Құрметті оқырмандар!

Бұл жолы сайтымның «ІСКЕР АЗАМАТ ЕЛІН ТАНЫТАДЫ» атты тарауында Ақсу жерінің тумасы, Жетісу өңірінің ірі кәсіпкерлерінің бірі, Алматы облысының және оның бірнеше аудандарының Құрметті азаматы,  аса жомарт жанды Нұрбаев Молдияр Қылшықұлы деген ардақты азаматымыз туралы деректік мақалалар беріп отырмын.

Оларда  іскер, білгір маман ретінде М.Нұрбаев басқарып отырған «Тәуекел–Т» ЖШС мекемесі туралы және оның өзінің халыққа деген қайырымдылық мақсатында атқарып  жатқан ізгілікті, ауқымды істері, әсіресе атақты, тарихы мол «Мамания» мектебіне жасаудағы  елеулі көмектері сөз етіледі. Танысыңыздар!

 

СҮЙІНШІ РЕТІНДЕ! 

Осы мақаланы жариялау алдында ғана, биылғы жылғы жыр дүлділі Ілияс ЖАНСҮГІРОВТЫҢ 125 жылдық мерейтойына  тарту ретінде Молдияр НҰРБАЕВТЫҢ өз отбасы тарапынан дайындап тұрғызып беруге уәде еткен ақын ескерткішінің жобасы (құны 20 млн теңгедей) Мемкомиссияның сараптауынан толық өткізілгені, енді дайындау жұмыстары басталатыны туралы қуанышты хабар алып отырмын! Іске сәт!

 

 

Тұлғаң  бар асқар таудай

Халықаралық «МҰРА.KZ» журналы, қаңтар 2011 жыл

 

Қай ортада болмасын құрметке лайық болу үлкен абырой.  Жамбыл. Қарасай аудандары және аусамалы  ауылдық аумағы  Құрметті  азаматы Нұрбаев Молдияр Қылшықұлына  Тәуелсіздік күні қарсаңында  мемлекеттік  және  қогамдық қызметтегі еңбегі,  елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдни дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан   республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2010 жылғы 7-ші  желтоқсандагы қаулысымен  «Құрмет»  ордені  Алматы  облысының  әкімі  Серіқ Әбікенұлы Үмбетовтің қолынан табыс етілді.

 

Молдияр Қылшықұлы Нұрбаев

Молдияр Қылшықұлы Нұрбаев 1950 жылдың  ақпан айының  4-ші жұлдызында Ақсу ауданының Ақсу ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Ақсу ауылының  орта мектебін бітірген соң. инженер–механик  мамандығы  бойынша  жоғары білімді маман иесі болады. Кейін мамандығы бойынша әр салада ұзақ жылдар еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтайды. Жылдар бойы тынымсыз еңбекпен келген кәсіби шеберлігі ұшталып, 1992 жылдан  бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысуда. Бүгінгі таңда осындай ірі мекеме басшысы болғанымен еңбекқор,  көздеген мақсатына  жете білетін габанды мінезді,  жайсаң да жомарт адам. Талабы зор, биік талғамымен ерекшеленетін  білімі  мен білігі ұштасқан  сауатты басшы,  отбасында қамқор әке әрі тамаша отағасы.  Аяулы жары Алтынсарамен үш бала тәрбиелеп өсірді. 

Қашанда қасынан табылып,  отбасының  ұйытқысы болып отырған апамыз жайлы сөз қозғасақ. Нұрахметова Алтынсара 1950 жылы Ақсу ауданының  Қосағаш ауылында дүниеге келді. Экономист мамандығын, жете  меңгерген Алтынсара Нұрахметқызы біраз жылдар бойы сауда саласында еңбек етеді. 1999 жылы Алматыға қоныс аударған  жанұя  2000 жылдан бері отбасылық бизнес құрып,  Молдияр  Қылшықұлы  мекеме басшысы болса, жұбайы Алтынсара Нұрахметқызы қаржы директоры қызметін атқарып келеді. Жанұя да Манат, Данияр  және  Эльмира атты  ұл-қыздары бар.  I Олардан жеті немере сүйіп,  кызық-қуанышына бөленіп отыр.

 

Молдияр Қылшықұлы отбасы мүшелерімен

 

Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдаған жолдаупарында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін, мұктаж  жандар мен  бюджеттік мекемелерге жәрдем көрсету керектігін атап  көрсетеді. Кәсіпкерлер алдындағы мұндай міндетті  Молдияр Қылшыкұлы абыроймен атқарып жүр. Оның  өмірлік ұстанымы «Ел  мүддесіне  адалдықпен еңбек  ету» болып  табылады.

Адам мүддесін бірінші орынға қоятын Молдияр мырза жағдайы төмен отбасыларына,  Ұлы Отан соғысының  ардагерлеріне, мүгедектерге  қол  ұшіын беріп, ауылдың  көркеюіне, зор үлес қоса білді. Сонымен катар,  аумақта  жергілікті кәсіпкерліердің,  демеушілердің  көмегімен өтетін қайырымдылық  шараларына үнемі қатысып  отырады.

Сөз қадірін  жаксы білетін, берген  сертіне беріктіг оның тұлғалық қасиетін  аша түседі.  Әріптестері мен  дос-жарандары, өз қызметкерлері  басшысының сөздің емес, істің  адамы екенін алға тартады.

 

Молдияр Қылшықұлы басқаратын «Тәуекел–Т» ЖШС мекемесі 2001 жылдан бері республика бойынша тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында құрылған тұңғыш мекеме болып саналады. Мекеме құрылғаннан бастап, тек өз қаражаты есебінен Алматы облысының көптеген аудандарын, ауылдық аумақтарын табиғи газбен газдандыру және газ құбырларына қызмет көрсету жұмыстарымен айналысып келеді.  Атап айтқанда, күні бүгінге дейін осындай ғана  аз мерзім ішінде облыстың  Қарасай  ауданы бойынша Таусамалы,  Қарағайлы, Райымбек,  Ақсай, Іргелі  ауылдық  ауақтары мен саяжайларын; Жамбыл ауданы бойынша Ұзынағаш, Жаңақұрылыс,  Жамбыл музей, Қарасу,  Сарыбай  би,  Кайназар,  Қарақыстақ. Аққайнар, Саурық  батыір, Ынтымақ. Бұрған, Үмбетәлі; Талғар ауданы бойынша Бесағаш, Тұздыбастау елді мекендерін газбен қамтып үлгерді.  Орта есеппен  алғанда  орта қысымдағы құбырдың ұзындығы 86 мың 518 метр және  төменгіқкысымдаңы 162 мың 470 метр  газ құбырын жүргізіп, халық  игілігіне   жаратып отыр. Бүгінгі күні жалпы көгілдір  отын  38 мыңнан аса үйге қосылған, оның ішінде заңды тұлғалар, мемлекеттік  мекемелер,  мектеп. ауруханалар және жеке  кәсіпкерлер де бар.

 

«Ұзынағаш» ауылына газ жіберудің ашылу салтанаты

 

 Мекеме басшысы өз қаражаты есебінен газ жүргізуде бірталай жеңілдіктер қарастырылған. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мешіттерге және ата-анадан қамқорсыз қалған жетім балалар үйіне көгілдір отын тегін тартылады. Ал Ауған соғысының ардагерлеріне, «Алтын алқалы» аналарға, мүгедек отбасыларына 50 пайызға дейін жеңілдіктермен қызмет көрсету жолға қойылған. Осыған дәлел ретінде Таусамалы  ауылында жаңа мешітке,  «Перзент» балалар үйіне когілдір отын тегін жүргізілді. Сондай-ақ Қарағайлы ауылындагы мешітке бір жыл бойы тегін газ берілді. Өңірдегі «Қуат» балалар үйіне қаржылай және киім-кешекпен әрдайым жәрдемдесіп отырады.

 

 Қазіргі таңда мекемеде 120 -дан астам мамандар мен қызметкерлер жұмыс істейді. Олардың көбі  өзге  ұлт өкілдерінен. Ұжымдағы адамдардың ауызбірлігі жараса бір-бірімен иық тіресе еңбек етіп келеді. Еліміздегі ұлтаралық  және  конфессияаралық  келісімнің  қазақстандық моделі бүгінде  әлемдегі ең табысты үлгілерінің  бірі ретінде  мойындалып отыр. Тағы бір атап өтер жайт мекеме кызметкерлері  үш мезгіл тегін тамақтанады, жалақыларын уақытылы  алып отырады.

 

Молдияр Нұрбаев мекеме ұжымымен бірге

 

— Өмірдің  ащысы мен тұщысына қаныққан едік. Өз басым алдымен адамның  жағдайын ойлаймын. Ол адамның тамағы тоқ. көйлегі көк болса алған жұмысты тындыра істейді емес пе, — деп Молдияр ағамыз сырымен бөлісті.

 

 Әр істің басы қатты. Аяғы тәтті демекші. «Тәуекел — Т» мекемесі құрылған кезде  Президент Жолдауында атап  көрсетілгендей, ауыл халқынын әлеуметтік жағдайын жақсартып. жұртшылықты отын- сумен қамтамасыз ету мәселесі накты жолға койылған  еді. Алғашқы кезде  Таусамалы елді мекеніне газ жүйесі жургізілмеген-тін. Халықты газбен камтуды мақсат еткен мекеме  басшысы Молдияр мырза бастапқыда үйін кепілдікке қойып, қолға алған істі іске асыру үшін несие алады. Іс барысында барлық тиісті құжаттарды ізәзірлеп, «Алматыгазбен» келісімшартқа отырып, мекеме өз міндеттерін атқара бастайды. Алайда «Алматыгаздың» орынсыз талабының негізінде өзара келіспеушілік туындап, біраз уақытты алумен қатар жоспардағы көптеген игі бастамаларға кедергі келтіреді. Сөйтіп бұл кикілжің аттай бес жылға созылды. Нактылай  түссек,  2002 жылдан 2006 жылға дейін жалғасқан сергелдеңнің  соңы экономикапық  сотпен аякталып,  қарсы жақтың  талабы заңсыз әрі  негізсіз деп табылып, «Тәуекел — Т»  газдандыру мекемесінің  көрсететін қызметтері  заңды деп танылып. Молдияр Қылшықұлының заңгерлік сауаттылығының  арқасында. адал жүрек пен бойындағы кайтпас қайсарлығы қашанда  әділдікке апаратын сара жол екенін дәлелдеді.

 

— Осындай қиын қыстау кездерде қол ұшын беріп, үлкен қолдау көрсеткен Астана қаласындағы «Қазтрансгаздын» басшысы Серік Сұлтанғалиев пен «Алмаггыгаздың» қазіргі басшысы Ақылбай Саппаров нағыз қазақ  жігіттері. Жүрегі өз елім. жерім деп соққан қазақ жігіттерінің  мәрт мінездерін жоғары бағалаймын. Мұндай тұлғалар мен үшін үлкен құрмет иелері, — деп шексіз алғгысын білдірді.

 

 Алған бетінен қайтпайтын қайсар мінезді осындай басшысы бар мекеме адымын қарыштай басып,  қанатын кеңге сермеуде. Болашаққа деген сенімі мол басшыға, оның  ұжымына алдағы жұмыстарда оларға сәттілік үнемі серік болсын деп тілейміз.

 

 

 

Жаны жомарт, ізгілігі мол  Молдияр 

 

Жоғарыдағы мақаланы толықтыру мақсатында өз тарапымнан  да біраз деректік жазбаларды ұсынуды жөн көрдім.

Серікбек Серпербаев

 

Бір ауданның, бір ауылдың балалары болғандықтан, бір мектепте оқығандықтан және құрдас ретінде  мен Молдиярды бұрындардан білетінім түсінікті.

 Ал кейіннен оның  ауданның ішкі істер бөлімінде қызмет атқарып жүргенінде көпшілік  арасындағы қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатындағы ұйымдастыру, тәрбиелік, түсіндіру жұмыстарын (менің сол кездегі Ақсу ауылындағы «Жаңақоғам» кеңшарының парткомы хатшысы ретінде)  бірлесе атқарған кездеріміз  болған еді.

 

Одан ары қоғамымызда үлкен, күрделі  өзгерістер басталып, нарық қатынастарының енгізіле басталуы  кезеңіндегі  уақыт жағдайы мен талаптарына сай Молдияр алғашқылардың санатында кәсіпкерлік жолды таңдайды. Талдықорған, одан ары Алматы қаласында  осы жұмыстың мүмкін болған сан-қилы қиыншылықтарын толығымен  басынан өткізеді. Білімділігін, табандылығын, қайсарлығын арқау еткен ол, Алматы облысының бірнеше ауданы тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге бағытталған  «Тәуекел-Т»  бірлестігін  ашып, ісін жүргізе бастайды, ол біраз жылдардан соң «аяғына нық тұрады». Нәтижесінде, бүгіндері осы өндірістік құрылым әртүрлі қысымдағы газ құбырларымен 38 мыңнан аса тұрғындарды  көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отырған ірі мекеме саналады.

 

Сонымен қатар, Молдияр осы жылдары өзін  білгір маман, іскер басшы  ретінде ғана емес, мекеме жұмысшылары мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайларының түйткіл мәселелерін де оңды шешіп отыруды, барынша жақсартуды мақсат еткен, халыққа шын ниетімен қайырымдылық шаралар атқарушы  азамат ретінде танылды. Жеке өз қаражаты есебінен ауылдағы көп балалы жанұяларға, Ұлы Отан және Ауған соғыстары ардагерлеріне, мүгедектер мен тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларына,  зейнеткерлерге жеңілдіктер қарастырып, қайырымдылық көмектер де көрсетіп келеді. Сондай–ақ  балалар үйлеріне, мешіттерге де қаржылық, заттармен, киім–кешектермен қол ұшын беріп отырады (Ол  жөнінде жоғарыда мақалада  толығырақ айтылды).

 

Сол үшінде оны халық сыйлайды, құрмет тұтады. Үкімет, жергілікті билік орындары тарапынан да берілген марапаттар жеткілікті. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері. Алматы облысының және оның бірнеше аудандарының Құрметті азаматы атанды. Республикалық «Бауыржан» атты қайырымдылық қорының «Алтын жүрек» сыйлығының лауреаты. 

 

Молдияр Қылшықұлы Нұрбаев


Алматы облысының әкімі С.Ә. Үмбетовтың М.Қ. Нұрбаевты салтангатты марапаттау сәті

 

 

 

 

Ал, осы мақалада,  менің негізгі айтайын дегенім, Молдиярдың өзінің туған, кіндік қаны тамған жерімен, елімен тығыз байланыста болуы. Ол ұзақ жылдар сыртта, елден шалғайда  жүріп жатса да, «болдым-толдым» дейтін кейбір пенделер сияқты емес, ағайын-туғандарымен, дос-жарандарымен сырттай болса да хабарласып, ел тіршілігінен, жағдайынан әрдайым хабардар болып тұрады,  сол елінің бір  қажеттілігіне жарайын деген ниетте жүреді.

Жасыратыны жоқ, жалпы аудан басшылығындағы азаматтар өңірде  өткізілетін атаулы мерекелік-мерейтойлық шаралар қарсаңында, соған қол ұшын бере алатын  «қалталы», іскер азаматтарды іздей бастайды. Біздің аудан үшін, сондайлардың тізімінде  алдыңғылардың  бірі болып Молдияр аталады. Обалы не керек, ол ондай ұсыныс-сұраныстардан бас тартып көрген емес,  керісінше басқаларға үлгі болып, қомақты үлесін бірден атап отырады. Мәселен, 2001 жылы үлкен салтанатты мейрам ретінде атқарылып өткен, оны ұйымдастырушылардың бірі өзім болған,  ауданымыздың 80-жылдығы шараларын дайындау кезеңінде Алматыға барып  Молдиярға арнайы жолығу нәтижесінде, одан  «бұйымтай» ретінде аталған «ДЖИП» автомашинасы  той «қоржынына» қосылған еді.

 

Тағы бір, осы игілікті істерге байланысты  «астын сызып» айтатын  жай, ол Молдиярдың осындай көмектерді  «бір жолғы»,  науқандық түрде  емес, мүмкіндігінше жүйелі түрде жүргізіп жатқандығы. Соның айғағы ретінде Молдиярдың өзі оқыған Ақсу ауылындағы  мектебіне жасап жатқан жанды көмектерін сөз етуге болады. Ұзақ жылдар бюджеттік қаржылардан тыс қалып, күрделі жөндеуден өтпей, іші-сырты бірдей тозған мектебінің мүшкіл  жағдайы, сол туралы ел-жұртының өтініштері құлағына жеткен ол, көп ұзамай–ақ  құрылысшы адамдарды арнайы жіберіп жөндеу жұмыстарына кірістіреді. Бір-екі жылдың ішінде рет-ретімен  мектептің барлық (168 дана) терезелері жаңа пластикалық болып ауыстырылады;  жылу жүйесі толық күрделі жөндеуден өткізіледі және кезінде өзі отырған 2 сыныпты да жөндеуден өткізіп, компьютерлік столдармен толық жабдықталған математика және ағылшын пән сабақтары кабинеттерін ашып берді. ... 

 

Осы жерде  көпшілік оқырмандардың назарына ерекше сала кететін жайт —  сөз етіліп отырған мектептің 19-20-шы  ғасырлар аралығындағы Жетісу өңірінің аса ауқатты жандары, ағартушылық жұмыстарды  мақсат еткен меценаттар болған  Маман құт пен оның балаларының ашқан қазақ жеріндегі алғашқы білім ордалардың бірі, талай Алаш Азаматтарының  қанаттанып  ұшып шыққан ұясы, биыл ашылғанына 120 жыл толатын тарихы  зор – атақты «Мамания» мектебі екендігі.

Сондықтан да осы мақалам, осындай ірі тұлға бабаларының ізгі істерін үлгі етіп,  бүгінгі күнгі соларды лайықты жалғастырушылық ретінде өнегелік  жұмыстар атқарудағы жомарт жанды Молдиярдың  жүргізіп берген  жөндеулік жұмыстарын аяулы мектебінің мерейлік күндеріне арналған  алғашқы ерекше сый-тарту  екенінде қабылданатынын жариялап айтуымыз керек деген ойдан туындады.

Және де Молдияр Қылшықүлы тарапынан атқарылып жатқан осындай игілікті істерді, біздің ауданда әлдеқайда ертеректе, 2014 жылы  басталған «Туыңды туған жеріңе тік» атты акциясы  мақсатының жүзеге асырылуының тағы бір  толыққанды  көрінісі  ретінде бағалауға болады. 

 

«Мамания» мектебі

 

Өткен жылдың аяғында Молдияр Қылшықұлының өз ауылына,  аяулы мектебіне келу сәттілігі бұйырып,  жұбайы Алтынсарамен, өзімен бірге келген  Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров және әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері Дәулет Тұрлыханов,  аудан басшылары, ел ағалары  қатысқан  мектеп ұжымымен, оқушыларымен кездесу өткізді. Осы қуанышты  көптен бері күтудегі жерлестерінің, мектеп оқушыларының  алғыстарын,  ізгі тілектерін, жүрекжарды арнауларын қабыл алған  Молдияр азаматымыз да, өз кезегінде осы кездесудің өміріндегі ерекше  еске қаларлық күн болып отырғанын, өзінің зор қуанышты екенін, Ақсулық екендігіне мақтанатынын айта келіп, ел-жұртына ыстық ықыласын білдірді.

Сонымен бірге,  Молдияр Қылшықұлы әлі де 20 млн теңгедей қаржы бөліп  мектеп ғимаратын жөндеу жұмыстарын  жалғастыра  беретінін айтып, жерлестерін тағы бір қуантып тастады...

 

Молдияр Қылшықұлы өзі оқыған «Мамания» мектебінде

 

Кездесу соңында, аудан басшылары Ақсу елінің өсіп-дамуына қосқан айтарлықтай үлесін бағалай келіп, елінің атынан, аудандық мәслихат сеесиясының шешімімен Нұрбаев Молдиярқа  берілген «Ақсу ауданының құрметті азаматы» атағына сай тиісті куәлікті, төсбелгі мен лентасын тапсырып, сый-жоралғыларын жасады...

 

Молдияр Нұрбаевты «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағымен марапаттау сәті

 

 Р. S. Мақала соңында  Молдияр бауырымызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына жақсылықтар мен қуаныштар тілей отырып, әлі де игілікті істерімен ел құрметіне ие бола беретініне сенім білдіремін. Сол тұрғыда Молдияр туралы айтарымыз, жағымды жазбаларымыз жалғаса берілетін болады деп санаймын.