономикалық, саяси және әлеуметтік қырларына, рухани-мәдени құндылықтарға, осы кезеңдегі маңызды оқиғаларға, оларға берілген тарихи бағаға және оның саяси-әлеуметтік қарым-қатынастағы мәніне аударды. Ал, кітапханашы Мансурова Жазира, оқушылар әңгімеге арқау болып отырған кітаптың егемен еліміздің ширек ғасырлық өткенімен жіті танысуға таптырмас құнды дүние екенін, болашақта тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның шежіре-тарихына айналатынына тілге тиек етті. Аудандық орталық кітапханасының библиографы М.Қырқарбекова Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының электронды нұсқасымен таныстырып, көрмеге веб-шолу жасады. Туған халқын замананың сан алуан сынынан аман алып шығып, биіктен биікке бастап келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлындай кемеңгер басшымыздың, қазақтың бағына біткен Елбасымыздың бұл жаңа туындысы өскелең ұрпаққа берері мол. Төрт бөлімнен тұратын еңбекті оқыған адамның ой-өрісі кеңейіп, өткен тарихымыздан жан-жақты хабардар болатындығы даусыз. Сондықтан да бұл шараны ұйымдастырушы кітапханашыларға айтар алғысым шексіз, -деп іс-шараны қортындылаған Е.Сиқымов атындағы мектеп-интернатының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлыбекова Гүлжан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23 ақпан 2018 жыл

 

   Ақсу аудандық балалар кітапханасы Саф өлеңнің жүйрігі, ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы, атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «ЖЫР ЖҮЙРІГІ – МҰҚАҒАЛИ" атты поэзия кешін өткізді. Шара Е.Сиқымов атындағы орта мектеп интернатының кітапханасында 4-5 сынып оқушылары арасында өтті. Бүгінде ақынның артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Кітапханашылар А.Елеуова С.Рахипбекова «Мұқағали ғажайып біртұтас әлем» атты слайдтың көрсетілімі арқылы ақын өмірі мен еңбектеріне шолу жасап өтті. Ал өлеңдері мен викториналық сұрақтарға келсек: «Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің. Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, — деп, ақынның өзі айтып өткендей Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырларының мәңгілік болып қалатынына оқушылардың бір кісідей атсалысуынан аңғардық. Олардың ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқуынан поэзияға деген қызығушылықтарының жоғары екені оқырмандарды тәнті етті. Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып мәңгілік қазақ поэзиясының саф алтындай жәдігері болып қала бермек!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 наурыз 2018 жыл

 

  8 наурыз -халықаралық әйелдер күніне орай балалар кітапханасы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназиясының 5 сынып оқушыларымен, ата-аналардың қатысуымен «Ана — әлемнің жарығы» атты әдеби монтаж ұйымдастырды.

  Елбасы Н.Назарбаев «Әйел-тіршіліктің тірегі ғана емес, өмірдің өзі. Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының барлығы ананың ақ сүтінен тарайды » — деп, ерекше атап айтқан болатын. Бұл шараның мақсаты да дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге, мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету болатын. Оқушылар аналарына , ұстаздарына деген құрметтерін ақын жазушылардың аналарға арнап жазған өлең шумақтарымен бірге құттықтау тілектерін білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 наурыз 2018 жыл

 

  Елбасы Н.Ә. Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына өз Жолдауын арнап, тәуелсіз Қазақстанның дамуының басты бағыттарын белгілеп келеді. Биыл «Төртінші өнер¬кәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын жариялап, өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделудің және табысқа жетудің 10 міндетін атап көрсетті. Осы бағытта балалар кітапханасы Е.Сиқымов атындағы орта мектеп интернатының кітапханасында оқушылармен «Елбасы жолдауы — жақсылықтың бастауы» атты насихат сағатын өткізді. Елбасының Қазақстан халқына арналған жолдауын насихаттап, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату. Кітапханашы А.Елеуова Елбасының жолдауымен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты жарияланған үндеуі туралы айтып өтті.  Осы аталған тақырып бойынша өз ойларымен бөлісу үшін тарих пәнінің мұғалімі Құрайыш Арыс және оқушылар пікірлерін білдірді. Елбасының халыққа арнаған жолдауы мен үндеуі, әр азаматтың еліне өз үлестерін қоса отырып, ертеңгі күнге деген сенімін нығайта түсері анық.

 

 

2 сәуір 2018 жыл

   Кітап – адамзат ақыл – ойының інжу- маржанын ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл мұра. 2 сәуір –Халықаралық балалар әдебиеті» күніне орай «Буккроссинг» акциясын «Кітап-тарих, шежіре! »деген айдармен аудандық орталық кітапханасы Арбатта/орталық базар/, /БЖЗҚ/Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мекемесінің алдында ұйымдастырды.  Шараның басты мақсаты – әр адамның әдебиетке жақын болуына, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, «кітап – білім бұлағы, ал білім — өмір шырағы» екенін ұғындыру. Халықаралық күн саналатын атаулы мереке аясында түрлі кітаптар жарнамаланып, кітапқұмарлар өзара тарихи шығармалар, детектив жанры бойынша ой бөлісіп, кітаптарымен алмасты .Атап айтсақ: Қожахметов Тойлыбай, Аблақаш Болат.т.б. 1967 жылдан бастап Халықаралық Кеңестің шешімімен 2 сәуір ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай Халықаралық кітап күні аталып өтілуде.