«Туған жерге сағыныш» (8)
«ТУҒАН ЖЕРГЕ САҒЫНЫШ» (8)
Сайтымыздың осы тақырыпты тарауына арналған жазбалардың кезекті топтамасын беріп отырмын. Алдыңғыларын сайттың осы тақырыптас тарауынан тамашалауларыңызға болады.http://bit.ly/2FrkgGE
Туған үйім!!!
Бұл өлең тақырыпқа сай және ұнағандықтан ФБ желісінен алынды. Авторы әзірге белгісіз, оған Сұлу Бекмұратова салған екен.
Жерге шөккен туған үйім қалқайып,
Шарбағы да жатушы еді шалқайып.
Ана жерде көне сандық тұратын
Ана төрде əкем жатқан жантайып.
Шоққа көмген нан тұратын табада,
Үзіп алып ұшатын ек далаға.
Кешке қарай мал жамырап өрістен
Қиқу салып кіргізуші едік қораға.
Ойын қуып сергелдеңі күндізгі,
Тəтті ұйқы мойынына мінгізді.
Терезенің тесігінен сығалап
Тауып алып оятатын күн бізді.

Сағындым ғой
Әні: Н.Тілендиевтікі
Сөзі: Т.Молдағалиевтікі
Орындайтындар: Мақпал Жүнісова, Әлия Әбікенова
Көктемді сағындым ғой
Өткенді сагхындым ғой
Өзіңмен бірге жүрген
Көк белді сағындым ғой
Ауылды сағындым ғой, сағындым ғой
Бауырды сағындым ғой сағындым ғой
Ауылды сағындым ғой, сағындым ғой
Бақытқа бағынамын
Әкелсе жаныма мұң
Сонда мен бір өзіңді
Аяулым сағынамын
Жол күтіп елеңдеймін елендеймін
Сағынтпай келер деймін келер деймін
Сағынтпай келер деймін келер деймін
Өзіңдей жас кезімді
Бақытқа мас кезімді
Өкенді сағындым ғой
Көктемді сағындым ғой
Бәрі де оралмайды оралмайды
Күндер де зуылдайды зуылдайды
Түндер де зуылдайды зуылдайды
Түндер де зуылдайды зуылдайды
Түндер де зуылдайды зуылдайды
Сонау алыс ауылда
Қытай қазақтарының әні:
«Анашым»
Әні: М. Омаровтікі
Сөзі: Қ. Жұмағалиевтікі
Тамаша әнімізді кәріс жігіті орындайды.