«Ақсуым» деп ән шырқалады... (5)
«АҚСУЫМ» ДЕП ӘН ШЫРҚАЛАДЫ...(5)
Бүгін парақта сазгер-әншілердің Ақсу жеріне, еліне арнап жазылған шығармашылық туындыларының-әндерінің кезекті, тағы бір топтамасын ұсынып отырмын. Қабыл алыңдар!
«Ақсуым асау, ағындым»
Әннің жазбасы, ауданымыздың ардақты азаматы, ел ағасы, үлкен өнер тұлғасы, марқұм Тәңірберген Қалилахановтың жеке мұрағатынан алынды .
сөзі: Тәңірберген Қалилахановтікі
әні: Құдыш Адамбековтікі
«Ақсу вальсі»
Өткен ғасырдың ортасынан бері Ақсу елінің бойтұмарына айналған сүйікті әні
Әні: Назарбек Әмірғалиевтікі
Сөзі: Құдаш Мұқашевтікі. (Сөз мәтіні осы тараудың 1-ші парағында берілген болатын)
Орындаушы: ауданымыздың әншісі, «Ақбаяны» - Әния Айдабаева
Барлығы да Ақсу жерінің перзенттері
«Ауылым — алтын Діңгегім»
Ақсу ауданы халқы құрмет ететін азаматтарының бірі, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ақын Ғабит Тұрсынбайдың өзінің туған «Діңгек» ауылына арнап жазған әні.
Орындаушы да — осы «Діңгек» ауылындағы аудан жұртшылығы жақсы танымал өнерлі Қожағазиндер әулетінің бір баласы - әнші Қарлығаш Қожағазина