Желідегі достарға, басқа да азаматтарға және «топтардың» басшыларына!

 

 Менің ғаламтор жүйесіндегі туған өңір тарихын, ағымдағы тіршілігін және елі ардақтайтын азаматтарын насихаттауға мақсатталған «Алтын ұям-Ақсуым» атты жеке сайтымның ашылғанына 8 ай болды.

 

   

  Тәубе, сайт толығымен орнығып, біршама танымалдыққа ие болған сияқты. Осы мерзімде сайт бетінде белгіленген тақырыптар бойынша 250-дей посттар-жазбалар жарияланыпты. Көңілге қонарлығы, солардың бірде-біріне оқырмандардың теріс пікірлері жазылмауы, тек дұрыс «комменттер» болуы. Соның бәрі, қазақ тіліндегі өте аз сайттардың бірі ретінде, оған көпшіліктің айтарлықтай қызығушылығының бар екеніне және оның одан ары өрісін кеңейтуге, өміршеңдігі болатынына маған сенімділік туғызады.

 

 Осы пайымдауларға байланысты және сайттың интернеттегі «салмағын» арттыру үшін, желідегі Сіздерге төмендегідей ұсыныстармен шығып отырмын:

 

  • Сайтыммен, ондағы жазбалармен әлі де болса мына сілтеме арқылы http://ser-bek.ru/ толығырақ танысуға, одан ары қызығушылық туындап жатса, сайттың 1-ші бетіндегі «терезеше» арқылы оған тұрақты жазылыңыз;
  • Немесе, сайттағы жазбалармен осы желіде онымен бірге ашылған «АУЫЛЫМ — АЛТЫН ТҰҒЫРЫМ» тобына мүше болу арқылы да танысуға болады. Осыған орай, бүгінге дейін «достықта» жоқ азаматтарды осы топқа мүше болуға шақырамын (Себебі, тікелей «дос» болуға лимит толыңқырап қалды);
  • Осы желідегі байланысымыз бар басқа әріптес «топтардың» админ-жетекшілеріне өз мүшелерімізбен өзара толықтырулар жасауды ұсынамын;
  • Достар, енді сайтым туралы насихатты өлең жолдарымен жалғастырғым келеді. Ал, оған Сіздердің көмектерің керек! Ол үшін төмендегі шумақтарды жалғастырып берсеңіздер.

 

САЙТ ТУРАЛЫ ТОЛҒАУ

 

      Сайтымды аштым көпке мен

   Тарихын елдің білсін деп,

Бабалар өткен белестен

Тұлпары ізін көрсін деп

    Қалықтап ұшқан өлкемнен

         Сұңқарын құрмет етсін деп ....

              ....................................................

 

   Немесе жеке шағын шумақтар да арнауға болады.

 Желідегі барлық достарыма!  Осы жазбаны көрсеңіздер, айтылғандарды қолдасаңыздар және бәріміз бір түгенделіп алу үшін осы жазбаға «лайк» басуды сұраймын! Өздеріңнің басқа да достарыңды біздің қатарға қосыңдар.   Бәріңізге Рахмет!