«НАЙМАН-ТӨЛЕГЕТАЙ: МАТАЙ-САДЫР РУЛАРЫ». КІТАПТЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ НҰСҚАЛАРЫ
ЖАРНАМА РЕТІНДЕ!
Сайтымның бүгінгі парағында біраз түскен ұсыныстарға байланысты биылғы жылы баспадан шығарылған аталмыш КІТАПТЫҢ заманауи талаптарға және ғаламтор мүмкіншіліктеріне сай дайындалған ЭЛЕКТРОНДЫҚ НҰСҚАЛАРЫ көпшілік назарына ұсынылып отыр:
Бұл ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТЫҢ ерекше тиімділіктері:
Кітаптың 2 нұсқада (PDF және ПАРАҚТАЛЫП ашылатын) дайындалғаны және де
- Кітапты онлайндық тұрғыда компьютер (планшет, ...) және мобильдік телефондар арқылы қалаған уақытта, кез келген жерде оқуға;
- Қажеттілікке қарай әр кездерде кітаптың ішкі шежірелік деректерін толықтыруға, орын алған олқылықтар мен қателіктерді жедел түзетуге;
- Кітапта бұрын болмаған өзіндік шежірелік деректерді енгіздіріп, оны жаңадан және жедел дайындатып алуға;
- Кітаптың мазмұндық тарауларын сілтеме ретінде баса отырып, сол парақтарды бірден тауып ашуға;
- Қажет етушілерге кітаптарды электронды пошталар арқылы жіберуге болатындығы.
- Кітаптардың ұзақмерзімділігі (сақталатындығы, жоғалмайтындығы, бұзылмайтындығы және ескірмейтіндігі);
Осы кітаптың мазмұнынымен және парақталып ашылатын ҮЛГІЛІК НҰСҚАСЫМЕН мына сілтеме арқылы танысыңдар: http://online.anyflip.com/qtkfq/scbg/mobile/index.html
ӘҢГІМЕ ТҮЙІНІ РЕТІНДЕ:
Егер осы дайын электронды кітаптарды алуға немесе оларға өзіндік шежірелік деректерді жаңадан енгіздіріп қайтадан жеке дайындатып алуға ниеттілік болса, ТАПСЫРЫСТАР берулеріңе болады!!!
Сол сияқты, осы сайтым арқылы жекелік (әулеттік-отбасылық) шежірелік деректеріңді тағы бір заманауи тұрғыдағы форматта — БЕЙНЕЖАЗБАЛЫҚ КІТАП ретінде дайындатып, ұрпақтарыңа естелік ретінде қалдыруларыңа және де ағайын-туғандарға тарту етулеріңе болады!!!
Соның үлгісі ретінде Өз әулетімнің шежірелік БЕЙНЕКІТАБЫның ықшамдалған және жарнамалық нұсқасымен таныса аласыңдар:https://youtu.be/IY6I4ZTQ_FU.
Ал егер қызығушылық және дайындатуға сұраныстар болса, осы БЕЙНЕКІТАПТЫҢ толық нұсқасын да таныстыруға болады.
ХАБАРЛАМА РЕТІНДЕ:
Егер шежірелік деректерді жинақтаумен айналысушы немесе олар қолдарында бар азаматтар, қажет деп тапса, оларды осы кітаптарға енгізуге ұсынуларына болады. Олардың аты-жөндері толығымен көрсетілетін болады.
Сонымен бірге сондай деректер молынан жинақталып жатса және көпшілік тарапынан сұраныстар болса, алдағы уақыттарда КІТАПТЫҢ баспалық нұсқасының 2-ші басылымын қайта шығаруды ұйымдастыруға да болады!
Осы айтылғандар бойынша ХАБАРЛАСУ үшін: 87016855424 (ватсап)
НАЗАРЛАРЫҢА РАХМЕТ!