«АҚСУЫМ»  ДЕП  ӘН  ШЫРҚАЛАДЫ...(2)

Құрметті оқырмандар, жерлестер!

  Сайтымның осы тарауының бүгінгі парағына авторының бірі  өзім болған Ақсуымызға  арналған 2 жаңа әнді (алайда, көпшілікке әлі таралып үлгірмеген)   шығарып  отырмын.

Қабыл алыңдар!

 

«Алтын ұям — Ақсуым»  (Ақсу маршы)

 

Әні –Тұралықов Жанаттікі

Сөзі — Серпербаев Серікбектікі

 

Ақсуым — мәңгі Аңызым,  ғасырларменен тең өскен.

Шыңынан асқар төккен нұр, көл-айдында бел шешкен.

Сұрапыл cан белесте,  қорғаны болып елінің

Бойында қуат, зор намыс,  жасындай талай  Ер өскен.

Қайырмасы:    

Алтын  ұям  -  Ақсуым

Жері — дархан, тауы шың.

Өзіңе арнап  ән салсам

Шарықтасын  дауысым.

Шаттықтан ерен, арындап

Жыр төгілсін бал-шырын

Ақсуым — заңғар Абызым,  кеудесі кернеп  күй төккен

Сұңқары биік қалықтап, дарын емген күн, көктен .

Қанаттанып Аққу- Қыз,  ұшады толқын көлінен ,

Даласында  өнердің,  Дүлділдер жортқан жыр өпкен

    Қайырмасы:   

Ақсуым — міне Нағызым,  жаңа өмірменен үндескен

Сусындап баба нәрінен,  Ұрпағы — әсем гүл өскен.

Рухы қайсар халқымның,  мақсаты асқақ ертеңгі.

Биігінен тұғырлы ел,  арайлап  жарқын Нұр ескен.

 Қайырмасы:             

         

 

«Ақсудың  аққу  арулары»  

 

Әні – Чернухин Сергейдікі 

Сөзі — Серпербаев Серікбектікі

     

Шың төрінен  Ақсуым бұлаңдайды

Шат толқыны  асыр сап, мың аунайды

Таң нұрымен шомылып, арайланып

Бой түзеген сұлулар сылаңдайды

Қайырмасы:

 

Көркі керім, әсем гүл қауыз ашқан

Пәк көңілге бүршігі жұпар шашқан

Ол — Ақсудың аққу қыз арулары

Тәнті  жүрек қиялын алып қашқан

Шарлап құшқан Ақсуым әз даланы.

Албұрт сезім шоқ болып мазданады

Қызғалдақты қырларда шырайланып

Сиқырымен құрбылар  назданады

Қайырмасы

Көл айдында Ақсуым тыныстайды

Сән самалы ғашыққа  жыр ұштайды

Түн пердесін түрілтіп, сәуле шашып

Сүйгеніне кербез жар сыр ұстайды

Қайырмасы