«Ілияс Жансүгіровке — 125» (18)

 

 Сайтымның  осы мерейтойлық тақырыптағы бөліміне бұл жолы жаңалық ретінде ақынның «Құлагер» поэмасы ағылшын тілінде жарық көргендігі туралы, біраз уақыт бұрын Алматы облысы Жаңалық ауылында  табылған адамдар сүйектері арасынан шыққан көзілдірік әйнегі  І.Жансүгіровке тиесілі болуы мүмкін деген хабарламалар мен Жемісбек Толымбековтың  жеке мұрағатынан ұсынылған  оның паспорты  мен тағы бірнеше құжаттарының  фотолық көшірмелері  беріліп отыр.  

Танысыңыздар! Басқалармен де бөлісіңіздер!

Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы

ағылшын тілінде жарық көрді

kazinform- Халықаралық ақпарат агенттігі

8 қаңтар 2019 жыл 

 https://www.inform.kz/kz/iliyas-zhansugirovtin-kulager-poemasy-agylshyn-tilinde-zharyk-kordi_a3486155?fbclid=IwAR03Twv-WV6ZSW-Mdq1-xaHp7SV_XUQ7qIRdewLSQg2QUZAkAtLcrqB-zX8

 

Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы ағылшын тілінде жарық көрді

 

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы ағылшын тілінде жарық көрді. Бұл туралы Фейсбукте Қалдыгүл Жаныбаева жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Қазақтың тағы бір ұлы туындысы жаһандану заманына сапар шекті. Ілияс Жансүгіровтың ұлы шығармасы «Құлагер» поэмасы ағылшын тілінде жарық көрді. Ағылшын тіліндегі басылымға ұйытқы болған Жанар Жандосованы, аудармашы Белинданы, ақынның өмірі мен шығармашылығына терең талдау жасап, алғысөз жазған Зифа Әуезованы, кітапты рухын қазақша, формасын еуропаша безендірген Дәурен Қастеевті құттықтаймыз!  

 

 

Көне Құрлыққа сапарың оң болсын, «Құлагер» дастан!», — деп жазды Қалдыгүл Жаныбаева.

 

 

  Еске сала кетсек, 2016 жылы поэма неміс тіліне қазақша түпнұсқасынан тікелей аударылып, Қазақстан-Гёте институтының қолдауымен «Büchergilde» (Германия) баспасында басылып шыққан болатын.   

 

     Ð†Ð»Ð¸ÑÑ Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы ағылшын тілінде жарық көрді    

 

Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы ағылшын тілінде жарық көрді

 

Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы ағылшын тілінде жарық көрді

 

Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы ағылшын тілінде жарық көрді

 

 

Ілияс паспорты

      Жемісбек Толымбеков

 

 Құлагер ақын Ілияс Жансүгіровтің 1936 жылы 11 шілдеде Алматы қаласы милиция бөлімі атынан берілген паспорты Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров мұражайының экспонатында орын алған.

Ілияс Жансүгіровтің оның алдындағы паспорты 3 (үш) жылдық болыпты. Ол 1933 жылы 11 желтоқсанда беріліпті. Сол паспорттың негізінде 1936 жылы жаңа паспорт алыпты. Паспорттың түсі жасыл. Оң жақ басында кеңес Республикасының гербінің сұлбасы басылған. Алты тілде «паспорт» деп бастапқы бетінде біртекті әріппен жазылған.

Орысша толтырылған үлгісінде: «Паспорт Ілияс Жансүгіровке 1941 жылдың 11 шілдесіне дейін берілген. Туған жері - 1894 жыл, № 4 ауыл, Ақсу ауданы, Алматы облысы. Әлеуметтік жағдайы - қызметкер (служащий). Тіркелген орны - Алматы қаласы. Әскерге қатыстығы - әскери міндетті емес», — деп жазылған.

Беттің соңында Ілиястың қолы қойылған. Паспорттың нөмірі АЕ № 503124 деп көрсетілген.

Паспорттың отбасы туралы жазылатын бетінде: 1. Азат — 1930 жылы туған, ұлы. 2. Үміт – 1933 жылы туған, қызы. 3. Ілфа -1935 жылы туған, қызы, — деп тіркепті. Астына паспорт столы бастығының қолы қойылған.

Азат Сүлеев Фатима Ғабитованың бірінші күйеуі Біләл Сүлеевтің ұлы екені белгілі. Ілияс оны жат қылмай, паспортына өз баласы қылып жаздырған. Паспорттың белгі соғылатын бетінде Мәскеу қаласында тіркелгені жөнінде жылы, күні жазылып, штамп соғылыпты.

Латын әріпімен қазақша паспорттың екінші бөлігі толтырылған.

Бұл паспорт, өкінішке орай, Ілияс Жансүгіровті азамат ретінде куәлендіретін соңғы құжат болды.

 

                                                

Ілиястың паспорты 

 

Ілиястың соңғы суреті

 

Ілияс Жансүгіров мұражайына Ілияс Жансүгіровтің түрмеде, атылар алдында, түсірілген ең соңғы суретінің оригеналы да әкелінді. Мұражай құжаттар негізін ол да толықтырды.

  

 

 

 

 

 

Останки, обнаруженные Алматинской области,

могут принадлежать представителям казахской интеллигенции 

 

Осы табылған адамдар сүйектері мен басқа да заттардың арасынан шыққан көзілдірік әйнегі  Ілияс Жансүгіровке тиесілі болуы мүмкін деген жорамал айтылады...