Құрметті сайт оқырмандары, желідегі достар!

   Менің сайтымның және ФБ-тегі сол аттас «топтың» ашылғанына 4 ай болды. Сол кезде сайтты бір «күдікпен», бір «сеніммен» бастап отырғанымды айтқан едім. Енді міне, «тәубе», содан бергі өткен уақыттың ең басты нәтижесі — осындай аз мерзім ішінде сайтымыздың ғаламтор жүйесінен өзінің бір «орнын» тапқаны, оған тұрақты қабылдануы, яғни "рейтінгілік есебіне енгені.

  Екінші, үлкен жетістігім деп, осы сайтты жүргізу барысында ДОСТАРДЫҢ үлкен қауымы ортасына енгенім және олардың көпшілігінің (Ақсулық азаматтардан басқа, олардың орны бір бөлек) сайттың жұмысына  тілектес, ниеттес  және  оның мақсаты мен мазмұнына  жан-жақты қолдау көрсетуші болғандарын санаймын.

  Осыған орай, осы сәтті пайдаланып, соңғы күндері желідегі достардың тағы бір үлкен қауымының  ФБ-тегі біздің топқа келіп қосылғанына ризашылық сезімімді білдіремін.  Қадамдарыңыз, сайт пен топ жұмысына сәттілік әкелсін!

  Осылардың бәрі, сайтымның өміршеңдігі болатынына сенімділікті  нығайтып, одан ары да беріле жұмыс істеуге жақсы «көңіл-күй», «дем» және күш-жігер береді.  Сондықтан, барлықтарыңызға үлкен рахмет!!!

 Енді, осы айтылғандардың «түйіні» ретінде, Сіздерге, жоғарыдағы тақырыппен дайындаған бейнежазбамды ұсынып отырмын. Ондағы мақсатым:

  • Жұмысыма қолдау білдірген Достардың аты-жөндері мен ниет-тілектерін көрсете отырып, оларға  ыстық  ықыласым мен үлкен ризашылығымды  сездіру;
  • Тобымызға жаңадан қосылушыларға, сайт жұмысының мақсатын, бағыт-бағдарын таныстыру және қызығушылығын арттыру;
  • Және де, желілердегі басқа да көптеген азаматтарға өз тобымыз жұмысын «насихаттау», жарнамалау; оларды мүмкіндігінше қатарымызға тарту.

   Ал, сайт жұмысын одан ары жетілдіру,  оның тақырыптары мен тарауларының көлемін көбейту, «бір ауданның шеңберінен шығып», өз кеңістігі ауқымын кеңейту туралы және басқа да ой-жоспарларымды алды да бөлісетін боламын.

Сонымен, Құрметті Достар,  бейнежазбаны  және оған «ілестірілген»  «Достар»  әнін  қабыл алыңыздар

 

Әнді орындаушы, бүгінгі күндердің аса танымал әншісі,

біздің,  Ақсу ауданының, оның  Қаракөз ауылының баласы — Серікбол Сайлаубек.

 

«Ізгі ниет — іс сәттілігі»

Бейнежазба

 

Рахмет! Күнделікті сайт бетінде хабарласып тұрайық!     Серпербаев Серікбек