«АҚСУЫМ»  ДЕП  ӘН  ШЫРҚАЛАДЫ...

        

 

 Құрметті оқырмандар, сайт  тілектестері!

Бүгін осы тақырыппен сайтымда жаңа «сазды» тарау ашып отырмын. Оның парақтарында сазгерлеріміздің әр кезеңдерде шығарылып, қалың көпшіліктің  көңілінен шыққан, олардың сүйіп тыңдайтын Ақсу  жеріне, еліне арнап жазылған  шығармашылық  туындылары жарияланып отырылатын болады. Әрине, бұл жұмыс тек  "Ақсу « тақырыбымен ғана шектеліп қалмай, жалпы Жетісу өңіріне  байланысты  сазды шығармашылықтарды да барынша қамтуға тырысамын.

Сонымен бірге,  Ақсу жері топырағынан шығып, өнерлерімен елімізге жақсы танымал болған жерлес әншілеріміздің орындауындағы әндер де  барынша насихатталатын болады.

Бүгінгі парақта солардың  алғашқылары беріліп отыр. Қабыл алыңдар!  Келесілерін де бірге тамашалайтын болайық!

 

 

 

                           

 

                  »Ақсу  вальсі"

әні:  Н.Әмірғалиевтікі

сөзі:  Қ.Мұқашевтікі

 

Қандай әсем Ақсудың нұрлы алабы,

Майда желмен көк шалғын ырғалады.

Жас ақынның жанындай жайсаң жазым

Жәргектейді көгімен қыр даланы

 

Жалғыз нүкте болсаң да картадағы

Кем емессің Көкшеден Арқадағы.

Дәулетің мен бүгінгі сәулетіңнен

Жас жүрегім сүйініп нәр табады.

Жалғыз уақта бақтарым болсаң шатыр

Далам көркем, елім бай, халқым батыр.

Төрт түлігі мыңғырған малды ауылмын

Ақтарылған далада алтын жатыр. 

 

                         

   Ақсу әні

Әні:   Мұратхан Егінбаевтікі

Сөзі:  Ғалымбек Омархановтікі

 

 

Ақсуым асау  арна толқып аққан,

Айдыны алтын айдар толқын атқан.

Шырқайын осы әнімді арнап саған,

Ететін ай жүзіңді жұртым мақтан,

Ақсуым, айналайын жарқыл қаққан.

 

                  Қайырмасы:  

Сауықшыл ел думанды,

Құйқылжытшы жыр-әнді.

Ақсу әні аялап,

Қандырсын бір құмарды.

 

Жетелеп аяулы арман, талап ізгі,

Кел құрбым, қызықтайық даламызды.

Жетер-ау арманына асықпаған,

Ақсудың дидарындай арай жүзді

Осы әнім жүрсін жалғап арамызды.

                  Қайырмасы:

 

Толықсып Ақсуымды жатыр ағын,

Туған жер әнге бөлеп атырабын.

 Өлкемнің шалқып жатқан шалқарында

 Ақ таңды арайлатып атырайын,

 Естілсін Ақсу жайлы шалқып әнім.

 

«Ақсудан ұшқан аққулар» 

 

Осы ән туралы. Жарты  ғасырдан аса  уақыт Ақсуымыздың «ән-бейнесіне» айналған бұл ән, жерлес ақынымыз Құдаш  Мұқашевтікі болып саналып келген еді. Алайда, соңғы жылдардағы біраз ізденіс-тартыстардан кейін ол Мұхтар Шақанов ақынның сөзіне жазылған атақты  композитор Шәмшіміздің  әні екенін дәлелденді.

Солай десек те, үлкен дарын иелерінің  туындысы  жалпы  жұртқа,  барша  қазағыма  ортақ болғандықтан, оны  бәрібір  біздің   Ақсуға  да арналған  ән  деп  санап, мақтана беретін боламыз...

 

Төбемде тұрдың жұлдыздай жанып, арманым болып аңсаған,

Араға талай жылдарды салып, оралдым жаным мен саған.

Алатау бөктерін аралап, көп жүрдім жауыннан жасқанбай,

Ақсудың өзенін жағалап келемін, алдымнан ұшады аққулар.

 

Жеңешең сенің өзенге келіп, су алып қайтып барады,

Көңілсіз тұрған кейпімді көріп, қиыла неге қарады?

Сұрауға батпадым, көңілім жабығып, аңсадым жүзіңді,

Мен алыс жүргенде бір бақыт жолығып, Баурап ап қойды-мау жаныңды?

Не дейін саған, не дейін саған, хабарың жаным жоқ мүлде,

Оралмай маған, құс болып қонып, аққу боп ұшып кеттің бе?

Қайда сен жүрсең де талмасын қанатың, талмасын мәңгіге,

Кім білсін, әйтеуір, өшпейтін жүректе бір белгі қалдырып кеттің бе?!

 

 Үш  арыс

 

Картинки по запросу Кәкімбек Салықов

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

Кең даланың кемеңгер перзенттері,

Аңыз-дастан атқарған міндеттері.

Үш сұңқарын, үш тұлпар, үш арысын,

Ғаламат қой туған ел құрметтеуі.

          Қайырмасы:

 

Тар кезеңде бірлесіп,

Бар қатерді бір кешіп,

Еңіреп туған елім – деп,

Қазақтың ірілері,

Абайдың інілері,

Сәкен, Ілияс, Бейімбет.

 

Өлең – жырдың әлемін ашқанында,

Сол үшеуі тұрады бас жағында.

Үркерленіп барады үлкенденіп,

Үш жұлдызым туған ел аспанында.

           Қайырмасы:

Ақсұңқарын дауылпаз, бұлан-ерін,

Күйші дала құс қанат құлагерін.

Үш арысын қайтарып құшағына,

Ардақтайды салтанат құрады елім.

 Қайырмасы.    

Жетісу   мен   Көкшедей

 

Әні:  Мұратхан Егінбаевтікі

Сөзі:   Кәкімбек Салықовтікі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тамсантқан алтын арай таңыменен,

Сүйсінткен жан баураған сәніменен.

Көкшетау Жетісумен жалғасып тұр,

Біржан Сал, Ақын Сара әніменен.

      Жетісу мен Көкшедей,

      Бөтен тілек көксемей.

      Бабалардай бірлесіп,

      Даналардай үндесіп,

      Өтейікші, қазағым,

      От пен суды бір кешіп.

Балқаштың ғашық болып ақ түніне,

Іленің әуен қосып тәтті үніне.

Оралған Сексен көлден аққу қаздар

Салады Үкілі Ыбырай «Гәккуіне».

       

 

 

Тойлы ауыл Сырымбеттің саласында,

Көз салсаң оза тартқан қарасынға.

Құлагер шауып жүрген секілденер,

Көкше мен Жетісудың арасында.

Жаңғырса Ақан сері арман-әні,

Есінен бар қазақтың қалмағаны.

Ақындық Құлагері Ілиястың,

Тамаша елмен елді жалғағаны.

 

 

       
   «Маман  -  Тұрысбек»   
                                         

 Әні:   Мұратхан Егінбаевтікі

Сөзі:  Несіпбек Айтовтікі

 

Жетісуда бай өткен Маман деген,

Мектеп ашқан, жарысып заманменен.

Байлық деген білгенге қолдың кірі,

Адам күні қашанда адамменен.

Маман Тұрысбек малына мақтанбаған,

Адамдықпен атағы аспандаған.

Дарақының қолына дүние тиіп,

Оңды-солды жалғанда шашқан жаман.

Қайырмасы:

 

Анау заман, қай заман,

Мынау заман, қай заман?

Мырза Маман, бай Маман,

Еске түссе аруағың,

Ырза болам, ойланам!

Тайдырмаған дүние кімді жолдан,

Қайыры жоқ не пайда күллі малдан?

Маман-Тұрысбек армансыз, ағайындар,

Мәңгілікке артында үлгі қалған.

Алтын басып жатқандар жамбасына,

Қайғырмайды күн туса ел басына.

Сараң байдың тұқымы толып жүр ғой,

Маман байдың жұрнағы бар ма, сірә?!

Қайырмасы.