ҚОЖАҒАЗИНДЕРДІҢ  ЖАНАРЫ

 

Өткен ғасырдың екінші жартысында ауданымыздың (Ақсу, Алматы облысы) «Діңгек»  ауылындағы  «Қожағазиндер» өнерлі отбасының атағы  облыс жұртшылығына белгілі болған еді.

Олар туралы әңгімені сәл арыдан бастасақ,  әулеттің үлкені Қожағазы  өз уақытындағы саусақпен санарлық  сауатты, білімді азаматтардың бірі болған. Ілияс Жансүгіровпен  бірге жүреді, ағартушылық жүмыстармен айналысады. Қапалда жетім балалар оқитын интернат ашып, өзі онда мұғалімдік қызмет атқарады. 1937 жылдары «халық жауы» аталып,  репрессияға ұшырайды. Кейіннен ақталады.  Одан Кобес, Ари  атты екі ұл және  Анай деген бір кыз тарайды.  Солардың ішіндегі Көбестің өзі де, балалары да әншілік өнерге  аса бейім болып,  жұртшылыққа жақсы танымал, өнер сүйер қауымның ризашылығына бөленеді.  

Міне, бүгіндері осы әулеттің ұрпақтары,  Қарлығаш және Жанар деген екі қыздарымыз да  өнер саласында өздерінің лайықты  орындарын тапқан,  көптің сүйіктісіне, «көзайымына» айналып үлгірген  жандар деп айтуға болады.

 

Көбесқызы Қарлығаш  бойжетіп өскеннен кейін Жамбыл облысының Қордай ауданына келін болып түсіп, сол өңірге әншілік өнерімен танылып, құрметке иеленеді. «Өнер ордасы» саналатын Ақсу елінің перзенті ол, «Қордайдың Қарлығашы» деп еркелетілетін өз қыздарына  айналады. Ол дәстүрлі әнші, Кенен атасының  өнерін насихаттаушы  ретінде Жамбыл облысы мақтанышы болып та саналады.  Ол «Қордай ауданының Құрметті азаматы», Әміре Қашаубаев және К.Әзірбаев атындағы конкурстардың лауреаты, «Алтын адам» сыйлығының иегері, «ҚР мәдениет саласының үздігі». Қарлығашқа туған жері, біздің Ақсу ауданының де «Құрметті азаматы» атағы берілген. ...

Қарлығаштың өмір және өнер жолы туралы толық мағлұматтар, бұйырса, сайтымның алдағы парақтарында  жарияланатын болады.

 

Ал, бүгінгі әңгімеміздің тиегі - Көбес атасының немересі, Ебестің қызы Жанар болып отыр.

 

Жанар Қожағазина өзінің туған ауылындағы  Н.Есеболатов атындағы орта мектепті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «журналистика» және Жетісу мемлекеттік университетін «музыкалық білім беру»  мамандықтары бойынша бітірген.

Ол өнер жолына  баулып осірген, алғашқы ұстазы ретінде  өзінің әкесін санайды және осыған үлкен қолдау көрсеткен әнші Карлығаш әпкесін құрметтейді.

Жанар жақсы әнші,  "Жетісу жұлдыздары" байкауында  Бас жүлденің иегері болады.

Ал, соңғы жылдары өнерлі қауымның ортасында сазгерлігімен, өзі жазған әдемі әндерімен танымал болып, Қарақат  Әбілдина, Жанболат пен Жазира. Жадыра Арыстанова, т.б. белгілі әншілермен жақсы  шығармашылық байланыста болуда. Солардың орындауындағы «Қызға тілек», «Қызымын елдің бақытын тапқан»  «Жан жарыма», «Серігім», «Тұсаукесер», «Сыр елі» деген туындылары тыңдаушылардың,  көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндеріне айналып үлгірді. Жанардың келешекте өзінің жеке «шығармашылық кешін»  өткізу де ойында бар. 

Осыған орай, Ақсу ауданы халқы, жерлестері  Жанарды,  Қарлығаш әпкесі сияқты өнер айдынында биікке қанат сермеген өздерінің тағы бір «Аққуы» аталатына лайықты санайды. Олай болса, Жанардың жан-дүниесін «жарып шыққан» біраз әндерінің бейнежазбаларын тыңдаңыздар, тамашалаңыздар!

 

 

 

 

 

 

Қызымын елдің
Әні: Жанар  Қожағазинанікі;  Орындаушы: Қарақат  Әбілдина 

 

Құлпырып жайнаймын мен әсем айдаймын жаңа туған
Сызылып сайраймын сандуғаш болып жаратылған
Ғашықпын мынау өмірге ақ пейіл адам көңілмен
Жаныма жақын жақсының бәрін ұнаттым

 

Қайырмасы:

Көктемнің көркем мақпал бағын
Арайлап атқан ақ таңдарын
Ұнаттым бәрін сылдырын мөлдір бұлақтың
Алғысыңды алып көгерген
Ән жырымды арнап келем мен
Қызымын елдің бақытын тапқан өнерден

 

Жайқалған нұрыммен бөлейін жан жағымды оу
Қошемет сыйласаң сол менің қалауым жанымның
Жылуын төккен менің жаныма
Жаралған менің бағыма
Төрінде жүрмін туған жер деген жұмақтың

Қайырмасы

 

«Сыр  елі»

Әні: Жанар Қожағазинанікі, Сөзі: Г.Нұрманованікі.  Орындаушылар: Жанболат пен Жазира

 

 

Еліне қайтқан естісін құс əнін
Сағыныш тербеп жүрегім бірге ұшады
Самалыңменен аңсаймын сені туған жер
Шілдеңді шіркін анамның ыстық құшағын

Қайырмасы:
Сыр елім еңселім,сүйемін мен сені
Көркіңді көркем жайқалған маржан күрішін
Қазақтың кең байтақ жерінің бір бөлшек
Арнаға сыймай асырсын байлық ырысын

Шырқайын биік əнін туған жер болған соң
Басыңа мəңгі бейбіт күні орнасын
Жерұйық мекен қасиетіңнен айналдым
Қаймағы бүтін қазақтың Қызыл Ордасын

Қайырмасы

 

 

«Серігім»

Әні: Жанар Қожағазинанікі, Сөзі: Г.Нұрманованікі.  Орындаушылар: Жанболат пен Жазира