«Қара бауыр қасқалдақ»
«Қара бауыр қасқалдақ» әнін білеміз бе?
Қалай десек те, Желтоқсан көтерілісіне арналған осы әннің авторлары, оның шығуы туралы нақты тарихи деректерді және оқиғаның басталуы кезеңіндегі түсірілімді бұрындар жылдары шығарылған төмендегі бейнежазбалардан танысып, нақты біле аласыздар!
1986 жыл. Алматы. Желтоқсан оқиғасына байланысты түсірілім
Сіз білмейтін бір сыр бар ...
«Қара бауыр қасқалдақ»
Сөзі - Есенғали Раушанов
Әннің авторы — Ілесбек Аманов
https://www.inform.kz/kz/kara-bauyr-kaskaldak-aninin-avtory-ilesbek-amanov-omirden-ozdy_a2995353
Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.
Ұя қалса иесіз — айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.
Өз босағаң — бұл жердің тауы, қыры, белесі,
Босағасын басқаға тастай ма екен, о, несі.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.
Ұя қалса иесіз — айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.