«ТУҒАН ЖЕРГЕ САҒЫНЫШ» (9)

 

Сайтымыздың осы тақырыпты  тарауына  арналған  жазбалардың  кезекті   топтамасын  беріп  отырмын.  Алдыңғыларын сайттың осы тақырыптас тарауынан тамашалауларыңызға болады.http://bit.ly/2FrkgGE

 

«Туған жерге сағыныш»

 

Жемісбек Толымбековтыңсайтымның осы парағына  берген   комменті:  

 

 

Туған жерге сағыныш таусылмасын,

Сағынғандар кеп-кетіп мауқын бассын.

Маған десең хандар да туған жерге,

Тізе бүгіп, иген ғой алтын басын.

 

 Ақсуым өлкем, жерім өркендесін,

 Ешқашан қайырмаған ер пендесін.

 Ақсудан түлегендер ең асылдар,

 Жатқа да төсей білген өр кеудесін.

 

Әлі талай алыс кеткен келеді,

Күміс Ақсу құшағына енеді.

Ұл-қыздарың бұл Ақсудан түлеген,

Тарам-тарау жайылғандар көп еді.

 

 

Айналып кетейін-ай, қазағымның балапандары:

 


  https://youtu.be/Z3XIf0cGPB4  

 

 

 

Көзіңнің мөлдірін – ай 

  Халық әні.

Қытай әншісінің орындауында

 

 

  https://youtu.be/Y_T23t5TLKw  

«Майлықожаның термесі»

Өзіміздің Жазираның орындауында 

 

 

Армысың ата-әже, қариялар
Елімнің шежіресі, дариялар.
Армысың, аға-жеңгей, белестерім
Ақылшым, маған берген кеңестерін.
 
Армысың, құрбы-құрдас, жолдастарым, 
Өзімнің бірге ойнаған құрдастарым. 
Осындай достарымның тойларында, ей 
Өзімше осылай бір ән бастадым. 
 
Атасы жақсы қандай-ды,
Перзент қамын ойлайды.
Перзентім адам болсын деп 
Қылығына тоймайды. 
 
Анасы жақсы қандай-ды,
Қамқорлығы таудай-ды. 
Қалқам деп шықса, алдыңнан
Кеудеңде қайғы қалмайды. 
 
Ағасы жақсы қандай-ды, 
Алдыңда асқар таудай-ды. 
Сүйінгенде сүйініш, 
Құлағанда қолдайды .
 
Інісі жақсы қандай-ды?
Айтқан бір тілді алғай-ды. 
Ақылменен іс істеп
Бетіңе күйе салмайды. 
 
Қарындас деген мейман дос 
Сірә да қапы қалмайды, 
Қиын іс түссе басыңа 
Туысқан қамын ойлайды. 
 
Жеңгесі жақсы қандай-ды,
Шаршап бір келсең жұмыстан
Төсегің қамын салғай-ды 
Келіп тұрса ашуың 
Айналайын мырзаш деп 
Басыңнан сипап алдайды. 
 
Ағайын жақсы қандай-ды 
Туысқандық қалмайды 
Жездесі жақсы қандай-ды 
Әкеден кемі болмайды. 
Жиені жақсы қандай-ды 
Бөліп бір жеген нандай-ды 
Нағашы жақсы қандай-ды 
Үзілген жерді жалғайды. 
 
Осының бәрі бар болса, 
Есен де аман сау болса 
Айналайын, жақсылар 
Бақ-дәулет келіп басыңа
Өзі оралып қонбай ма