Бүгін сайт кітабының «Ғалым есімі-елге мәлім» тарауына  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің  проректоры,  ғылымдар докторы, профессор, Мәлтекбасов Марат Жабықбайұлы туралы деректі (өмірбаянын ) енгізіп отырмыз. Қабыл алыңыздар!

Есімін Ресейге мойындатқан ғалым

 Мәлтекбасов Марат Жабықбайұлы  

  1958 жылы 8 наурызда Талдықорған облысы Ақсу (бұрынғы Қапал)  ауданы Арасан  совхозында қызметкерлер отбасында дүниеге келген.  Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.

 Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент.

 1981 жылы Томск басқарудың автоматтандырылған жүйесі және радиоэлектроника институтын аяқтап тәмамдағаннан кейін, І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтында жалпы физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға лаборанты, оқытушысы, теориялық физика және техникалық пәндер кафедрасының стажер-ізденуші қызметтерін атқарды.

1991 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ аспирантурасын бітіріп, 01.04.07 – қатты дене физикасы мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады. Диссертация қорғаған соң, электрорадиотехника кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды. 1995 жылы қаңтарда электрорадиотехника және ОТҚ кафедрасының меңгерушісі қызметіне сайланды. 1998 жылдан доцент ғылыми атағы бар. 1999 жыл қазанда инженерлік-экономикалық факультет деканы қызметіне сайланды. 2001 жыл қыркүйекте оқу және ғылыми жұмысы жөніндегі проректор қызметіне тағайындалды, 2004 жылғы ақпаннан І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, 2008 жылы ұйымдастыру, оқу жұмыстары және студенттік мәселелер жөніндегі проректор, 2016 жылдың 16 наурыз айынан инновациялық жұмыс және стратегиялық даму бойынша проректоры, ал 2017 жылдың 1 мамыр айынан осы күнге дейін І.Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетінің, ректордың кеңесшісі.

1 монография, 3 оқулық құрал,  республикалық және халықаралық басылымдарда жарық көрген 90 ғылыми мақаланың авторы. Сондай-ақ:

  • құрамында мырышы бар халькогенидті шыны тәріздес аморфты биполярлы фотоөткізу эффектісі бар жартылай өткізгіштердің пленкасын алу тәсілі №75437 ойлап табу инновациалық патентінің иегері – 08.06.2011 ж.
  • құрамында мырышы бар халькогенидті шыны тәріздес аморфты биполярлы дрейф эффектісі бар жартылай өткізгіштердің пленкасын алу тәсілі №75430 ойлап табу инновациялық патентінің иегері — 08.06.2011 ж.

2002 жылы «Қазақстан   Республикасының білім  беру ісінің құрметті  қызметкері» төс белгісімен, 2003 жылы «Қазақстан   Республикасының ғылымын  дамытуға  сіңірген  еңбегі  үшін» төс  белгілерімен, 2009 жылы Ы.Алтынсарин атындағы медалімен және 2013 жылы А.Байтұрсынов атындағы күміс медалімен марапатталған. 2011 жылы – Қазақстан Республикасының Президентінің және Нұр Отан партиясының 15-жылдығына орай, партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің қолымен алғыс хатпен, 2015 жылы – ҚР Ассамблея төрағасы, ҚР Президенттің қолымен Қазақстан халқының Ассамблеясының құрмет грамотасымен марапатталған.

2011 жылы 13.00.08 — «Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

2004 жылы есімі «Ресейдің танымал ғалымдары» атты энциклопедиясына енгізілген. 18.01.2013 ж. Ресей жаратылыстану академиясының профессоры болып сайланды. ҚР педагогика ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі.

2006 жылы Талдықорған қалалық мәслихатының ІІІ,IV,V шақырылым депутаты.

2016 жылдан Алматы облысы мәслихатының депутаты. Облыстық маслихатта «Нұр Отан» фракциясы жетекшісінің орынбасары.

2011 ж. Ақсу ауданының Құрметті азаматы. 

2015 ж. Талдықорған қаласының Құрметті азаматы.

 

Есімін Ресейге мойындатқан ғалым

 

Адамзат күш жарыстырып емес, ақыл жарыстырып алға басатын бугінгі күнде ұстаздың білімді де білікті, талапшыл да парасатты болуы талас тудырмасы анық. Осындайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Ақыл табылмай, ештеңе табылмайды. Ой жетілмей тұрып, ар-намыссыз шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат, өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл», деген сөзі ойга оралады. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және студенттік сұрактар бойынша проректоры Марат Жабықбайұлы Мәлтекбасов осындай жүрек нұрын жас ұрпаққа арнаған, оларды намысты ұрпақ, етуге тәрбиелеуге айрықша мән беретін ұстаз.

 

   Адамның адамгершілік, іскерлік қабілеттерінің қалыптасуында өскен ортаның, отбасында алған тәрбиенің маңызы зор. Марат Жабықбайұлының ата-анасы ауыл-аймаққа сыйлы, ұлағатты ұстаз атанған зиялы қауым өкілдері еді. «Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын мұғалімдікі», — деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, бұрындары ұстаздарға көрсетілер құрмет пен сый бөлек-тұғын. Сол сый-құрметтің әсері ме, жоқ ата-ананың ықпалы ма Мәлтекбасовтар отбасындағы балалардың барлығы «өскенде ұстаз боламын» де­ген арманмен өсті. Жастайынан ұстаздық жолды қалаған Марат Жабықбайрұлы Қапал ауданы Арасан ауылындағы орта мектепті 1975 жылы тәмамдап, 1976 жылы Ресейдің Томск қаласындағы «Басқарудың автоматтаңдырылған жүйесі және радиоэлектроника» институтына оқуға түсіп, 1981 жылы аталған институтты бітірді. Ресейлік оқытушы-ғалымдардан дәріс алып, болашақ мамандығын жан-жакты игеріп, білім-білігін туған еліне арнауды мақсат еткен Марат Жабықбайұлы    1981    жылдан    күні бүгінге дейін Жетісу мемлекеттік университетінде қызмет етіп келеді.

Қолынан іс келетін азамат университеттегі қызмет барысында жаллы физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға лаборанты, оқытушысы, теориялық физика және техникалық пәндер кафедрасының стажер-ізденуші, электрорадиотехника кафедрасыньщ аға оқытушысы, оқу және ғылыми жұмысы жөніндегі проректор, оқу жұмысы жөніндегі проректор, ал 2008 жылғы 1-шілдедең осы күнге дейін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің          ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және студенттік сұрақтар бойынша проректорлық қызметте Марат Жабықбайұлы тек университеттегі          жұмыспен шектелген емес, «қаланың, облысымыздың, қоғамдық жұмыстарына да белсене атсалысады. Халықпен тіл табысып, олардың түрлі тұрмыстық, әлеуметтік мәселелерін шешуде азаматтық танытып жүрген халық қалаулысы. 2006 жылдан бастап үш шақырылымда Талдықорған қалалық  мәслихатының  депутаты болып сайланды. Сайлауалды тұғырнамасында, әсіресе, білім беру саласының өзекті мәселелеріне, қала мектептеріндегі білім сапасын көтеруге баса назар аударып, өзі алдыға қойған мақсат үдесінен шығу жолында тынбай еңбек етуде.

Жастайынан білім мен ғылымға деп қойған Марат Жабықбайұлының республикалық және халықаралық» баспалардан жарық көрген алпыстан астам ғылыми еңбектері, оқу кұралдары мен монографиялары бұл күнде республика көлемінде оқу үрдісінде пайдаланылуда. 2010 жылы «кәсіптік білім» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғап, педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды.

Шетелдік оқу орындары ғалымдарымен тығыз байланыс орнатып, білім-ғылым саласында зерттеушілік ізденістерін жалғастыруда. Оның бір дәлелі Марат Жабықбайұлы инновациялық патент иеленген өңіріміздегі бірден-бір жаңашыл ғалым. Инновациялық патент — өнертапқыштық құжат екенін ескерсек, Марат Жабықбайұлының ғылым саласыңдағы   еңбегінің   маңызы   зор екендігі көрінеді. «Биполярлық фотоөткізгіш эффектісіне ие күші бар халькогенидті шыны тәріздес жартылай өткізгішті аморфты қабыршыктарын алу тәсілі» өнертабысы жаңалығы мол, өндірісте пайдалану мүмкіншілігі бар ой еңбегі.

Жуырда Ресей ғалымдары Марат Жабықбайұлының ғылымдағы әлеуетінің жоғары екендігін мойындап, ресейлік небір атақты ғалымдар енген «Ученые России» энциклопедиясына қазақ ғалымыныңаты-жөнін жазды. Осы уақытқа дейін мұндай энциклопедияға қазақстандық ғалымдардың бірде-біреуінің еңбегенін ес­керсек, бұл өте үлкен жетістік әрі мақтаныш. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Марат Жабықбайұлы салтанатты жағдайда ресейлік жаратылыстану академиясының сертификатын алды.

«Еңбегіне қарай өнбегі» деген, Марат Жабықбайұлының білім саласындағы көп жылғы еңбегі де ескерусіз қалған емес. 2002 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, 2003 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, 2009 жылы Ы.Алтынсарин атындағы медалімен марапатталған. ҚР Педагогика ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі Ақсу ауданының құрметті азаматы.

Университет ұжымы Марат Жабықбайұлы ғылымда қол жеткізген жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да ғалым ретінде есімін жалпақ әлемге әйгілей беруде шығармашылық табыс тілейді.

 

Үсен ӨМІРЗАҚОВ,

«Президент және Халық