«Ілияс Жансүгіровке — 125». (15)

 

Құрметті қазақ жұрты! Ардақты Жетісу өңірінің азаматтары, Ақсу елі!

Құрметті сайт оқырмандары!

 

Биыл, 2019 жылы қазағымыздың даңқты тұлғаларының бірі, жыр дүлділі  Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125 жыл толады!!!

Осыған орай, Жаңа жыл басталысымен  ақиық ақынның туған жері – Ақсу ауданының (Алматы облысы) басшылығы, жұртшылығы  осы мерейлі күнді атап өтуге байланысты дайындық жұмыстарын бастады. Сол жөніндегі мәселе 2018 жылдың 10 желтоқсан күні өткен Ақсу аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысында арнайы қаралып, аудан әкімінің орынбасары А.Сабырбаевтың хабарламасы тыңдалды. Мерейтойға  дайындалу және оны өткізуге қажетті жұмыстар жобалары  ұсынылып, жан-жақты талқыланды. Жарыссөзге қатысушылар  ауданның  елді мекендерінде, әсіресе, аудан орталығы – Жансүгіров және ақынның туған жері — Ойтоған ауылдарында  аббаттандыру, автомобиль және көше жолдары мен әлеуметтік ғимараттарды жөндеу мақсатында атқарылуы қажет етілетін  жұмыстар ауқымы жөніндегі ой-пікірлерімен, ұсыныстарымен бөлісті. Сол сияқты, дайындық жұмыстарын бюджеттік көздерінен  тыс қаржыландыру мақсатында, оған  мекемелерді, заңды тұлғаларды, жанашыр іскер азаматтарды кеңінен тарту мәселелері де сөз болды.  

Отырыс қортындысында, осы мақсатта атқарылатын  іс-шаралар жоспары, мейрам күндерінің жобалық бағдарламасы анықталып, соларды  үйлестіруші жұмысшы тобының  құрамы бекітілді.  (Олар төменде толығымен беріліп отыр).

 

Сол белгіленген  шаралардың бірі ретінде дайындық жұмыстарының атқарылу  барысын  аудан әкімінің ресми және осы “Алтын ұям – Ақсуым”  сайттарында  жарияланып отыратыны да келісілді.

Осыған орай,  Ақсу  ауданының тарихы мен бүгінгі  тіршілігін, оның ел таныған ардақты азаматтарын насихаттауға арналған менің сайтыма келсек,  осы тақырыпқа байланысты «Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 125 жыл» деген арнайы бөлім өткен жылдың ортасында ашылғанын тұрақты оқырмандарым біледі. Содан бері, оның парақтарында ақынның өмір жолы мен шығармашылықтарына байланысты тың, бұрындары жарияланбаған  біршама  мақалалар, жазбалар берілді.

Олармен мына сілтемелер бойынша  сайттан толық таныса аласыздар:  http://bit.ly/2GRJsJa 

және  http://bit.ly/2LDa5QM

 Енді, ары қарай, жаңа міндеттер мақсатында  жазбалар ауқымын кеңейту мен жүйелі жүргізу қажеттігі туындағандықтан,  сайт бөлімінің өзін төмендегідей жеке тарауларға  бөліп жүргізгенді жөн санап отырмын:

  1. Мерейтой дайындығы  жұмыстарының күнделігі;
  2. «Ілиясты тани білу –  ұлт парызы»;
  3. «Ілияс тұлғасы – шығармашылық өзегі»;
  4. «Ілиястың ізбасарлары»;

Сіздерден, ең алдымен, осы тараулар тақырыптары жөніндегі ұсыныс-пікірлеріңізді білгім келеді. Ал, ең бастысы, шығармашылық саласындағы азаматтардан  Ілияс ақын туралы ұсынылатын мұрағаттық, тың танымдық жазбаларды, зерттеулік–талдаулық ғылыми еңбектерді, жеке шығармашылық туындыларды, т.б. тақырыптық мақалаларды  тосатын боламыз. Олар сайтта жарияланып жинақталып отырылады, ары қарай  жеке электронды кітаптарға да аударуға болады. Сол сияқты, төмендегі тақырыптық суретті «Мерейтой эмблемасы» ретінде қабылдау жөнінде де пікірлерді де білгіміз келеді!

Сонымен, іске сәт, ортақ іске  ниеттес  белсенді азаматтар!  

 

 

 

 Мерейтойға дайындық жұмыстары туралы

 

 

Алматы облысы Ақсу ауданы бойынша

 ақын Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойын  

өткізуге арналған дайындық іс-шараларының  жоспары 

 

Атқарылатын жұмыстар Жұмсалатын қаржы Жауаптылар
1 БАҚ-та берілетін хабарландырудың мәтінін құрып, жариялауға беру, Жетісу телеарнасынан берілетін видеоролик, жарнамалар эскизін дайындау, эфирден көрсетуді қамтамасыз ету 5 млн. теңге Аудан әкімі аппараты, ішкі саясат бөлімі, баспасоөз қызметі, «Ақсу өңірі» газеті, «Жансугуров» қоры
2 Алматы, Астана, Талдықорған қалаларына, Қызылағаш, Сағабүйен, Жансүгіров елді мекендеріне ілінетін тақырыптық билбордтардың эскизін құру, негізгі көшелерді безендіру 8 млн. теңге Аудандық ішкі саясат  бөлімі, округ әкімдері, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі
3 Шақырылатын қонақтардың тізімін жасақтау, шақыру билеттерін үлестіру, қонақтардың орналасуын қамтамасыз кету Аудандық ішкі саясат бөлімі
4 Ауылдан шыққан кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтардың төрағаларымен, демеушілермен насихаттау жұмыстарын жүргізу Қаражат қажет етпейді Ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, топ мүшелері
5 Астана, Алматы, Талдықорған қалаларындағы ауданнан шыққан кәсіпкерлермен азаматтармен кездесу ұйымдастыру Жол шығыны Топ мүшелері
6 Ойтоған ауылындағы ас беретін орынды дайындау, ескерткіш айналасын аббаттандыру, қазақ үйлер тігу, ауылдың санитарлық тазалығын реттеу 5 млн. теңге Ауылдық округ әкімі, ТҮКБ, Құрылыс және сәулет бөлімі
7 Ойтоған ауылының көше жолдарын, су құбырларын, көше жарықтарын ағымды жөндеуден өткізу 248 млн. теңге Ауылдық округ әкімдері, жол көлік бөлімі, ТҮКБ
8 Жансүгіров ауылының кіре беріс жолын жөндеу, Орталық алаңдағы ақынның ескерткішін орналастыратын жерді  аббаттандыру, , жарық шамдарын орналастыру 102 млн. теңге Ауылдық округ әкімдері, архитектура, құрылыс бөлімі, ТҮКБ
9 І.Жансүгіровтың ескерткішін жасату 20 млн. теңге Молдияр Қылшықұлы – Ақсу ауданының құрметті азаматы, кәсіпкер
10 Жансүгіров ауылының орталық алаңы мен “Жастар” саябағын аббаттандыру, ескерткіш ашу 130 млн. теңге Ауылдық округ әкімдігі
11 Жансүгіров ауылының орталық саябағын аббаттандыру 250 млн. теңге Ауылдық округ әкімдігі
12 Жансүгіров ауылындағы 16  көп қабатты үйлердің қас беттерін жөндеу 67 млн. 700 мың теңге Ауылдық округ әкімдігі
13 Жансүгіров ауылының жолдарын жөндеу 175 млн. теңге Ауылдық округ әкімдігі
14 Жансүгіров ауылының көше шамдарын ауыстыру 12 млн. 700 мың теңге Ауылдық округ әкімдігі
15 Қобызшы Молықбай, Ақын Сара мәдениет үйлерінің алдын аббаттандыру, ағынды жөндеуден өткізу 23 млн. теңге Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
16 Брошюра, шақыру билеттерін, мерейтойдың эмблемасы бар сумка пакеттер, блокноттарын, фудболкалар, кепкалар, арнайы қаламсаптар сувенирін, грамота, дипломдар жасату 5 млн. теңге Аудандық мәдениет үйі, «Жансугуров» қоғамдық қоры,
17 Әкім жүлдесін, жүлделі орынға естелік сыйлықтарын, ескерткішке қоятын гүл шоқтарын, жазба ақындар байқауына табысталатын гүлдерді алу 1 млн. 700 мың теңге Аудандық мәдениет үйі
18 Облыстық ақындар мүшайрасы 2 млн. 900 мың теңге Алматы облыстық мәдениет басқармасы
19 Қонақ үйлерді жалға алу, қонақтарды орналастыру, той барысында қонақтарды тасымалдауға көлік жалдау, қонақтарды таңертеңгі, түскі, кешкі аспен қамтамасыз ету, 4 млн. теңге Аудандық мәдениет үйі, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, «Жансугуров» қоры
20 Ақынның өмірінен алынған  «Жүрегім жырым сенікі» атты спектакль дайындау, спектаклдің афишасын, бағдарламасын, шақыру билеттерін жасау 5 млн. теңге Аудандық мәдениет үйі, Ақсу халық театры
21 Аспаптарды, LED экран алу, қойылымға арнайы киімдер тігу, сахнаны жалға алу, аспаптармен қамтамасыз ету 26 млн.теңге Аудандық мәдениет үйі
22 І.Жансүгіровтың 125 жылдығына арналған «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді»  атты ғылыми – практикалық конференция. Конференцияға шақыру билеттері, баяндамадан құрастырылған  брошюралар, бағдарлама ақын өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм шығару, кітап шығару, кофе – брейк 600 мың теңге Аудандық мәслихат, Аудандық мәдениет үйі, кітапхана, Ақсу политехникалық колледжі, «Жансугуров» қоры
23 Ақын Сара атындағы мәдениет үйінің іші-сыртын безендіру, фойеге ақын өмірі мен шығармашылығына арналған көрме орналастыру 700 мың теңге Аудандық мәдениет үйі, кітапхана, мен музейлер
24 Ілияс шығармашылығын мектеп оқушылары арасында насихаттаудың «Ілияс ізбасарлары» жазба ақындар байқауы, «Шиелі өзен қамыс – ай» сазгерлер байқауы, Жетісу суреттері ұлы дала көріністерінен қолөнер шеберлері мен суретшілер байқауы, «Шебердің қолы алтын» қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі 3 млн. теңге Аудандық мәдениет үйі, білім бөлімі
25 Тойдың ашылу салтанатына арналған театрландырылған сахналық қойылым, сценарий, концерттік бағдарлама құру 1 млн. теңге Ақсу халық театры, аудандық мәдениет үйі,
26 Көкпар, ат бәйгесін, палуан күресін ұйымдастырып, хабарландыру беру, сыйлықтармен мақтау қағаздарын дайындау 15 млн. теңге «Жансугуров» қоры Спорт бөлімі, спорт мектебі, Агроөнеркәсіптік мемлекеттік инспекциясы, ветеринарлық станция, ауылшаруашылық бөлімі, ветеринариялық бақылау инспекциясы
27 Ақсу ауданынан шыққан эстрада жұлдыздарын шақыру Аудандық мәдениет үйі

 

 

Ақын Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойы күндерін  өткізу Бағдарламасы 

 

Картинки по запросу ілияс жансүгіров

І.Жансүгіров бюстісі. Ақсу ауданы орталығы — Жансүгіров ауылы

 

Той шараларын өткізу  2019 жылдың қыркүйек айынаекі күнге белгіленіп отыр.

 

1 – күн

Уақыты Іс-шаралар
1 9.00 – 9.30 Шекарадан қонақтарды қарсы алу
2 10.00 – 12.00 Ғылыми-тәжірибелік конференция

Өтетін орны: Ақын Сара мәдениет үйі
3 12.00 – 14.30 Ойтоған ауылында орналасқан ескерткішке гүл қойып, құран бағыштау, Ойтоған ауылындағы «Ауыл тойы», ас беру
4 15.00 – 17.30 Ақындар мүшәйрасы

Өтетін орны: Ақын Сара мәдениет үйі
5 18.00 – 20.00 Ақсу халық театрының «Жүрегім жырым сенікі» атты спектаклі

Өтетін орны:Қобызшы Молықбай Байсақұлы атындағы мәдениет үйі
6 20.00 Кещкі ас
7 20.00 – 22.00 Ақсу ауданынан шыққан жұлдыздардың концерті

Өтетін орны:Е.Сиқымов атындағы орталық стадионда
8 22.00 Келген қонақтарды қонақүйге орналастыру

2 – күн

Уақыты Іс-шаралар
1 8.00 – 9.30 Таңғы ас

Орны: «Ақсу» кафесінде
2 9.30 – 10.00 Қонақтарды қарсы алу
3 10.00 – 11.00 Ақын ескерткішінің салтанатты ашылуы

Өтетін орны: Орталық алаң
4 11.00 – 12.30 Мерекелік іс-шараның салтанатты ашылуы, ақындар мүшәйрасының марапаттау рәсімі

Өтетін орны: Е.сиқымов атындағы орталық стадионда
5 13.00 – 14.30 Түскі ас
6 15.00 – 18.00 Көкпар, аламан бәйге, палуандар күресі

Өтетін орны: Жансүгіров ауылында
7 «Шилі өзен – қамыс ай» — Ілияс өлеңдеріне ән жазған сазгерлер байқауының «Жетісу суреттері» — Ілияс шығармашылығына арқау болған Ұлы дала көріністерінен қолөнер шеберлері мен суретшілер байқауы

Өтетін орны: Молықбай Байсақұлы атындағы мәдениет үйі

«Ілияс ізбасарлары» жас жазба ақындар байқауы

Өтетін орны: Ақын Сара мәдениет үйі
8 18.00 – 18.30 Қонақтарды шығарып салу

 

 

Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойын   өткізуге арналған 

дайындық және өткізу жұмыстарын   үйлестіруші жұмысшы тобы 

 

Базарханов Есім Сейілханұлы Аудан әкімі, жұмысшы топ төрағасы
Сабырбаев Амандос Ақышұлы Аудан әкімінің орынбасары, жұмысшы топ төрағасының орынбасары
Елубаева Айна Шегеқызы Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, жұмысшы топ хатшысы

Мүшелері

Сүлейменова Ляззат Жаңылысқызы Астана қаласы, Орталық сайлау комиссия мүшесі, (келісім бойынша)
Еркенов Болат Есмұратұлы Алматы қаласы, №13 колледждің директоры, (келісім бойынша)
Иманғалиев Нұртілеу Иманғалиұлы Алматы қаласы, журналист, Ақсу ауданының құрметті азаматы, (келісім бойынша)
Тұрсынбаев Ғабит Тұрсынбайұлы Талдықорған қаласы, облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Ақсу ауданының құрметті азаматы, (келісім бойынша)
Маңғазбеков Тұрарбек Талдықорған қаласы, Ақсу ауданының құрметті азаматы, (келісім бойынша)
Айтбаев Амантай Айтбайұлы Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлы Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы, І.Жансүгіров атындағы қоғамдық қордың төрағасы, (келісім бойынша)
Серпербаев Серік Серпербайұлы Ақсу ауданының құрметті азаматы, (келісім бойынша)
Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы Аудандық мәслихат хатшысы, (келісім бойынша)
Қабаев Арман Маратұлы Аудан әкімінің орынбасары, (келісім бойынша)
Дәулетбекова Күләйхан «Нұр Отан» партиясы Ақсу аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Жемісбек Толымбеков

 

Мұсабаланов Ғабит Ахметқожаұлы
Тарихшы, әдебиет танушы

 

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы, (келісім бойынша)
Баулыбаев Тарғын Досымұлы Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы, (келісім бойынша)
Досмұхамбетов Асхат Сейденұлы «Молықбай» атындағы мәдениет үйінің директоры, аудандық мәслихат депутаты
Үсенов Нұрбол Қаметқалиұлы Аудандық мәслихат аппаратының басшысы, (келісім бойынша)
Құсмолдин Серік Әділбекұлы Аудан әкімі аппаратының басшысы
Бекбаланов Қайрат Тынбайұлы Аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Рамазанов Бегімбек Сейпілмәлікұлы Аудандық білім бөлімінің басшысы
Рахметова Алима Баққалиқызы Аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы
Сауғанбаев Асхат Ахметұлы Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Жандосова Гүлнар Жандосқызы Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы
Қасымбеков Нұрбол Нұрбекұлы Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
Мырзеков Нұрлан Қомарұлы Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы
Сабырбаева Сәуле Майтанқызы Аудандық кәсіперлік бөлімінің басшысы
Желдібаева Айгүл Саятқызы Аудандық кірістер басқармасының басшысы, (келісім бойынша)
Найманханұлы Мұхаметәлі «Ақсу өңірі» газетінің бас редакторы, (келісім бойынша)
Мұсабаланов Ильяс Сабитұлы Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы
Байболов Берік Тұрлыұлы Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Жакупов Серікқан Амангелдіұлы Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы

 

 

Сөз соңында:

 

Құрметті ауданымыздың белсенді азаматтары, сырттағы жерлестер, басқа да ниеттес азаматтар!

Ақсу ауданы  басшылығы мен жұмысшы тобы жоғарыдағы дайындық  жұмыстарының  жобалық шараларын жариялай отырып, барлықтарыңыздан олардың ойдағыдай атқарылуына байланысты  нақты ұсыныстар мен жанды қолдаушылық  күтеді.

Өз ұсыныстарыңызды, ой пікірлеріңізді «І.Жансүгіровтың 125 жылдық тойына» деген атаумен «Алтын ұям – Ақсуым» және әкім сайттарына жіберулеріңізге болады.  Сайттардың адресі: ser-bek.ru және aksuakimat.gov.kz Қабылданған ұсыныстар жөнінде сайт беттерінде хабарламалар  беріліп отырылады.

  Отырыста сөз болған, мерейтой шараларын қаржыландыру мәселесі  бойынша айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстар, белгіленген шаралар және «той қорына» түскен алғашқы демеушілік қаржылар туралы мәлімет осы сайттың келесі парағында жарияланатын болады.