«ТУҒАН ЖЕРГЕ САҒЫНЫШ» (10)

 

  Осы тақырыптағы  шығармашылықтардың кезекті   топтамасын сайтымда «Ауылым»  деген  атаумен беріп  отырмын.  Алдыңғыларын сайттың осы тақырыптас тарауынан тамашалауларыңызға болады.http://bit.ly/2FrkgGE

 

Сұлухан Мыңбаева

Оңтүстік Қазақстан облысы.  Аудандық, облыстық байқаулардың жүлдегері. Төлеген Айбергенов атындағы әдебиет және өнер бірлестігінің мүшесі. ,,Кәусар сезім,, атты кітаптың авторы.                   

АУЫЛЫМ — АНАМ

 

 

Ауылымнан басталады жыр басы,

Ауыл жайлы сыр шертейін,тыңдашы.

Ауыл десе көз алдыма келеді

Ақ кимшек киген Ана тұлғасы.    

 

Мойымайтын,қажымайтын еңбектен,

Ұлағатпен өрендерін өрлеткен,

Ауыл десе көз алдыма келеді

Әппақ Ана ақ бесігін тербеткен.  

 

Ауыл деген ол — қазақтың қаймағы,

Мінезін айт,қандай жарқын,жайдары.

Ежелден-ақ ауыл көзі көненің

Ауыл өнер бұлағының қайнары.  

 

Ауыл іңкәр тазалықтың белгісі,

Ар намыспен адалдық оның еншісі.

Ол келесі ұрпаққа ата- мұрасын 

Аман -есен табыстайтын елшісі.  

 

Осылайша сезімімнің елегі

Ой түбінен інжу- маржан тереді.

Сенесіз бе ,алыс кетсем, ауылым

Анам болып көз алдыма келеді  

 

 

Ауылда менің дәстүрді сүйген халқым бар

 

Ауылым менің, киелі жұртым,өр елім!

Бұдан да асқақ болсыншы сенің беделің,

Ұлтымның көне дәстүрін сақтаған сен едің

Міне,сол үшін ертеңгі күнге сенемін.  

 

Нәр алып өскен дәстүрден ұл-қыз өрені,

Әрбір отбасы біледі қонақ кәдені,

Дәстүр дегенім қайын ата,қайын енеге

Келіннің құрметпен иіліп салған сәлемі.

 

Ата-салтымыз жалғасын табар,өшпейді,

Күйеу баласы жеңгенің қолынан төс жейді,

Халқымның мейлі,үлкені болсын кішісі

Өзінен үлкен кісінің жолын кеспейді.    

 

Картинки по запросу ауыл салтдәстүрлер

 

Бір сәби келсе шырылдап,шіркін өмірге,

Той-думан сияр, қазақы мына көңілге,

Шілдехана той жасар әп-сәтте қуанып,

Көрімдігіңді ап, келе бер күтер сені де.

 

Тұсау кесері, сүндет тойы тағы бар,

Оның соңынан келін түсіріп сабылар,

Қызын ұзатып, құтты мекенге құда боп

Маңдайларына ырымдап ақ ұн жағылар.  

 

Той бола қалса, балуандары күресер

Кішілер жағы үлкеннің соңынан ілесер,

Ал, қариялар өз сыбағасын жеп болып,

Дәстүрді сақтап, келінге ''сарқыт, үлесер.  

 

Перзенттің бәрі сыйлайды ана-атасын,

Құлаққа іліп, олардың берген батасын,

Біздің өңірде қымыздың неше түрінің

Тіл үйіретін, сапырып дәмін татасың.  

 

Картинки по запросу ауыл салтдәстүрлер

 

Дәстүр дегенім-апамның көне күбісі,

Дәстүр дегенім-әжемнің тағылым үлгісі,

Дәстүр дегенім-анамның маған ерінбей

Ұлағатымен үйреткен кесте тігісі...

 

Ауылда менің осындай әдемі салтым бар,

Ауылда менің дәстүрін сүйген халқым бар,

Ауылда менің ұлтымның таза болмысы

өз жауын алып,асыл жақұттай жарқылдар!!!  

 

Картинки по запросу ауыл салтдәстүрлер

Өлеңдер  «Әдебиет порталында» жарияланған © adebiportal.kz http://adebiportal.kz/kz/auylym/view/311 және adebiportal.kz http://adebiportal.kz/kz/auylym/view/311  

 

«Ауылым»

Орындаушы — Жолдасбек Əбдіханов  

 

       

Айтушы еді әжем ертегі,

Болған соң үйдің тентегі.

Уайым болатын әрқашан,

Немересінің ертеңі.

 

 Қайырмасы       

Ауылдың ай-хай көшесін,

 Аралап бақыт кешесің.

 Көрсең де үлкен – кішісін,  

Сәлемін алып өтесің.  

Ауылдың пай-пай қыздарын,

Көруші ек айдай біз бәрін.

Шаштарын тарап өсірген,

Ұсынып ауыл тұз-дәмін.

 

Ауылдың ақсақалдары,

Мейірімге толы жандары.

Батасын берер «ботам» — деп,

Орындалсын деп арманы. 

 

Қайырмасы.   

Айтылсын бірге әніміз

Ауылғой біздің сәніміз

 

Ауылға барам

Әлеуметтік желіден алынды...

 

 

«Ауылым»

 

Мына  бейнетүсірілімді  Германияға  Ақсудан кеткен немістер  жіберіпті...