«ТУҒАН ЖЕРГЕ САҒЫНЫШ» (4)

 

Сайтымыздың осы тақырыпты  тарауына.  туған жерге,  еліне  деген сағынышты білдіретін  шығармашылықтардың  кезекті   топтамасын  беріп  отырмын.  Алдыңғыларын сайттың осы тақырыптас тарауынан тамашалауларыңызға болады.

 

ҚЫЗЫЛАҒАШ – САҒЫНЫШТЫҢ ШІЛДЕСІСІҢ...

 

Әділбек Ыбырайымұлы
2018 жылғы 19 қаңтар  
 
Сендегі кереметті сезе білем,
Нұр төккен туған жерсің өзегінен.
Жағалай жиде қалың өскендіктен,
Атанған Қызылағаш өзенім ең.
 
Әшейін сөз емессің жәй тілдегі,
Шарапат төгілетін Ай, Күндегі.
Жиделер гүлдегенде мамырға еріп,
Жұпармен тербейтұғын зәйтүн мені.  
 
 
 
Шаттыққа, қуанышқа жетеледің,
Сен, шіркін, өлеңменен некеледің.
Тұяғы кіл тұлпардың жер тарпыған,
Намысы тулап жатар мекен едің.
 
Өзгеше сендегі тал, сендегі емен,
Айтқызбай іштегіні жөнге кеген.
Қызлағаш.  Кейде осылай аталушы ең,
«Қызылды» «қыз» деп айтқан ел не деген...
 
Өмірдің үлдесі мен бүлдесісің,
Жайың жоқ мен барғанда білмес ішің.
Өткізгем балалықты интернатта,
Қызылағаш – сағыныштың шілдесісің.
 
Жәудіркөз күлімдейтін гүл етегі,
Көңілді жүдетеді, түлетеді.
Қызылағаш, сен есіме түскен кезде,
Жүрегім шарасыздан шым етеді.  

 

 
Жайнаған бұрынғыдан көрікті емен,
Кетпеспін баяғыша ерікке мен.
Ұшырған арманшыл ғып демеп еппен,
Киеңді  Әлі күнге көріп келем.
 
ызлағаш, Қызылағаш жұмақ мекен,
Еске алсам қалың ойға құлап кетем.
Жайылған ішпектей боп жатқан ауыл,
Жүрсек те шалғай, алыс шуақты екен...

 

Сағынып келем ауылды

 

 

Кто жил и вырос в Казахстане

А. Исенгазин автор  - Вадим Буклешов.  

 

 

Сағындым сені

Әні - Ескендір Хасанғалиевтікі

Ең алғашқы және ең мықты орындаушысы Құрманай Әжібаева