«ТУҒАН ЖЕРГЕ САҒЫНЫШ» (2)

 

Өткен жолы сайтымызда «Туған жерге сағыныш» атты жеке тарау ашып, онда осы тақырыптағы әртүрлі форматтағы шығармашылықтар  жарияланып отырылатынын айтқанмын. Міне, солардың тағы бір топтамасын беріп отырмын.

 

Ақсу өзенінің Жансүгіров ауылы үстіндегі тұсы

 

Туған жерге сағыныш 

Өлең авторы: KIMBATZHAN

Туған жерін сағынбайтын жан бар ма?

Көтеріліп жүрсем де сан заңғарға,

Менің жаным топыраққа байлаулы,

Менің бала күнім қалған аңғарда.

 

Туған жерін сағынбайтын бар ма жан?

Туған ауыл… Үзілмейтін арман-ән

Ауылының түтінін бір аңсайды, ел

Қалаға кеп қара басын алдаған…

 

Туған жерін сағынбайтын неге енжар,

Елдің сөзі не ақиқат, не жалған…

Тым құрыса сағынады ауылын,

Мен ешкімді сағынбаймын деген жан.

 

Туған жерін сағынбайтын ел де жоқ,

Ауылды ойлап көмілемін шерге көп.

Кеудемді әркез жылытады сол ауыл,

Жүрегіме мәңгі жағып берген от.  

 

«Мен қазақпын» 

Орыс казактарының орындауында 

 

 

 

 

«Құмған алған»

Ақсулық Мұратхан Егінбаевтың әні

Сөзі: Мұқағали Мақатаевтікі  
 

https://www.youtube.com/watch?v=4gn-dIxv9SY&feature=youtu.be

 

Құмған алған,

Суға барған,

Сұлуымды сағындым.

Сырғаланған,

Қуған арман.

Құлынымды сағындым.

Түйнектер мен

Жидек терген,

Нуларымды сағындым.

Үйректермен Иректелген,

Суларымды сағындым.

Тынып тіптен,

Түлік біткен,

Жусағанын сағындым.

Жиі беттен

Сүйіп өткен,

Қыр самалын сағындым.

Безінбейтін,

Сезінбейтін

Аңғал кезді сағындым.

Өзім дейтін,

Сезім дейтін

— Жанған көзді сағындым.