«Туған жерге сағыныш» (7)

 

«ТУҒАН ЖЕРГЕ САҒЫНЫШ» (7)

 

Сайтымыздың осы тақырыпты  тарауына  арналған  жазбалардың  кезекті   топтамасын  беріп  отырмын.  Алдыңғыларын сайттың осы тақырыптас тарауынан тамашалауларыңызға болады:http://bit.ly/2FrkgGE

 

Туған жерге сағыныш

Әні: Ф.Бексұлтандікі

сөзі: А. Бейсенхандыкі

Орындаушылар - Бағдат Сәмединова, Индира Расылхан 

 

https://youtu.be/GPSYVes0qIM  

АҒЫНЫҢДЫ ІРКЕ АЛМАС АЯЗ ҚЫСЫП....

«Жетісу суреттері» циклінен

Әділбек  Ыбырайымұлы

 

Қапал сені сағына  Еске аламын,

Қамқорлығын көргенмін есті ағаның.

Арасанбай ақынды сенен тауып,

Бізді әкетті  Алысқа көшкен ағын.

 

Шөптің басын еріксіз қозғаса ебі,

Мені тартты жетелеп, сөз дәсері.

Қарағайың сыңсыған қалды алыста,

Жайлы, жұмсақ қысыңның өзге әсері.

 

 

Өмір деген тоқтамай сапырылды,

ә-ә, Тірлік кешті  Ағзам мен пақырың да.

Қопалы өзен ағатын етегіңде, 

Қапал* болып айналған ақырында.

 

Төскейіңде сан түрлі тұма – тұнық,

Сарқырайды өзен боп шұбатылып.

Батқан күннің таласып арайымен,

Шатқал жатыр қатпайтын буы атылып.

 

Туған еді сол сәтте Айым да оңнан,

Болашаққа жол тарттым уайым болған.

Ағыныңды ірке алмас аяз қысып,

Адуынды екпіннен тайынғаннан.

 

Сен деп қана ұмтылар, жұртым, ұлың,

Жеті Қатқа жетсе ғой, шіркін, үнім.

Талабыма бергенсің қанат байлап,

Қапал, сенде, қап қойды бір тұғырым.

 

2018 жылғы 20 қаңтар

 

Ауылға барам

 

  https://youtu.be/1n-ATMzqlBM

Жол жүрем бүгін тағы да бүгін жол жүрем
Ел жаққа барам жүрегім елдеп елжіреп
Ауылдың суы ауылдың нуы аңсатты
Күйбең тірліктің дүрбең шулары шаршатты

 

Қайырмасы:

Ауылға барам, бәрі де туыс ел жақта

Аңқылдайды олар, қарамайды олар бар жоққа

Ауылым жайлы, бауырым жайлы жыр жазам

Сүйеніп тұрып анам сүйенген шарбаққа

 

Жол жүрем бармасам елге болмайды

Тынысымды ашам тіреймін елге маңдайды

Ет жақындарым аттанып кеткен келмеске

Көз көргендер де азайып қапты сол қайғы