«ТУҒАН ЖЕРГЕ САҒЫНЫШ» (3)

 

Сайтымыздың осы тақырыпты тарауына туған жерге, еліне деген сағынышты білдіретін  шығармашылықтардың кезекті   топтамасын беріп отырмын.

 

  Елге  сәлем 

 

Қуат Қайранбаев

 

Көптен жол түспеп еді, елге бардым,

Көн болған көңілімді тербеп алдым.

Бір көрсем деген арман жүр екен ғой,

Жанымның түкпірінде шөлдеп әр күн.  

 

Ел жаққа көптен жолым түспеп еді,

«Келгін» деп ол да мені күштемеді.

Алайда, ауыл-аймақ елес сынды,

Түн болса тұнжырап бір түске енеді.

 

Бір басып сағынышты өлшенбеген,

Түс емес, өңімде оны көрсем деп ем.

Жүректің іңкәрлігін өлең қылып,

Бір қыздың бұрымына өрсем дегем.    

 

Өңімде барып-қайтқым келген еді,

Әйтпесе, жүрек неге шерленеді?

Балалық, бал дәуренім қолын бұлғап,

Шақыра беретіндей елге мені.

 

Сейілмей көңілдегі күдік көп күн,

Тірлік деп қашанғы енді үрікпекпін.

Ауылға, басу үшін аңсарымды,

Қолымды бір-ақ сілтеп жүріп кеттім...

 

Біз де елге тарттық қысқы жолмен ...

(Ақсу өңірі табиғатынан көрініс)

   

         Ауылға кетіп барамын...

 

Әні қытай қазақтарынан.

Харынбай Ахын  12 қыркүйек 2017 жыл

 

 
 

                 Алыстагы бауырларымды сагындым!