Құрметті  желідегі  және  топтағы  достар!

 

    Менің  осы  авторлық  сайтыммен  көпшіліктеріңіз  таныс екендеріңізді білемін. Оның  ғаламторға енгізілгеніне 11 ай болды. Осы  мерзімде  250-ден  аса жазбалар  жарияланды.  Олардың негізінен  оқырмандар көңілінен шығып  жататынын  тек  жағымды  «комменттерден»,  пікірлерден  байқаймын...

  Соңғы кезде сайтты жүргізу жүйесі біршама реттеліп, онда тарихи мазмұндағы мақалаларға; ел ардақтаған азаматтары, өнер адамдары есімдерін  жаңғырту мен насихаттауға; туған жер тақырыбына арналған шығармашылықтарды  жариялап  отыруға  басты көңіл бөлінуде.  Шежірелік жазбалар беру қолға алынды. Алғашқы электронды кітаптар шығарылды. ...

  

   Ал сайт  жұмысын  жүргізудегі  басты  «проблемаға» келсем, ол оның жазбаларының барлық «достарға» уақытында және толық жеткізілмеуі. Байқағаным, әлеуметтік  желінің өз ерекшеліктеріне сай, жазбалар  оған қатысушылардың тек бір тобына ғана байқалып, қалған көпшіліктері сырт қалып жатады.  Ал, сол жазбалармен тікелей  сайтқа  кіріп  танысып  отыруға  әркімнің  құлқы да, уақыты да бола бермейтіні түсінікті.  Оған қоса, желідегі  достар  санының  «лимиті де» толып  қалды. ...

 

   Әңгіменің түйіні:  Бүгіннен бастап, «Кеңестік» дәуірдің  әдісіне  сай, осы сайтқа тұрақты  жазылудың  «айлығын» жариялап отырмын.

 

Сайтқа жазылудың ұтымды жақтары:

  • Оның жазбалары тұрақты түрде бірден поштаңызға түсіп, сақталып отырады.  
  • Олармен асықпай танысып, ой-пікірлеріңізбен бөлісуге;
  • Жазбаларды өз қажеттіліктеріңізге пайдалануға ;
  • Өз мақала–жазбаларыңызды, шығармашылықтарыңызды, жарнама- хабарландыруларды  жариялау үшін ұсынуға;
  • Электронды кітаптарды алуға және оларды дайындауға тапсырыстар беруге, т.с.с. болады.

    Қажет етсеңіз,  сайтты  жүргізу мақсаты туралы толығырақ мағлұматты мына сілтеме арқылы оның «Алғысөзінен»  таныса  аласыздар: http://ser-bek.ru/bez-rubriki/al%D2%93ys%D3%A9z.html

 

*       *        *

   

    Сонымен, сайтымның  жазба-мақалаларын  ұнатсаңыз  және  оларды   оқып отырғыңыз  келсе,  Өзіңізді оған тұрақты  жазылуға  ұсыныс  жасаймын.

 

  Сайтқа жазылу үшін осы және басқа да парақтардың астындағы (немесе жоғарыдағы)  жазылу  терезешесіне электронды адресіңізді  енгізсеңіз  болды.

 

*       *        *

   Сайтқа  жазылған  азаматтарға  (қажет етілсе) алғашқы  дайындалған  төмендегі  электронды  кітап  тарту  ретінде  беріледі.  Бұл  кітаптың  шығарылу  мақсаты,  мазмұны  мен  құрылымын мына сілтеме арқылы ашып көре аласыз: КІТАП-2018  

 

 

 

( Бұл кітапты  әр  өңірдегі  шығармашылықкер  азаматтар  үлгі  ретінде пайдануға болады деп санаймын).

  

   P.S.  Сайттың  осы  парағын оқығандарыңызды  білдіру  және  өзара түгенделу үшін «лайк» басқандарыңыз дұрыс болар еді!. Баршаңызға рахмет!