«ТУҒАН ЖЕРГЕ САҒЫНЫШ» (17)

 

Сайтымның  осы  тарауына «АУЫЛЫМДЫ САҒЫНДЫМ»  тақырыбымен әндердің кезекті  жаңа топтамасын ұсынып отырмын.  Тамашалаңыздар! Демалыс күндеріңіз көңілді болсын!

  Бұған дейінгі  16  парақтағы жазбалармен  және  басқа да медиажазбалармен  сайттың үстінгі жағындағы  менюде  орналасқан  «БЕЙНЕ-АУДИО  ҚОРЖЫНЫ» атты бөлімнен  таныса аласыздар!

 

 

Ауылға барып қайттым аға

Нұртас Тұрғанбек.

https://massaget.kz/layfstayl/debiet/poeziya/46288/

 

 

Ауылға барып қайттым, Аға…

Алма ағашы, сол – қоршау, сол – ауламыз,

Қора да тұр, қорқатын жолауға біз.

Дөңгелегі майысып, жатыр әне – 

Екеуміз су таситын қол арбамыз.

 

Мектеп те тұр, нұрлы етіп бұл маңайды,

Тек балалар біздердей шуламайды.

Күз келгенде біздегі алманы да,

Қоршаудан қарғып түсіп ұрламайды.

 

Атам да жоқ, қоритын алма бақты,

Еске түсіп, ағатай жанға батты.

Сен мінетін тананың бұзауын да,

Өріске жіберерде таңбалапты.

 

Тауға түсіп қалғанда күн кекілі,

Көрінеді қай малдың кімге түрі?!

 Сен бас киім кигізіп қуалайтын,

Қойлардан да қалыпты бірді-екілі.

 

Жейтін енді адам аз бұған қайғы,

Көз алдымда балалық бұлаңдайды.

Ағатай, баяғыдай енді ешкімде,

Қошқарды сүзеген қып шығармайды.

 

Қарға да жүр, қарқылдар, құрты бар деп,

Тек баяғы кісінер жылқылар жоқ.

Қатық жайған жер де тұр – дорбасының,

Сары суын ішетін сыртынан кеп.

 

Ошақ та бар, жағатын көң пешіне,

Сырт жағы ше? – түсті ме енді есіңе,

«Күлге картоп көмем», – деп таласқанбыз,

 Апам нанын жапқан соң көмбесіне.

 

Иә, бұл да өткенмен көп ойланам,

Көрші бала келетін жолай маған.

Сен бірде бір топ асық алып келіп,

Ит мүжіген, қалғанын мен ойнағам.

 

Е-е-е туған жер, тыншыды жаным ақыр,

Таттаныпты су құйған сары бақыр.

Ано-оу жерде ошақтын артын ала,

Сен жасаған қармақтың сабы жатыр!

 

Мен ауылға барып қайттым аға…

Несін айтам, ауыл да, үйің де аман,

Балалық жоқ, көршіден қи ұрлаған.

Байынқол да тартылып кеткендей ме,

Бақыт дейтін балығы бұйырмаған.

 

Үнсіз қарап тұрушы ең кемелденіп,

Желең келіп кеттің сен, өлең болып.

 Аға, енді ауылдың топырағын,

Сенің бір күн басыңа себем келіп.

 

Ауылды аңсау

 

 

Ауылды  сағындым

 

 

Ауылға сағыныш

 

 

Ауылды ұмытып кетпеңдер

 

 

Мен ауылға  барамын